Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері Түркістан 2008 мазмұны кіріспе кіріспе


Білім, білік, дағды тексеру әдісі



бет6/10
Дата29.04.2023
өлшемі251.5 Kb.
#473007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -bastauysh-synyptarda-qazaq-tilin-oqytu-adisteri (1)

Білім, білік, дағды тексеру әдісі.
1. Мектепте білім, білік, дағды тексеру, бағалау жұмысы оқыту сапасын көтеру мақсатын көздейді. Ол – оқушылардың білім сапасымен қатар оқу еңбегінің сапасын қадағалайды. Мұғалімнен оқушы білімнің олқылығын дер кезінде анықтап, дұрыс бағыт беріп отыруы талап етіледі. Барлық оқу-тәрбие жұмысының табысты болуы білім тексеру және бағалау ісінің шебер ұйымдастырылып, жолға қойылуына байланысты. Сондықтан білім бағалау жұмысы өте мұқияттылықпен жүргізіледі.
Білім тексеру, бағалау жұмыстары оқушылардың оқу еңбегін бақылау жасауды, оларды үйрету мен тәрбиелеуді қамтиды. Бұлардың ішінде бақылау негізгі роль алады, ал үйрету, тәрбиелеу қызметтері онымен бірге жүргізіледі. Сонымен қатар мұғалім өзі қолданып жүрген әдіс-тәсілдерінің қаншалықты тиімді екенін анықтайды.
Үйретуші қызмет білім тексеру жұмысын сынып үшін тиімді етіп ұйымдастыруды көздейді. Мәселен, оқушылардың жауапты зейін қоя тыңдауы, өзінің де сұрақ қоюы, сұраққа жауап қайтаруы, оқу материалын өздігінен қайталауы, сұраққа жауап беруге дайын болуы немесе мұғалімнің түсіндіруі арқылы оқушының өз біліміндегі олқылықтың орнын толтыруға талпынуы – міне, осының бәрі белгілі нәтижеге жеткізеді.
Тәрбие жұмысы оқушыларды жүйелі жұмыс істеуге, тәртіптілікке, ерік-жігерін жұмсау әрекетіне жаттықтырады. Оқушы оқу жұмысына, ой еңбегіне жауапкершілікпен қарайтын болады.
2. Оқушылардың білімі, білігі мен дағдысы сабақтың барлық кезеңдерінде жүйелі түрде тексеріліп отырады. Мұғалім бақылау әдісі арқылы оқушылардың білімді қаншалықты меңгеріп жүргенін анықтайды. Ал, белгілі бір тақырыпты, не тарауды жинақтау , болмаса тоқсандық, жылдық материалды қорытындылау үшін кезеңді тексеру сабағы өткізіледі. Білім не ауызша, не жазбаша тексеріледі.
Жеке сұрақ бір оқушыға арнайы беріліп, белгілі бір материал бойынша кеңінен жауап беру талап етіледі. Бұл сұрақтың тұтқиылдан қойылуы әр оқушыны әрқашанда жауап беру үшін дайын отыруға мәжбүр етеді. Ал, сұрақты кімге беруді мұғалім күні бұрын белгілейді. Бұл әдісті қолданғанда, оқушының білімі толық анықталып, дәл бағаланады, бірақ уақыт көп жұмсалады.
Ортақ сұрақ бірнеше оқушыдан қысқа, бірақ дәл жауап алу үшін қойылады. Бұл әдісті қолданғанда, сабақта көп оқушы сұраққа жауап беріп үлгереді, оқушылардың белсенділігі көтеріледі, тиісті материалды жинақтап, келесі тақырыпқа көшуге қолайлы жағдай туады. Мұғалім әр оқушының сабақ үстінде берген жауаптарының сапасына қарай баға қояды.
Бір мезгілде бірнеше оқушының сұраққа жауап беруге қамтылуын ұйымдастыруға да болады. Мәселен, бір оқушы сұраққа ауызша жауап қайтарып, екі оқушы тақтада жұмыс орындап, бес-алты оқушы карточкамен жұмыс істеп, басқа оқушылар белгілі бір тапсырманы орындауы мүмкін. Бұл әдіс қазір жиі қолданылады. Оның тоқсандық қорытынды баға шығару үшін тиімділігі мол. Алайда мұндай әдістің үйретушілік сипаты кем. Себебі жеке жауап беретін оқушысыныптағы жалпы жұмыстан аулақ қалады. Ал, сынып болса, өз тапсырмасын орындау ісімен шұғылданып отырғанда, жеке сөйлеген оқушының жауабына не тақтада орындалған жұмыс бабына көңіл бөле алмайды. Сондықтан белгілі бір тақырыптың мазмұнын жүйеге келтіріп жинақтау үшін, әр түрлі тапсырмалардың мөлшері, орындалу мерзімі, олардың бір-біріне байланыстылығы әбден ойластырылуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет