Бастауыш сынып


6-кесте. Білім алушылардың оқу деңгейлерінің сипаты Деңгейлер



Pdf көрінісі
бет18/29
Дата20.11.2023
өлшемі3.81 Mb.
#483852
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
httpdev-s.balatili.kzuploadsbooks140f0a4dede76679a4419f86067fc9abАлтынсарин20ОӘҚ2020бастауыш.pdf

26
6-кесте. Білім алушылардың оқу деңгейлерінің сипаты
Деңгейлер 
Сипаты 
Төмен
деңгей
• 
пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша қарапайым білімін және түсінігін 
көрсетеді; 
• 
жай тапсырмаларды орындайды және тікелей нұсқаулықтарға сай орындау 
рәсімдеріне ілеседі;
• 
ақпаратты ұсынудың әр түрлі формаларының (кестелер, графиктер және 
диаграммалар) негізінде жай қорытынды қалыптастырады
• 
жай тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады.
Орта
деңгей
• 
пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша жеткілікті білімін және түсінігін 
көрсетеді; 
• 
әдеттегі тапсырмаларды орындайды, таныс және кейбір таныс емес жағдайларда 
білімін сәтті түрде қолданады;
• 
ақпаратты жалпылайды және ішінара негіздей отырып қорытынды жасайды, 
алынған нәтижелерге қатысты аргументтерді келтіре алады;
• 
әдеттегі тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады, шешудің стандартты 
жолдарын ұсынады және қолданады
• 
тапсырмалардың бекітілген жиынын шешу үшін оқу бағдарламасының басқа 
өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді.
Жоғары 
деңгей
• 
пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша терең білімін және түсінігін көрсетеді; 
• 
қиын тапсырмаларды орындайды және кең өрістегі жағдайларда білімін сәтті 
түрде қолданады;
• 
әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жалпылайды және толық негіздей 
отырып қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты логикалық бірізді 
аргументтерді келтіре алады;
• 
қиын тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады, шешудің баламалы және 
стандартты емес жолдарын ұсынады және қолданады; 
• 
тапсырмалардың кең өрісін шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен 
білімін, дағдыларын кіріктіреді, әр түрлі стратегияларды қолданады, алынған 
нәтижелердің маңыздылығын және негізділігін бағалайды.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда орындалған 
жұмыстардың нәтижелері білім алушыларға түсінікті болып, одан әрі оқуға 
ынталандыруы қажет. Кері байланыс білім алушылардың оқу жетістігінің 
жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек. Аталған ақпарат рубрика 
түрінде беріледі (5-қосымша). 
Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр 
рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий аясындағы оқу жетістігі 
деңгейін көрсетеді. Жиынтық бағалаудың әдістемелік ұсынысының бөлім/
ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілерінде 
құрастырылған рубрикалар көрсетілген. 
Білім алушыларды бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау 
нәтижелерімен таныстыру кезінде білім алушылардың жұмыстары, олардың 
рубрикада белгіленген оқу жетістігі деңгейлерін қоса ұсыну қажет. Рубрикалар 
үлгілері 7-суретте берілген. 


27
7-сурет. Математикадан бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижесінің
рубрикалар үлгісі
Рубрика әр бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау 
рәсімдеріне құрастырылады, әр критерий аясындағы оқу жетістігінің 
деңгейлерін көрсетеді. 7-суретте көрсетілгендей, мұғалім рубрикада орташа 
деңгейді сипаттап жазу кезінде тапсырмадағы білім алушы қателік жіберген 
нақты сол элементті атап көрсетуі қажет. 
Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ 
тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілеріне 
рубрикалар құрастырылып, ұсынылған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет