389- жаттығуда негізгі сын есімдерге –да, -деу, -пау, -пеу, -тау, -теу, -шыл, -шіл, -ғылт, -ғыш жұрнақтарын жалғап жазып, негізгі сын есімдердің мағынасында қандай өзгеріс болғанын айту.
Мысалы: Ақ-ақшыл, боз-бозғылт, жасыл-жасылдау, сары-сарылау, үлкен-үлкендеу, көк-көкшіл, ұсақ-ұсақтау
3-сыныпта сын есімге арналған күнделікті сабақ жоспарыың үлгісі:
Сабақ тақырыбы: Негізгі және туынды сын есімдер.
Сабақтың мақсаты: Негізгі және туынды сын есімдер туралы мағлұмат беру; олардың бір-бірінен өзгешелігін саналы түрде меңгерту.
Тәрбиелік мәні: Оқушылырды имандылыққа, сауаттылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кітап, кесте, сурет.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру
- Оқушылардың кітап, дәптерлерін түгелдеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Жаңа сабақ.
Кіріспе, әңгімелеу.
Оқушылыдың назары тақтадағы плакатқа аударылады. Онда біраз мысалдар келтірілген.
-
Негізгі сын есім
|
Туынды сын есім
|
Талап, білім
|
Талапты, білімді
|
Ажар, әдеп
|
Ажарлы, әдепті
|
Сана, көңіл
|
Саналы, көңілді
|
Мұғалім кестедегі мысалдарды талдаудан бастайды.
Талап сөзіне сұрақ қойыңдаршы.
Не?
Талапты сөзіне сұрақ қойыңдар.
Қандай?
Талап – түбір, -ты – жұрнақ, Талантты – сын есім
Осы арада балалар туынды сын есім тек сын есімнің өзіне ғана емес, басқа сөз таптарынан да жасалатынын аңғартады.
Туынды сын есімдер зат есімдерден жасалады. Ол үшін –ты, - ті, -лы, -лі, -ды, -ді, -т, т.б. жұрнақтар жалғанады.
Достарыңызбен бөлісу: |