Дәріс 6 Мотоатқыштар бөлімшесінің (танкі) ұйымдастырылуы мен ұрыс әрекеті тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі
Бөлімшенің шабуылда, қорғаныста, басқа да ұрыс жағдайында тактикалық дайындау әрекетін үйрету әдістемесі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тактика дұрыстығының өлшемі — ұрыста жеңіске жету болып саналады. Бөлімдер мен бөлімше жауынгерлері игерген тактика өнері неғұрлым жоғары болған сайын, жеңу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады.Кез келген үрыс тактикалық тэсілдерден басталады, сонымен жүргізіледі жэне аяқталады. Қарулы Күпітердегі тактикалық дайындық әскери дайындықтың барлық пәндерін біріктіретін, жауынгерлерді оқытудың маңызды пәні болып есептеледі.
Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы мен жергілікті жерге байланысты бөлімшелер жорық, үрысқа кіру және үрыс реттерінде эрекет етуі мүмкін.
Жорық реті- бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабюына түрғызу. Ол қозғалыстың жоғары жылдамдығын, үрысқа кіру мен үрыс реттеріне тез жазылуды, сондай - ақ жеке қүрам күшін, машиналар мен техниканы сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Мотоатқыштар бөлімшесінің, взводының, ротасының жорық реті — лек. Егер мотоатқыштар взводы мен ротасы Ж¥М-нда, (БТР, автомобильде) қозғалатын болса, онда жорық реті лек түрінде болады. Бұл кезде машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті бір лег немесе екі лек бойынша, ал взводтың жорық реті - үш лег немесе екі лег бойынша жасалады.
Ұрысқа кіру реті - маңдай шеп пен тереңдікке бөлінген бөлімшенің белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсыласқорғанысы тереңдігінде жылжу кезінде қолданылады. ¥рысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез жазылуын, ұрыс барысы кезінде қозғалыстың жоғарғы екпінінде қол жеткізуді және бөқгеттер мен қиратулардан тез өтіп кетуді қамтамасыз етуі тиіс.
Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып, оның жорық реті лек саналады; Жаяу ретпен қимылдайтын мотоатқыштар взводы үшін - маңдай шеп пен тереңдікте бір - бірінен 100 м-ге дейін алыстағы бөлімше легі саналады.
¥рыс реті дегеніміз - ұрыс күшейту құралдарымен бірге бөлімшенің сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас қимылына, бөлімшелердегі күш пен құралдардың болуына және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады. Барлық жағдайларда қарсыласты жою үшін бөлімше күші мен кұралдарының бір мезгілде катысуын, атысты жүргізуді, маневр жасауды, қарсылас атысына мейлінше тәуелді болуды, содай - ақ жергілікті жерді дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Қазіргі заманғы ұрыста бір мезгілде және бірлесе отырып, мотоатқыш, танк, ракета, артиллерия,минаатқыш, зенит бөлімшелері мен арнайы әскер бөлімшелері жалпы міндетті шешеді. өзінің құрамы мен қарулануына байланысты бұл бөлімшелер белгілі бір жауынгерлік мүмкіндікке ие және белгілі бір нақты міндеттерді шешуге қабілетті. Әкердің әр түрі мен арнайы әскер бөлімшелерінң қимылын, олардың үрыстасы жауынгерлік мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында, сондай-ақ көршілес қимылдайтын бөлімшелер қимылын келістіру үшін өзара әрекет ұйымдастырылады. Оның мәні - міндеттер, шептер және уақыт бойынша келісілген ұрыс қимылдарымен, жауынгерлердің, әскерлердің барлық түрлері, арнайы әскер бөлімдерінің өзара көмегімен, сонымен бірге ұрыстың жалпы мақсатына жету мүддесіндегі көршілердің өзара көмегімен сипатталады. Жауынгерлер мен бөлімшелердің үздіксіз жэне нақты өзара қимылы ұрыста жеңіске жетудің қажетті шарты болып табылады.
Өзара қимыл бөлімшелер арасында және олардың әрбірінің өз ішінде жүзеге асырылады.
Мотоатқыштар бөлімшесі көршілес бөлімшелермен және оның ұрыс ретінде немесе ұрыс ретінен тыс, яболмаса, қапталдарда атыстық құралдармен қимыл жасаушы бөлімшелермен өзара қимылда жүзеге асырылады.
|