Б.Құлманов 1917 жылы желтоқсанда Орынбор қаласында өткен жалпықазақ съезіне арнайы шақырумен қатысып, съезд төрағасы болып сайланды. Съезд Алаш Орда үкіметінің билік жүргізуші органы - Халық Кеңесінің төрағасын сайлау мәселесін алға қойған кезде Б.Құлмановтың есімі Ә.Бөкейханов және А.Тұрлыбаевтармен бірге демократиялық негізде дауысқа түсті. Төрағалыққа өтпегенмен де, Б.Құлманов жаңа құрылған Алашорда үкіметінің құрамына мүше болып сайланды. Халық мүддесін жоғары қойған ол Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов сынды ұлт зиялыларымен тізе қосып, халық мұраты жолында Алаш партиясының құрамына қосылды. Алаш қайраткерлері жалпы адамзаттық гуманизм қағидаларын да ұмытпай, бүкіл қазақ халқының мұң-мүддесіне қызмет етті және бүкіл ғұмырын осы мақсатқа жетуге арнады. - Б.Құлманов 1917 жылы желтоқсанда Орынбор қаласында өткен жалпықазақ съезіне арнайы шақырумен қатысып, съезд төрағасы болып сайланды. Съезд Алаш Орда үкіметінің билік жүргізуші органы - Халық Кеңесінің төрағасын сайлау мәселесін алға қойған кезде Б.Құлмановтың есімі Ә.Бөкейханов және А.Тұрлыбаевтармен бірге демократиялық негізде дауысқа түсті. Төрағалыққа өтпегенмен де, Б.Құлманов жаңа құрылған Алашорда үкіметінің құрамына мүше болып сайланды. Халық мүддесін жоғары қойған ол Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов сынды ұлт зиялыларымен тізе қосып, халық мұраты жолында Алаш партиясының құрамына қосылды. Алаш қайраткерлері жалпы адамзаттық гуманизм қағидаларын да ұмытпай, бүкіл қазақ халқының мұң-мүддесіне қызмет етті және бүкіл ғұмырын осы мақсатқа жетуге арнады.
1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда өткен Жалпы қазақтық съезде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа Бөкейліктен Б.Құлманов, У.Танашев, Б.Ниязов ұсынылады. «Қазақ» газеті Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылған адамдарды сипаттай келе Бақыткерей туралы: «…Университет бітірген кісі. Былтыр 25 июнь жарлығы шыққаннан кейін „Арыз айтасыз, Мәулет сөйлейсіз“ деп Астрахань губернаторы Бақыткерейді жер аударып еді. Бақыткерей Самар губерниясынан еліне бостандық туғаннан кейін ғана қайтты», деп оның күрескерлік қимылын атап өтеді. - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда өткен Жалпы қазақтық съезде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа Бөкейліктен Б.Құлманов, У.Танашев, Б.Ниязов ұсынылады. «Қазақ» газеті Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылған адамдарды сипаттай келе Бақыткерей туралы: «…Университет бітірген кісі. Былтыр 25 июнь жарлығы шыққаннан кейін „Арыз айтасыз, Мәулет сөйлейсіз“ деп Астрахань губернаторы Бақыткерейді жер аударып еді. Бақыткерей Самар губерниясынан еліне бостандық туғаннан кейін ғана қайтты», деп оның күрескерлік қимылын атап өтеді.
- Ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанда өткен Жалпықазақтық съезге ол арнайы шақырылып, съез президумының төрағасы болады. Съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланады.
- Алашорда үкіметінің төрағасының орнына Ә.Бөкейханов, А.Тұрлыбаев пен бірге Б.Құлмановтың да түсуі де көп жайтты аңғартады. Осы съезден кейін ол еліне қайтып, артынан сүзек ауруынан 1919 жылы Жаңақалада қайтыс болады. Кейбір энциклопедияда жазылып жүргендей, ол шетел асып кеткен жоқ.
Бақтыгерей Құлманов ауыр науқасқа шалдығып, 60 жасында қайтыс болған.Бақтыгерей Құлманов қазақ еліне сіңген еңбегі көп. - Бақтыгерей Құлманов ауыр науқасқа шалдығып, 60 жасында қайтыс болған.Бақтыгерей Құлманов қазақ еліне сіңген еңбегі көп.
Назар салып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!!! Назар салып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |