Бастауыш сынып


Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы



Pdf көрінісі
бет20/29
Дата17.01.2023
өлшемі3.62 Mb.
#468462
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Алтынсарин ОӘҚ бастауыш

4.2.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы 
Тоқсандық жиынтық бағалау жиынтық бағалаудың әдістемелік 
ұсынысында берілген үлгідегі балл қою кестесіне сәйкес құрастырылады. 
Аталған кестеге сәйкес мұғалімдер балдарды қояды. 
Мұғалім әр жауапқа қойылған балдардың, нәтижелердің дұрыс 
жазылғанына көз жеткізуі тиіс. 
Бағалау нәтижелерін мұғалім, білім алушының оқудағы ілгерілеуін 
бағамдау үшін қолдануына болады. Ол үшін мұғалім нәтижелерді, кері 
байланысты білім алушыны оқуға ынталандыратындай түсінікті етіп, өзінің 
нәтижесі бойынша ойлануына мүмкіндік беру қажет. 
Мұғалім тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін білім алушылардың 
оқу бағдарламасы мазмұнын қаншалықты тиімді меңгергенін, қандай 
дағдыларды игергенін талдау үшін қолдануына болады. Сонымен бірге 
мұғалім үшін аталған ақпараттың келешекте қалыптастырушы бағалау 
кезінде оқу үдерісін жоспарлауға көмегі болуы мүмкін.
4.2.2.3 Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын 
модерациялау
Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың 
тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін 
модерация белгіленген. Модерацияны өткізу үшін параллель сыныпта сабақ 
беретін мұғалімдердің ішінен комиссия құрылады. Олар белгілі бір пән 
бойынша балл қою кестесіне қатысты бірыңғай түсінікті қамтамасыз ету 


31
үшін алдын ала бағаланған жұмыстарды талқылайды. Модерация төрағасы 
әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола 
алады. 
Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация 
қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі 
мүмкін екенін ескеруі қажет. 
Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті 
Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір 
тәртіппен жүргізіледі. 
Мұғалім модерацияға дейін: 
• білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне 
сәйкес бағалайды. Балдар қарындашпен қойылады; 
• жиынтық бағалау жұмысы үлгілерін (максималды, минималды балдармен; 
бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды) іріктеп алады
• жеке мәліметтерді шифрлейді, білім алушылардың жұмыстарының 
көшірмелерін дайындайды.
Модерация кезінде:
• жұмыс қорытындысын ұжымда талқылайды, барлық балдардың балл 
қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;
• қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер 
енгізеді; 
• отырыс хаттамасына қол қояды.
Модерациядан кейін:
• модерацияны ескере отырып, білім алушылардың жұмыстарын қайта 
қарайды, жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдарды өзгертуі 
де мүмкін;
• соңғы нақты балдар қаламмен қойылады;
• соңғы нақты балдарды электрондық журналға қояды. 
Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: 
ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы 
(конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып 
табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет