Бақтыгерей Құлманов Орындаған: Теңдібай А. және Қалиев А



бет2/3
Дата12.04.2024
өлшемі1.36 Mb.
#498547
1   2   3
510722.pptx

Ол қазақ даласынан сайланған Ш.Қосшығұлов, Б.Қаратаев, С.Жантөрин, М.Тынышбаев, Т.Алдабергенов, Ә.Бөкейханов, А.Қалменов, А.Бірімжанов сияқты ұлт зиялыларымен бірге мемлекеттік шовинизм мен империялық саясат үстемдік етіп тұрған сол кездің өзінде ел намысы мен талан-таражға түскен қазақ жерін қорғау ісіне барынша үлес қосты.

  • Ол қазақ даласынан сайланған Ш.Қосшығұлов, Б.Қаратаев, С.Жантөрин, М.Тынышбаев, Т.Алдабергенов, Ә.Бөкейханов, А.Қалменов, А.Бірімжанов сияқты ұлт зиялыларымен бірге мемлекеттік шовинизм мен империялық саясат үстемдік етіп тұрған сол кездің өзінде ел намысы мен талан-таражға түскен қазақ жерін қорғау ісіне барынша үлес қосты.

Б.Құлманов көптеген қазақ зиялылары сияқты Ақпан төңкерісіне үлкен үміт артты. Патшаның тақтан құлауын, Ресейдегі монархияның күйреуін демократиялық өзгерістерге кең өріс ашар зор құбылыс ретінде қабылдайды. Сөйтіп жаңа өмірдің саяси қозғалыстарына белсене араласа бастайды. Өз елінде үлкен бедел иесі саналатын ол халық арасында Ақпан төңкерісінің мақсат-мұраттарын түсіндіріп, оның азаматтық идеяларын уағыздайды.

  • Б.Құлманов көптеген қазақ зиялылары сияқты Ақпан төңкерісіне үлкен үміт артты. Патшаның тақтан құлауын, Ресейдегі монархияның күйреуін демократиялық өзгерістерге кең өріс ашар зор құбылыс ретінде қабылдайды. Сөйтіп жаңа өмірдің саяси қозғалыстарына белсене араласа бастайды. Өз елінде үлкен бедел иесі саналатын ол халық арасында Ақпан төңкерісінің мақсат-мұраттарын түсіндіріп, оның азаматтық идеяларын уағыздайды.
  • 1917 жылы сәуірде Бөкей Ордасындағы елді мекендерде тұратын қазақтардың арнайы съезі болды. Съезге қазақ даласына есімдері белгілі Ғ.Мұсағалиев, И.Меңдіханов, С.Меңдешев, Б.Ниязов, М.Шомбалов, Ш.Бекмұхамбетов сияқты зиялылар қатысқан. Бұл съезд негізінде Ішкі Ордадағы басқару жүйесін жетілдіруге арналған еді. Съезд өз мәжілісінде басқару ісін жүргізудің орталық комитетін сайлады. Сонымен қатар съезд Бақтыгерей Құлмановқа «Қазақ халқының Астрахань өлкесіндегі комиссары» ретінде билік жүргізуге құқық берді. Халық алдында беделі бар Б.Құлманов ел басқару ісіне белсене кірісіп, егемендікке жетудің ірге тасын қалауға араласты. Б.Құлманов ұлтжанды қазақ зиялыларымен бірге Алаш партиясы мен оның үкіметін құруға белсенді түрде ат салысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет