Бастауыш сынып және орта буын арасындағы сабақтастық



Дата11.07.2016
өлшемі40.5 Kb.
#190555
А,А. Көкеева

36 жалпы білім беретін орта мектеп



БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖӘНЕ ОРТА БУЫН АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ

Исследуя достижения и недостатки в обучений учащихся начальных классов, взаимосвязь со среднем звеном

Children of infant school had taken achievement and studying to continue his weakness with methodical works

Оқытудағы сабақтастық алдыңғы сатыдағы оқушылардың білім, білік және дағдыларын оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіру, дамыта түсуді көздейді.Оқытудың осындай тірек нәтижесінен келесі сатыдағы қарастырылатын мәселелер өрбиді.Сабақтастық екі буынға ортақ міндеттерінің үйлесімділігін қалыптастырады.Бастауыш сынпта алған білім көрсеткішінің өзекті мәселелерін іріктеп, орта буынға келген оқушының оқыту талаптарын әрі қарай жетілдіреді.Оқушының психологиялық ерекшелігін орта буын мұғалімдерімен басшылыққа алу Бастауыш сыныпта бір мұғалімге үйреніп , тәрбиеленіп шыққан бастауыш сынып оқушылары бесінші сыныпқа келгенде жаңа талапқа (әр мұғаліміне) бірден үйренісе алмай , оқу үлгірімі де төмендейтіні белгілі.Осы жағдайдың алдын алу үшін мектеп тәжірибесінде сабақтастықты жүзеге асыру игі нәтижесін беріп келеді.

Сабақтастық дегеніміз, біріншіден , екі буын арасындағы ортақ мақсат – міндеттер , ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау,екіншіден, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімдігі.[3]

Сабақтастық – оқушының ерекше алған білімін , дайындық дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін анықтап, кемшіліктердің орын алу себептерін, оның алдын алу жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру формаларының тиімділерін көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыстың бір түрі.Сондықтан мектепте оқу жылының алғашқы педогогикалық кеңесіңде сабақтастық мәселесі қаралып , төртінші сыныптың оқу – тәрбие жұмысына қатысу , оған басшылық беру жайы жоспарланды..Ондағы мақсат – бастауыш буынның даярлыған анықтау.Осыған орай тексерілуге тиісті оқытудың өзекті мәселелері іріктелініп алынады да соның негізінде өзіндік орындайтын тапсырмалар жүйесінің мазмұны қарастырылады, тапсырмалар оқыту мерзімдеріне қарай ( оқу жылының басында , аяғында) түрлі формада қолданылып , қорытындылар жасалады.Әрбір қатысушы оқушының білімі, дағдысы, ерекшілігі бақыланып, зерттеу жұмыстары қатар жүргізіледі.[1]

Мұғалімнің оқушы біліміне жүргізген диагностикалық есебін, психологиялық зерттеу күнділіктерін басшылыққа алынады.

І . Оқушыны зерттеу , білу.

а) оқушының жұмыс қабілеті;

ә)білім көрсеткіші, дағдысы;

б) оқушы ерекшелігінің ескерілуі ( сабақтағы жұмыс түрлеріне қатысы);

в) сыныптан тыс шаралардың ұйымдастырылуы әдістері,сынып оқушыларының қатысы;

г)ата – ана мен сынып мұғалімінің бірлескен іс – нәтижесі;

ғ) оқушы шығармашылығын дамытуда жүргізілген жұмыс түрлері ( үйірме,аула клубтарға қатысы);

ІІ.Оқу сабағы бойынша:

а) өмір шындығын оқушыларға көркем әдебиет құралдары арқылы көрсету, соның негізінде оқушының ой – өрісін , қиялын,эстетикалық, адамгершілік сезімдерін дамыта отырып , ана тіліне сүйіспеншілігін арттыру;

ә) оқыған әңгіме мазмұнын өз сөзімен қысқаша немесе толық айтып беруге , дайын мәтін , сюжетті суреттер бойынша керекті сөздерді пайдалана отырып өздігінен жазба жұмыстарын орындауға төселдіру;

б) сөздік қорын молайту , өзінің ой – пікірін , көргенін , оқығанын мазмұндату арқылы ауызша сөйлеу тілін дамыту ;

в) мәнерлеп оқуға , кітаппен , мәтінмен жұмыс істеуге үйрету;

ІІІ.Қазақ тілі бойынша :

а) грамматикалық ұғымдар мен орфографиялық ережелер меңгертуге тілдік фактілерді дұрыс таныту , ұтымды жаттығу жұмыстарын жүргізу;

ә)байланыстыра сөйлеуге , өз ойын байланыстыра жазып беруге баулу;

б) оқушы сауаттылығын , жазу үстіндегі орфография және пунктуациялық қателермен жұмысын бақылау.

ІV.Математика бойынша :

а) есептей білу дағдыларын қалыптастыру ;

ә)есеп шығару қабілетінің ,логикалық ойлауы қабілетінің дамуы;

б)натурал сандарға қолданылатын төрт амалды үйренуі ;

в)ауызша есептеу дағдыларын меңгеруі;

г)көп таңбалы сандарды оқуы , жазуы;

ғ)амалдар тәртібің , көбейту кестесін , өрнектерді салыстыру және геометриялық материалдарды меңгеру деңгейі .[2]

Осы орайда бастауыш сыныптарда оқушылардың игерген теріс емес бүтін сандармен орындалатын есептеу тәсілдері олардың 5 -6 сыныптарда қарастырылатын түрлерін енгізудің алғышарты іспеттес.Өйткені бастауыш математикалық білімнің мемлекеттік стандарты бойынша есептеулер жүргізуге қатысты : қосу және көбейту кестелеріне сүйініп азайту мен бөлудің сәйкес жағдайларында нәтижелерді таба алу; есептеулердің ауызша тәсілдерін кестелерден тыс жағдайларда қолдана білу; кез келген көп таңбалы сандарды бір және екі таңбалы сандарға жазбаша көбейту мен бөлуді орындай алу; арифметикалық амалдардың орындалу рет-тәртібі ережесін қолдана алу сияқты талаптар қойылып , сәйкес қорытынды нәтижелерге жету көзделген.

Есептеу тәсілдерін оқытудағы 4-5сыныптардың оқыту барысында : алдымен бастауыштан белгілі теріс емес бүтін сандармен жүргізілетін есептеу тәсілдері пысықталды,қайталанды,тиянақталды.

Айталық 458+367 сандарын қосу керек болсын.Сонда қосылғыштарды разряд бірліктерін бірінің астына бірін дәл келтіріп жазады;бірліктерді қосады, ондықтарды қосады, жүздіктерді қосады да жауапты оқиды.Бұлардың бәрі оқушыларға бастауыштан белгілі. Енді 4,58+3,67 сандарын қосу ұсынылды.Мұнда оқушылардың игерген білімі біршама өзгерген жағдайда қолданылатының аңғарту жеткілікті, яғни разряд бірліктерінің атауларына (жүздік үлес,ондық үлес ,бірлік ) назар аудару керек болды.Қосуды орындап болысымен қосылғыштардағы және қосындының мәніндегі үтірлердің орналасу қалпын қалай анықтайтынын түсіндіруді талап еткен жөн.Теріс ондық бөлшектерді ,он және теріс ондық бөлшектерді қосу мен азайтуды орындағанда жоғарыда келтірілген жалпы ережелер басшылыққа алынды.

4 – 5 сыныптарда математика оқытудағы сабақтастықты оңтайландыруға себепшс болатының біздің жүргізген тәрбие жұмысымыздың нәтижесі бар.Оны шартты түрде айтсақ: «есептеу тәсілінің бастауыштан белгілі түрі – тірек білім», «үйреншікті тәсілден туындайтын жаңа есептеу тәсілі», «есептеу тәсілдерінің алдыңғы түрлерінен келіп шығатын келесі түрлері», «есептеу тәсілдерінің сабақтаса жалғасуы», «есептеу тәсілдерінің қолдану барысында қалыптасатын білік пен дағдылар».

Осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері,бағдарлама көлемінде берілген білім,дағдының орындалуы , дайындық дәрежесі , жеке кемшіліктердің орын алу себептері , оны өткізу бағыттары белгіленіп , тексеру қорытындысы педагогикалық кеңесте тыңдалып , кеңес қаулысы шығарылады.Қаулының орындалуы , атқарылған жұмыстарды жүйелеу , басшылық беру методикалық кеңеске тапсырылады. Бесінші сынпқа келгенде бастауыш сыныптағы мұғалісі пән мұғалімдерінің сабағына қатысып , пікірі методикалық кеңесте тыңдалады.

Осылайша сынып мұғалімдері бір – бірімен жүйелі байланыс жасап, оқушы білімінің , шеберлігінің , дағдыларының деңгейлерін нақты анықтап , оқыту талаптарына қаншалықты сәйкестігін біледі .Сонда әр сынып көлемінде қандай кемшілік кетіп отырғаны , қандай мәселелерге көбірек көңіл аудару керектігі белгілі болады.



Қолданылған әдебиеттер:

1.Бастауыш мектеп № 5 2003 ж.

2.Бастауыш мектеп №10,11,12

3.Қазақстан мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет