Баспасөз қызметі



Дата15.06.2016
өлшемі39.38 Kb.
#137491



Еуразия ұлттық университеті

Баспасөз қызметі

Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)


ЖАСТАР ҚУАТЫ – ҚАЗАҚСТАН ҚУАТЫ
2017 жылы елімізде тұңғыш рет «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Оған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлектері қатысады. Сол себепті, әлемге танымал халықаралық көрмеге білікті маман ретінде қосылатын бірінші курс студенттеріне арналған «Жастар қуаты – Қазақстан қуаты» атты ЕҰУ студенттер қатарына қабылдау салтанатты жиыны өтпек.

Жиын 2014 жылы 29 қазан күні сағат 19.00 «Қазақстан» орталық концерт залында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші курс студенттерін «Студенттер қатарына қабылдау – 2014» мерекелік шарасымен тікелей байланысты.

Қазақстанның білім беруде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз (БСҚТҚА) агенттігінің зерттеу қорытындылары бойынша екі жыл қатарынан 1 орынды иеленген, Халықаралық QS World University Rankings агенттігінің 2013/2014 рейтингісінде 17 000 жоғары оқу орнының арасында бір жылда 369 орыннан 66 сатыға жоғары көтеріліп 303-ші сатыға орнығып, ТМД елдерінің бес үздік университетінің қатарына енуге мүмкіндік туды.

Елбасының ықпалымен 1996 жылы іргетасы қаланған білім шаңырағы бүгінде егемен еліміздің жас астанасымен бірге жасасып келеді. 2003 жылдың 9 сәуірінде университеттің оқу-зертханалық ғимаратының ашылу сәтінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Элиталық университет болу үшін Еуразиялық университет барлық қажетті талаптарға жауап береді. Л.Н.Гумилев атындағы университет ең жоғары сапалы кәсіби маман даярлайтынына үміттенемін және сенемін», - деген болатын. Президентіміздің осы сөзін басшылыққа алған оқу ордасының ұжымы қазір жүйелі жұмыс жасап, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Бір ғана мысал, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қызметтегі табысы мен оқу орнында инновациялық зерттеулерді дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін Ел Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болуы үлкен мәртебе.

Еуразия ұлттық университетінде студенттердің сабақтан тыс уақытын тиімді пайдаланып, өзіне ұнаған істермен айналысуға немесе шығармашылығын арттырып, рухани жан дүниесін байытуға, отансүйгіштік пен патриоттыққа баулуға байланысты жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 13 факультетінде 16000 студент білім алады. Жаратылыстану, ақпараттық технологиялар, физика-техникалық, көлік және энергетика, экономика, журналистика және саясаттану, заң, әлеуметтік ғылымдар, филология, механика және математика, халықаралық қатыныстар және де қайта құрылған тарих факультеттерінде ҚР ҰҒА академиктері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, құрметті профессорлар, мемлекеттік сыйлықтың иегерлері және мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары дәріс береді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов "EXPO – бұл бүкіл ел үшін аса маңызды оқиға. Біздің 16 мың студенттеріміздің бәрі де ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесін  өткізу үшін дайын волонтерлер. Олар бағасыз тәжірибе мен іскерлік дағды алады. Біз жұмысқа қазірден-ақ кірісуге дайынбыз...»-деген болатын. Университет жастары мұндай көрмелердің экономиканы, мәдениетті, білімді, сол сияқты әлеуметтік саланы дамытуға көмектесетіндігін біліп, өз үлестерін қосуға дайын.

«Жастар қуаты – Қазақстан қуаты» атты салтанатты шара бейнекөрсетілімдер арқылы барлық қатысушыларын баурайды деген ойдамыз. Мәселен, «Дала сазы» халық аспаптар оркестрі «Ұлы дала дауысы» атты қалалық домбырашылар байқауының жеңімпазы. Көкшетауда өткен республикалық Аспапта орындаушылардың сайысында жекелей сында оркестр мүшесі Мұртазин Әсет жүлделі 2 орынды жеңіп алса, оркестрдің домбырашылар ансамблі Бас жүлдені иеленді. Оркестр жетекшісі, Құрманғазы атындағы республикалық байқаудың жеңімпазы – Айгүл Сағатова.

Оркестр халықаралық іс-шараларға белсенді ат салысуда. Атап айтсақ, Түркия, Украина, Ресей, Белоруссия, Қытай сынды мемлекеттерде өнер көрсетіп, еліміз бен университетіміздің абыройын асқақтатып келеді.



Дана халқымыз қыз баласының тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Еуразия ұлттық университетінің Байболатова Әсемгүл жетекшілік ететін «Еуразия арулары «Ханшайым» қыздар лигасы университетте өтетін барлық бағыттағы іс-шараларға және университеттен тыс қалалық, республикалық маңызды салтанатты жиындарға белсенді ат салысуда. Осындай сұлу да, сымбатты аруларымыздың құрметіне еліміздің эстрада жұлдыздары «Бәйтерек» тобы мен ЕҰУ-дың магистранты Қайрат Нұртас өнер көрсетеді!

«Шаңырақ» студенттік театры 2009 жылы құрылған. Көркемдік жетекшісі – республикалық көркемсөз оқу шеберлерінің Бас жүлдегері, филология факультетінің студенті Төкеев Есбол. Театр репертуарында «Ғашықтар хиқаясы» комедиясы, «Тамаша айым тамызым» монодрамасы, «Тіл табысқандар» комедиясы, «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы, «Мұңмен алысқан адам», «Тірі жан» драмалары, «Махаббат қызық мол жылдар», «Желсіз түнде жарық ай», «Ғасыр дерті» сынды қойылымдар бар. Театр ұжымы Павлодар қаласында өткен республикалық әуесқой жастар мен студенттер театры фестивалінде 2 орынды жеңіп алса, театр артисі көлік және энергетика факультетінің студенті Сырымов Ерген «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясын иеленді.

Университеттің алдағы алар асулары мен бағындырар биіктері әлі алда!



Сол үшін бар күш-жігерін салып, сапалы білім алып, елінің, жерінің өркендеуіне өз үлесін қосатын жастарымызға сәттілік тілейік!

Ұйымдастарушы:

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Өткізу күні: 2014 жыл 29 қараша, сағат 19.00

Өткізу орны: «Қазақстан» Орталық концерт залы


Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз-қызметіне хабарласыңыздар

+7 (7172) 709 -548

+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)

+7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ляйля Рахманова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет