Баспасөз қызметі



жүктеу 34.69 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі34.69 Kb.


Еуразия ұлттық университеті

Баспасөз қызметі

Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА



2014 жылдың 2 желтоқсан күні сағат 11.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиетінде (Мирзоян көшесі 2,бас ғимарат,208 ауд) қазақтың атын әлемдік аренаға шығарған ақын, белгілі саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов дәріс оқиды.

«Мен қайғырам, Зәбір көріп қай халық

Қасіретке батар болса қайғы алып.

Айналайын, О, Қара Жер, айналшы,

Мен өлейін бірге өзіңмен айналып...» деп жырлаған ақын қазақтар туралы көп жазды және сол жазғандарымен бүкіл әлемді қызықтыра алды. Ақын туындыларынан қазақ халқы бастан өткерген жарқын жылдардың қуанышқа толы сәттері мен қайғыдан көңілі қалған ұлы өмірінің беттерін құрауға болады. Қанша ғасырлар бойы үлесіне тиген көптеген ауыр сынақтарды басынан өткере отырып, өзіндік төл мәдениетін толық дерлік алғашқы қалыпта сақтай алған таң қаларлық және бірегей қазақ елі тағдырының куәсі болады. Ақынның өзі бұл жайлы былай дейді: "Біздің ұрпақ кристалдану үстінде. Халық арасында намыс қозғалысы жүріп жатыр. Қорлықта жүргендерде қуаныш ұғымы болуы мүмкін емес. Ақындар халыққа намыс қозғалысына күш-қуат жеткізіп тұруға міндетті". Бұл бағытта, яғни тарих пен халық тағдырының мәнін түсінуде Олжасқа дейінгі ұлы қайраткерлердің жетістіктері де аз болған жоқ. Қазақ әдебиетін әлемдік аренаға алып шығу Олжас Сүлейменовтің еншісіне тиді. Оны қазақ елінің халықаралық деңгейдегі ақыны деп мойындау "Адамға табын жер, енді!" атты поэмасының жарыққа шығуымен тығыз байланысты.

Олжас Сүлейменов – маңызды әрі теңдесі жоқ құбылыс. Оны ақынның әдеби еңбектерінің жоғары деңгейде бағалануы ғана дәлелдеп қоймайды. Сонымен қатар, Олжас – ақын, ойшыл, ғалым, саясаткер. Осы қасиеттердің бәрі де тек бір ғана бірегей тұлғаның эпостастары. Олжас саяси, өлеуметтік және мәдени ортада белгілі бір позицияға ие ақынның тек о баста өзіне арнап берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып қана әрекет етуі қажет екендігін жақсы түсінді. Ол қаруы — сөз. Ол әдебиетке ерекше дауыспен енді. Оның шығармалары әу бастан-ақ ұлттық әдеби құбылыстарға толы болды, сонымен қатар сөз қадірін түсінер жұрттың көңілінен шықты және бүгінге дейін сол деңгейін жоғалтқан жоқ. Олжас Сүлейменов поэзиясы таусылмас күш-қуатпен сарқырай ағар серпінді ырғаққа негізделген.



«Біз жаңаша өлең жазуды Олжастан үйрендік» дейді, - Сергей Марков. Бұл Олжас өлеңдерінің тынысы өзгешелігін әйгілейді. «Халықтың тарихы айналып келгенде ақынның үлесіне тиеді» - дейді А.С. Пушкин, оқып отырсаңыз Олжастың өлеңдері қазақ халқының талай ғасырлық мұңы мен қуанышын, сыры мен сипатын айтады, енді сіз бір ақынның жырын ғана емес бір ұлттың сан ғасырлық салихалы тарихын аралағандай боласыз. Олжас өлеңдері қазақ пен орыс арасында ғана емес, Еуропа елдері, Кіші Азия, Қытай, Америка елдері арасында өзінің асқақ қазақы үнін аспандата саңқылдатады.

Олжас тілтанушы ретінде көбінекей көне түркі тілін зерттеді, әсіресе шумерлер және шумер тілі туралы зерттеулері батыс ғалымдарының көне тіл үнді-еуропа тілдерінен бастау алады дейтін қасаң теориясына пәрменді соққы берді.

1975 ж. жарық көрген «Аз и Я» кітабы түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Тым-тым арғы, есте жоқ ескі замандағы ұлт пен ұлыстардың тілі, ғұрып-әдеті сөз болған бұл кітапты кейінгі зерттеушілердің тамаша қолғанаты, оқушылардың, қызығушылардың сүйіп оқыр ғылымнамасы деуге болады. Әсіресе кітаптың Шумернама бөлімі оқырманды тың да, тылсым қиялдарға бастайды. Кітаптың соңы 1001 сөз атты этимологиялық сөздікке ұласып, бұрынғыдан кемелдене түсті.

«1001 сөз» жазу мен таңбаның тарихы туралы шығарма, кітап әрқилы мәдениеттің кездейсоқ, жеке дара пайда болмастан бір-біріне тығыз байланыса отырып туылатынын, дамитынын осы 1001 сөзді дәйек ете отырып дәлелдеуге тырысады.

1998 жылы жарық көрген «Жазу тілі» кітабы тарихқа дейінгі мәдениетке көзқарас, мұнда автор шығандай шырқап сонау майя тілі мен қытай тілі арасындағы байланысты зерттейді.

«Тaрихқа дейінгі түркілер» кітабында славян және түркі тілдерінің, атап айтқанда, көне қазақ және көне орыс тілдерінің ежелгі өзара байланысы туралы айтылады. Жазушының ондаған жылдар бойы тынымсыз ізденуінің нәтижесінде табылған екі халықтың осындай әрекетке түсуіне қатысты материалдар көне қазақ тілі деген терминді алғаш рет қолдануға мүмкіндік берді. Кітапта бұл терминнің дұрыс екендігі толық дәлелденеді.



Марапаттары: Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1964 ж; Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы, 1967 ж; Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығы, 1972 ж: Қазақстанның Халық жазушысы атағы, 1992 ж; Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы, 2000 ж.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет