«бастапқЫ Әскери дайындық негіздері» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені


Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8- шілдедегі № 74 Заңы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Жалпы ережелері



бет3/4
Дата28.06.2016
өлшемі370 Kb.
#163847
1   2   3   4

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8- шілдедегі № 74 Заңы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Жалпы ережелері

  Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:



әскери қызмет - Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери қызметшiлердiң мемлекеттік қызметiнiң ерекше түрі;
   әскери қызметшілер - Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;   әскери мiндеттілер - әскери есепте тұратын және әскери есепте тұрудың шектi жасына дейiн запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;   әскери атақ - әскери қызметшi мен әскери мiндеттіге берiлетін әскери айырым белгiсi;    әскери мiндеттілiк - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөнiндегi конституциялық мiндеттілігі;   әскери киiм нысаны - әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиiстiлiгiн айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген погоны бар нысанды киiм (киiм-кешек) мен жабдықтар;    шақыру бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлер - мерзiмдi әскери қызметке шақырылған, сондай-ақ офицерлер құрамы лауазымдарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;   келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет ңткерiп жүрген әскери қызметшiлер - Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке ерiктi түрде кiрген Қазақстан Республикасының азаматтары;   әскери лауазым - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттiк мекемесiнiң әскери атағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген лауазымдық өкiлеттіктер мен мiндеттер жүктелген құрылымдық бiрлiгі;  әскери жиындар - әскери қызметшілердің әскери даярлығы, әскери бiлiмiн жетiлдiру жөнiнде, сондай-ақ әскери мiндеттілердiң жауынгерлiк және жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында оларды әскери бөлiмдерге шақыра отырып, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда жүргізiлетін iс-шаралар;   әскери есеп - әскери қызметшiлердiң, әскерге шақырылатын және жұмылдырылатын, ресурстардың есебiн жүргізу және оларды талдау жүйесi;   әскери тағылымдама - практикалық дағдыларды меңгеру және жетілдiру, офицерлердiң даярлау бағдарламасы бойынша алған білiмдерiн тереңдету және орнықтыру;   тәрбиеленушiлер - әскери даярлық бойынша қосымша бiлiм беру бағдарламалары бар жалпы орта, бастауыш және кәсiптiк орта білім беру ұйымдарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары;   жалпыға бiрдей әскери оқыту - соғыс жағдайы енгiзiлген кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтарын бастапқы әскери даярлыққа мiндеттi оқыту;  әскер жасына дейiнгiлер - әскери есепке алынғанға дейiн әскери қызметке даярлықтан өтетiн еркек жынысты азаматтар;   әскери міндеттілерінің запасы (запас) - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды толықтыра жасақтау, өрiстету және шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын әскери мiндеттiлер;   әскери қызметі ерікті түрде өткеру туралы келісім-шарт (бұдан әрі - келісім-шарт) - келісім-шарт бойынша әскери қызметтi қамтамасыз ету және өткеру мүддесi үшiн тараптардың мiндеттемелерi мен жауапкершiлігін белгілейтiн шарт;   курсанттар - оқу-жаттығу бөлiмдерiнде (орталықтарында), орта немесе жоғары әскери оқу орындарында оқитын сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының әскери қызметшiлерi;   жұмылдыру - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсыбiр бөлiгiн (iшiнара жұмылдыру) соғыс жағдайы режимiне көшірумен байланысты жалпымемлекеттiк iс-шаралар кешенi;  бастапқы әскери даярлық - әскери iс және адамның қауіпсіздігі мен тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету негіздерi бойынша мiндеттi оқыту пәнi (оқу пәнi);  ұйымдық-штаттық iс-шаралар - Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда өткiзілетiн штаттарды құру, тарату, орын ауыстыру, қайта жасақтау, бағыныстылығын өзгерту, ұлғайту мен қысқарту жөнiндегi iс-шаралар;  кейiнге қалдыру - азаматтарды әскери қызметке шақыруды осы Заңда көзделген негіздер бойынша кейiнге қалдыру;    отставка - әскери қызметшілердi әскери қызметтен босату немесе запаста болудың шектi жасына жеткен әскери мiндеттiлердi әскери есептен шығару не әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды әскери есептен шығара отырып әскери қызметтен босату;   офицерлер - офицерлер құрамының тиiстi әскери атағы берiлген әскери қызметшiлер; тексеру жиындары - соғыс уақытының ұйымдық-штаттық құрылымындағы мiндеттердi орындауға арналған әскери бөлімдердiң даярлығын тексеру мақсатында өткiзілетiн әскери жиындар түрі;  әскерге шақырылушылар - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергіліктi әскери басқару органдарының шақыру учаскелеріне тiркелген және мерзiмдi әскери қызметтен өту үшiн Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыруға жататын еркек жынысты азаматтар;  шақыру учаскесi - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдары азаматтарды әскерге шақыру және шақыру учаскелерiне тiркеу кезеңiнде құратын учаске;    шақыру пунктi - азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеу және әскери қызметке шақыру кезiнде оларды медициналық куәландырудан өткiзетiн, сондай-ақ әскери-патриоттық және спорттық-көпшілік жұмысты жүргiзетiн пункт;  запаста болу - әскери мiндеттілердiң әскери есепке және әскери есепте болған кезеңiнде әскери жиындарда қызмет өткеруге байланысты мiндеттердi атқаруы;   жиын пунктi - әскерге шақырылушыларды бақылау медициналық куәландырудан өткiзу, медициналық көмек көрсету, әскери-патриоттық, спорттық-көпшiлiк жұмысты жүргiзу, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскерге шақырылушылардың командаларын құру және жөнелту пункті;   сержанттар (старшиналар) - сержанттар (старшиналар) құрамының әскери атақтары берiлген әскери қызметшiлер;    сарбаздар (матростар) - сарбаздар (матростар) құрамының әскери атақтары берiлген әскери қызметшiлер;    тыңдаушылар - жоғары әскери оқу орындарында, офицерлер құрамының бiлiмiн жетiлдiру (қайта даярлау) курстарында оқитын офицерлер құрамының әскери қызметшілерi;    арнайы жиындар - төтенше жағдайлардың салдарын жою жөнiндегi iс-шараларды орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетiн әскери жиындар түрi;   мерзiмдi әскери қызмет - еркек жынысты азаматтарды осы Заңда айқындалған тәртiппен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыруға негiзделген әскери қызмет;   оқу-жаттығу жиындары - әскери міндеттiлердi даярлау мен қайта даярлау мақсатында өткiзiлетiн әскери жиындар түрi.

    Қазақстан Республикасының әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


    Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3.Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы. 1992ж. 25 тамыз «Әскери ант»
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы (тегі, аты, әкесінің аты), Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын жөне Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егемен мемлекетімнің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етемін.

Өзіме жүктелген міндеттерді, әскери жарғыларды және командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеруге ант етемін. Әскери істі дәйекті оқып-үйренуге, әскери және халық мүлкін мұқият ұстауға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға ант етемін.

Мен өз Отанымның, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мүдделерінің ер жүрек әрі батыл қорғаушысы болуға ант етемін. Егер мен өзім қабылдаған әскери антты бұзсам, онда Қазақстан Республикасының заңдарында белгі-ленген қатаң жазаны өтеуге әзірмін.

Әскери ант Қазакстан Республикасы Қарулы Күштерінің өскери қызме-шілерінен қабылданады.

Әскери антты қабылдау уақыты әскери бөлім командирінің бұйрығымен жарияланады. Бұған дейін белім-шелерде әскери қызметшілерге әскери анттың мәні туралы түсінік жұмыстары жүргізіледі.

Тағайындаған уақытта әскери бөлім жауынгерлік тумен және Қазақстан Республикасьшың Мемлекеттік жалауымен және оркестрмен жаяу сапқа, салтанатты, ал соғыс уақытында карумен, далалық киім үлгісімен түрады. Бөлім, әдетте, роталық немесе взводтық лектердің сызығына түрады. Өскери антты қабылдаушы әскери қызметшілер бірінші саптарда (қатарларда) болады. Өскери бөлімнің командирі өзініңқыскаша сөзінде әскери анттың мәні және әскери антты кабылдаушы әскери қызметшілерге жүк-телген қүрметті өрі жауапты міндет екендігін еске салып өтеді.

Кіріспе сөзінен кейін әскери бөлімнің командирі: "Еркін түр!" деп пәрмен береді және бөлімшелердің коман-дирлеріне әскери антты қабылдауға кірісуді бүйырады.
Негізгі әдебиеттер: 1, 5, 8, 9,

Қосымша әдебиеттер: 2, ,6, 7,10
3 тақырып. Қазақстан Республикасының әскери доктринасы.
1.Қазақстан Республикасының әскери доктринасының әскери-саяси негіздері.

2. Қазақстан Республикасының қорғаныс және қарулы қорғаныс негіздері.

3. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін әскери-экономикалық қамтамасыздандыру негіздері.
1.Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін әскери-экономикалық қамтамасыздандыру негіздері.
Қазақстан Респубикасы Әскери доктаринасы Қазақстан Респубикасы жарлығымаен 2007ж. 21 наурызда бекітілді. Қазақстан Респубикасы Әскери доктаринасы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі көзқарастардың жүйесін ұсынып, әскери шиеленістер мен соғыстардың алдын алу, әскери құрылыс, сонымен қатар қарулы күштерде, басқа әскерді және әскери құрамаларды, ұлттық мүдделерді қорғау және Қазақстан Респубикасының халықаралық міндеттерін орындау барысында қолданылады.

Қазіргі әскери доктарина «Қазақстан Респубикасының 1999 – 2005 жылдардағы ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» нұқасының негіздерін нақты-лап, әскери салада Қазақстан Респубикасының мемлекеттік шекара шегіндегі әскери қауіпсізідгін, агрессия жағдайында елде қорғауды ұйымдастыру, сонымен қатар одақтас – мемлекеттермен ұжымдық - әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталады.

Әскери доктринаның бұл тарауында:


  • Қазақстан Респубикасы әскери қауіпсіздік саласындағы саясаты айтылады.

  • Қазақстан Респубикасы әскери қауіпсіздігіне қауіп төндіретін негізгі қауіптер анықталады.

  • Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ететін міндеттер қалыптастырылады.

  • әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басшылықтың мазмұны ашылады.

Қазақстан Респубикасы Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету аласындағы саясаты.

Қазіргі кездегі саяси жағдай әлемдік қоғамдастықта болған қарсы блок-тардың жойылуымен және жаңа халықаралық қатынастар жүйесінің құрылуымен, принциптік өзгерістермен ерекшеленеді.

Әлемде болып жатқан ғаламдық өзгерістер, бір-біріне қарама-қарсы күрделі тенденцияларды туғызады: әлемдік қоғамдастық бір жағынан даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге, ынтымақтастықты нығайтуға, жанталаса қарулануды шектеуге және ядролық қаруды таратпауға нақты шаралар қолданады; ал басқа жағынан – қауіпсіздікке қауіп төндіретін, олардың ішінде әр түрлі деңгейдегі әскери шиеленістерге, экстремизмге, халықаралық терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, қаруларды және наркотиктерді тасымалдауға мүмкіндік беретін қауіптер қалыптасады.

Осы жағынан Қазақстан Респубикасы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз саласындағы саясаты, мынадай көзқарастарғы негізге алады:



  • мемлекет аралық және ішкі қайшылықтарды әскери шиеленіс жолымен шешуге жол бермеу;

  • Қазақстан Респубикасы өзіне және өзінің одақтастарына агрессия жасалғанда жеке және ұжымдық түрде қарулы қорғаныс құқығын иеленеді.

Қазақстан Респубикасы Әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазақстан Респубикасы әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты бағыты болып табылады. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты мақсаты – елдік территорияны, суверенитетін, экономикасын, мемлекеттік, институттарын, елдің азаматтарын әскери қауіптен қорғау, агрессияның алдын алу, әскери шиеленістеріді шешу, Қазақстан Республика-сы тұрақты дамуына қолайлы жағдайлар туғызу.



Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басшылық.

Доктрина мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басшылық жасау ретін, мемлекеттік органдардың міндеттерін, мазмұнын анықтайды. Елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан Респубика-сы үкіметі және мемлекеттік органдарын, Конституцияның негізінде және Қазақстан Респубикасының заңдарымен сәйкес жүзеге асырылады.



Қазақстан Респубикасы қарулы қорғауы және қорғанысының әскери негіздері.

Бұл құжаттың басты бөліміндже мыналар қаралды:



  • қазіргі әскери шиеленістердің негізгі белгілері, мазмұны;

  • мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтьамасыз ету үшін Қарулы күштердібасқа әскерлерді және әскери құрамаларды қолданудың негіздері;

  • Қазақстан Респубикасы Қарулы күштері, басқа әскерлер және әскери құрамалардың мақсаты, құрамы және міндеттері.

  • Қазақстан Респубикасы Қарулы күштері, басқа әскерлер және әскери құрамалар құрылысының негізгі бағыттары.

Қазіргі әскери шиеленістердің негізгі белгілері, мазмұны.

Қазіргі әскери шиеленістердің мазмұны әскери – саяси мақсаттармен, қару түрлерін қоладнумен, көмегімен анықталады..

Қазіргі әскери шиеленістердің негіәзгі белгілері:


  • кең көлемде қанат жаюы, ауқымдылығы, әскери әрекет жүргізудің ешбір байланыссыз және дәстүрлі емес түрлерімен тәсілдерін пайдаланып, атыспен алдын ала жою және электрондық жолмен байланысқұралдарын құрту, майдан мен тыл арасындағы айырма-шылықты төмендету.

  • Соғысқа үнемі қолданылатын, ал кейде заңсыз қарулы құрамалардың қатысуы;

  • Қазіргі жоғарғы тиімді қарулар жүйесін және әскери техниканы қолдану;

  • Тура емес стратегиялық әрекеттерді кеңінен қолдану (саяси және психологиялық қысым, экономиялық санкция, ақпараттық күрес, транспорттық желілерге тосқауыл жасау, өз күшін көрсету және т.б.)

  • Мемлекеттік және әскери басқару жүйесін жою.

  • әскерлерді және қаруларды басқару жүйесін қатардан шығару;

  • энергетикалық кәсіпорындарды, қауіпті өндірістерді, коммуника-цияларды, тіршілікті, байланысты, қамтамасыз ететін обьектілерді басымдықпен жою.

Әскери шиеленістердің мүмкін болатын үш түрі болжанады, оның кейбіреуіне Қазақстан Респубикасы тартылуы мүмкін:

  • жоғарғы ауқымдағы шиеленіс – күшті әскери экономикалық тұрғыдағы мемлекеттердің қатысуымен болатын әскери шиеленіс

  • орта ауқымдағышиеленіс – күшті экономикасы мен әскери потенциялы (мүмкіндігі) жоқ елдердің арасындағы әскери шиеленіс;

  • төменгі ауқымдағы шиеленіс - әр түрлі түрдегі қарама-қайшылықты шешуге тырысу негізінде қарулы күресті қолданумен, соғыс жағдайына көшпен пайда болатын қарулы шиеленіс.

Негізінде бұндай шиеленістер шекаралық қарулы қарулы қақтығыстардың, сырттан қарулы құрамалар мен топтардың еніп кетуінен, елдің ішінде заңсыз қарулы құрамалардың пайда болуынан, террористік ұйымдардың әрекетінің нәтижесінде болады.

Қарулы күштерді, басқа әскерлерді және әскери құрамаларды мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданудың негіздері.

Төменгі ауқымдағы шиеленіс пайда болғанда, Қазақстан Респубикасның алға қойған мақсаты – қашылық ошағының үлкен көлемдегі әскери әрекетке айналыпкетуіне жол бермей, шиеленісті мемлекетке залалы аз мөлшерде болатындай етіп шешу.

Орта ауқымды шиеленісті Қазақстан Респубикасының мақсаты табынды түрде агрессияның алдын алу, оның ішінде одақтас мемлекеттердің қарулы күштерімен бірлесіп, әскери әрекет жүріп жатқан ауданды кесіп тастап, болып жатқан қайшылықтарды бейбіт жолмен реттеу шараларын қолдану.

Қазақстан Респубикасының мақсаты белсенді ізденіспен, саяси құқық-тың тиімді жүйені құру, ұйымдастырушылық – техникалық және басқа халықаралық кепілдіктерге, қарсы, жоғарғы ауқымдағы шиеленісті тудырмау болып табылады.



Қазақстан Респубикасы Қарулы күштерінің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың мақсаты, құрамы жәнке міндеттері.

Қарулы күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың басты мақсаты елді сыртқы агрессиядан және басқа әскери қауіптен қорғаумен айқындалады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерінен туындайтын шараларды орындау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне бейбіт уақытта мыналар жатады: әскери басқару органдары, қарулы күштері түрлері, арнаулы әскер-лер, тыл, жоғарғы оқу орны, әскери ғылыми мекемелер.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштінің басқа әскерлер құрамалар құрылысының негізгі бағыттары.

Қазақстан Республикасы әскери құрылысының басты мақсаты жақсы жарақталған, жоғарғы ауқымды, қарулы күштерді, мемлккеттің өмірлік мәні бар ұлттық мүдделерін қорғауды қамтмасыз ете алатын әскери қауіптен қорғай алатын қарулы күштерді құру Қарулы күштердің құрылысы және рефермалаудағы басты бағыттары



  • Қарулы күштер құрылымын жетілдіру, қарулы күштердің жауынгерлік мүмкіндігіне әсерін тигізбейтіндей етіп, әскери құрамаларды жою, адам санын қысқарту;

  • Жауынгерлік дайындықты айқындайтын, ауқымды әскерлерді, әскер түрлеріне және арнаулы әскерлердің дамуына басымдық беру;

  • Басқару жүйесін жетілдіру, қосалқы, тиімсіз салаларды жою, әскери-аумақтық құрылымға көшу және әскери - әкімшілік басқарманың орындарын құру.

  • Алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін есепке ала отырып Қарулы күштердің резервтік дайындау жүйесін құру;

  • Әскери инфрақұрылымды дамыту, басты стратегиялық бағыттағы қарулар мен техникаларды сақтау базаларын құру;

  • әскерлерді басқару органдарының шұғыл, әскери және мобили-зациялық дайындығының тиімділігін көтеру;

  • қарулы күштерді материалдық – техникалқ жүйесін қамтамасыз ету тиімділігін құру;

  • әскери білім және әскери кадрларды дайындаудың жүйесін жетілдіру, ұлттық әскери-ғылыми базаны құру және дамыту;

  • қарулы күштердің жеке құрамын шарттық – кәсіби негізде қамтамасыз етуге кезеңмен өту, балама қызметті енгізу;

  • әскери қызмет мәртебесін көтеру, әскери қызметкерлердің, олардың жанұя мүшелеріне, дербес азаматтарға әлеуметтік кепілдіктің тиімді жүйесін құру;

  • әскери – қызм еттік қатынастарды гуманизациялау;

2. Қазақстан Республикасының қорғаныс және қарулы қорғаныс негіздері.

Сыртқы қауіптің негізгі сапында орташа жедел кезеңде қаралатындар:



  • республиканың шекарасына жақын жердегі әскери шиеленістерден әрекет етуші және негзгі ошақтары;

  • қарулы экстремистіктоптардың халықаралық террористердің республика аумағына кіріп кету мүмкіндігі

  • региональдық тұрақтылықтың әлсіреу мүмкіндігі , кейбір елдердің сандық, сапалық жағынан әскери күшін нығайтудың нәтижесінде болуы

  • жаппай қырып-жоятын қарудың таралу қаупі, Азиялық регионға жаңа әскери технологияларды жеткізудің жолы және олардың террористік топтардың қолына түсу мүмкіндігі

  • Әскери қауіпсіздіктің ішкі қауіптеріне жататындар:

  • Елдің әскери- өндірістік күш қуатының дамуының әлсіз болуы, ҚР қарулы күштерінің техникалық жарақтандырылуы, әскери техниканы және қаруларды жөндеуді ұйымдастырудан мәселелерімен басқа мемлекеттеріне тәуелділігі,

  • Заңсыз қаруланған әскери құрамалардың, террористік топтардың және қарақшылық құрамалардың мемлекеттік немесе әскери объектілерге шабуыл жасауы

  • Қару және қаруқорларының, жарылғыш заттардың және басқа құралдардың заңсыз таратылуы

  • ҚР-сы аумағында диверсия террорлық актілер жасау үшін қарулы құрамаларды құру

  • Мемлекет ішінде экстремизмді жене сепоротизмде тарату


3. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін әскери-экономикалық қамтамасыздандыру негіздері.
Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту бюджеттерін кезең-кезеңімен ұлғайту;

қорғанысқа арналған шығыстар деңгейінде бюджет заңнамасында белгіленген негізде Қарулы Күштерді бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру мәселелерін жетілдіру;

әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін шешу кезінде қаржылық, материалдық-техникалық, зияткерлік ресурстарды тиімді пайдалану;

қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы өндіру, оның айналымы және оны сату саласындағы мемлекеттік реттеу.

Әскери-экономикалық және әскери-техникалық қамтамасыз етудің басым міндеттері мыналар болып табылады:

Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту іс-шараларын уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқару органдары мен әскерлердің күнделікті қызметін теңгерімді қаржыландыру;

экономиканың және мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі үшін әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүдделерінде мемлекеттің әскери-экономикалық қызметін жетілдіру;

отандық қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді, халықаралық әскери-техникалық кірігуді дамыту жөніндегі шаралардың үндестікпен үйлесуіне, сондай-ақ қолда бар қару-жарақпен және әскери техникамен сыйымдылығын ескере отырып, шетелден қазіргі заманғы техниканы жеткізуге негізделген қазіргі заманғы бірыңғай және үйлестірілген мемлекеттік әскери-техникалық саясат қалыптастыру;

отандық қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының әскерлерді жарақтандыруда тұрған үлгілерді жөндеуді және жаңғыртуды, сондай-ақ қазіргі заманғы қару-жарақ, жауынгерлік және арнайы техника, оқ-дәрілер өндіруін игеру үшін жағдайлар жасау;

өзара тиімді халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Құжатта Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін әскери-экономикалық және әскери-техникалық қамтамасыз етудің негізгі бағыттары айқындалды:

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаржылық, материалдық-техникалық, зияткерлік және өзге де ресурстарға мұқтаждықтарын кепілді қанағаттандыруға бағытталған экономикалық, оның ішінде бюджеттік саясатты жүзеге асыру;

бірыңғай мемлекеттік әскери-техникалық саясат жүргізу және мемлекетгік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру;

Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың жаңа үлгілерімен қамтамасыз ету;

мемлекетгік қорғаныс тапсырысын жыл сайын қалыптастыруды және орындауды қамтамасыз ететін қаржы-экономикалық реттеуіштер мен тетіктер жүйесін жетілдіру;

қару-жарақ, әскери техника мен басқа да әскери мүлік паркін жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, жаңартуды жүргізу;

әскери-қорғаныс жүйесінің жекелеген құрауыштарын озық әлемдік ұқсас нұсқаларға және НАТО стандарттарына сәйкес келетін қару-жарақ пен әскери техниканың жоғары технологиялық үлгілеріне кезең-кезеңімен көшіру;

дамудың басым бағыттарын айқындау және отандық қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ қосарлы мақсаттағы өнімдер шығару;

әскерлерді жарақтандыру үшін келіп түскен қару-жарақ пен әскери техниканы техникалық сүйемелдеу, жөндеу және жаңғырту жөнінде кешенді орталықтар құру;

қорғаныстық- өнеркәсіптік кешен үшін білікті кадрлар даярлау;

мемлекеттің қорғаныс қабілетінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі міндетгерді шешу үшін әскери өнімнің, әскери мақсаттағы жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жаңа түрлерін өндіру мақсатында стратегиялық йнвесторлар тарту;

қорғаныс мұқтажы үшін өндірілетін (сатып алынатын) өнімдерді мемлекеттік сынауды және сертификаттауды жүргізу;

өндірілетін өнімді әскери қабылдау институтын дамыту;

өткізу нарығын кеңейту, экспорттық әскери өнімдердің номенклатурасы мен көлемдерін арттыру жолымен отандық әскери-өнеркәсіптік компаниялар мен кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін дамыту;

отандық қорғаныс өнеркәсібін нығайту, дамыту және қайта бейіндеу, әлемдік тәжірибені және халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңінен пайдалану.

Әскери доктринада экономиканы жұмылдыра даярлаудың мақсаты - мемлекеттік басқару органдары жүйесінің соғыс уақытында жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, ел экономикасын жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасы халқының мұқтаждарын қамтамасыз етуге ұйымдасқан түрде көшіруге әзірлігін қамтамасыз ету болып айқындалған.

Экономиканы жұмылдыра даярлаудың міндеттеріне мыналар жатады:

Қазақстан Республикасында жұмылдыра даярлаудың және жұмылдырудың нормативтік құқықтық базасын одан әрі жетілдіру және оны нарықтық жағдайларға бейімдеу;

экономиканы басқару жүйесін соғыс жағдайы және соғыс уақыты жағдайларында тұрақты жұмыс істеуге дайындау;

жұмылдыру тапсырмалары бар мемлекеттік органдарды, ұйымдар мен кәсіпорындарды жұмылдыра даярлау жүйесінің тиімділігін арттыру;

жұмылдыру тапсырмаларын орындауда әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық мүдделілік жүйесін жетілдіру.

Экономиканы жұмылдыра даярлаудың негізгі бағыттары:

жұмылдыру қуаттылығының және жұмылдыру резервтерінің сақталуын қамтамасыз ету;

жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында өндірістердің тапсырыстарды (тапсырмаларды) орындауы мақсатында даярлау;

жұмылдыра даярлау және жұмылдыру мүдделерінде өнімдерді жеткізуге тапсырыстарды (тапсырмаларды) орындау, жұмыстар жүргізу, қызмет көрсетулер ұсыну;

жұмылдырушылық және мемлекетгік резервтерде материалдық ресурстар қорларын жинақтау және сақтау;

соғыс уақытына арналған конструкторлық және технологиялық құжаттаманың сақтандыру қорын құру және сақтау;

жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери міндетті азаматтар қатарынан басшылық жасайтын құрамды, мамандарды, білікті жұмысшылар мен қызметкерлерді брондау;

Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жеткізуге арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының мүдцелері үшін арнайы құралымдар мен техника дайындау.

Әскери доктринада Қазақстан Республикасының қорғанысын кепілді қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды жою үшін қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарды бөлу мақсатында құрылатын Қазақстан Республикасының резервтер жүйесі айқындалған.

Резервтер жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрады. Резервтер жүйесінің құрауыштарын басқаруды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Материалдық-техникалық құралдар мен әскери мүлікті өндіру және олардың қорларын резервтер жүйесінде жинақтау үшін мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының Жұмылдыру жоспарына сәйкес, жүмылдыру даярлығы және жұмылдыру міндеттерін іске асыру шеңберінде елімізде жұмылдыру тапсырмалары белгіленеді.

Резервтер жүйесі қару-жарақтың, оқ-дәрілер мен материалдық-техникалық құралдардың стратегиялық, жедел және әскери қорларын, сондай-ақ жұмылдыру резервтерін қамтиды.

Материалдық-техникалық құралдардың стратегиялық қорларын жинақтауды және ұстауды Қазақстан Республикасының Үкіметі ұйымдастырады.

Материалдық-техникалық құралдардың стратегиялық қорларын есепке алуды және сақтауды тиісті уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Қару-жарақтың, оқ-дәрілер мен материалдық-техникалық құралдардың жедел қорларын жинақтау мен ұстауды Қорғаныс министрлігі, ал әскери қорларын жинақтау мен ұстауды - Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары жүзеге асырады.

Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, аумақтық және азаматтық қорғаныс үшін жұмылдыру резервтерін дайындау мен жинақтау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің жалпы басшылығымен жүзеге асырылады.

Резервтер жүйесін жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі:

жұмылдыру даярлығының және экономиканы бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшірудің қажетті нормативтік құқықтық базасын әзірлеуді;

ел экономикасын жұмылдыру дайындығы мен халқын жұмылдыра даярлаудың тиімді жүйелерін құруды;

резервтер жүйесінің материалдық-техникалық базасын дамытуды, оны қазіргі заманғы өрт және күзет дабылдағышымен жарақтандыруды;

қажетті мөлшерде материалдық құралдар жинақтауды және осы қорларды мемлекеттік материалдық резервте ұстауды ұйымдастырады.

Әскери доктринаның төртінші бөлімінде халықаралық әскери ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстанның коалициялық әскери құрылысқа, оның бітімгершілік қызметіне қатысуы мәселелері қарастырылады.

Қазақстан Республикасының халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына, халықаралық шарттарына сәйкес және әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін теңгерімді шешу, Қазақстанның өз әлеуетіне барабар жаңа халықаралық деңгейге шығуы, оның өңірлік көшбасшы ретіндегі шеп-тұғырын нығайту мақсатында сыртқы саяси және экономикалық мақсатқа сай болатынына негізделе отырып жүзеге асырылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу көпұлттық негізде сенім мен серіктестік шараларын кеңейтумен жэне нығайтумен үйлесімде ұжымдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруды көздейді.

Әскери доктринада Қазақстан халықаралық тұрақтылық, ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мүдделерінде тең құқықтық, өзара тиімділік және тату көршілік принциптері негізінде халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады деп атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасы қару-жарақ, әскери мақсаттағы өнімдердің, қосарлы мақсатты қолданыстағы тауарлар мен технологиялардың экспортын бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелердің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының халықаралық әскери ын-тымақтастықтағы басым бағыттары мыналар болып табылады:

бірыңғай қорғаныс кеңістігін құру және ұжымдық әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерді топтастыру қажеттігіне сүйене отырып, Үжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттермен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты жандандыру;

өңірдегі жалпы әскери-саяси мүдделер негізінде Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен стратегиялық серіктестікті тереңдету;

Қарулы Күштерді техникалық жаңғырту, әскери технологиялар трансферті, кадрлар даярлау және өңірдегі әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүдделерінде әскери инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықты нығайту;

Орталық Азия мемлекеттерімен және басқа да елдермен әскери және әскери-техникалық салаларда ынтымақтастықты кеңейту;

НАТО-ның басшылығымен терроризмге қарсы операцияларды және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларды жоспарлауда, өткізуде және жан-жақты қамтамасыз етуде бірлескен оқу-жаттығуларға қатысу мен тәжірибе алмасу;

«Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ верификатор-офицерлерді даярлау жөнінде өңірлік орталықтар құру;

әскери қүралымдардың БҰҰ аясында бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысуы.

Әскери доктринада Қазақстан коалициялық әскери құрылысқа қатыса отырып, ұлттық қауіпсіздіктің тиімді және қазіргі заманғы жүйесін құрады, өңірлік және жаһандық қауіпсіздік жүйелерімен белсенді өзара іс-қимыл жасайды деп атап көрсетілген.

Қазақстан бірлескен қауіпсіздікті және ұжымдық қорғанысты қамтамасыз ету мүдделерінде жүзеге асырылатын коалициялық әскери құрылыс шеңберінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайтатын болады.

Коалициялық әскери құрылыстың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

ҰҚШҰ шеңберінде әскери саладағы ынтымақтастықты кеңейту;

әскери саладағы нормативтік құқықтық базаны келісу;

ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға даярлау.

Коалициялық әскери құрылыстағы басым бағыттар деп Әскери доктрина мыналарды атап көрсетеді:

әскерлердің (күштердің) коалициялық (өңірлік) топтарын және оларды басқару органдарын құру және даярлау, олардың жауынгерлік дайындығының талап етілетін деңгейін қолдау;

ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерін жалпы қауіпсіздік пен ұжымдық қорғаныс мүдделерінде қолдануды жоспарлау;

ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарының өзара іс-қимылы мәселелерін жетілдіру, бірлескен іс-қимылдардың мазмұнын, нысандары мен тәсілдерін айқындау;

келісілген бағдарламалар мен жоспарлар бойынша жалпы қауіпсіздік пен ұжымдық қорғанысты қамтамасыз ету мүдделерінде әскерлерді мақсаты бойынша міндеттерді орындауға даярлау;

халықаралық терроризге, діни экстремизмге, сепаратизмге, есірткі бизнесіне қарсы күресте бірлескен күш-жігерді жандандыру және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау процесіне қатысу;

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы мемлекеттер арасындағы 1992 жылғы 15 мамырдағы өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастық;

әскери ғылымды дамыту, әскери кадрлар даярлау.

Әскери доктрина бітімгершілік қызметті ұжымдық және ұлттық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі өз саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырады, оны шиеленіскен әскери-саяси дағдарыстар мен әскери жанжалдарды саяси амал-тәсілдермен ертерек анықтау мен дер кезінде алдын алудың негізгі құралдарының бірі деп санайды.

Бітімгершілік қызметтің мақсаты қарулы жанжалды тоқтату және оны саяси реттеуге ықпал ететін жағдайлар жасау болып табылады.

Әскери доктринаға сәйкес бітімгершіліктің халықаралық істерде Қазақстанның әскери-саяси ұстанымын ілгерілету мен мүдделерінде маңызды мәні бар, сондай-ақ халықаралық аренадағы елдің беделін елеулі дәрежеде көтереді.

Осы мақсаттарда Қазақстан оған берілген мандат негізінде БҰҰ аясындағы бітімгершілік операцияларына белсенді қатысатын болады.

Қазақстанның бітімгершілік қызметіндегі бастысы - өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне және жалпы танылған халықаралық құқық нормаларына сәйкес ұжымдық күш-жігер-ді топтастыру ісінде мемлекеттің принципті ұстанымы болып табылады.

Бітімгершілік әлеуетті дамытудың тиімді құралдарының бірі нығайтылған инженерлік-саперлік және медициналық құрамдағы өңірлік бітімгершілік орталық құру болады.

Бейбітшілікті қолдау және қалпына келтіру жөніндегі операцияларда міндеттерді орындау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарыньщ халықаралық стандарттар бойынша арнайы дайындалған бөлімшелеріне жүктеледі.

Бітімгершілік операцияларына қатысу Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамасына және бекітілген халықаралық шарттарына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Парламентінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Бөлінген контингентті жеке құраммен жасақтау ерікті негізде жүргізіледі.

Құжатта бөлінген контингент бітімгершілік операциясы барысында мынадай міндеттерді орындауы мүмкін деп аталып өткен:

халықаралық қоғамдастық қабылдаған санкцияларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында жанжал ауданын қоршау;

жанжалдасушы тараптардың қарулы топтарын ажырату және оларды қарусыздандыру;

атысты тоқтату, бейбітшілік орнату және әскери іс-қимылдардың қайта туындауын болдырмау режимін қамтамасыз ету;

жергілікті жерді минадан тазарту, фортификациялық құрылыстар мен жаппай қырып-жою қаруын қолдану зардаптарын жою;

жергілікті жерді және бөлу аймағындағы халықтың іс-қимылын бақылау, тәртіпсіздіктерге қарсы іс-қимыл жасау;

жергілікті билік органдарына (құқық қорғау органдарына) құқық тәртібін қолдауда жәрдемдесу, бұрынғы тұрған жеріне қайтып оралған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қорытынды. Әскери доктрина елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметгің қорғаныстық бағыттылығын айқындайды, Қазақстанның кез келген мемлекетаралық қайшылықтар мен жанжалдарды шешудің әскери емес шараларына принципті бейілділігін растайды деп атап өтілген.

Әскери доктринаның ережелері әлемдегі және өңірдегі әскери-саяси жағдайдың өзгеруі, әскери қатерлердің сипаты мен мазмұны, мемлекеттің әскери ұйымының даму бағыттары ескеріле отырып нақтыланатын және толықтырылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларында, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерде, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамытудың бағдарламалық құжаттарында нақтыланатын болады.

Қазақстан Республикасы өзінің халықаралық қауіпсіздікті және жалпыға ортақ бейбітшілікті қолдау, әскери жанжалдарды болдырмау мақсаттарына бейілділігін растайды.
Негізгі әдебиеттер: 1, 3..

Қосымша әдебиеттер: 2, 5, 9.
4 тақырып. Әр азаматты кезекті әскер қатарына шақыру және дайындау.
1. Әскер қатарына шақырылатын жән шақырылған адамды дайындау.

Әскер жасына дейінгі және әскер жасындағ жасөспірімдер мен АӘД өткізудің және ұйымдастыру реті, Қазақстан Респубикасы үкіметі бекіткен, жастарды Алғашқы әскери дайындықтан өткізудегі нұсқамен анықталады. «Жастарды алғашқы әскери дайындықты өткізу» нұсқасы Қазақстан Респубикасы үкіметінің №1340 01.11. 1996 қаулысымен бекітілген. Азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеу аудандық әскри комиссариатта тұрған жері бойынша жүргізіліп, ондағы мақсат жас-өспірімдерді әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, мамандық және дене шынықтыру дайындығы бойынша алған білім деңгейін анықтау.



1. Әскер қатарына шақырылатын жән шақырылған адамды дайындау.

     Азаматтарды әскери қызметке шақыру - Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды мiндеттi негізде құраммен жасақтауды қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенi.


     Азаматтардың әскери қызметке шақырылуын жүргізудi тиiстi жергіліктi әскери басқару органдары арқылы жергiлікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшiн осы Заңда белгіленген тәртіппен шақыру комиссиялары құрылады.
     Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметi айқындайды.
     Ұйымдардың басшылары шақырылуға жататын азаматтарды iссапарлардан (демалыстардан) шақырып алуға, олардың хабардар етілуін және шақыру учаскесiне уақтылы келiп жетуiн ұйымдастыруға міндетті.
     Уақытша шетелде тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жеріне қайтып келген соң, кейінге қалдырылу немесе босатылу құқығы болмаса, осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
    Азамат облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi әскери басқару органы бастығының оны әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы шығарылған кезден бастап әскери қызметке шақырылған болып есептеледi.      Шақыру комиссиялары әскерге шақыруды өткізу кезеңiне жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша осы Заңның 17-бабының 5-тармағында айқындалған құрамда құрылады. Оларға мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi де кiруi мүмкiн. Шақыру комиссиясының сандық құрамы тақ болуға тиiс.   Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу кестесін жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
    Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) шақыру комиссиясы:
   аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) шақыру комиссияларының қызметiне басшылық жасау мен бақылауды жүзеге асырады;
     азаматтардың әскери қызметке шақырылуын кейiнге қалдырудың және одан босатылуының дұрыстығын тексереді;
     қызмет өткеретiн жерге жiберілер алдында әскери қызметке шақырылған азаматтардың және әскери оқу орнына түсетiн азаматтардың медициналық тексеруден өтуiн ұйымдастырады;
    әскери қызметке жарамдылығы (жарамсыздығы) жөнiндегi қорытындымен келiспейтiнi туралы арыз берген азаматтарды қайтадан медициналық куәландырудан өткізеді;
     аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) шақыру комиссияларының шешiмдерiне азаматтар берген шағымдар мен өтiнiштердi қарайды;
    аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) шақыру комиссиялары шешiмдерiнің күшiн жояды.
    Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетiн азаматтарды медициналық куәландырудан өткiзеді. 
     Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыға қатысты:
   - әскери қызметке шақыруға жатқызады;
    - әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырылсын;
    - әскери қызметке шақырудан босатылсын;
    - әскери міндеттiлiгін атқарудан босатылсын деген шешiмдердің бiрiн қабылдайды.
     Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясы әскери оқу орындарына түсетiн азаматқа қатысты оны конкурстық оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшiн әскери оқу орнына жiберу туралы немесе оған жiберуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
     Шақыру комиссиясының шешiмi әскери қызметке шақыруға жатқызылған азаматқа хабарланады, шешiмнiң көшiрмесi оның қалауы бойынша қолына берiледi.
     Азамат шақыру комиссиясының шешiмiне сот тәртiбiмен немесе облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) шақыру комиссиясына шағымдана алады. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) шақыру комиссиясына алдын ала жүгіну сотқа жүгiну үшін мiндеттi шарт болып табылмайды.
     Арыздар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) шақыру комиссиясында және сотта бiр мезгiлде қаралған кезде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) шақыру комиссиясы арызды қарауды соттың шешiмi күшiне енгенге дейiн тоқтата тұрады.
     Соттың шешімін тиiстi шақыру комиссиялары міндеттi түрде орындауға тиiс.
     Қорғаныс министрi және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бiрiншi басшылары денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметке жарамсыз адамдарға қатысты әскерге шақыру туралы шақыру комиссиясы шешiмiнiң күшiн жоюға және оларды әскери ант қабылдағанға дейiн шақыру комиссияларына қайтаруға құқылы.     1. Әскерге шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетiн азаматтарды медициналық куәландырудан өткiзу үшiн шақыру комиссияларының құрамында медициналық комиссиялар құрылады.
   Медициналық комиссиялар әскерге шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетiн азаматтарды медициналық куәландырудың нәтижелерi бойынша олардың әскери қызметке жарамдылық деңгейi туралы қорытынды бередi.
    Медициналық куәландырудың тәртiбi және медициналық комиссиялардың құрамы Әскери-дәрiгерлiк сараптама ережелерiмен айқындалады.

     Әскери қызметке шақыруға жататын азаматтар жергiлiктi әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне жергілiкті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйымның басшысы қол қойғызып тапсырады.


     Шақыру қағазын азаматтың жеке өзiне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиiстi iшкi iстер органына жүктеледі.

 Аматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде жылына екi рет жүргiзіледi.


     Он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті мөлшерде мерзiмдi әскери қызметке шақыруға жатады.
    Оқу орындарынан шығарылған, сондай-ақ осы Заңның 16-бабының 4-тармағында көрсетілген, жиырма жетi жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгiленген мерзімін өткермеген азаматтар осы Заңға сәйкес мерзiмді әскери қызметке шақыруға жатады.

Азаматтарды әскери қызметке даярлау - әскер жасына дейiнгi және әскер жасындағы, азаматтарды әскери қызметтің негіздерiне үйрету мақсатында олармен міндеттi түрде жүргізілетiн iс-шаралар кешенi.


   - әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлауды; 
    жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында қосымша бiлiм беру бағдарламалары бойынша әскери даярлауды; 
    - жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлауды;
   - дене шынықтыруды, медициналық көмекті, әскери-патриоттық тәрбиенi қамтиды.
   - Азаматтарды әскери қызметке даярлауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен мемлекеттiк ұйымдар ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. P060449
   - Ұйымдардың басшылары әскер жасына дейiнгiлер мен әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
   - Азаматтарды әскери қызметке даярлау iсiнiң ұйымдастырылуы мен өткiзілуiн бақылауды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi жүзеге асырады.

Негізгі әдебиеттер: 1, 3.

Қосымша әдебиеттер: 2, 5 , 11.
5 тақырып. Келісімшарт бойынша әскери қызмет.
1. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кірісу, келісімшарт жасау және бұзу.
1. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кірісу, келісімшарт жасау және бұзу

     Әскери қызмет өткеру туралы келісiмшартты Қазақстан Республикасының азаматы Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың уәкілеттi лауазымды адамымен жасасады.      Келiсiмшарт ерiктi түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екi тараптың арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын: 

  -мерзiмнің өтуi бойынша;  - әскери қызметшiнiң мерзiмiнен бұрын босатылуына байланысты;   - әскери қызметшiнiң әскери қызмет өткеру туралы басқа келiсiмшартты жасасқан күнінен бастап; - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады. - Әскери қызмет өткеру туралы келісiмшартта азаматтың әскери қызметке кiруiнiң ерiктілiгi, азаматтың әскери қызметті өткеруге мiндеттенген мерзiмi мен келiсiмшарттың басқа да талаптары бекiтіледi.
 - Әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшарттың талаптары азаматтың келiсiмшартта белгiленген мерзiм ішінде Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткеру мiндеттiлiгiн қамтиды. Келiсiмшарттың талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепiлдiктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен өзiнің отбасы мүшелерi құқықтарының сақталу құқығы көрсетіледi.  - Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындаған әскери қызметшілер тиiстi лауазымдағы әскери қызметтi әскери қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасаспастан өткередi.     Аталған әскери қызметшiлер қызметiнен босатылғаннан кейiн Әскери қызмет өткеру ережелерiмен айқындалған тәртiппен әскери қызмет өткеру туралы жаңа келісiмшарт жасасады немесе әскери қызметтен босатылады.    - Жоғары білімі бар және алты ай қызмет өткерген мерзiмдi қызметтің әскери қызметшілерi Әскери қызмет өткеру ережелерiнде айқындалған тәртіппен келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiруге құқылы. 

Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға сай келуге:   - Қазақстан Республикасының азаматтығы болуға;   - курсанттарды қоспағанда, он тоғыз жастан кiшi және әскери атағына байланысты әскери қызметте болудың осы Заңмен белгіленген шектi жасынан үлкен болмауға тиiс.   Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке:

- сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулi деп таныған;
 - дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін атқаруға кедергі келтiретін науқасы бар;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулердi өзiне қабылдаудан бас тартқан; - әскери қызметке кiрер уақытта заңда белгіленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы бар не өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған; - әскери қызметке кiрер алдындағы екi жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптiк жауаптылыққа тартылған; - әскери қызметке кiрер алдындағы бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшілік жаза қолданылған;  - әскери қызметке кiруге дейiнгi үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;  - егер босатылғанына бiр жыл толмаса, мемлекеттік қызметтен терiс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.  - Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамға қатысты арнайы тексеру жүргізiледi.  - Адамның белгiленген талаптарға сәйкестігін айқындау үшiн Әскери-дәрiгерлiк сараптама ережелерiне сәйкес медициналық куәландыру жүргiзiледi. Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке болмашы шектеулермен әскери қызметке жарамды деп танылған адам қабылдануы мүмкін.  - Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамнан бас тарту үшін:  - осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтердi бұрмалау; - кандидаттың әскери-есептiк мамандығы бойынша бос қызмет орындарының жоқтығы да негiздер болып табылады.

   Әскери қызметті өткермеген азаматтар әскери оқу орындарына қабылданған кезде әскери қызметшi мәртебесiне ие болады және олар он сегіз жасқа толғаннан кейiн, бiрақ әскери оқу орнында кемiнде бiрiншi курсты аяқтаған соң әскери қызмет өткеру туралы келiсімшарт жасасады.     Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер әскери оқу орындарына қабылданған кезде әскери қызмет өткеру туралы жаңа келiсімшарт жасасады.     Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген немесе өткерген азаматтар әскери оқу орындарына қабылданған кезде қабылданғаны туралы бұйрық шығарылған күннен бастап әскери қызметте өткеру туралы келiсімшарт жасасады.     Осы Заңмен белгiленген тәртiпте әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшарт жасасудан бас тартқан әскери қызметшілер әскери оқу орындарынан шығарылуға жатады. - Әскери оқу орындарына қабылданбаған әскери қызметшілер Әскери қызмет өткеру ережелерiмен белгіленген тәртiпте әскери қызметті одан әрi өткеру үшін жiберіледi.   - Әскери оқу орындарынан шығарылған, сондай-ақ әскери қызметтi өткеру туралы келісiмшарт жасасудан бас тартқан әскери қызметшілер, егер олар шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзiм өткермесе, тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке қою үшiн жiберіледi және кейiн жалпы негіздерде әскери қызметке шақырылады. Бұл ретте үлгермеуi немесе тәртiпсiздiгi үшiн әскери оқу орнынан шығарылған әскери қызметшілер өздерінің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi. - Әскери қызметшi әскери оқу орнын бiтіргеннен кейiн әскери қызмет өткеруден бас тартса немесе келiсiмшартты өз бастамасы бойынша бұзса, өзінің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi. Ұстауға жататын сома келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға барабар есептеледі.


Негізгі әдебиеттер: 3, 6.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 7.
6 тақырып. Бастапқы әскери дайындықтың нормативті құжаттары.
1. Білім беру мекемелерінде (Адам өмірінің қауіпсіздігі) оқытушы – бастапқы әскери дайындықтың ұйымдастырушысы.

2. Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесі.

3. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін оқу орнындағы оқушылар үшін «Бастапқы әскери дайындық» курсының бағдарламасы.

4. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін әскери-экономикалық қамтамасыздандыру негіздері.


1. Білім беру мекемелерінде (Адам өмірінің қауіпсіздігі) оқытушы – бастапқы әскери дайындықтың ұйымдастырушысы
Оқытушы-ұйымдастырушының ең бірінші міндеті оқушыларды психологиялық, денелік, адамгершілік жағынан Отанды қорғауға, ал ұлдарды тікелей Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге күнделікті дайындау болып табылады.. Мұндағы шешуші рөлді бастапқы әскери дайындығы бойынша оқу үрдісі алады.

Бастапқы әскери дайындығы бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып табылады. Ол жалпы дидактика және әдістеме принцптеріне жауап беріп, әрбір сабақ бастапқы әскери дайындығы бағдарламасына сай, қатаң түрде өткзілуі тиіс.

Сабақтағы маңызды шарттардың бірі, оқушылардың ұйымдастырылуы және тәртібі жоғары болады.

Сабақты ұйымдасқан түрде өткізу үшін және оқушылардың тәжірибелік дағдыларды жақсы меңгеруі үшін сынып үш бөлімшеге бөлінеді. Ең үздік ер балалардың арасынан мектеп директоры бұйрығымен взвод және бөлімше командирлері тағайындалады.. Қыздардан құрылған бөлімшеге командир болып ең үздік қыздар тағайындалады.

Бастапқы әскери дайындығы бойынша сабақ взвод командирінің оқушыларды екі саптық қатарға орналастырып, сабаққа дайындық туралы оқытушы-ұйымдастырушыға баяндауымен басталады.

Сапқа тұру кезінде оқушылар саптағы өз орнын біліп, командирдің белгілеріне сақ болып, оларды дәл, әрі тез орындауы керек.

Сапқа тұру кезінде оқытушы-ұйымдастырушы сапты жылдам қарап шығып, қажет болғанда ретті ескерту және бұйрықтар беруі тиіс.

Сабақта әрдайым тәртіп, әрі ұйымшылдық сақталуы керек. Оқытушы-ұйымдастырушы оқушыға назар бөліп сөйлегенде, оқушы жылдам тұрып «Тік тұру» қалпын ұстап, өз аты-жөнін айтуы қажет.

Егер оқытушы-ұйымдастырушы оқушыға тегін айтып қараса, оқушы «Мен» деп жауап береді. Отыруға рұқсат алған соң оқушы жылдам тұрып «Құп болады» деп, тез отырады. Оқытушы-ұйымдастырушыға бір нәрсе айту керек болғанда оқушы қолын көтереді. Рұқсат алған соң «Тік тұру» қалпын ұстап, тегін айтып, өз сұрағын қояды.

Оқытушы-ұйымдастырушы сабақта оқушыларға тек «Сіз» деп сөйлейді. Оқытушы-ұйымдастырушының сабақта оқушыларға қоятын ұйымдастыру талаптары басқа да мұғалімдерге де тиісті, ал дене тәрбиесі мұғалімі, одан басқа оқушыларға саптық жарғыларды орындау дағдысын қалыптастыруы керек.

Оқу үрдісін ұйымдастыруда, оқушылар болашақ Отан қорғаушылар болғандықтан оқытушы-ұйымдастырушының жеке қасиеттері, оқу пәнін білуі, сабаққа деген көзқарасы, сыртқы келбеті маңызды рөл ойнайды. Офицерлік қосалқы құрамдағы оқытушы-ұйымдастырушыларды офицерлік форма киімімен жүруге рұқсат берілуі сондықтан. Офицерлік киімдегі, оқытушы-ұйымдастырушы әскери жарғылардың қалай орындалатынын дұрыс көрсетеді. Әсіресе саптық дайындықта.

Оқушылардың да бастапқы әскери дайындығы сабағына бірдей киіммен келуі дұрыс болады. Бұл сабақты нық өткізіп, жоғарғы сынып оқушыларында ұйымшылдық және тәртіптілікті қалыптастыруға көмегін тигізеді.

Бастапқы әскери дайындығы бойынша сабақты тек әскери бөлмеде ғана емес, сонымен бірге атыс қаруын зерттейтін атыс түрінде; саптық тәсілдерді қайталайтын саптық алаңда; қорғаныс құрылғыда не істеу керек дағдыларын қалыптастырып, азаматтық қорғаныс бөлмелерінде де өткізу қажет. Сондай-ақ оқушыларды сарбаздардың әскери өмірімен таныстыру мақсатында әскери бөлімге экскурсия өткізіледі. Осындай сабақтарды ұйымдастыру және өткізу оқытушы-ұйымдастырушыдан аса тыңғылықты дайындықты талап етеді.

2. Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесі.

Алғашқы әскери дайындық Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметке даярлау жұйесінің құрамдас бір бөлігі, бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, жалпы білім және кәсіптік-техникалық мектептердегі, орта арнайы оқу орындарындағы міндетті мемлекеттік пән болып табылады.

1998-1999 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасының барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептерінде, кәсіптік-техникалық мектептерінде (лицейлерінде) және орта арнайы оқу орындарында (колледждерінде), бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, еңбек ақы қоры шегінде алғашқы әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы - штаттық лауазымы енгізілген. Оқытушы-ұйымдастырушыға өмір қауіпсіздігі негіздері бойынша оқу-сабақтарын жүргізу және әскери патриоттық жұмысты ұйымдастыру жүктеледі.

Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы мамырдағы № 449 Қаулысы.



3. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін оқу орнындағы оқушылар үшін «Бастапқы әскери дайындық» курсының бағдарламасы.
Алғашқы әскери дайындық сабақтарында оқушылар мен оқытушы-ұйымдастырушы арасындағы қарым қатынас Қазақстан Респупликасы Қарулы Күштері Жарғыларының талаптарына сәйкес құрастырылады. Оқушылар сабаққа дайындалып және ұқыпты киініп келулері тиіс. Алғашқы әскери дайындық теориялық және практикалық оқу-сабақтары түрінде жүргізіледі. Теориялық оқу-сабақтары дидактикалық материалдар мен техникалық оқу құралдарын пайдалана отырьш, сұбхат, пікірлесу және әңгімелесу түрінде жұргізледі.

«Алғашқы әскери дайындық» бағдарламасы Кіріспе сабақтан, Әскери іс негізі тарауынан, Азаматтық қорғаныс пен медициналық білім негіздерінен және Бақылау сабақтарынан тұрады.

1. Кіріспе оқу-сабақтары

2. Әскери іс негіздері бөлімі алғышқы әскери дайындық бағдарламасының негізгі бөлігі болып табылады.

Бөлімге төмендегілер енгізілген:

- Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау күзетінде;

- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери Жарғылары;

- Тактикалық дайындық;

- Атыс дайындығы;

- Саптық дайындық;

- Әскери топография.

- Азаматтық қорғаныс пен медициналық білім

- Бақылау сабақтары
4. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін әскери-экономикалық қамтамасыздандыру негіздері.
Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін әскери-экономикалық қамтамасыз етудің негіздері.

Бұл бөлімде қаралатындар:



  • әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әскери-экономикалық бағыттың мақсаттары, принциптері, міндеттері.

  • Қазақстан Республикасының халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты бағыты.

Қазақстан Республикасыәскери доктринасы елдің әскери қауіпсіздігін қамтмасыз етуде таза қорғаныстың бағытты анықтайды, Қазақстан Республикасы кез келген мемлекетаралық қайшылықтар мен шиеленістерді саяси жолмен шешудің прнциптік ұстанымын нақтылайды.

барлық қару түрлерін қолданған соққыларына қарсы тұруға қабілетті болуға тиіс.

Қорғаныстың табандылығы мен белсенділігіне жету үшін:


  • қорғанушы бөлімшелердің қарсыластың шабуылдарын тойтару кезінде ұстайды, төзімді табанды болуы, моральдық рухы биік болуы қажет;

  • Қорғаныс және атыс жүйесінің білікті ұйымдастырылуы;

  • Қорғанысқа ішкерілей кірген қарсыласты жылдам жою;

  • Атыс шептері мұқият бүркемеленген болуы, төңіректің тиімді жағдайлары, инженерлік жабдықтары білікті пайдалануы керек.

  • Жаппай – қырып жоятын қарудан қорғанудың шараларын орындау;

Жеке құрамды зақымдалған жерлерде ұзақ уақытқа ұрыс жүргізуге дайындау;

2.3. Іс жүзіндегі сабақтарының жоспарлары.
№1 тақырып. Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетті қорғау және әр азаматтың әскери міндеті туралы.
1. Жастардың бастапқы әскери дайындығының мазмұны мен мақсаты.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Тапсырма: Семинар сабақтарындағы жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша жауапқа дайындалу.
Негізгі әдебиеттер: 1, 4.

Қосымша әдебиеттер: 2, 6.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабақтарына дайындалғанда негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдану ұсынылады, мүмкіндігінше БӘД кафедрасының оқу материал базасының құрал жабдықтарын қолдану керек.
№2 тақырып. Қазақстан Республикасының қарулы қүштері және қорғанысы туралы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы.
1.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы ». 2005 жылғы .7 қаңтар № 29 Заңы.

2. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8- шілдедегі № 74 Заңы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Жалпы ережелері.

3.Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы. 1992ж. 25 тамыз «Әскери ант».
Тапсырма: Семинар сабақтарындағы жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша жауапқа дайындалу.
Негізгі әдебиеттер: 1, 6.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабақтарына дайындалғанда негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдану ұсынылады, мүмкіндігінше БӘД кафедрасының оқу материал базасының құрал жабдықтарын қолдану керек.
№3 тақырып. Қазақстан Республикасының әскери доктринасы.
1.Қазақстан Республикасының әскери доктринасының әскери-саяси негіздері.

2. Қазақстан Республикасының қорғаныс және қарулы қорғаныс негіздері.

3. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін әскери-экономикалық қамтамасыздандыру негіздері.
Тапсырма: Семинар сабақтарындағы жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша жауапқа дайындалу.
Негізгі әдебиеттер: 1, 3.

Қосымша әдебиеттер: 3, 5.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабақтарына дайындалғанда негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдану ұсынылады, мүмкіндігінше БӘД кафедрасының оқу материал базасының құрал жабдықтарын қолдану керек.

4 тақырып. Әр азаматты кезекті әскер қатарына шақыру және дайындау.


1. Әскер қатарына шақырылатын жән шақырылған адамды дайындау.

Тапсырма: Семинар сабақтарындағы жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша жауапқа дайындалу.



Негізгі әдебиеттер: 1, 5.

Қосымша әдебиеттер: 2, 7.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабақтарына дайындалғанда негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдану ұсынылады, мүмкіндігінше БӘД кафедрасының оқу материал базасының құрал жабдықтарын қолдану керек.
5 тақырып. Келісімшарт бойынша әскери қызмет.
1. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кірісу, келісімшарт жасау және бұзу.

Тапсырма: Семинар сабақтарындағы жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша жауапқа дайындалу.


Негізгі әдебиеттер: 1, 4, 7.

Қосымша әдебиеттер: 2, 3, 9.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабақтарына дайындалғанда негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдану ұсынылады, мүмкіндігінше БӘД кафедрасының оқу материал базасының құрал жабдықтарын қолдану керек.

6 тақырып. Бастапқы әскери дайындықтың нормативті құжаттары.

1. Білім беру мекемелерінде (Адам өмірінің қауіпсіздігі) оқытушы – бастапқы әскери дайындықтың ұйымдастырушысы.

2. Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесі.

3. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін оқу орнындағы оқушылар үшін «Бастапқы әскери дайындық» курсының бағдарламасы.

4. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін әскери-экономикалық қамтамасыздандыру негіздері.

Тапсырма: Семинар сабақтарындағы жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша жауапқа дайындалу.
Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 5.

Қосымша әдебиеттер: 2, 5, 7.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабақтарына дайындалғанда негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдану ұсынылады, мүмкіндігінше БӘД кафедрасының оқу материал базасының құрал жабдықтарын қолдану керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет