Бастапқы әскери дайындық кафедрасы. Кафедра меңгерушісі Таукейулы С. Т


Дәріс 11. Әскери топография бойынша сабақ өткізу әдістемесі



бет26/33
Дата25.12.2022
өлшемі136.45 Kb.
#467869
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Бастап ы скери дайынды кафедрасы. Кафедра ме герушісі Таукейул

Дәріс 11. Әскери топография бойынша сабақ өткізу әдістемесі.
Бағдарлану туралы жалпы түсінік. Жергілікті жердегі заттардың белгілеріне қарап көкжиек бағыттарын анықтау әдістемесі. Компас көмегімен жергілікті жердегі заттар, аспан денелері бойынша көкжиек бағыттарын анықтау. Азимут бойынша қозғалыс. Картасыз және карта бойынша жергілікті жерді бағдарлау.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Мақсаты. Оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білім,біліктілік жэне дағдыларын нығайту. Берілген азимут бойынша өз бетімен қозғалуды үйрету. Қиын, таныс емес жерде өз бетімен шешім қабылдай білу, тапқырлықты тәрбиелеу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сурақтар
Жергілікті жерде картасыз багдар алу. Азимут бойынша қозғалу.
Өткізілетін орны. Ашық алаңқай.
Әдісі. Оқу-жаттығу.
Сабацтыц материачдыц жабдьщталуы. Компас, маршрут көрсетілген сызба-үлгісі бар планшет, адымөлшегіш.Бұл тақырып бойынша сабақты оқушылардың далалық жиындарында өткізуге болады.
Оқыту ш ы-ұйым д астыру ш ы сабақ откізілетін орынды алдынала тандайды. Азимут бойынша жүріп өтетін жолды, багдарды анықтау мен қозғалу багытының үлгісін алдын ала сызып даярлап қояды. Оқушылар адымөлшегіш, компас жэне планшеттермен
жабдықталады.
Азимут бойынша қозғалу басталғанға дейін, оқушылар шагын
топтарға бөлініп, эр топқа жетекші оқушылар тағайындалады.
Оқытушы-үйымдастырушы топ жетекшілеріне маршруттың бастапқы
нүктесін багдарлап, бағдар алу нәтижелерін баяндау туралы тапсырма
береді. Бағдарлаудың дүрыс екендігіне көз жеткізген соң, маршруттың
сызба-үлгісінде корсетілген азимутты жэне қашықтықты жергілікті
жердің бағытын сақтай отырып, азимут бойынша қозгалу екендігін
тагы бір қайталап өтеді. Қозгалыс бағыты компаспен тексеріліп,
қашықтық адыммен (екі оқушы санайды) немесе адымөлшегішпен
өлшеніп отырады.
Қозгалысты бастау үшін, азимутты компастың көмегімен
белгілейді (оның қалай іске асырылатыны оқушыларга 2-сабақта
түсіндірілген). Компастың сызаты мен қарауылы арқылы өтетін
сызық қозғалыс бағытын көрсетеді.
Ол үшін компастың сызаты мен қарауылы арқылы қандай да бір
уақытша багдарды анықтап алган дүрыс. Қозғалыс басталған сәтте
компастың тілін тежегішке қояды.
Уақытшатандап алған бағдар арқылы қозғала отырып, сол аяқтан
бастап адымдарын санай бастайды. Алғашқы уақытша бағдарға кел-
ген соң, сол азимут бойынша белгіні анықтап алып, маршруттың
екінші нүктесі көрінбейтін болса, жаңа уақытша бағдар таңдау керек.
Қозғала отырып екінші нүктеге (кері) жеткен соң, компасты
сызба-үлгіге сәйкес келесі азимутты белгілейді. *•
Міне осылайша азимут бойынша қозғалу, маршруттың соңғы
нүктесіне (белгіленген) жеткенге дейін жалғаса береді.
Азимут бойынша қозғалу кезінде, уақытша бағдармен қатар
күн, ай, жүлдыздар секілді қосымша бағдарлар да қолданылады.
Алайда олармен бағдарлаған кезде, аспан денелері қозғалып,
отыратындықтан, эр 15 минут сайын азимутты тексеріп отыру керек
(Темірқазық өзінің орнын өзгертпейді).
Жергілікті жердің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты (қалың
орман, таулы қырат) уақытша бағдар болатын заттарды табу
қиын болуы мүмкін. Ондай жағдайда компастың күміс тілі бөлу
шкаласының нөлдік санына бағытталып, компас қақпағының сызаты
мен қарауылы арқылы отетін арнайы сызық бағытында қозғалу керек.
Ондай жағдайда қарауыл көрсеткіші қозғалыс багытымен анықталған
азимутқа тең есеппен анықталады.
Оқушыларға азимут бойынша қозғалуды түсіндіру кезінде,
олардың маршрут бойынша қозғалуына кедедергілер кезігуі мүмкін
екендігі жэне сол кезде эрекет ету оту амалдары хабарланады.
Оқытушы-үйымдастырушы түсіндірулер мен нүсқаулар беріп
болған соң азимут бойынша қозғалуға бүйрық береді. Алғашқы рет
азимут бойынша қозғалған кезде түрлі қиындықтар болатындықтан,
оқушылардың бірінші бекеті ортақ болуы мүмкін. Мүндай жағдайда
оқушыларға азимутты жэне алғашқы бекеттің үзындығын ай-
тып, олардың оз компастарында уақытша бағдарды белгілеулерін
үсынады. Барлық топтың бірінші бекеттен дүрыс өткендігін тексер-
ген соң, оқушылардың орындаған әрекеттерін бағалап, оларға жаңа
- уақытша багдар тандауларын үсынады.
Оқытушы-үйымдастырушы барлық шағын топтарды маршрутта-
рымен жіберген соң, қысқа жолмен жүре отырып, соңғы нүктеге бара-
ды. Оқушыларды сол жерде күтіп алып, олардың дэл жэне уақытылы
келулерін бағалайды.
Оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарап, азимут бойынша
қозғалуды күрделендіруге болады.

2

12



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет