Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері мазмұНЫ


Сабақтан тыс оқытуда жаңа технологияларды қолдану жолдары



бет10/14
Дата24.06.2022
өлшемі330.5 Kb.
#459462
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері

2.3. Сабақтан тыс оқытуда жаңа технологияларды қолдану жолдары.


Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Оларды даярлау үшін білім беру саласында қазір дидактиканың мүмкіншіліктерін, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын сарқа пайдалану қажет болып отыр.
Педагог - ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технология терминін әр қырынан ашып көрсетуде.
Т.И. Шамова, «білім беру технологиясы - қатысушыларға камфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы және коррекциялаудағы мүғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі» десе, В.П. Беспалько «оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» деген анықтама береді.
Жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технология мынадай басты төрт шартты қанағаттандыруы тиіс (В.П. Беспалько):
а) педагогикалық технология оқытуда педагогикалық экспромттарды жоюы қажет;
ә) оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;
б) оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның
меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді;
в) практикада оқу процесінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі уақытта педагогикалық әдебиеттерде төмендегідей білім
беру технологиялары ұсынылады:
- дамыта оқыту технологиясы Л.В. Заньков, Д.Б. Эльконин,В.В. Давыдов;

  • модульдық оқытудың технологиясы;

  • ірі-блоктық оқытудың технологиясы П.М. Эрдниев;

  • перспективалық - озық оқыту технологиясы С.Н. Лысенко;

  • проблемалық оқыту технологиясы;

  • ойындық оқыту технологиясы;

  • жекелеген оқытудың технологиясьг Инге Унт;

- сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы Н. Гузик.
Қазіргі- оқыту технологиялары мұғалімнің «дайын білімді»
баяндауынан гөрі, оқушыға толық не жартылай өз бетінше жұмыс істеу бағытталған. Осы жағдайды ескере отырып, біз оқыту барысындағы мұғалім мен оқушының бірлескен оқу кызметінің негізгі түрлеріне
тоқталуды жөн көрдік. Оқушылардың танымдық білімі мен білігін қалыптастыру мақсатындағы оқу қызметінің қарқынын арттыру үш кезеңнен тұратын арнайы әдістемелік ұсыныс жүйесінің негізінде ұйымдастырылуы тиіс: жаңа білім беруге дайындық, жаңа білім беру және жаңа білімді бекіту. Бұл ұсыныстар оқытудың әдіс-тәсілдерін құралдары мен түрлерін жетілдіру, қазіргі технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осының арқасында жаңа сабақ түсіндіру, бекіту қайталау сияқты кезеңдерден тұратын кешенді сабақтар пайда бола бастады.
Қазіргі заманғы оқыту техологияларын меңгеру өте күрделі де ұзақ процесс. Кейде ол мұғаліммен оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан, мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Бір технологияның өзін әр мұғалім орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен іске асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті - оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
Оқыту технологияларын қолдану мұғалімнен қажетті теориялық және әдістемелік даярлықты талап ететіні сөзсіз. Мұғалімдердің осы саладан даярлық деңгейін арттыру мақсатында жүргізілген сауалнамалар мен әңгімелесулер нәтижесі олардың оқыту үрдісіне қазіргі технологияларды пайдалану жөніндегі теориялық және әдістемелік білім, дағды деңгейлерінің төмен екендігін байқатты.
Педагогикалық әдебиетті, жұмыс тәжрибесін қарастыру осы үрдісті ұйымдастыру және басқару мыналарды қамтитын белгілі бір базаға негізделеді:
- білім беру технологияларының банкі, олардың тұжырымдамаларының ақпараттық базасы, алгоритимдері, оқу - әдістемелік жағынан қаматамасыз етілуі;
- технолдогияны таңдаудың өлшемдері;
- мектептің оқу-тәрбие жұмысына технология енгізудің
механизмдері.
Мұғалімдерге оқу жылы бойы жүргізілетін «Мектептің оқу үрдісінде білім беру технологияларын пайдалану» атты арнайы семинарда білім беру технологияларын меңгеру мынадай кезеңдерде жүргізілуі мүмкін:

  • білім беру технологиясын теориялық негіздеу;

  • технологияның процедураларын меңгеру;

  • мұғалімнің әдістемелік құралдарды меңгеруі;

  • қолданылатын технологияның нәтижесін анықтаудың әдістері
    және өлшемдері.

Мектептерде дамытушылық оқыту технологиясын енгізу үшін мынадай тақырыптарды таңдап алуға болады. Білім беру технологиялары туралы түсінік, олардың ғылыми негіздері және классификациясы, «дамытып оқыту технологиясының жалпы негіздері», «дамытып оқыту жүйесіндегі сабақ», «әртүрлі сыныптарда пәндерді дамытып оқыту» т.б.
2.4Сыныптан тыс сабақ тақырыптарын зерделеу мынадай міндеттерді шешуге көмектеседі:
- ұсынылып отырған сабақ мүғалімдердің кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде жүруге жол ашады, дағдыландырады;
- әртүрлі жаңа технологиямен танысу мүғалімдерге іс-тәжрибесін жинақтауға, өзіндік технологиясының қалыптасуына көмектеседі;
- сабақ жаңалыққа деген бір жақты көзқарастан сақтап, әр пәннің ерекшелігіне қарай қажеттіні іріктеп, айыра білуге жол ашады.
Сабақтың соңына қарай «оқыту үрдісінде білім технологиялары» атты проблемалық іс-әрекеттік ойын өткізілгені абзал. Ойын мынадай мақсаттарды қояды:
- «білім беру технологиясы» ұғымының теориялық негіздерін ұғыну;
- мектепте қолданылатын технологиялар туралы білімді жүйелеу;
- әртүрлі білім беру технологиясының өзара іс-әрекетін, олардың мұғалімдер қолданатын оқыту құралдарымен, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесімен байланысын анықтау.
Ойында мынадай проблемалар талқыланады:
1. Білім беру технологияларына өзіңіздің қатынасыңызды білдіріңіз. Сіздің пікіріңізше олардың қайсысын сыныптан тыс оқытуда қолдану керек. Брінші сұраққа тапсырмалар:
1) сіз тыңдаған білім беру технологиясының құрылымын
моделдеңіз, анықтаңыз, сипаттаңыз,
2) практикада сол технологияны қолданудың алгоритімін жасаңыз,
3) Білім беру технологиясын қолдану оқушы, мұғалім үшін не береді?
3. Сыныптан тыс оқыту технологиясын қолдану жолында қандай кедергілерді көріп тұрсыз?
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып. Оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектескеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет