Бастауыш сыныпта сын есімді оќыту


Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологиялық ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы



бет7/31
Дата07.06.2024
өлшемі433 Kb.
#502429
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Дип.-Бастауыш-сыныпта-сын-есімді-оқыту (1)

Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологиялық ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы
Тілдің ойлау және қарым-қатынас құрамы ретіндегі қолданылуы оның морфологиялық жүйесінде болатын өзгерістерге тікелей байланысты. Адамның сөздік қоры қаншама бай болса да, егер ол өзі білетін сол сөздерді бір-бірімен байланыстырып қолдана алмаса, білгеннің бәрі босқа қалар еді. Сөздерден сөз тудырып, оларды жалғаулар арқылы бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлем ішінде әрқайсысын орын-орнына қою үшін көптеген морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап айтқанда, олар мыналар:

  1. сөз құрамы;

  2. сөздердің жасалу жолдары;

  3. жалғаулардың жалғану тәртібі;

  4. сөз таптары және олардың қызметі;

  5. әрбір сөз табына жататын сөздердің түрленуі және өзгеруі; т.б.

Алты жастан бастап оқытылатын төрт жылдық бастауыш мектептің бағдарламалары мен оқулықтарын жасау барысында педагог-ғалымдар осы мәселенің шешімін дұрыс табуға ұмтылуда. Олар бұрынғы үш жылдық басатуыш мектепте жинақталған бай тәжірибеге сүйене отырып, балалардың психо физиологияылқ қабылдау мүмкіндіктеріне сай келетін олардың іс жүзілік дағдыларын дамытуға жағдай жасайтын грамматикалық ұғымдардың оқытылуға тиісті көлемін анықтады.
Жаңартылған бағдарлама бойынша тілдің морфологиялық жүйесі 2-сыныптан бастап оқытыла басатайды. Бұл сыныпта оқушылар сөздердің семантикалық-грамматикалық топтарынан яғни, сөз таптарынан алғашқы мағлұматтар ала бастайды. Сөз таптары терминдік тұрғыдан ажыратпағанымен, 2-сынып оқушылары «кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді», «Бас әріппен жазылатын сөздерді», қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді, «қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздерді» олардың анықтамаларымен бірге оқып үйренуге тиісті. Сонымен қатар әр топтағы сөздердің қайсысына қандай сұрақ қойылатынын біліп, оның есебін түсінулері қажет. Сондай-ақ заттың қимылын, санын, сынын білдіретін сөздермен тіркестіріп сөйлем құрай білу дағдыларын да меңгеруге міндетті. Егер оқушы бұл соңғы дағдылырын меңгермесе, кейінгі «Сөйлем» тарауындағы мағлұматтарды дұрыс игере алмайды.
3-сыныпта оқушылар ана тіліндегі сөздердің құрамы туралы алғашқы түсінік алады. Дыбыстан сөз құрап, олардан сөйлем жасап, оқу мен жазуды меңгеріп қалған балалалар енді әлгі сөздердің дайын күйіндегі сөйлем құрамына ене алмайтынын түсінеді.
Қорыта айтқанда, оқушылар бұл сыныпта өздері күнде қоладнып жүрген сөздер құрамының сөйлеу, жазу кезінде өзгеріп тұратынын саналы түрде оқып үйренуге кіріседі. Сондай-ақ басатуыш сынып оқушылары 3-сыныптан бастап сөз таптары туралы да (олардың ғылыми терминдік атаулары т.б.) кең мағлұмат алады. Атап айтқанда «Зат есім», «Сын есім», «Етістік» сияқты сөз таптарының негізгі және туынды түрлерін, болымсыз етістіктерді, есептік және реттік сан есімдерді бір-бірінен ажырата білуге, күнделікті өмірде пайдалана білуге тиіс.
4-сыныпта «Зат есім», «Сын есім», «Етістік» туралы оқушылардың мағлұматтары бұрынғыдан да кеңейе түседі. Олар енді бұл сөз таптарының дара және күрделі түрлерін сөйлем ішінен тауып, немесе өздері құрастырып үйренеді. Осы дағдылар кейін «Сөйлем» тарауында сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы ұғымдармен ұштасып, оқушылардың сөйлеу және жазу жұмысы жүйелі болып, күрделі сөйлемдерді пайдалана білуіне жеткізеді.
Сонымен төрт жылдық бастауыш мектепті бітірген оқушы тілдің морфологиялық жүйесі туралы белгілі бір дәрежеде мағлұмат алып шығады. Олар бағдарламалық талаптар бойынша, негізгі сөз таптарын бір-бірінен ажырата алады, сөз бен сөзді байланысытрып тұрған жалғауларды да едәуір меңгереді. Сөздерді түбірге, қосымшаға, жұрнаққа, жалағуға бөліп, қарапайым морфологиялық талдау жасауды да біледі.
Оқушылардың тілдің морфологиялық жүйесіне алған бұл мағлұматтар мен дағдылар кейінгі «Сөйлем» тарауында берілетін ұғымдармен ұштастырып, оларды өз ойларын еркін баяндап, айта және жаза білетін дәрежеге жеткізуге тиісті. Бағдарламалық талап –осы. Бірақ бұл талаптың қай мектепте қандай дәрежеде орындалатыны мұғалімнің шеберлігінде, сабақты әр тақырыптың өзіндік сипатына сай ұйымдастыруына және тиімді әдістерді қодана білуіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет