Баспасөз хабаршысы «С. Дөнентаев мұрасы: таным және тағылым» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция



Дата07.07.2016
өлшемі46.5 Kb.
#183282
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Мекенжайы: Павлодар қаласы, Мир көшесі, 60, бас оқу ғимараты, 114-кабинет

Телефоны: 8 (7182) 65-16-19, факсы: 8 (7182) 55-24-76.



БАСПАСӨЗ ХАБАРШЫСЫ
«С.Дөнентаев мұрасы: таным және тағылым» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция

Өткізілетін күні: 2014 ж. 28 қараша

Өткізілетін жері: ПМПИ (Мир көшесі, 60-үй, бас оқу ғимараты), кіші зал

Уақыты: 10.00
2014 жылғы 28 қарашада Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «С.Дөнентаев мұрасы: таным және тағылым» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Аталмыш конференция қазақ әдебиетінің даму тарихында аса бағалы мұра қалдырған жерлесіміз, өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін көрнекті ақын әрі жазушы, публицист С.Дөнентаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған.

Ақынның көзі тірісінде «Уақ-түйек» деген атпен жалғыз жинағы жарық көреді. Кейін ақын туындылары 1935 жылы «Сәбит Дөнентаевтың өлеңдері», 1950 жылы «Өлеңдер» деп аталатын шағын жинағы, 1958 жылы орыс тіліндегі жинағы жарық көрген болатын. Осыдан кейін араға 30 жыл салып, 1989 жылы «Бозторғай» және «Ұрпағыма айтарым» деген атпен екі жинақ басылып шықты. Осы еңбектердің ізін жалғастырып, бүгінгі конференция аясында ақын С.Дөнентаевтың бұрын жарияланбаған еңбектерін қамтыған «Дархан дарын иесі» деген атпен тағы бір жинақтың тұсауы кесіледі.

Пленарлық отырыста ПМПИ ректоры, философия ғылымдарының докторы Н.Р.Аршабеков, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филол.ғ.д. С.Б.Жұмағұлов, Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің жауапты хатшысы С.М.Мұсабаева, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филол.ғ.д. Б.Сағындықұлы, Ақсу қаласының құрметті азаматы Қ.Қ.Шаяхметов қатысып, баяндама жасайды.



Конференция шеңберінде бүгінгі күні өзекті деп танылатын төрт бағыт бойынша секциялық отырыстар өтеді, атап айтқанда, С.Дөнентаевтың шығармашылық тұлғасы; Әдебиеттану ғылымы және журналистика мәселелері; Тіл білімі және көптілділік мәселелері; Қазіргі білім берудегі жаңашылдық. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы жарияланады.

Жерлес қаламгеріміз С.Дөнентаевқа арналған конференцияның ақын мұрасын жариялау, насихаттауға, ақын шығармашылығы туралы зерттеулердің жаңа белеске көтерілуіне ықпал етері сөзсіз.

Ең басты оқиға – С.Дөнентаевтың «Дархан дарын иесі» атты кітабын таныстыру рәсімі болады. Жинақтың басып шығуының алдында ПМПИ ғалымдарының материалдар жинаудан атқарған үлкен зерттеу жұмысы болды. Семей қаласындағы «Ғалым ордасы» кітапханасында ақынның 1917-1918 жылдары жазған және бұрын ешқайда басылып шығарылмаған өлеңдері табылды. Олар жинаққа төлнұсқа түрінде араб тілінде жазылған, және қазақ тіліндегі аудармасы да бар. Кітапта соған қоса М.Әуезовтың, С.Машаковтың, А.Нуркатовтың жіәне тағы да басқа ұлы тұлғалардың С.Дөнентаевтың шығармашылығы туралы жазған мақалалары ұсынылған.

Бұл уақиға тек қана Павлодар облысы үшін маңызды іс-шара емес, соған қоса қазақ әдебиетінің дамуына да үлес екені сөзсіз.

Сіздерді осы іс-шараға қатысып, ақпараттық қолдау көрсетуіңізді сұраймыз!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

«С.Дөнентаев мұрасы: таным және тағылым» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция
БАҒДАРЛАМАСЫ


9.00-10.00

Қатысушыларды тіркеу / Регистрация участников

10.00-11.00

Пленарлық отырыс / Пленарное заседание

12.00-13.00

Секциялық отырыс / Секционные заседания

(Мир көшесі, 60. бас оқу ғимараты)




ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС

10.00-10.05

Кіріспе сөз / Вступительное слово

Нұрғали Рахымғалиұлы Аршабеков ПМПИ ректоры, философия ғылымдарының докторы /ректор ПГПИ, доктор философских наук
С.Дөнентаевқа арналған «Дархан дарын иесі» кітабының тұсаукесері – ПМПИ қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының доценті, филол.ғ.к. Әділбек Дәуітбекұлы Әміренов


10.05-10.15

Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұлов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филол.ғ.д. / профессор Евразийского национального университета им. Л.Н.Гумилева, д.филол.н.

Баяндама тақырыбы: Сәбит Дөнентайұлының саяси-әлеуметтік лирикасы

10.15-10.25

Сая Молдайыпқызы Мұсабаева – Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің жауапты хатшысы / ответственный секретарь Павлодарской областной газеты «Сарыарқа самалы»

Баяндама тақырыбы: Бұл заман байқағанға күштінікі

10.25-10.35

Бекен Сағындықұлы – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филол.ғ.д. / профессор Павлодарского государственного педагогического института, д.филол.н.

Баяндама тақырыбы:С.Дөнентаев тұлғасы және қоғамдық таным

10.35-10.45

Қаршыға Қабыкенұлы Шаяхметов – Ақсу қаласының құрметті азаматы / почетный гражданин города Аксу

Баяндама тақырыбы: С.Дөнентаев мұрасы: таным және тағылым

10.45-10.55

Смагұлова Ақмарал Төлеуғазықызы

Баяндама тақырыбы:


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет