Ойлауының дамуы- бұл екі кезеңнен тұрады. 1-2 сынып ақыл-ой әрекеті мектепке дейінгілердікіне ұқсас болады. Яғни көрнекі-әрекеттік негізде. Заттар мен құбылыстар туралы бір жақты пікірлер басым 3 сыныпқа өткен кезде ойлаудың 2 кезеңі дами бастайды. Бұл кезде әр түрлі ұғымдар мен белгілердің қарым-қатынасын, байланысын түсіну нәтижесінде тектік-түрлік қатынастар ашылады. Заттардың қасиеттеріндегі мәнді маңызды жақтарын түсіне білу абстрактілі немесе жалпылауға жол ашады.
Оқу процесінде бастауыш мектеп оқушысында ғылыми түсінік қалыптаса бастайды. Оқу процесінде ғылыми түсінікті меңгеруі теориялық ойлаудың дамуын көрсетеді.
Баланың жеке қасиеттернің, психологиясының дұрыс дамып, жетілуі үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білікті мамандары, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.
Осы тұрғыда шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл –Фараби: «Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл бала өмірінде зор роль атқарады. Ана құрсағында –ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында , оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше, әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады» деген болатын.
Бастауыш мектеп кезеңіндегі оқушылардың жеке басының тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, немесе сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қарым-қатынасы қандай – осы жөнінен де алып қарауға болады. Мінез-құлқы қиын оқушылар көбінесе ашуланшақ болып келеді. Баланы үй-іші еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп-піседі. Ал, керісінше, күтпеген жағдайда «жақсы», «өте жақсы» деген баға алса, құрбыларының көзінше қуанғанын жасыра алмайды. Мінез-құлқы қиын бастауыш сынып оқушылары мектеп мотивациясының төменгі деңгейімен, оқу әрекетіне құлықсыз қатысымен сипатталады.
Мінез-құлқы «қиын» балалармен жұмыс жасауда олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыруы керек.
Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, баланың тәртіпсіздігінің түрлі мотивтері болады. Кейбір балалар тәртіп бұзушылықтың өзін батырлық деп санайды, мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бірақ тәртіпсіздікті баланың бойына сіңіп кеткен әдет деп қарауға болмайды. Себебі тәртіп бұзу баланың өзіне ғана байланысты емес, ол үй ішіндегі жағдайларға, яғни ата-ананың бірлігінің жоқтығына, баласына қойған талаптарының әртүрлі болып келуіне байланысты.
Бала үнемі қолайлы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі керек. Сонда ғана балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасадды, өзіне деген сенімі, өзіндік сезімі пайда болады.
Өсіп келе жатқан баланың бойында сан-алуан қасиеттер көрініс береді.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге жүгінсек, тәрбиелеудің негізгі екі арнадан тұратынын көруге болады: Біріншісі - баланың көзін жеткізу, екіншісі - жақсы әдет-ғұрыпқа дағдыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: |