Дәріс 14-15 «Педагогикалық практиканы өту және жоспарлау.Тіркеу және есеп беру, курстық жұмыстарды орындау» тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі
Жалпы ережелер. III және IV курстарда практика өтудің ерекшеліктері. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру, өткізу және басшылық жасау. Студент – практиканттың, топ жетекшісінің және оқу орнының басқа да лауазымды тұлғаларының міндеттері: Практика мазмұны. Студент жұмысын бақылау және бағалау. Негізгі белгілер.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Педагогикалық іс-тәжірибе студенттерді дайындаудың маңызды компоненті болып табылады және 5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша алған теориялық білімді іс-тәжірибелік жұмыс дағдыларымен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Болашақ алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысының (бакалаврының) бойында кәсіптік және психологиялық дағды қалыптастыру, студенттерді орта білім беру мекемелерінде жұмыс істеу жағдайына бейімдеу, олардың бойында мұғалім мамандығына деген саналы қызығушылық қалыптастыру іс-тәжірибенің мақсаты болып табылады.
Төмендегілер педагогикалық іс-тәжірибенің негізгі міндеттері болып табылады:
- мектепте бастапқы әскери дайындық пәні бойынша түрлі оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізген кезде, университетте алған білімін, педагогикалық іскерлігі мен біліктілігін тереңдетіп нығайту;
- бастапқы әскери дайындық пәні бойынша сабақ жоспарлап, өткізу;
оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеу бойынша психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізу, бастапқы әскери дайындық пәні бойынша өткізілетін сабақтарда жүргізілетін түрлі оқу-тәрбие процесін бақылау, сабақтарды педагогикалық талдау.
оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша түрлі сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі, оқу құжаттамасын жүргізу;
орта буында (7-9- сыныптарда) тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
және өткізу жөнінде іс-тәжірибе жинақтау.
Педагогикалық іс-тәжірибе базасымен танысу:
- мектеппен танысу, мектеп директорымен, директордың оқу ісі және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен, сынып жетекшілерімен, алғашқы әскери дайындық оқытушысы-ұйымдастырушы мен сұхбаттасу;
- мектептің материалдық базасымен, әкімшіліктің және алғашқы бастапқы дайындық оқытушысының АӘД сыныбын материалдық жабдықтау бойынша жұмысымен танысу;
- іс-тәжірибе бойынша бекіту және қорытынды конференцияларға қатысу.
Достарыңызбен бөлісу: |