Есепті шығару барысында мыналарды есте ұстаған жөн:
Қысқаша шартындағы сөздер толық, бас әріппен жазылады.
Шешуі, жауабы деген сөздер толық жазылады.
Егер есеп амалдап шығарылса, атау жақшаға алынып, түсіндірмесі толық жазылып, жауап қысқашы , кіші әріппен жазылады.
1 амалды есепте түсіндірме жазылмайды. Тек жауап толық жазылады.
Егер есеп өрнекпен шығарылса, атауы жақшаға алынып, түсіндірме жазылмайды.Жауап кіші әріппен қысқаша жазылады.
Мысалы:
Есеп:
Сәбіз-5 кг ?, кг
Картоп-?,3 кг артық
Шешуі: 1) 5+3=8 (кг)- Картоп
2) 5+8=13 (кг)- Барлығы
Жауабы: 13 килограмм.
Сәбіз-5 кг ?, кг
Картоп-?,3 кг артық
Шешуі: (5+3)+5=13 (кг)
Жауабы: барлығы 13 килограмм сатылды.
Амалдардың орындалу тәртібі:
3 1 4 2
3450-145*2+1265:5=3413
1)145*2=290
2) 1265 5 3) _ 3450 4) + 3160
6 253 290 253
15 3160 3413
Теңдеу:
3 2 1
Х+123- 56*2= 638
Х+123-112=638
Х+123=638+112
Х+123=750
Х=750-123
Х=627
627+123-56*2=638
638=638
Есеп:
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 12 см, ал ені 6 см-ге тең. Тіктөртбұрыштың аудан мен периметрін есептеп шығар.
Берілгені: Шешуі:
а=12 см Р=(а+в)·2
в=6 см Р= (12+6)·2
Р - ?см Р=36 (см)
S - ?см2 S=а·в
S=12·6
S=72 (см2)
Жауабы: Р=36 (см), S=72 (см2)
Фигураны сызу қажет болғанда ғана орындалады.
А В
С Д
(қосу керек)
Метематикалық диктант жазарда келесі талаптарды орындау қажет.
Бір клетка жіберіп жауаптарын үтір арқылы бір жолға жазады.
Санмен қоса өлшем бірліктерін көрсету қажет.
(қосу керек)
Бастауыш мектепте күнделік бастау жұмысы.
Күнделік мемлекеттік құжат болып табылады.Оны жүргізуде бірнеше талаптар қойылады.
Күнделіктің болуы бірінші сыныптан бастап талап етіледі.Кейбір кезде ата-аналар жиналысы мен пед. кеңестің ұйғарымымен 1-2 сыныптан бастауға болады.
Күнделік бастау ата-ана мен мұғалімнің арқасында жүзеге асады.Сондықтан сынып жетекші кейбір талаптарды оқушыға жеткізуге міндетті.
Күнделік көк сиямен таза ұқыпты сауатты толтырылуы керек.Бірінші беттен бастап түгел беттері толуға міндетті.
Оқу кестесі, сабақ кестесі, үзіліс кестесі, сабақтардың мұғалімдердің аты-жөні,мұғалімнің басшылығымен толтырылады.
Айдың және пәннің аты кіші әріппен жазылады.Қысқаша жазуға болады.Үй жұмысы туралы баған толтырылуы тиіс.
Баға және қол қою деген бағанда мұғалімнің бағасы мен қолы тұруы тиіс.Баланы мақтап қолдап «Жарайсың ! Ақылды Тырысу керек» деген сөздер бастауыш сыныпта жазуға рұқсат етіледі.
Бағалардың көбеюі күнделіктің жүргізілуі күнде-күнде сынып жетекшісі тексереді.
(қосу керек
Грамматикалық тапсырмаларға қойылатын талаптар
Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білім, білік, дағдыларын меңгерулерін, олардың алған білімдерін іс жүзінде, ауызша және жазбаша тілдерінде қолдануларын тексеру мақсатын көздейтіндіктен, диктантта алынатын грамматикалық тапсырмалар алынып отырған мәтінмен, ережемен байланыста болғаны дұрыс. Бағалау мөлшері:
Достарыңызбен бөлісу: |