Бастапқы әскери дайындық кафедрасы. Кафедра меңгерушісі Таукейулы С. Т


Дәріс 10. Әскери-инженерлік дайындық бойынша сабақ өткізу әдістемесі



бет25/33
Дата25.12.2022
өлшемі136.45 Kb.
#467869
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
Бастап ы скери дайынды кафедрасы. Кафедра ме герушісі Таукейул

Дәріс 10. Әскери-инженерлік дайындық бойынша сабақ өткізу әдістемесі
Инженерлік бөгеттердің (ИБ) классификациясы, арналуын оқыту бойынша сабақ өткізу әдістемесі. Мина жарылғыш, жарылмайтын, аралас бөгеттер. Жаяу әскерге және танкіге қарсы миналар.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Мацсаты. Оқушыларды жеке сарбаз, бөлімшеге арналған оқпан-
амен, минажарылғыш бөгеттерді дайындау жэне жабдықтаумен та-
ныстыру. Дүшпанның зақымдау-жаралау қаруларынан қарапайым
инженерлік құрылымдар арқылы тиімді қорғануга деген сенімділікті
тэрбиелеу, оқушыларда позицияны жабдықтау үшін жергілікті жердің
ерекшеліктерін ұтымды пайдалану біліктілігін қалыптастыру.
Тақырып бойыниіа қарастырылатын сұрақтар
1. Жекелей оқпана.
2. Бөлімшеге арналған оқпана.
3. Инженерлік бөгеттер.
Өткізілетін орны. Алаң.
Әдіс. Көрсету, эңгімелеу.
Сабақтың материалдъщ жабдъщталуы. Оқу автоматтары мен
газ тұмылдырық, «Миналар» жэне «Өткел» сілтемелері.
Сабақ жабдыкталған позицияда, тек ұл балалармен өткізіледі.
Позиция алдында жалпақтыгы 6 м өткелі бар, сыммен қоршалған
мина алаңы белгіленеді.
Сабақтың кіріспе бөлімінде бұрын өткен тақырын материалдары-
нан сұрақтар қойып, тапсырмалар беру.
1. Позицияны таңдауға қандай талаптар қойылады?
2. Жатып атуга арналған оқпананың элементтері мен көлемін айтып
беріңіз.
3. Жатып атуға арналған оқпананы қазу тэртібін көрсетіңіз.
Сабақ басталар кезде оқушыларға үрыс кезінде позицияны
инженерлік жабдықтаудың маңызы туралы айтқан дұрыс.
Зымырандық-ядролық қарудың жэне басқа да зақымдау қарулары
жақсы дамып жатқан қазіргі заманда, позицияның инженерлік
жабдықталуының маңызы жоғары екенін оқушылар білулері
қажет. Ядролық жарылыс кезінде оқпана, шұңқыр, траншея сенімді
қарапайым инженерлік бекіністер адамдардың соққы толқынынан
қорғануына көп көмектесетіні және өтпелі радиация ағымын
төмендетіп, сарбаздардыц зақымданудан қорғануын қамтамасыз
ететіндігін жүргізілген есептер анықтап берді.
Содан кейін оқытушы-үйымдастырушы қорганыс кезінде
бөлімше өзіне көрсетілген позицияда, ягни 100 м аумақта ұрыс
жүргізетіні туралы айтып өткен дұрыс. Оқ ату жэне бағдарлау,
маневрді іске асыру жэне сарбаздарды зақымдаудан қорғау үшін -
жекелей оқпаналар: жаяу эскердіц үрыстық машинасы үшін - төбесі
жабылған оқпана қазылады. Позиция алдында жекелеген миналар не-
меее миналар алаңы орналасуы мүмкін.
1-оку сүрагы. Алдымен оқушыларга нысана бойынша оқ атуға
арналған оқпаналардың түрлері аталып, оларды жабдықтау үшін жа-
тып атуға арналган оқпана қазудан басталатыны туралы ескерткен
жөн. Содан кейін жекелей оқпананың ерекшеліктері туралы айтып,
оның көлемі (ені, ұзындыгы, тереңдігі) аталады. Автоматтан түрегеп
түрып ататын оқпананың терендігі 110 см болады. Қазып алынган
топырақ оқананың алдына жэне екі қапталын үйіліп, биіктігі 50-60 см
бруствер қүрылады. Атыс жүргізілетін жердегі бруствер 30 см дейін
төмендетіліп, үрысқа арналган ашық ойық қалдырылады. Оқпана
ішінде оқ-дэріге арналған орын дайындалады. Ондай оқпана дайын-
дау үшін сапер күрегімен 1,5 сагат, жаяу әскер күрегімен 2,5 сагат
жүмыс істеу керек. Пулеметтен оқ ату үшін екі жекелеген оқпана
қазылады және олар 100x100 см көлемде қазылып, бір-біріне аздаган
бүрышпен орналасады. Ату аумагындагы бруствер 20 см биіктікте болады.
Оқпана қазуга сапер күрегімен 2,5 сағат, жаяу әскер күрегімен
4 сағат уақыт кетеді.
Содан соң оқушылар жаяу әскердің үрыстық машинасына немесе
БТР-ге арналған оқпана позициясымен танысады. Ол оқ атуға
арналған ор, кіруге жэне шығуға арналған аппарель жэне бруствер-
ден түрады.
Оқушыларға Ж.М-ға арналған оқпана, бөлімше позициясының
ортасында, қапталында немесе оның артында - 50 м қашықтықта ор-
наласуы мүмкін екені туралы айту қажет.
2-оңу сүрагы. Алдымен оқытушы-үйымдастырушы оқушыларға
жекелеген оқпаналардың бір-бірімен орлар арқылы қосылатынын
әңгімелейді. Нәтижесінде мандайшеп бойымен маневр жасауга
ыңғайлы жағдай қүрылады да, сарбаздар бір-бірімен хабарласуға
мүмкіндік алады.
Содан кейін оқушыларды бөлімшеге арналған оқпанамен
таныстыруға болады. Алдымен оқпананың атқаратын қызметтерін
айтып, сосын олардың жабдықталу жэне пайдалану тәртібімен таны-
стырады. Оқпана бөлшектері: алғы жэне тылдық бруствері бар ор, пулемет
жэне гранататқышқа арналған қосалқы аландар; жаяу эскердің
' үрыстық машинасына жэне тылга арналған жол; оқ-дәріге арналған
орын. Оқушыларға оқпананы көрсете отырып, елді мекеннің табиги
жағдайына қарай оқпананы жасырудың жэне бүркемелеудіңмаңызды
екендігін айтып өткен дұрыс.
Содан кейін уақыт болса бөлімшеге арналған оқпананы толықтай
жабдықтау керектігі туралы айтылады. Траншея қисық сызықты
қиынды түрінде салынады.
2-сүрақты қорытындылай келіп, оқушыларға оқпана мен тран-
шеяларды жабдықтау арнайы әскери техникаларды қолданумен*
жеделдетілетіні туралы айтқаны жөн. Алайда ұрыстық жағдайдағы
алдыңгы шепте оқпана қазуга инженерлік көліктерді пайдалану
өте қиын. Сондықтан эрбір сарбаз өз бетімен оқпана қазып, оны
жабдықтай білуі керек.
3-оқу сүрагы. Инженерлік бөгеттерді көрсетерден бұрын
оқушыларға өткен материалдан бірнеше сұрақ қоюга болады. Мыса-
лы, инженерлік бөгеттер не үшін қажет жэне инженерлік бөгеттердің
түрін айт деген сияқты.
Оқытушы-ұйымдастырушы алынған жауапты қорыта келіп,
оқушыларға танкіге қарсы мина алаңын көрсетеді жэне оның
үзындығы бірнеше шақырымға жететіні туралы айтуы қажет. Мина
аландары 3-4 қатарга орналасады. Қатарлар арасы - 10-40 м, ал миналар
бір-бірінен 4,5-5 м аралықта орналасады. Сонымен қатар
инженерлік бөгеттерде аралас миналар алаңы болуы да мүмкін. Оган
табиғи, миналанған жэне аралас миналанған бөгеттерді жатқызуға
болады. Аралас миналар алаңында танкіге қарсы минамен бірге, жаяу
әскерге қарсы мина да орнатылады.
Оқушылар мина жарылатын богеттерден өту механикалық
тэсілмен жэне жару тәсілімен өткелдер арқылы іске асырылатыны
туралы білулері керек. Оқытушы-үйымдастырушы мина алаңындагы
откелдерді сілтемелермен анықталған белгілёрмен көрсетеді.
Тацырыпты бекітуге арналган сүрақтар
1. Жекелей оқпананың түрлерін жэне ерекшеліктерін атаңыз.
2. Болімшеге арналған оқпаналарды бір-бірімен байланыс-
тырудың артықшылығы неде?
3. Минажарылғыш бәгеттерден өту тэсілдері қандай?
4. Инженерлік бөгеттердің түрлерін атаңыз.
5. Танкіге қарсы миналар қандай тәсілмен орнатылады?
6. Минаны залалсыздандыру туралы не білесіз?
7. Жарылмайтын бөгеттер қандай материалдардан жасалады?
8. Жарылмайтын бөгеттерді орналастыратын орын қалай
тандалады?
9. Минажарылғыш богеттерден оту тәсілдерін білесіз бе?

2

11



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет