Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының 2015 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп



Дата08.07.2016
өлшемі31.21 Kb.
#184475
Қосымша 2

Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының 2015 жылғы

мемлекеттік қызметтер бойынша

есеп
1.Жалпы ереже

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді: «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы»

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны - 0;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 0;

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 0;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 0;

бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер саны: 1 (бір) стандарт – «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №285 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда №11154 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» және 1(бір) регламент Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі №195 (Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 11қыркүйекте №4023 тіркелді) қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы»

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат - жоқ.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер – сайт karzhy-bko.gov.kz, Басқарманың ғимаратында орнатылған стенд;

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат – өткізілген жоқ;

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) – өткізілген жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері - жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар – өткізілген жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру – ұсыныстар жоқ.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат – шағымдар түскен жоқ

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі №195 (Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 11 қыркүйекте №4023 тіркелді) қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» регламент негізінде мемлекеттік қызметті көрсетеді.



2015 жылы мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүліктерін мемлекетке сыйға тарту туралы өтініштері ұсынылмағандықтан, мемлекеттік қызмет көрсетілген жоқ.

Басқарма басшысы А.Салахатдинова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет