Батылдық сабағы



Дата08.07.2016
өлшемі9.14 Kb.
Батылдық сабағы

Екібастұз  қаласындағы  қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі қызметкерлері қатысқан  әскери –дала жиыны «Үміт» балалар үйінде  13 қыркүйек  күні ұйымдастырылды. Жиынға балалар үйінің барлық  тәрбиеленушілері  қатысты. Жиын жастарға патриоттық тәрбие беру,болашақта армия қатарына шақырылатындардың моралдық – психологиялық, және арнайы дайындығын нығайту, жасөспірімдерде  әскери борышын өтеуге деген қызығушылығы мен мақтаныш сезімін тудыру мақсатында өткізілді.



Батылдық сабағы бәсекелестік тудыру мақсатында сайыс түрінде өткізіліп, Жастар үйінің тәрбиеленушілері  мен арнаулы Кадет мектебінің оқушылары шақырылды. Сынақ нәтижесі бойынша ең көп ұпай жинаған топ Жастар үйінің командасы  «Жастар» бірінші орын, екінші орынды Кадет мектебі оқушылары, ал Үміттіктер – үшінші орынды иеленді. Жиын соңында  қатысушылар мақтау грамоталары мен тәтті сыйлықтармен марапатталды. Марапаттаудан соң жиынға қатысушылар  ауған – ардагерлері кеңесінің мүшелерінің қатысуымен дайындалған концерттік бағдарламаны  тамашалады. «Зарница»  әскери –дала ойындары «Үміт» балалар үйі мен  Екібастұз  қаласындағы  қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі бірлесіп атқаратын дәстүрлі  іс-шаралардың біріне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет