Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың педагогикалық шарттары мазмұны І. Кіріспе



бет1/3
Дата16.06.2016
өлшемі307.5 Kb.
#139915
түріДиплом
  1   2   3
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

МАЗМҰНЫ


І. КІРІСПЕ ……………………………………………………………….3
І ТАРАУ Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың педагогикалық шарттары
1.1 Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық негіздеулері ………………………………………………………………..6

1.2 Бастауыш мектептің оқу процесінде дамыта оқытудың ерекшеліктері мен формалары, әдістері…………………………………………………..11



ІІ ТАРАУ Бастауыш мектеп оқушыларын оқытудың әдістемелік негіздері және оларды іске асыру жолдары
2.1 Бастауыш мектепте ана тілі сабағын дамыта оқытудың құрылымы..22

2.2 Ана тілі пәнін дамыта оқытудың жаңа тиімді технологиялары…….39 (педагогикалық тәжірибе және оның нәтижесі )



Қорытынды ………………………………………………………………..53
Пайдаланған әдебиеттер ………………………………………………….55


Кіріспе


Диплом жұмысының көкейтестілігі.

Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып, оқушыға белгілі бір көлемдегі білім-білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат қоғам, адам, айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты талабы.

Қазақстан Республикасының «Білім Заңында» (8 бап) білім беру жүйесінің міндеттері бөлімінде: « Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға дәне кәсіби шыңдауға бағыттылған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген. Және де Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді деңгейлері мен мазмұны нақты көрсетілген: « бастауыш мектептің негізгі міндеті- баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» делінген.

Осы міндеттің бірден бір шешудің бірден – бір жолы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту болып табылады. ХХ ғасырдың басындағы белгілі ғалым А.Байтұрсынов: « Бала білімді тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі- балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру»,-деген болатын. Жаңа буын оқулықтарына негіз болған дамыта және кіріктіре оқыту идеясы бүгінде бастауыш сынып оқушыларының өз бетіндік танымдық әрекеттерінің оның дамуындағы маңызын дер кезінде көргенін байқауға болады. Жаңа буын оқулығының басты ұстанымы дамыта оқыту десек, онымен оқыушыларды оқыту барысында профессор Ж.Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясын» атауға болады. Оқытудың даму концепциясын Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің, Дамыта оқыту концепциясын А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Эльконин, П.Гальперин, Л.Занков, В.Давыдов және т.б. зерттеген. Кейінгі кездері Республика көлемінде оқу бағдарламасында көптеген өзгерістер енгізілуде. Атап айтар болсақ, көпдеңгейлі, интеграцияланған және дамыта отырып оқыту, т.с.с. Осының ішіндегі "дамыта оқыту" жайлы түсінігі жоқ мұғалім оны жүзеге асыра алмайды. Мектеп мұғалімдері арасында "Дамыта оқыту" тек бастауышқа ғана қолдануға тиімді деген пікір қалыптасқан. Сонда дәстүрлі оқыту жүйесіндегі мұғалімдер дамыта оқытудан шыққан баланы түсіне алмай, өз қалыптарына түсіре бастайды одан бала психологиясы жапа шегеді. Мұның барлығы мұғалімнің теориялық білімінің әлі де аздығынан, қазақ тілінде жазылған көмекші құралдардың болмауынан және бұл тақырыптың әлі де өз деңгейінде зерттеле қоймағандығынан деп ойлаймыз.

Бұл жағдайда Республикамыздағы білім берудің жаңа философиясын, теориялық негізін, практикасын насихаттауды қолға алу қажеттігін көрсетеді. Сондықтан дамыта оқытуға байланысты әртүрлі болжамдар мен қате түсініктерді сейілту қажет. Өз бетімен дами алатын, өздігінен шешім қабылдай алатын, қортынды жасай алатын тұлғаны қалыптастыруды қажет. Сондықтан біз зерттеу тақырыбымызды « Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі пәнінде дамыта оқыту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру» деп атадық.

Зерттеу обьектісі: Бастауыш мектептің дамыта оқытудың таным өрісі. (1 сынып)

Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте ана-тілі сабақтарында дамыта оқыту әрекетін іске асыру жолдары.

Мақсаты: «Дамыта оқытудың идеясын» таныту. «Дамыта оқытудың» теориялық негіздеулерімен танысу. Инновациялық технологиялардың тиімділігін арттырудың әдіс-тәсілдерін анықтап, сабақтарда пайдалану.

Міндеттері: "Дамыта оқытудың " оқушының дамуы мен іс-әрекетіне әсерін көрсету; Бастауыш мектепте "дамыта оқытуды " жүзеге асырудың жолдары мен маңыздылығын көрсету;

Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің мүмкіндік деңгейлерін ашу; Әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру.



Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, теориялық және әдістемелік әдебиеттермен танысу және бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау.

Диплом жұмысы кіріспедан, 2 тараудан, 4 параграфтан, қорытындыдан,пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде дипломдық жұмысының өзектілігі көрсетілген. Онда ҚР Білім Заңынан, ҚР 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасынан білім беру деңгейлеріне түсініктеме берілген. Тақырыпқа байланысты атақты педагогтардың еңбектері келтірілген. Жұмыстың оьектісі,пәні,мақсаты, міндеттері, зерттеудің әдістері берілген.

«Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың педагогикалық шарттары» атты І тарауда дамыта оқытудың ролі, оны зерттеудегі теориялық талдаулары келтірілген. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, жолдары, әдістері берілген.

«Бастауыш мектеп оқушыларын оқытудың әдістемелік негіздері және оларды іске асыру жолдары » атты ІІ тарауда бастауыш мектепте ана тілі сабағын дамыта оқытудың құрылымын, ана тілі пәнін дамыта оқытудың жаңа тиімді технологияларын келтірген, және де педагогикалық әдебиеттер мен озық іс-тәжирибелерге сүйене отырып, үлгілік сабақтар өткізе білген. Қорытындыда жүргізген жұмыстардың нәтижелері көрсетілген.
І ТАРАУ Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың педагогикалық шарттары

1.1 Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық негіздеулері

Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақгы, көрнекті жағдайда өтіп жатады.

Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің мақсат міндеттерін анықгайды.

Педагогика тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір орын алып келеді.Бірі-жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылықгы қуаттаса, екіншісі керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.

Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл-оқу, білім алу деген сөз.

Оқу-адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

"Даму ұғымы философиялық сөздікте"... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы",- деп түсіндіріледі. Терістеу-дамудың қозғаушы күші. Терістеу-белгілі бір затпен құбылыстың қайшылықгарын ашу, олардың шешу жолдарын анықгау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.

"Даму" ұғымының психологиалық анықтамасы-жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат кұбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатынасатындығын дәлелдейді. Олар:



1. Биологиялық фактор.

Бұл ата-анадан ауысқан , туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі кұбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі.



2. Әлеуметтік фактор.

Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.



3. Баланың өз белсенділігі.

Даму процесіне әсер ететін бүл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қалыптасуымен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қандай да бір кемеліне келген болса да басқа екеуінен ерекшеленіп, жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С.Выготский. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

І.Бала дамуының жақын аймағы - баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2. Бала дамуының қол жеткен аймағы-баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Бұл теория шеңберінде окудың бала дамуындағы жетекші рөлі жөніндегі ереже өмірге келді.

«Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек... Білім беру тек дамудың аддында болғанда ғана пайдалы болмақ»- дейді Л.С.Выготский.

Оқыта отырып дамыту проблемасы Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады. Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктері мен санасу керек екенін, атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім берудің әртүрлі басқыштарын белгілеген.

Бүл идея К.Д.Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол психологиялық мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап,- оқулықгар жазды. Аталған теориялық негіздер нәтижесінде Л.В.Занковтың басшылығымен 1960-1990 жылдар арасында зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды.

Бұл тұжырымдама "екіліксіз қалай оқытуға болады", білімге деген қызығушылықгы арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.

А.С.Макаренко баланың мінез-құлқы 5 жасқа дейін қалыптасады деп есептейді. Ал американдық психолог-ғалым Блюм 7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызға дейіні қалыптасып бітеді дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова- Меллер өз зерттеулерінде оқыту - дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді. И.Я.Лернер [25] "даму" деген ұғымды педагогикалық зандылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықгардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.

Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының дамуының белгілерін атап көрсетеді. Д.Н.Богоявленский және Н.А.Менчинская оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н.Д.Левитов Оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықгай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын жатқызады.

Л.В.Занков /24/ ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс -әрекеттер атқара білу.

В.В.Давыдов /23/ ақыл-ой дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.

Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ, ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактиктардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-қүлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған.

И.Т.Песталоцци /26/ баланың ақыл-ойын, барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясы мен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.

Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Диствергтің әйгілі "Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық" (Руководство к образованию немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. '"Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. "Жаман" мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді " -деген. "Дамыта оқыту" деген термині психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әр түрлі деңгейін, типтерін (Л.В.Выготксий, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, НА. Менчинская) және т.б., іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Галперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарған.

Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізді. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.

Дамыта оқыту-дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр окушы өзін - өзі өзгеруші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықгы жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін үйымдастыру басты назарда үсталады. Ол үшін бала өзінің бүған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып, оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мүндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады:

І. Оқу мақсаттарының қойылуы;

2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;

З. Шешімнің дүрыстығын дәлелдеу;

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақгау арқылы жүзеге асады.

Л.В.Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты жалпы дамыту. Ал, жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдерінің дамуы алынады. Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқгалған жөн. Қоршаган ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның 17-ші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.

Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше-ақ арттыра алары сөзсіз деп есептейміз.


1.2. Бастауыш мектептің оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың дәстүрлі формалары, жолдары, әдістері.

Әр баланың табиғаты әртүрлі, бірінің есте сақтау қабілеті зор болса, екіншісінің ойлау, ал үшіншісінің елестету қабілеті дамыған. Дамыта оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенді мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталады. Соның нәтижесінде барлық бала ойлауға, ізденуге, қорытындылауға мүмкіндік алып, өз деңгейінде нәтижелерге жетеді.

Бағдарлама жоқ, дамыта оқыту жүйесімен жазылған окулықтар жоқ жүйе бойынша жұмыс істеуге мұғалімдер дайындалмаған. Кейбір қазақ мектептері не істеу керек? Балаларға окулықсыз, бағдарламасыз оқыту мүмкін емес. Бірақ дәстүрлі бағдарламаның да негізгі бағыты оқыту,дамыту болғандықган әр пән, әр сабақ аясында баланың жалпы дамуын қамтамасыз етуге арналған іс-әрекеттер жасау, әдістер пайдалану мұғалімнің ізденуіне байланысты болмақ.

Төменде дамыта оқыту жүйесінің негізгі дидактикалық принциптеріне тоқгала отырып, бастауыш мектептер осыдан өзіне не ала алады деген мәселеге тоқгалып өтеміз.



І. Жоғары қиындықга оқыту принципі.

Бұл баланың шамасы, келетін мәселелер төңірегінде айналсоқтап түрып, қалай білім деңгейін күрделендіру, сол арқылы оны қиындықгы жеңуге үйрету, өз күшіне деген сенімін туғызуға әкелу. Баланың өзінің білетінінің төңірегінде ғана қалсақ, немесе ойлауға жетектемесек, оның дамуын тежегеніміз.

Мысалы: күнделікті сабағымызда қарапайым нәрселерді сұрау, жауап алу арқылы қанша уақыт жібереміз. Суретті көрсетіп тұрып, ондағы бейнеленген түйенің неше өркеші, неше аяғы бар екенін айтқызу бала үшін ешнәрсе бермейді. Немесе алманың дөңгелек, қызыл болатындығын сұрап жату баланы дамытады деп айту қиын. Одан гөрі сол алма дөңгелек, қызыл болғанға дейін қандай кезендерден өткенін сұрап білу арқылы баланы ойландырамыз, өмірден алған білімін (көргенін) пайдалануға ықпал етеміз. Ондай қарапайымдылықган артпу жағын әрбір мүғалім іздегенде ғана жүзеге асыруға болады. Ол үшін бағдарламадан тыс сұрақтар қою, қосымша материалдар пайдалану қажеттігі туады. Әрине күрделендіреміз деп баланы шамадан тыс қиындықгарға әкелу жағынан сақтану керек. Баланың сабаққа деген ынтасы жоғалады, сенімі құриды.

Бұл принциптің мақсатына жету үшін дәстүрлі оқулықгардағы жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже беретіңдігіне көзіміз жетті. Ағылшынның философы Б.Шоу адамды қызган сайын ширай түсетін кірпішпен салыстырған екен. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау, баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шындайды.



2. Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі -теориялық білімнің жетекші ролі принципі.

Бұл принцип бала тек теорияны окуы, ғылыми терминдерді білуі, завдарды жаттауы керек дегенді білдірмейді. Керісінше, олар оқу барысында бақылаулар, қарапайым зерттеулер арқылы нәтижеге келулері керек. Өтіліп жатқан тақырыптағы заңдылықтарды, байланыстарды сезінуге, қорытындылауға үйрету. Бірақ, жаттап алмай сол қорытындыға саналы түрде әкелуге келтіру. Мұғалім осы күрделі жұмысқа басшылық жасап қана отырады.



Оқу барысындағы оқушылар зерттеу, бақылау жүмыстарын жүргізеді. Мұғалімнің жетекшілік етуімен көркем шығармадағы әрбір оқиғаға өзінше баға беруге, ойланып, қорытынды жасауға үйренеді. Өздерінің бар білімдерін, ой-сезімдерін одан әрі арттыруға пайдаланады. Мысалы: Зейін Ақышевтың "Жаяу Мұса" әңгімесінде үлттық тәрбиенің бір көрінісін бейнелейтін бір үзінді бар. Яғни, Шоқан Жаяу Мұсаның аты-жөнін нағашысына айта алмайды. "Өзің аттас" деп әдептілік сақгайды. Үлкеннің атын тура атамау әдептілік белгі біздің ежелгі салтымыз. Осыған сәйкес мынадай сүрақтарды қойып, окушыларды ізденуге, ойландыруға, үлттық салт-дәстүрдің түрлі иірімдерін зерттеуге бағыт беруге болады.

І.Шоқан нағашысына неге өз жоддасының атын-жөнін айта алмады, әлде ол одан қорқа ма? Осыны қалай түсінесіндер?

2.Әңгімеде "Кісі болар баланы кісесінен танимын, кісі болмас баланы мүшесінен танимын", "Ат болатын тай саяққа үйір, адам болар бала қонаққа үйір" деген нақы сөз бар Осы сөздердің мәні неде? Осындай тағы қандай мақал, нақыл сөздерді білесіңдер?

З. Жаяу Мұса үш тілді толық меңгерген. Өзі тақыр кедей, ақшасы жоқ. Сонда мұндай дәрежеге ол қалай жетті?

4. Шоқан Мұсаның оқуына ақшаны, қаражатты өзі төледі. Осы жерде- қандай сыр бар? Әлде, ол Мұсаға қарыздар ма, әлде туысқаны ма? т.с.с.

Оқушылар бұл сұрақгарға ойланып, жауап іздейді, өздерінше қорытынды жасап, баға береді. Мұғалім оқушы жауаптарын толықтырып отырады.



З. Оқу процесін түсіну және сезіну

Бұл принцип саналы оқу принципіне қайшы келмейді. Саналы оқу дегеніміз берілетін білімді ұғынуға бағытталған. Ал, оқуды түсіну (сезіну) оқушы өз бойындағы оқудан алған өзгерістерді байқауы: бұған дейін мен мынаны білуші едім, осы пәнді оқу арқылы мынадай жаңа нәрсе ұйрендім дегенді сезіну. Осы тұрғыдан алғанда саналы оку мен оқу процесін түсіну, сезіну әртүрлі психикалық іс-әрекетпен байланысты. Мысалы: шығарма кейіпкерінен үлгі алуға тырысады. Оның жақсы қасиеттерін үйреніп, соған жету үшін өздерін өздері дайындайды. Осыған байланысты " Жаяу Мұса" әңгімесі бойынша мынадай сұрақтарды беріп, балаларға ой тастауға болады.

Мысалы:

а) Шоқан неге Жаяу Мұсаға оқуы үшін ақшаны өзі төледі? Әлде оған қарыздар ма? Ол нені жоғары қойьш отыр? (достық, адамгершілік, қамқоршы болу, дарындылықгы өнер биігіне шығару т.б.)



ә) Шоқанның осындай қасиеті сендерге ұнай ма? Сендер достықты бағалай білесіңдер ме? Жалпы достық деген не? Ақша қымбат па, әлде достық па? (Достық туралы мысалдармен байланыстырып, өмірден достыққа байланысты деректер келтіріледі)

Оқу процесін түсіну (сезіну) баланы өз-өзіне қорытынды жасауға, сын көзбен қарауға тәрбиелейді. "Мен қандаймын?", "Мен не білуші едім, не үйрендім ?", "Маған нені білу (үйрену) қызық болды?" деген рефлексия дамиды.



4. Сабақ материалын жеделдете өту.

Бұл принципке қарсылық білдірушілер табылуы мүмкін. Өйткені, әр тақырыпқа, әр тарауға берілген сағат саны бар, одан асып қайда барамыз деуі мүмкін. Дей тұрғанмен егер оқушылар білім деңгейі, сынып ерекшелігі мүмкіндік туғызып тұрса, бір мақсатты көздейтін жаттығулар, есептер орындаумен уақыт кетіру қателік сияқты. Бала өз табиғатында жаңалыққа қүмар, жаңа нәрсе білуге ұмтылып тұрады. Ендеше мақсаты, мазмұны бір тақырыппен мезі қылу бала дамуын тежейді. Бұдан қайталаулар санын қысқарту керек, жаттығулар санын азайту керек деген ұғым тумаған дұрыс. Жүйе әрбір жұмыс түрін орындауға жаңаша көзқараспен қарауға, баланың дамуына әсер ететін жағын ойластыруды көздейді. Мүмкін болған жерде қазақ мектептерінде қосымша материалдар, қызықгы есептер, жаттығулар дайындап келіп, сабақта Орындату окулықтардағы олқылықтарды толтырар еді. Бұдан білім алу сапасы артары сөзсіз.



5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жұмыс істеу.

Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ерекшелігі сынып окушыларын " жақсы "жаман" деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді.



б. Оқытушы мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас орнату.

Осы кезге дейін ұстанып келген мұғалімнің сыныпта беделі болуы, ол беделді балаларды қорқыту, зеку, айтқанын қалайда орындату (баламен санаспай) арқылы жинау, баланың дамуына үлкен кедергі жасап келді.

Қарапайым ғана мысал: Сұраққа дұрыс жауап бермеген балаға "отыр,- білмейсің" деген қатал үн қандай әсер етеді. Ол бала енді дұрыс жауапты ойламайды, жауап беруге құлшынбайды. Осылай бірнеше рет қайталанған ,ескерту әлгі баланы жасқаншақ, өз ойын айтуға қорқатын, бірте-бірте ақыл-ойы төмендеген, белсенділігі жоқ оқушыға айналдырады. Ендеше оқушыны кішкентай бала емес, адам деп қарау, оның жан дүниесін сезіне білу, көзқарасымен, пікірімен санасу, құрметтеу, білім алуға қажетті фактордың бірі болып есептеледі. Бала кездегі қарым-қатынастар, анасының, мұғалімнің, жолдастарының түсіністігі, сыйластығы есейген кезде әртүрлі жағдайда өзін дұрыс ұстауға, еркін сезінуге тәрбиелейді. Баланың әрбір жетістігін көріп, оны ынталандырып отыру, оны жоғары эмоциялық көңіл күйге бөлейді. Ол жауап беріп тұрған кезде мұғалім қызыға тыңдап, қалған оқушыларды да соған жұмылдырып, сыныпта ерекше жағдай жасауға тырысуы керек. Қате айтылған жауапты да әдеппен "Сен осылай айтқың келіп тұр ғой" деп демеп жіберсе , бала бойында сенім пайда болады.

Мұғалім әрбір пәннің ғылыми негізін дұрыс түсініп, берілетін материалды ғылыммен негіздеу, қосымша материалдармен байыту жағына баса көңіл бөлгені жөн. Әсіресе, тіл, дүниетану, эстетикалық циклдағы пәндерді оқытуда оқушыларды сол оқып отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіруге үйрету олардың дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін байытады. Әрбір берілген тапсырма еңбек етуге, тынымсыз ойлауға, ақыл-ой белсенділігін арттыруға бағытталуы тиіс. Бала өзі орындаған жүмысынан, жеңген қиындығынан ләззат алуы керек. Ойланатын, ойландыратын тапсырмалар ғана баланың ішкі резервтерін ашуға мүмкіндік береді.

Кейде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға тапсырмалар беруге болады. Мысалы: 26-ны 3-ке көбейту. Бұл өтілмеген материал, бірақ мұғалім балаларды "сендер орындай аласыздар деп ойлаймын" деп рухтандырып, дем беріп қояды.

Тапсырма алған оқушылар ізденуді бастайды. Бірі таблицадан тыс жолмен көбейтеді, екіншілері бірліктерінен бастап көбейтеді, ал үшіншілері қосу амалы арқылы табуға тырысады. Міне, нағыз шығармашылық , содан, соң мұғалімнің басшылығымен қай жол жеңіл, ыңғайлы екенін дәлелдеп, жұмыс қорытындыланады.



Дәстүрлі сабақ беру әдісімізде сұрақ-жауап әдісі көп қолданылады. Көп жағдайда қойылған сұрақгар өте жеңіл болып жатады. Мысалы: Мына дыбыс дауысты ма? Дауыссыз ба? Немесе әңгіменің кейіпкері не істеді? Қайда барды? Қайдан келді? сияқты болып келеді. Бұл сұрақгар баланы ойландырмайды, тек естеріне түсіруді талап етеді. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақгарда сұрақ қоюға үлкен мән беріледі. Әрбір оқушы ақылын, ойын дамытуға лайықталып беріледі. Мысалы: "Мына дыбыс туралы не білесіңдер?", "Оқыған әңгімедегі оқиға туралы өз ойларыңды айтындар", т.б. Оқушы жауап бергенде де "Менің ойымша", "Мен мынаны қосқым келеді", "Мен келіспеймін" деп жауап беруі керек, солай талап еткен дұрыс. Бұл балаларды бірін-бірі толықтыруға, сыйлауға, түзетуге үйретеді. Күнделікті сабағымызда, сыныптан тыс жүмыстарда, топсеруендер кезінде баланың ішкі сезімдеріне әсер ету, көру арқылы байқағыштық қабілетін дамытуға көңіл бөле бермейміз.

Байқау-қоршаған ортамен байланысу деген сөз. Ал, ортаны білу, тану көп жағдайда үстірт болып жатады. Мысалы: табиғат туралы оның тек бала өзі көріп, біліп жүрген тек сыртқы белгілерін ғана сөз етеміз, қүстар туралы да тек олардың суреттерін көрсетіп, аттарын атаумен шектеліп келдік. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Бағдарламадан тыс ешнәрсе айтуға болмайтын еді. Бұл баланың жүгін ауырлату деп есептелінді.

Бірақ бүгінгі күні біздің алдымызда отырған баланы осыдан 10 тіпті 5 жылғы баламен салыстыруға болмайды. Бүгінгі оқушы өмірдің өзінен көп білім алып келеді, радио, теледидар басқа да ақпарат құралдары кеңінен жұмыс істеп мағлұматтар нөпірі ағылуда. Осындай кезенде біз сабағымызды қарапайым, жеңіл-желпі біліммен шектелс, баланың рухани күші төмендеп, даму саябырлайды. Ендеше баланың ішкі мүмкіндіктерін ескере отырьш, оның ойлау қабілетін арттырып, адамгершілік, көркемдік сезімдерін, басқа да қасиеттерін, байқағыштығын дамытуға бағытталған тапсырмалар ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шығармашылықгы талап етеді.

Байқағыштық деген не? Затты (суретті), көріністі қарауда негізгі нәрсе-қабылдау. Соңдықтан көрген нәрсенің әрбір ерекшелігін байқауға үйрету керек. Өмірде қарап түрып, ешнәрсе көрмейтін адамдар бар.

Мұндай кемшілік олардың рухани дүниесінің кедейленуіне әкеп соғады, көп жағдайда ұтылыста қалдырады. Ақын мен ғалым суреткерлердің байқағыштық қабілетінің жоғары болуы текген тек емес. Чарльз Дарвин өз өмірбаянында "Мен ойжүректігіммен, үшқырлықпен емес кейбір адамдар байқамай қалатын , назардан тыс қалатын нәрселерді көріп, талдай алуыммен ерекшеленемін деп ойлаймын" деп жазған екен. Ал байқамаудан жіберілетін қате қаншама. Математика кеңестер одағында көп қате ұқыпсыздықтан, жеке назар аудармаудан кетіп жатса, тіл сабағында грамматикалық ережелерді қолдану үшін, сөзді сөз елегінен өткізуге тура келетін кездер өте көп.

Еңбек, бейнелеу өнері, дүниетану сабақгарынан да көптеп мысалдар келтіруте болады. Демек, бастауыш сынып окушыларының байқағыштық қабілетін дамыту көрнекілікпен жұмыс істеу кезінде басты назарда болғаны дүрыс. Тіпті арнайы жұмыстар жүргізуге болады. Мысалы, оқушылар алдында оларға белгісіз құстың тұлыбын, өсімдіктің кептірілген гербарийін қойып, ұқыптылыкпен қарап, суреттеуге тапсыруға болады. Алдын ала

тапсырмалар берілмеуі шарт. Осылай ғана олардың байқауының қандай дәрежеде екенін анықтауға болады.

Қоршаған ортаны тануды, жаңа ұғымдар беруде көрнекі құралдардың маңызы зор. Әсіресе бірінші, екінші сыныпта баланың сабаққа қызьтғушылығын арттыру үшін көрнекіліктің мол, көркем, ашық болғаны дұрыс.

Бірақ көп жағдайда көрнекілік атын кез келген сапасы төмен, білімдік, танымдық жағынан берері аз дүниелер жамылып жатады. Бірақ сабақта бірнеше сурет, альбом, диафильм т.б. көптеген нәрселер бірінен соң бірі баланың көз алдында зуылдап ағылып жатады. Олармен жасалған жұмыстар да қарапайым ат үсті дәрежеде.

Оның орнына қажетіне қарай орынды, сабақ мақсатына сәйкес, әсіресе дамытушылық мақсат көздейтін көрнекіліктер қолданудың жөні басқаша. Өзін көре алмайтын, қолымен ұстай алмайтын заттардың көрнекілік ретінде сабақган орын алғаны дұрыс. Көрнекілікпен жұмыс істегенде де мұғалім барлық мәліметтерді өзі айтып бермей, балалардан сұрап, көзін жеткізіп, дәлелдетіп отыруға дағдыландыру керек. Осылай жұмыс істету арқылы олардың шығармашылық қабілетін дамытуға, белсенділігін арттыруға болады.

Дамыта оқыту жүйесі дидактикалық принциптерінің ішінде "Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы" жайлы ешнәрсе айтылмайды. Өйткені оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, құлықтылығын қалыптастыру арнайы жарияланбағанымен тұгас жүйе, .оның құрамдас бөліктері, әдістері арқылы іске асып жатуы ойластырылған.

Дамыта оқыту жүйесінде арнайы, жаңадан ойлап табылған әдіс-тәсіл жоқ. Өзіміз қолданып жүрген әдістер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады. Сондай-ақ жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың мәні зор. Мысалы: дәстүрлі сабақтардағы сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері балалардан таныс нәрсені сұрап білуге негізделеді. Ана тілі сабақтарында тақырыптық мазмұны бойынша, қазақ тілі, математикада материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау мақсатында сұрақ қойылып, жауап алынып жатады. Бір ғана жауабы бар сұраққа жауап та, тек бір сөзді қосып қайта айтып беруыен қайтарылады. Мысалы:-Балалар қайда барады?-Балалар мектепке барады.

Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруте дағдыланады. Мысалы: "Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың?" деген сұрақ.

Көрнекілік т.б. әдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертіле, күрделендіріле пайдаланылады.

Дамыта оқыту сабақгарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөледі. Өйткені, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді.

Талдау-бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мүғалім әр баланың көңіл -күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Әсіресе оқу сабақгарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.

Бұл жүйедегі баланы ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі-салыстыру әдісі. Салыстыру деген не? Философиялық сөздікте "салыстыру объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Қорытудың алғы шарты",- делінеді. Салыстыру неғұрлым қарапайым, бірақ аса мәнді ойлау операциясы, оқушының талдау, жинақтау қызметінің маңызды жағы заттар мен құбылыстарды салыстырмайынша олардың елеулі белгілерін анықтау мүмкін емес.

Айналаны тануда салыстырудың мәні зор. Бұл туралы К.Д.Ушинский [3]: "... салыстыру ойлаудың және қабылдаудың негізі" - деген.

Дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Заттарды салыстыра отырып түсіну тек адамға ғана тән. Балалар салыстыру тәсілдерімен мектепке келгенге дейін де біршама танысады. Ал, мектепке келген соң, оқудың алғашқы күнінен бастап бұл тәсіл тұрақты пайдаланыла бастайды.

Мұғалім салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып, оқу материалын оңай, көрнекі етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру белгілі мен белгісіз арасындағы көпір сияқгы, оқушыларға өмірінен тысқары білімді меңгеруге көмектеседі. Салыстыра отырып, оқушы заттар мен объектілердің байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықгауға үйренеді. Баланың байқампаздығьт артады. Ал байқампаздық- баланың жалпы дамуындағы негізгі психологиялық компонент болып табылады. Оқушы салыстыра отырып, бұрынғы өтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы логикалық байланыстарды анықтауға үйренеді. Неғұрлым салыстыру жұмысы тиімді ұйымдастырылса, соғұрлым білім алудағы формализм жойылып, ең негізгісі оқуға деген қызығушылық арта түседі.

Заттарды салыстыра отырып, тек ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызып қоймай, олардың себептерін айқындатудың бала да. уы үшін маңызы зор. Біріншіден, заттардың әртүрлі белгілерін таба білуге үйренсе, екіншіден қабілеттері дамиды. Бастауыш сынып оқушылары салыстыра білмейді, сондықтан бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Ол үшін оның кезеңдерін, неден басталып, немен аяқталатынын,белгілерін білу керек. Белгі дегеніміз-заттарды басқа заттардан ажырататын көрініс. Бұл жұмыстың нәтижесінде жоғарыда айтылып кеткен байқампаздық арта түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет