Бастауыш сыныпта сөЗ ҚҰрамын дамыта оқытуға арналған жаттығулар жүйесі



бет2/2
Дата12.04.2023
өлшемі52.5 Kb.
#472087
түріҚұрамы
1   2
Марқакөл

Марқакөл қорығы Шығыс Қазақстанда. Марқакөл- үлкен, мөлдір сулы балықты көл.Оның айналасы тасты орманды тау Бұл көлге бірнеше өзендер мен бұлақтар, жылғалар құяды.


Қорықта алуан түрлі ағаштар мен жеміс-жидектер өседі. Солардың ішінде балқарағайды ерекше атауға болады. Бұл ұзақ жасайтын әрі ұзын, әрі қатты ағаш. Балқарағайдан көптеген пайдалы заттар алынады (С. Оспанов.)

6-жаттығу. « Қосымша» тақырыбына қосымшаның түрлері туралы шығарма жазыңдар.Онда жұрнақ пен жалғау-өздеріңнің жақсы достарыңдай сипатталсын.


7- жаттығу. Екі бағандағы сөздердің байланысын сызықпен жалғастырып көрсет:
Ақылды іш
Өнерлі оқушы
Сусын тәрбиеші
Сыйлық апар
8- жаттығу. Мақалды жатқа жаз, қосымшаның екі түрі қатар тұрған сөздерді тап:
Еңбек - ерлікке жеткізеді,
Ерлік - елдікке жеткізеді.
9-жаттығу. Өлеңді оқы, соған қарап әрі қарай ұйқастыр:
Қон
Қоң
Жайлауға қон.
10-жаттығу. Берілген сөздерді қатыстырып шағын әңгіме құра.
Білім, оқушы, оқулық, біл, оқу.
Рефлексиялық жаттығулар.

  1. жаттығу.Берілген мәтінді оқып шығыңдар.Сөйлемдерде қай жерде жалғау қажетті деп ойласаңдар, сол сөзге жалғау жалғап, дәптерге жазыңдар. 2-жаттығу.Берілген мәтінді түзеңдер: оны қысқартып, қайталаулар мен бірдей сөз тіркестерін және мәндес сөздерді алып тастаңдар.

  2. жаттығу.Берілген сөздерді жалғаумен байланыстырып сөйлем құраңдар.

  3. жаттығу. Берілген сөздерді өзара мағыналық байланыстыра, тұтас бір мәтін құраңдар.

  4. жаттығу. Алдымен түбір сөздерді жазыңдар. Содан кейін оларға ретіне қарай жұрнақ пен жалғаудың бірін қосып жазыңдар.

Осы көрсетілген грмматикалық-тілдік, сөйлеу, рефлексиялық жаттығуларды орындату барысында мұғалім мынадай дидактикалық-әдістемелік міндеттерді шешеді деп ойлаймыз:

  • Сөз құрамының сөйлем және мәтін құру қызметін тану үшін, функционалдық талдаулар жасайды;

  • Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағыналарын меңгереді;

  • Сөз құрамын графикалық модельдеуге үйренеді;

  • Шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында түрлі шығармашылық жаттығулар орындайды.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Рахметов С. Бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту (мазмұндама мен шығарманың методикасы), пед.ғыл.канд.дисс. – А.,1969.


2. Бастауыш класстарда қазақ тілін оқыту методикасы, - А., 1987
3. Құрманова Н. Қазақ мектебінде сөз тіркесі синтаксистік дамыта оқыту технологиясы. – Ақтөбе, 2004
4.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1992
5.Даулетбекова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - //Атамұра//. 2001
6.Қазыбаев С. Қазақ тілінің методикасы. – Алматы, 1990
7. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. А. - 1993

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет