Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті


§1. 2. САНДАРДЫҢ БӨЛІНГІШТІК БЕЛГІЛЕРІ. БӨЛГІШТЕР САНЫН ТАБУ



бет6/49
Дата15.03.2024
өлшемі1.86 Mb.
#495636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Математикалы сауаттылы Есетов ЕН

§1. 2. САНДАРДЫҢ БӨЛІНГІШТІК БЕЛГІЛЕРІ. БӨЛГІШТЕР САНЫН ТАБУ.
Санға бөлінгіштік қасиеттері:
1-ге бөлінгіштік белгісі
● Кез келген сан 1-ге бөлінеді.
2-ге бөлінгіштік белгісі
● Егер санның соңғы цифры 2-ге бөлінсе, онда сол сан 2-ге бөлінеді. Немесе былай да айтуға болады: санның соңғы цифры 0, 2, 4, 6, 8 цифрларымен аяқталса, онда сол сан 2-ге бөлінеді.
3-ке бөлінгіштік белгісі
● Егер санның цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе, онда сол сан 3-ке бөлінеді.
1-мысалы: 6123 санының цифрларының қосындысы 12 саны 3-ке бөлінгендіктен бүкіл 6123 саны да 3-ке бөлінеді. 6+1+2+3=12 Тексеріп көрейік: 6123:3=2041
4-ке бөлінгіштік белгісі
● Егер санның соңғы екі цифрынан құралған екі таңбалы сан 4-ке бөлінсе немесе сан екі нөлмен аяқталса, онда сан 4-ке бөлінеді.
2-мысалы: 7564 саны 4-ке бөлінеді, өйткені 64 саны 4-ке бөлінеді. Ал 314 саны 4-ке бөлінбейді, себебі 14 саны 4-ке бөлінбейді.
5-ке бөлінгіштік белгісі
● Егер санның соңғы цифры 0 немесе 5 болса, онда ол сан 5-ке бөлінеді.
6-ға бөлінгіштік белгісі
● Егер де сан 2-ге де және 3-ке де бөлінсе, онда ол сан 6-ға бөлінеді.
3-мысалы: 20118 саны 6-ға бөлінеді, себебі 20118 саны 2-ге де 3-ке де бөлінеді. 2+0+1+1+8=12 12⋮3 Тексеріп көрейік: 20118:6=3353
7-ге бөлінгіштік белгісі
● Санның 7-ге бөлініп бөлінбейтінін тексеру үшін: берілген санды соңынан бастап үш-үш цифрдан жіктейміз. Тақ бөліктерін қосамыз. Және жұп бөліктерін қосамыз. Нәтижелеріне қарай үлкен саннан кіші санды азайтамыз. Егер шыққан нәтиже 7-ге бөлінсе, бүкіл сан да 7-ге бөлінеді.
4-мысалы: 219905
905–219=686 686:7=98 219905:7=31415
8-ге бөлінгіштік белгісі
● Егер санның соңғы үш цифрынан құралған үш таңбалы сан 8-ге бөлінсе немесе сан үш нөлмен аяқталса, онда сан 8-ге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет