Баспасөз хабарламасы 6 маусым 2012 жыл Бейжің қаласы «Атырау мұнай өңдеу зауыты»



жүктеу 19.42 Kb.
Дата29.02.2016
өлшемі19.42 Kb.



БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

6 маусым 2012 жыл

Бейжің қаласы

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС Қытайдың экспорттық-импорттық банкімен (EXIM) мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойды
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 2012 жылдың 6 маусымында Бейжің қаласында Қытайдың Экспорттық-импорттық банкімен (EXIM) мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойылғандығы туралы хабарлайды. Несие көлемі 1 130 408 642 АҚШ долларын құрайды. Несие 13,5 жыл мерзімге беріледі. Бас келісімге Экспорттық-импорттық банк тарапынан ұжымдық банкинг департаменті бас менеджерінің орынбасары Ли Вен, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС тарапынан Бас директор Талғат Байтазиев қол қойды.
Шараға ҚР Мұнай және газ Министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ»АҚ, «Sinopec” (ҚХР) корпорациясының басшылар қатысты.

Мұнайды ауқымды өңдеу жобасы мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асуда және Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртудың соңғы кезеңі болып саналады. Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені жылына 2 миллион 400 мың тонна шикізат (қарамай, вакуумды газойль) өңдеуге есептелген. Кешен құрылысы басқа қондырғылардан шыққан қалдықтарды, яғни, қара түсті мұнай өнімдерін өңдеуге мүмкіндік беретін қазіргі таңдағы ең озық технологиялар негізінде жүргізілмек.



-Жаңа кешен Еуро-5 талаптарына сәйкес келетін жоғарыоктанды бензин, авиациялық және дизель отынының өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мұнай өңдеу тереңдігі 85 пайызға жетеді. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды тереңдетіп өңдейтін кешеннің жобасы өнімнің, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыру, бағалы мұнай шикізатын тиімді пайдалануға бағытталуымен маңызды. Қытайдың экспорттық-импорттық банкімен (EXIM) мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойылуы – жобаны іс жүзінде жүзеге асырудағы алғашқы қадам, - деді «Атырау МӨЗ» ЖШС бас директоры Талғат Байтазиев.

2011 жылдың 29 желтоқсан күні «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен құрамына қытайлық «Sinopec Engineering”, жапондық «Marubeni Corporation» компаниялары және «КазСтройСервис» ҰМҚК АҚ кіретін Консорциуммен арада Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының «түбегейлі тапсыру» Шартына қол қойылды.



Жобаның құны - ҚҚС бірге 1 миллиард 679 миллион 892 мың 520 АҚШ долларына тең. Жүзеге асу мерзімі – 41 ай.

Анықтама:

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС:

99,5% үлестің иесі «ҚазМунайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ.

«ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% еншілес ұйымы.  

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» тиесілі.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет