Баспасөздік ақпарат «Қазақстан 2050»



Дата03.03.2016
өлшемі20.2 Kb.
#36189
БАСПАСӨЗДІК АҚПАРАТ

«Қазақстан - 2050» стратегиясында Елбасы «Қазақ тілі – рухани негізіміз» деген ақиқатты алға тартқан болатын. Демек, елдің, ел бірлігінің, ел болашағының тірегі қазақ тілі болады. Ел дамуының бағдарына айналған осы Стратегияда Қазақстан Республикасының Президенті: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз», - деген қағида ұсынған болатын, яғни елдің елдігі оның тіліне де сүйенетінін айқын көрсетіп берген. Бірақ бұл қазіргі жахандану заманында өз-өзінен бола қалатын тұрғы емес екендігі белгілі.

Сондықтан тіл жүзесінде жүрген, тіл ғылымын ізерлеп жүрген қауым үшін іс-әрекет бағытын жандандыруы, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану, зерттеу мен оқытуға енгізу қажеттігін туғызады. Осы орайда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің қазақ тіл білімі кафедрасы «Қазақстан - 2050» стратегиясындағы «Қазақ тілі – рухани негізіміз» деген қағиданы перспективалық тақырып етіп алып, жыл сайын ғылыми шаралар өткізуді ұзақмерзімді жоспар етіп алып дәстүрге айналдырып келеді.

Елбасының биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы мен қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, тілді оқыту мен зерттеуге елеулі еңбек сіңірген «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» Тілеулес Әбдіғалиқызының 70 жасқа толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Соған орай Еуразия ұлттық университеті, филология факультеті, қазақ тіл білімі кафедрасы, басқа да әріптестер Жолдауда нұсқалған міндеттермен қоса ғалымның осы бағыттағы еңбектерін бағаламақшы.

Конференцияға Республикамыздың Алматы, Астана қалаларынан, 12 облыс орталығынан ғалымдар, білім беру мамандары қатысады.

Биылғы Жолдау «Қазақстан - 2050» стратегиясының нақты қадамдарын нұсқаған Жолдау болды. Бүгінгі Республикалық ғылыми-теориялық конференцияда Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында тіл туралы айтылған қағидалар тармақталып түсіндіріліп, соған орай тілтану алдында тұрған міндеттер белгіленбек. Атап айтқанда:



  • Жолдауда ұсынылған жеті құндылықтың ішінде қазақ тілінің алар орны айқындалады;

  • ғылым мен білім саласындағы, интернеттегі қазақ тілінің бүгінгі жайы мен болашағы;

  • мемлекеттік тілді оқытатын орталықтар жұмысының тілтанулық әдіснамасы;

  • өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуінің әлеуметтік-лингвистикалық мәселелерін талдау;

  • «Мәңгілік ел» идеясының жобасынан қазақ тілі қандай орын алу керек;

  • Мәңгілік тіл «даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы» болу үшін қандай істер атқарылуы қажет.

Өтетін күні, уақыты, орны: 6 ақпан 2014 жыл, сағат 10.00. ОЗҒ 821 ауд.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет