1- Дип. Асан Нұрайым Ерланқызы . Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін қалыптасырудың мазмұнын, формасын, әдіст
Бастауыш сыныптардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білім деңгейінің өлшемі: - Қазақстан Республикасы рәміздерінің авторларын білу;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің түсінің, пішінінің, элементтерінің мәнін білу;
- Қазақстан Республикасының Әнұранын мемлекеттік тілде орындай білу;
- Кез келген жағдайда Қазақстан Республикасының рәміздері жөніндегі білімдерін іс – жүзінде қолдана білу.
Оқушылардың бойында терең елжандылық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, жоғары адамгершілікті, мәдениеттілікті, өз мемлекетінің тарихына зор ілтипат пен қызығушылықты қалыптастыру мақсатында сұхбаттар, кездесулер, сынып сағаттарын өткізу кезінде атақты азаматтардың, спорт жеңімпаздарымен, белгілі тұлғалар мен әскери адамдардың өмірінен түрлі көріністер мен эпизодтар келтіріп, олардың Республикамыздың Туына, Елтаңбаға, Әнұранға деген көзқарастарын сөзге тиек еткен жөн.
Білім беру мекемелерінде патриоттық тәрбие берудегі ең басты, маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне балалар мен жастардың құрметпен қарауын тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген позитивтік және сезінулі көзқарасты қалыптастыру мүмкіншілігін зерттеу мақсатында семинарлар, дөңгелек столдар ұйымдастыру.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Тудың жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ал Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Республикамыздың Әнұранын ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, ал әнін Шәмші Қалдаяқов жазған.
Бүгінгі таңда елімізде 130 – ға жуық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату – тәтті бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақ жеріне әр түрлі себептермен қоныс аударған көптеген ұлт пен ұлыстардың бірлігін қазақ халқы үлкен парасаттылықпен бірлікке үндей отырып сақтап келеді. Соның арқасында қазақ және басқа этностарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ісі әрі қарай өз жалғасын табуда. Адамдар арасындағы достық қарым – қатынас, әлеуметтік топтар мен халықтардың жалпыұлттық келісімде өмір сүруі дамудың маңызды факторы болып табылады.
Барлық өркениет арасындағы бейбітшілік пен диалогты қолдай отырып, саясат теориясында да, тәжірибеде де демократиялық мемлекет болмаған. «Біздің қоғам көптеген ұлт өкілдерінен құрылған, олар тек қана ұлттық емес, сонымен қатар нәсіл мен дін белгілерімен ерекшеленеді»,- дейді. Президент Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстанның көп ұлтты халқының бірігуінің бастамасы болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер – жас, тәуелсіз мемлекетті және тарихи дәстүрлердің сабақтастығын куәландырады. Сондықтан әр адам үшін қасиетті отанының мемлекеттік нышандарына деген құрмет пен сүйіспеншілік өскелең ұрпаққа беріліп отыруы қажет.
Мемлекеттіліктің нышандарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бақтардың бірі. Әрбір оқушы рәміздердің рөлі мен мәнін түсініп еліміздің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республикаының мемлекеттік рәміздерін құрметтемеген үшін жауапкершілікке тартылатынын сезіну кереу. Қазақстан Республикасының мемлекеттің рәміздерінде Республикамыздың атына тән жоғары адамгершілік құндылықтар, таңдаулы дәстүрлер мен әдет – ғұрыптары туралы көзқарас үйлесімді ұласқан.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы – тік төртбұрыш, көгілдір түсті мата ортасына сәулесін шашқан күн бейнесі мен шарықтай ұшқан дала қыраны бүркіт және сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ бейнеленген. Күн сәулесімен ұлттық өрнек алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының қатысы 1:2. Мемлекеттік Тудың эталоны Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында сақталады.
Зеңгір көк түс – біздің ғаламды, аспанды, ауаны және құрлықты бейнелейді. Зеңгір көк түс бірлесу идеясына берілгендігін бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар барлық қалықтарда бейбітшіліктің, тыныштық пен тоқшылықтың бейнесі болған бұлтсыз аспанды еске салады. Мемлекеттік Тудың бір түсті болуы мемлекеттің тұтастығын білдіреді.
Сәулесін шашқан алтын күн мен дала қыраны бүркіт бейнесі және ұлттық ою - өрнек Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының негізгі элементтері болып табылады.
Қазақстан Туындағы күн республикасының жалпы адамзаттық құндылық пен әлемді қоғамдастыққа әуестігін көрсетеді, әлемдегі барлық елдер мен қарым – қатынасты нығайту үшін ашықтығын білдіреді. Өз сәулесіне шомылған алтын күн – тыныштық пен байлықты бейнелейді.
Қазақтың дүниетанымындағы бүркіт бейнесі өте маңызды орын алады, өйткені онымен бостандық, өзін - өзі қастерлеу сезімі, батырлық жоғары идеал, көкіректің кеңдігі және ой - өрістің тазалығын көрсетеді.
Бүркіттің қанатын жайып шарықтап ұшқаны рухани күшті, шабытты, қиыншылықтардың алдында тапқырлық пен ержүректілікті білдіреді. Бүркіттің күн астында бейнеленуі біздің халқымыздың бақыт пен молшылыққа, адамзат өркениетінің биіктеріне ұмтылуы.
Мемлекеттік тудың элементін құрайтын ұлттық ою - өрнек халқымыздың ішкі дүниесін ашу құралы, өйткені қазақ халқының ою - өрнегінің түп тамыры заттар мен оларда қоршайтын дүниенің құбылыстары болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 бабына сай Қазақстан Республикасының Туы еліміздің ұлттық мерекесі мен салтанатты күндері мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарында орнатылып, көтеріледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы арнайы белгіленген және безендірілген жерде бекітіледі.
Әнұранның сөзі бөлме қабырғасына ілінеді. Сол жерде Елтаңба мен Ту да орналастырылады.
Мемлекеттік Туды көтеру құқына оқуда, еңбек пен қоғамдық жұмыста үздік табыстарға жеткен оқушылар ие болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба – көгілдір түс негізінде шаңырақ бейнесі шеңбер ішіндегі негізгі нышан – белгі. Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған әрине, шаңырақ. Шынайы шеберлікпен шендестірілген түндігі аспан күнбезіндегі асыл шырақ – күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Қисынын тауып кергелердің көрінісінде бере салған. Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдерінің барлығы бірлесіп, кереге – уықтай кірігіп, күш - жігер жұмсап, аяғына тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отаумыз – тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей.
Елтаңба компазиясын құрап тұрған келесі бір құрамды бөлік - ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Елді нышандарында арғымақ бейнесін пайдалану - өте ертеден келе жатқан үрдіс. Ол геральдика тілінде арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің ғаламат қара күшйін, еліктің ғажайып көзге ілінбес шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің қалай да жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.
Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Ол әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты, ол Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтқан халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсің» деген асыл арманын арқалап тұрғандай.
Өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық, әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта бағдарға алып, әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз керек.
Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Оған зеңгір көк нұрдың қосылуы. Мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіріп, бедерлендіріп тұр.
Жалпы, қай жағынан алғанда да кемел келісім тапқан Елтаңба елімізді таңытар белгі екені анық.
Қазақстан Республикасы Әнұранының салтанатты да сабырлы әуені халық жанының кеңдігін, оның көкейкесті ойы мен арманын бейнелейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраның оркестірдің сүйемелдеуімен хормен орындауға немесе вокалды топтың орындауына рұқсат етіледі.
Мемлекеттік Әнұран мемлекеттік Туды көтерген кезде орындалады. Жиналысқа немесе жиынға қатысып тұрған барлық оқушылар, студенттер, педагогтар, қызметкерлер тік тұрып оң қолын сол кеудесіне қойып орындайды. Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге міндетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қорлаған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сабақ үстінде, факультативтік сабақтарда, сабақтан тыс жұмыстарды өткізу кезінде, салтанатты іс- шараларда, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді өткізу барысында қалыптастыру қажет.
Еліміздің нышандарымен жұмыс істеу кезінде Мемлекеттік рәміздердің барлық элменттерін түсіндіру барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру керек.