Бастауыш сыныпта оқушылардың жетістікке жетуін бағдарлауды ұстаз және ата – ана тарапынан қалыптастыру



Дата25.02.2016
өлшемі69.54 Kb.
#21740
Бастауыш сыныпта оқушылардың жетістікке жетуін бағдарлауды ұстаз және ата – ана тарапынан қалыптастыру.

Абеуова Лаура Дынымхановна

№34 жалпы білім беретін орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Міне көптен күткен 1 қыркүйек келді. Осыдан көп уақыт бұрын ата – аналар балалары мектепке бару үшін қажетті құрал жабдықтардың барлығын қамтыды. Барлық жанұя бірінші оқу күнін тағатсыздана күтеді. Сонымен қатар баласының қарым – қатынасы сыныптастарымен, мұғалімімен қалай болатынына алаңдайды.

Барлық ата – ананың тілейтіні бір, баласының оқу барысы сәтті, келеңсіз жағдайлардың болмауы. 1 сыныпқа баратын балаға: «Мектепте қалай оқитын боласың?» - деген сұрақтар қойылады. Бұл сұраққа кез келген 1 сыныпқа келетін оқушы «Беске!» - деп жауап береді. Ата – аналардың алдын ала психалогиялық дайындықтары бойынша бала сабаққа баруға толық дайынмын деп ойлайды. Алайда қйындықсыз болмайды.

Қиындықтар оқу күннің бірінші күндерінде барлық балаларда кездеседі.Жаңа ойлар, жаңалықтар мен талаптар 1 сынып оқушыларынан көптеген күш – жігер талап етеді. Осының барысында балалардың тәртібі лезде ерекшеленеді күндегісінен. Мұғалімнің тәжірбиесінің жеткіліксіз болған жағдайда бала жайлы көз – қарасы басқа болуы мүмкін. Ол баланың сыныптастарына, жасына сай мінез – құлқы және қызығушылығы жоқ деп ойлауы мүмкін. Мектепке келгенде оқушылар өз - өздеріне ұқсамайтындай көп өзгереді.

Үйде және бала бақшада бала қозғалыстар, түрлі ойындар, интелектуалдық тапсырмаларды жеңіл және еркін, сенімді орындайды. Ал мектепте керсінше мұғалім не талап етседе кей уақытта сенімсіздік, кейде барлығын орындауы мүмкін.

Оқу жылының басында балалардың түрлі әрекеттері байқалады. Онда кей балалар баяу, зейіндері тежеулі, мүлдем ештеңені аңғармай, естімейтін, өз тәртібін қадағаламайтын, маңайындағы балалардың әрекетін бағаламайтын жағдайлар болады. Кей балалар шаршағандықтары сонша сөмкесінен тамақ алып шығып жеуі мүмкін. Мұндай балалардың мұғалімді тыңдауы, берілген тапсырманы орындауы қиынға түседі.

Егер осы балалар қалыптасқан жағдайда бір қалыпты, тәртіпті болады. Бірақ практикалық жағдайда бейімделу кезде бұндай балалар көбінесе мұғалімнің ескертуімен және төмен бағалаулар естуде сонымен қатар қалыптаспаған тәртіпке бағынуға тура келеді.

Алғашқы күндердегі сабақтарда оқушылар шағын көлемде зейін қоя тыңдайды. тұрақсыздық аңғартады. Оқушылар үшін тапсырманы орындау , ұзақ көңіл бөлу сабақта өте қиынға соғады. Көп жағдайда балалар түсіне бермейді .Тапсырманы барлық балаға бірдей түсіндіріп тұрғанын мұғалімнің. Бұл жағдайда басқа әрекетпен шұғылданып отырған бала оқушылардың жаңа тапсырманы бастап кеткенін аңғармай қалады.Соңында бұл әрекет сабақта балалардың қорқуына сенімсіз болуына әкеліп соғады.

Мектепті сәтсіз бастауы баланың көңіл-күйінің болмауына өзін - өзі бағалауының төмендеуі тіптен денсаулығының нашарлауына әкеп соғады. 1 сынып оқушылары көбіне ашуланғыш, ұйқысы жайсыз , тамақтануы нашарлайды. Көп балалардың бейімделу кезеңінде; температурасының жоғарлауы, бас ауруы, іш ауруы бойындағы басқа дерттердің қозуы мүмкін. Бұның барлығы шаршағандықтан және ұзаққа созылған үрей, қорқыныш , өзін сәтсіз , орнықсыз сезінуінен басталады.Осы сәтте мұғалім мен ата-ананың көмегі көп керек.

1 сыныпқа қабылданған балалардың барлығы берілген бағдарлама бойынша білімді толық қабылдай алады. Тіптен одан артық та қабылдай алады. Бірақ мұнда мұғалімнің шеберлігі қажет демек балаға жеткілікті, түсінікті етіп жеткізе білуінде.

Балаларды өз жас ерекшелігіне қарай бақылауға, салыстыруға, саралауға, дәрежелеуге, жоспарлауға әрекеттерін қалыптастыру керек.



Бейімделу деңгейінің тапсырмасы неде?

  • баланың мектап өміріне енуі (демек оқушы – «оқушы емес» айырмашылығын нақ аңғару)

  • баға, өзін - өзі бағалау тағы басқа да түсініктерді қалыптастыру

  • балаға сұрақ қоя білуді үйрету ( өз дәрежесінде)

  • ата – ананы жаңа кезеңге дайындау – оқушы ата – анасы деген.

Бейімделудің сәтті белгілері:

Біріншіден бала сабақтан ләзат алады. Мектепте оқыған қатты ұнайды, қорықпайды,

келеңсіз жағдайға душар болмайды.



Екіншіден бағдарлама соншалықты оңай бала үшін.

Егер мектептер жай мектеп ерекшеленбеген бағдарлама болса ал балалар оқу барысында қиындықтарға кезігетін болса, балаға көмек көрсетіп, бағыт беру керек. Баяулығын ашық айтып, басқа балалармен салыстырмау керек. Әр бала өзінше жеке тұлға.

Егер бағдарлама күрделі, сонымен қатар басқа тілде сөйлейтін балалар болса мұқият қадағалаған жөн. Ондай балаларға қиындықтар туындауы мүмкін. Уақытында көңіл бөлу керек. әйтпесе денсаулығына зиян келеді. Осындай жағдайда бала бойында сенімділік, сәттілік ұялату керек.

Өз - өзіне сенімсіз болуына жол бермеу керек. «Менен ештеңе шықпайды» - деген ойлар туады балада. Бала осы ойынан ұзақ уақыт арыла алмайды.



Үшінші ден – бала өз бетімен тапсырманы орындауда ата – анасына жүгінеді. Ата – ана сабақты орындауда өздері жиі көмектеседі. Бұл әрекет балаға кері әсер етеді. Бала ата – анасымен бірге отырып орындауға үйреніп алады да, жаңғыз орындаудан бас тартады, н түрлі сылтаулар айтады не шала орындайды. Бұл жерде баланы біртіндеп жеке өзі орындай алатындай бағыттауы керек.

Ең маңызды қортынды белгісі: бала мектеп қабырғасының тәрбиесіне , оқу үрдісіне толық бағытталған жағдайда сыныптастары мен мұғалімнің арасында бала өзі жеке тұлға ретінде орнын реттейді.

Ата – аналар осы уақытта көптеген реніштер туғызады. «неге көп қоңырау шалады?», «жұмыссыз бос», «ұзақ уақыт қайда ойнадың?» бірақ осы уақытта 1 сынып оқушылары өз ортасын таба бастайды. Бір – біріне көмектеседі, өз атына жақсы сөздер естиді, оқуға көмектеседі тағы басқа.

Жоғары дәрежеде бейімделудің факторлары



Шағын ортадағы әлеуметтік жағдайдың факторлар

Жоғары бейімділігінің көрсеткіші

1

Толық жанұяның болуы

%

2

Жоғарғы дәрежедегі әкесінің білімі

%

3

Жоғарғы дәрежедегі шешесінің білімі

%

4

Жанұяда дұрыс тәрбие алуы

%

5

Жанұяда ішімдік жағдайлардың болмауында

%

6

Жанұяда ұрыс - керістің болмаған кезінде

%

7

Мектепалды даярлық тобы мұғалімінің оңды көзқарасы

%

8

1 сынып мұғалімінің оқушыларға деген дұрысты көзқарасы

%

9

Мектепке деген оқу даярлығы.

%

10

Қолайлы дәрежесі баланың 1 сыныпқа қабылданғанға дейінгі ортада

%

11

Үлкендермен араласуда қанағаттануы

%

12

Сыныптастарының арасында өзіндік дәрежесін сезінуі

%


Бейімделу деңгейінің динамикасы

1 сынып оқушылары мектеп қабырғасына қабылданғанды, онда өз ойлағанын, арманын іске асыра алатындарын және мұғалімнің айтқандарын тыңдап, түсіне білетініне сөзсіз сенеді.

Сондықтан бірінші өткелде бір апта көлемінде мұғалім оқушылар алдына талап қояды. Балалардың бір – бірімен танысуына, жылы, көңілді орта құруға және әр бала сол ортадан орын табуға.

Екінші өткелде балалар мектептің күн тәртібімен танысады. Таңертең оқушы орнынан тұрғаннан, кешкі ұйқыға жатуға дейін. Басқада тапсырмалар орындалу барысында ( мысалы понтамимо, сурет салу, бейнелер) барлығы салыстырылады және соның ішінен қортынды жасалады. Мектеп пен мектепалды даярлық тобының әрекеттеріне өздері бөліп ажыратады.

Үшінші өткелде мұғалім мектепте оқушылар қандай болу керегін және қалай оқу жайлы айтады. ( дұрыс, қатесіз, әдемі жазу, талпыну және қызығушылықтың болуы)

Төртінші өткел. Бұл өткел бейімделу деңгейінің ең соңғы қортынды жасайтын бөлімі. Мұнда мұғалім өзі жағдаят айтады.Оқушылар ортаға салып талдайды.Мұғалім тапсырманы бақылайды.Балалар болса екіден, топпен шешуге тырысады. 1 сынып оқушылары үшін бұндай тапсырмалар ұрыспай, бір – бірін ренжітпей, бір шешімге келуге өте қиынға соғады. Жұмыстың соңында қортындылайды, бағалайды қаншалықты қиындықпен келген тапсырманы. Мұғалім бананың мектеп қабырғасы қаншалықты қалай көмектескенін және оқушыларша тапсырманы орындағанын аңғарады.

Соңында балалар алғашқы мектепке қалай келгендері, қандай көз – қараста борлғандарын айта отырып сурет салады.



Бейімделуге әсер ететін факторлар

Жағымды

Жағымсыз

  • Өз жағдайын адекватты түрде бағалау

  • Ойыннан әрекетке көшудің өз уақытылы болуы

  • Мектептегі оқуға функционалды түрде дайын бомауы

  • Отбасындағы тәрбиенің дұрыс тәсілдері

  • Ересектермен қарым –қатынасы қанағаттанбаушылық

  • Баланың құрдастар тобындағы әлеуметтік жағдайының қолайлы болуы.

  • Құрдастар, тобындағы әлеуметтік жағдайының қолайсыз қабылдау.


Ұсыныс: Мектепке бейімделуі төмен оқушыларға ерекше зейін аударып; оларда оқуға деген жағымды қатынас орнату; өзін - өзі бағалауы төмен оқушыларда өзіндік бағасын жоғарлату үшін қолдап, жағдай жасауға көмектесу; төмен ұпай жинаған оқушыларда танымдық мотивацияны дамыту; оқушылардың мектепке деген қатынасын оң арнаға түсіру; мектептік өмірге үйрету қажет; Ол үшін бала мектепке білім алып, қажетті жағдайда тәрбиелену үшін келетінін үнемі айтып отыру қажет; оқушыларда кеңістіктік байланыстар орнату қабілетін және көрнекілік қабылдау дәлдігін дамытқан жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет