Кемшіліктер мен ескертулер.
Білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарларында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің міндеттерінің бірі білім алушылармен кәсіби бағдарлау жұмыстары енгізілмеген.
Мамандықтың оқыту нәтижесіне бағдарланған оқу жұмыс жоспарларының «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетгі білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығының ТжКБ МЖБС бұза отырып жүзеге асырылады.
ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген МЖМБС сәйкес оқу жұмыс бағдарламалары әзірленіп бекітілмеген.
2017-2020 жылы бекітілген оқу жұмыс жоспарлары ҚР БжҒМ 2015 жылғы 15 маусымдағы №384 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмейді.
2021 оқу жылы бекітілген оқу жұмыс жоспары ҚР БжҒМ 2017 жылғы 31 қазандағы №553 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарына, ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекетгік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының 1-қосымша сәйкес келмейді.
Оқу бағдарламалары мен жоспарлары негізінде білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығының 2-тарауына сәйкес келмейді.
Факультативтік сабақтар мен консультациялардың жүзеге асырылуы ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген ТжКБ МЖБС сәйкес келмейді.
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу ҚР БжҒМ 2016 жылғы 29 қаңтардағы №107 бұйрығына сәйкес келмейді.
Білім алушыларды бақылау, ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау нысандарын жүргізу «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардьщ үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес келмейді.
Кітапхана қоры білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.
Колледж педагогтерінің бейіні бойынша біліктілікті арттырудан өту кезеңділігі білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.
Колледж сайты Еби. кг аймағында үшінші деңгейдегі домендік атауға өзгертілмеуі сәйкес келмейді.
Өзін-өзі бағалау есебі және ұсынылған құжаттардағы мәліметтер ¥БДҚ деректерге сәйкес келмейді.
Өлшемшарттарды талдау үшін келесі құжаттар ұсынылмады:
- оқу үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша: пәндер немесе модульдер бойынша бекітілген оқу жұмыс бағдарламалары, аттестатталатын кезең үшін оқу жылына арналған оқу-тәрбие үдерісінің кестесі, теориялық және практикалық сабақтардың кестелері, теориялық оқытуды есепке алу журналдары, өндірістік оқытуды есепке алу журналдары, оқу уақытын есепке алу ведомостары, факультативтік сабақтар мен консултациялар кестелері;
білім беру бағдарламаларын меңгерту деңгейіне қойылатын талаптарды орындау бойынша: аттестатталатын кезең үшін аралық және қорытынды аттестаттаудың бекітілген кестелері, қорытынды аттестаттау хаттамалары, атгестаттауға жіберу, ауыстыру және шығару туралы бүйрықтар;
өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы үйымдастыру және өткізу бойынша: практика күнтізбелік кестелері, жолдамалар мен күнделік- есептер, аттестатгалатын кезең үшін өндірістік оқытуды есепке алу журналдары мен өндірістік оқыту және кәсіптік практика бағдарламалары, кәсіпорындармен шарттар;
Өткен оқу жылы бойынша түлектердің жүмысқа орналасуы және қамтылуы туралы мәліметтер.
Достарыңызбен бөлісу: |