«Бастау-Зайсан жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Армысың Наурыз» мерекелік шаралар аясында Зайсан қаласының мөлтек аудандары арасында «Ата салтың, салт дәстүр» атты сайысы өтті



Дата07.07.2016
өлшемі9.79 Mb.
#183456
22 наурыз күні «Бастау-Зайсан жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Армысың Наурыз» мерекелік шаралар аясында Зайсан қаласының мөлтек аудандары арасында «Ата салтың, салт дәстүр» атты сайысы өтті. Оған қаланың Заречная, Сауыр, Маңғыстау, мөлтек аудандарынан жастар қатысып, қазақ ұлтының «Құда түсу», «Сырға салу», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» сияқты дәстүрлерінен көріністер көрсетіп, халыққа бауырсақ таратып және көже үлестірді. Бұл жарысқа қатысқан барлық топтардың салт-дәстүрлердің көрсете білуі халық көңілінен шықты. Атадан қалған мұра әдет – ғұрыптарды білу, оны кең көлемде насихаттауды басты мақсат еткен бастаулықтардың ұлтымыздың ғұрыптарынан,тиымдарынан әзірленген викториналар ұйымдастырылып, жипалған жастардан дұрыс жауаптарын алынып жатты. Талантты жастар көрермендерге халық ән - күйлерінен концерттік бағдарлама тарту етті. Бұл шараларға белсене қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

21 мамыр күні «Бастау-Зайсан жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданның №11 кәсіптік лицейінде «Кәсіптік білім қажеттілігі» атты дөңгелек үстел өтті. Оған кәіспітк лицейде білім алушылар және аудан жастарынан барлығы 50 болашақ маман қатысты. Дөңгелек үстелде «Бастау-Зайсан жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Есімбекова Арайлым бүгінгі таңда әсіресе ауыл жастарына кәсіптік білімінің қажеттілігі туралы айтса, лицей директорының орынбасары Сиязбаева Әлия лицейдің жұмысымен және бағыттарымен таныстырды. Кәсіптік білім салалары, білімді қай жерде алуға болатыны туралы мәліметтер жинақталған брошюралар таратылды. Аудан жастары бұл салаға өз көзқарастарын білдіріп, өзара пікір алысып, ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел - жұмыссыз ауыл жастарын талпындырар, ертеңгі атар таңына сеніммен, нық қадам жасауына мүмкіндік беру, жол ашуға бағытталды.

Шара лицейдің өнерлі жастарының концерттік бағдарламасымен ұласты. Қатысушыларға ескерткіш сыйлықтар берілді.


24 сәуір күні «Бастау-Зайсан жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өз ауылыңды көркейтуге ат салысІ» ұранымен экологиялық жастар акциясы өтті. Оған қала мекемелерінен және белсенді жастардан және мектеп оқушыларынан, барлығы 200-ге тарта адам қатысты. Жастар акцияда Ұлы Отан соғысының ардагерлері: Құдабев Байғанбек, Вяткин Георгий, Шакиров Исмаил, Гуляев Николай, Досанов Қайырбек, Шалатаев Манапия, Газизов Равиль, Марқабаев Қауан, Бойко Андрей, Иманғалиев Уалихан ақсақалдардың үйлеріне барып, үй маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп, ардагерлердің соғыс кезінен естеліктерін тыңдап қайтты. Қаланың орталық Желтоқсан, Жангелді көшелеріне, С.Зәкиев, Абай саябақтарына тазалық жұмыстарын жүргізді. Шараға қатысушы жастар қала тұрғындарының үйлеріне барып туған жерді көркейту мен абаттандыру жөнінде үгіт парақшаларын таратып, насихат жұмыстарын жүргізді. Аудан бойынша бұндай жұмыстар Айнабұлақ, Қарабұлақ, Кеңсай ауылдарындада өз жалғасын тапты.

2 сәуір күні «Бастау-Зайсан жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстандық идеология және жастар» атты семинар Кеңсай ауылында өткізілді. Семинар Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-Жаңа экономикалық өрлеу –Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға бағытталды. Онда аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Серіков Бектас «Жастарды саяси-әлеуметтендіру-жарқын болашақ кепілі. Аудандағы жастар саясатының іске асу барысы» тақырыбымен бастады.

А.Есімбекова – «Бастау- Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы өзінің «Жастарды саяси әлеуметтендіру ерекшеліктеріне жастар көзқарасы. «Бастау- Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігінің жұмыстары» тақырыбында сөз жалғастырды.

«Қазақстандағы ұлттық идея- рухани қазына, демеулі бағдар» мәселесі туралы ауданымыздың белсенді жасы Абдрахманова Ботакөз баян етті.

Аудан жастары бұндай шаралар жастар тәрбиесіндегі рөлі жоғары екендігін айтып өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылыр өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, талқылады. Жастар саясатын дамытуға арналған бұл дөңгелек үстел қатысушылырдың көкейлеріне ауқымды ой тастап, сәйкесінше жастарға үлкен қолдау болып табылды деген сенімдеміз.



1 мамыр күні «Бастау-Зайсан жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жас Отау» атты жанұялар жарысы өткізілді. Сайыс отбасы құндылықтарын насихаттау, жанұя бірлігін көрсетуге, салауатты өмір салтын ұстануға, спортқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталды. Бұл сайыста Абай мектебінің «Жеңіс» командасы 1-ші орын, Сегізбаевтар отбасының «Ақ сұңқар» командасы 2-орын, 2017 әскери бөлімнің Мұратбековтар отбасының «Ветер» командасы 3-ші орын иеленді. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар берілді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет