Бастаушы селолық округі әкімінің тұрғындармен есептік кездесуін өткізудің тезистері



Дата23.02.2016
өлшемі53 Kb.
#8979
Бастаушы селолық округі әкімінің тұрғындармен есептік кездесуін өткізудің тезистері
Бастаушы ауылдық округіне Бастаушы және Көкжота елді мекендері кіреді. Округтегі тұрғындар саны 1323 адам. Олардың ішінде 16 жасқа дейінгі балалар 345, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 432 адам, жалдамалы жұмыстағылар 292 адам, зейнеткерлер мен мүгедектер 208 адам . Округ бойынша 2013 жылы 20 бала, 2014 жылы 17 бала дүниеге келді.

Ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі 25231 га, оның ішінде егістік жер 9232 га, шабындық 1827 га, жайылым 14172 га. 2013 жылы егістік көлемі 7211 гектар болса, ал 2014 жылы 8537 гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар 3845 га.; майлы дақылдар 3191 га. 2014 жылғы бидай өнімінің орташа түсімі 5 ц/га, күнбағыстың орташа түсімі 5 ц/га болды. Округ бойынша егін шаруашылығымен 33 ШҚ айналысады.

Округтегі негізгі шаруашылықтың бірі – мал шаруашылығы. Жалпы округтегі мал саны:

Мал түрлері

2013 ж


2014 ж


Пайыз мөлшері

Ірі қара мал /барлығы/

3441

4645

134,9

оның ішінде сиырлар

1245

1899

152,5

Ұсақ мал

11578

11694

101,0

Жылқы

795

1068

134,3

Құстар

3564

4303

120,7

2013 жылы мал шаруашылығына үш шаруа қожалығы 12023,0 мың теңге, жанар-жағар май материалдарына 17 ШҚ 15 005,721 мың теңге субсидия алды. 2014 жылы егін шаруашылығына он алты шаруа қожалығы 27 078,822 мың теңге субсидия алды.

Округ бойынша 1 мал сою алаңы, 1 мал қорымы бар, 1 қолдан ұрықтандыру пункті белгіленіп, арнайы маманмен келісім -шарт жасалынған. Арнайы құрал-жабдықтары бар.

Орта білім беру мекемелері – 2: Абай атындағы және Көкжота орта мектептері. Онда оқитын жалпы оқушылар саны -181. Екі мектепте де шағын орталықтар , мектеп алды даярлық топтары бар, ондағы балалар саны- 90. Абай орта мектебінде 54 оқушы тегін тамақпен қамтылған, оның ішінде аз қамтылған отбасыларынан шыққан 25 оқушы. Көкжота орта мектебі бойынша 39 оқушы тегін тамақпен қамтылған. Әр мектептің жанында өзін-өзі қамту және оқу–тәжірибелік мақсатта картоп пен көкөністер өсіріледі. Бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша орташа балл 2013 жылы 66,8(Бастаушы бойынша-72,1; Көкжота бойынша 61,5), 2014 жылы 73,9балл.

Елбасының Жолдауында жұмыссыздықты азайту, техникалық мамандарды даярлауға баса көңіл бөлінгенін, оның ішінде қайта даярлаудан өту, несие алу, кәсіпкерлікке үйретуге, дамытуға көп жағдайлар жасалатынын атап айтты. 2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы бір адам кәсіптік білім алды, 7 адам несие (барлығы 18,5 млн теңге) алып, өз кәсіптерін ашып отыр. Оның екеуі құс өсіруге, екеуі жылқы өсіруге, төртеуі ірі қара мал өсіруге. 2014 жылы 6 адам ірі қара мал өсіруге, бір адам тұшпара цехын ашуға несие алды. Бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік (А.Нургазин) ашылды.

Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту барысында округте 6 сауда дүкені, 3 май сығатын цех, компьютерлік қызмет көрсету орталығы, 1 көкеніс бригадасы жұмыс істейді.

Жыл көлемінде 3000 бас ірі қара, 6500 бас ұсақ мал серологиялық тексеруден өткізіліп 26 бас ірі қара (2013 жылы 8 бас), 100 бас ұсақ мал (2013 жылы 16 бас) «оң» нәтиже көрсеткені анықталды.

Сонымен қатар иттерді арнайы есепке алу, құтырық ауруына қарсы егу жүргізілді. 2013 жылға 90,0 мың теңге бөлініп, 45 бас бос жүрген иттер жойылды. 2014 жылы 100,0 тың теңге бөлініп, 50 бас бос жүрген иттер жойылды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2013 жылы 5 шаруа қожалығы, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік(СТМ) және 2 жеке кәсіпкерлермен барлығы 7 млн. 510 мың теңгеге 9 меморандум жасалса, 2014 жылы он бір шаруа қожалығымен 10 млн.700 мың теңгеге меморандум жасалды. Меморандумдарға сәйкес ауылды көркейту мен абаттандыруға, мәдениет пен спортты дамытуға, санитарлық тазалық пен төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Салық бойынша орындалғаны:



2013ж 2014ж

- мүлік салығы - 22017 т; 26 798 т ( 121,7%)

- жер салығы - 67094 т ; 73 175т (109,1 %)

- көлік салығы - 530060 т ; 703 535т (132,7%)

Қосымша резервтер бойынша жер сатып алудан бюджетке 664,4,0 мың теңге, көлік салығы бойынша 278,5,0 мың теңге бюджетке қосымша түсім түсті. Шаруа қожалықтарында жұмыс орындарының көбеюіне байланысты 482,3 мың тенге қосымша түсім түсті.

Аудандық бюджетке Бастаушы селолық округі бойынша 2014 жылы жергілікті салықтардан 2 228,8 мың теңге түсті.

Негізгі капиталға инвестиция бойынша 2013 жылы 99683,0 мың теңге түсті. (мешіт құрылысынан, техника алудан). 2014 жылы 40 700 мың теңге түсті.( техника алудан). Жоспарланғаны 31 300,0 мың теңге болды.

2014 жылы селолық округ бюджеті 11 млн 332 мың теңгені құрады.

2015 жылға жоспарланған селолық округ бюджеті 11 млн 364 мың теңгені

құрайды.

Оның ішінде :

- әкім аппаратын қаржыландыруға – 10 млн 404 мың т.

- көркейту мен көгалдандыруға -  100 мың т.

- тазалыққа / санитарияға / - 400 мың т.

- жарықтандыруға - 250 мың т.

Округте 1 дәрігерлік амбулатория және 1 фелдьшерлік пункт бар. Онда 1 дәрігер, 8 орташа медициналық қызметкерлер халыққа қызмет көрсетеді. Медицина бойынша 2012 жылы туберкулезбен бірінші рет ауырғандардың үш фактісі, 2013 жылы бір фактісі тіркелсе, 2014 жылы тіркелген жоқ.

Екі мектептің спорт залдарында күнделікті сабақтан тыс уақыттарда оқушыларға және ауыл жастарына спорт үйірмелері мен секциялары (волейбол, баскетбол, күрес, тоғызқұмалақ т.б.) жұмыс істейді. Секциялардың кестесі бекітіліп, жауапты адамдар тағайындалған.

Сонымен қатар округ көлемінде ұлттық ат спортын дамытуға бағытталған «Дархан» ат спорты клубы бар. Бастаушы ауылдық округі жігіттерінен жасақталған Республика, облысқа кеңінен танымал аудандық көкпаршылар командасы кейінгі жас жеткіншектерді ұлттық патриотизмге, салауаттылыққа тәрбиелеуде үлкен үлгі - өнеге болуда.

Қылмыстың алдын алу шаралары бойынша учаскелік инспектор мектеппен, ауыл жастарымен тығыз байланыс жасайды. 2013 жылы округте 2 ұсақ қылмыс тіркелсе, 2014 жылы 3 ұсақ қылмыс тіркелді. Заң жүзінде жауапкершілікке тартылды.

Округ көлемінде 2 клуб үйі, 3 кітапхана жұмыс істейді. 2013 жылы «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігі ұлттық атағын қорғады.

Алға қойған негізгі мақсат–міндеттерге, халық сұраныс-ұсыныстарына байланысты төмендегідей жұмыстар атқарылды:

1. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы 7 адам несие алды.

2. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауылды абаттандыруға, әлеуметтік мәселелерді шешу жұмыстарына ШҚ, ауылдан шыққан азаматтар тартылып біршама жұмыстар атқарылды, Бастаушы ауылындағы «Мектеп» көшесін жарықтандыруды «Ғабдуалиұлы»ШҚ басшысы Раханов Нұрлан Ғабдуалиұлы (14 баған орнатты, 1,5 млн.теңге) және Құсайынұлы ШҚ басшысы Құмаров Бақытбек Құсайынұлы(7 баған орнатты, 1,0 млн.теңге) жүргізді. Алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

3. Абай орта мектебінің құрылысына құны 64 млн.теңге жобалық-сметалық құжат дайындалды «Казгидроцветмет» ЖШС басшысы Т.Ж.Чайжунусов демеушілік көрсетті. 2015 жылға құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланды. Құрылыстын құны 624 млн тенге.

4. Бастаушы-Көкжота трассасын тегістеу 2 рет жүргізілді.

5. Округтің жұмыспен қамту картасы жасалды.

6. Бастаушы ауылында «Ақбұлақ» таза су бағдарламасы бойынша сметалық құжат дайындалды, 2015 жылға құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланды.

7. Бастаушы ауылындағы «Жеңіс» саябағына ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына орай жаңадан обелиск орнату жұмыстары басталды. Мемориалдық плиталарға Семей қаласына тапсырыс берілді. Тағы да қоршау, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

8. Негізгі азық-түліктерге бағаны тұрақтандыру мақсатында аудан әкімінің қолдауымен бұрыңғы жер асты тирда тұрақтандыру қоры құрылды. Картоп, көкеніс сақтауға пайдаланады. Сыйымдылығы 360 текше метрді құрайды. 100 тоннадан астам өнім сақталады.

- Ауданда, Өскемен, Алматы, Астана қалаларында өткен жәрмеңкелерге қатыстық;

Құрметті ауылдастар! Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты өрлеу мен өркендеуге, қарышты қадам бастыратын Жолдауын басшылыққа ала отырып, алдағы уақытқа төмендегі міндеттер мен мақсаттарды жоспарлаймын.

Алға қойған басты мақсаттар мен міндеттер:



  1. Ауылды абаттандыру, көркейту жұмыстарын жандандыру

  2. Бастаушы ауылын заман талабына сай жарықтандыруды аяқтау

  3. Бастаушы ауылына мал сою алаңын және мал қорымын салу

  4. Ветеринарлық –санитарлық ахуалды жақсарту, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейту

  5. Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу, тегістеу жұмыстарын жүргізу

  6. Елбасының тапсырмасына байланысты жұмыссыздықты азайту, кәсіпкерлікті дамыту бағытында қайта даярлау, жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау жасау.

  7. Ауыл ішіндегі қауіпті теректерді кесуді ары қарай жүргізу.

  8. Бастаушы-Көкжота трассасын тегістеу, жөндеу.

  9. Көкжота ауылындағы клуб үйін жөндеу.

  10. Көкжота ауылына мал енгізу орнын (раскол) жасау.

  11. Көкжота ауылына Таза ауызсу енгізу.

Болашағымызды айқындайтын 7 стратегиялық басым бағыттардан тұратын Президенттің маңызды құжаты экономикамыздың серпінді дамуына, қарапайым халықтың әл-ауқатының артуына зор ықпал жасайды. Мемлекет басшысы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті өркендету, орта және шағын бизнесті қолдау, адамдарды жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықты азайтудың іргелі мәселесін ұсынды. Ендігі жерде біздер бастаушылықтар, халық болып қауымдасып, ауылымызды көркейту мен абаттандыру т.б. ауқымды істерді жүзеге асыруға атсалысуымыз қажет. Еліміз үшін еселі еңбек ету әрқайсымыздың абыройлы азаматтық борышымыз деп білемін. Олай болса, барлықтарыңызды егемен еліміздің гүлденуі жолында еңбек етуге шақырамын.



Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет