Бейсенбі күні сағат 02:15 де жетті.
2-мысал: Бүгін аптаның сәрсенбі күні болса, 100 күннен кейін аптаның қай күні болатынын табыңыз.
А) Сәрсенбі күні В) Жұма күні С) Бейсенбі күні Д) Сенбі күні Е) Дүйсенбі күні
Әр жеті күн сайын аптаның дәл сол күніне айналып келеді. Яғни 100-ді 7-ге бөлеміз де қалдықты санаймыз.
100:7=14(2 қалдық)
Яғни 100 күнде 14 апта және 2 күн бар. 14 аптадан кейін қайтадан сәрсенбі күні болады және 2 күн алдыға жүреміз: бейсенбі, жұма. Сонымен бүгін аптаның сәрсенбі күні болса, 100 күннен
кейін аптаның жұма күні болады.
3-мысал: Бүгін тамыз айының 27-сі болса, 6 күннен кейін қай айдың қай күні болатынын анықтаңыз.
А) Қыркүйек айының 3-і
В)Қыркүйек айының 7-і
С) Қыркүйек айының 4-і
Д) Қыркүйек айының 2-і
Е) Қыркүйек айының 1-і
Тамыз айы 31 күнге толады. Сонымен 4 күннен соң тамыз айы аяқталады. Тағы да 2 күн келесі айға өтеді. Яғни
қыркүйек айының 2-сі болады.
4-мысал: Егер қабырғалы сағат тілі әр күн сайын 1 минутқа қалып отырса, қанша күннен кейін сағат дұрыс уақытты көрсетеді?
A)100 B)120 C)60 Д)240 E)360
1 сағатта 60 минут бар. 60 күннің ішінде сағат 60 минутқа артта қалады немесе 1сағатқа. Сағаттық тіл он
екі бөлікке бөлінгендіктен, сағаттық тіл қайта орнына келу үшін 12 сағат қажет.
12·60күн=720күн
Демек, қайта орнына келу үшін 720 күн қажет