§3.3. Оқиғаларға қолданылатын амалдар
А мен В сыйысатын оқиғаладың қосыныдысы деп, олардың, ең болмағанда біреуінің пайда болуынан тұратын D оқиғасын айтамыз. Бұл жағдай деп жазылады, мысалы, тиын лақтырғанда А оқиғасы деп « » пайда болуы, В оқиғасы деп «с» шығуы десек, онда оқиғасы не А оқиғасының немесе В оқиғасының пайда болуынан тұрады.
Егер сыйысатын оқиғалары берілсе, онда олардың ең болмағанда біреуінің пайда болуынан тұратын оқиғаны былай жазады:
А оқиғасының пайда болуынан және В оқиғасының пайда болуынан тұратын С оқиғасы, А және В оқиғаларының айырмасы дейміз. Бұл жағдай деп жазылады.
Егер сыйыспайтын оқиғалар болса, онда осы оқиғалардың кез келген біреуінің пайда болуынан тұратын С оқиғасын олардың қоындысы дейміз. Сонымен . Мысалы, 36 картадан тәуекелге 3 картаны суырып алайық. Осы үш картаның ең болсағанда біреуінің «тұз» болуын В оқиғасы делік. - оқиғасы- бір тұздың пайда болуы, - екі тұздың, - үш тұздың пайда болуы делік, сонда В оқиғасы бірікпейтін оқиғалардың біреуі пайда болғанда орындалады. Сондықтан . А және В оқиғаларының көбейтіндісі деп, олардың бірге пайда болуынан тұратын С оқиғасын айтамыз. Бұл деп белгіленеді. оқиғаларының көбейтіндісі деп, олардың бәрінің бірге пайда болуынан тұратын С оқиғасын айтамыз. Яғни, .
Мысалы, нысанаға үш мерген, бір- біріне тәуілсіз, оқ атады делік. Егер - оқиғасы- бірінші мергенның оғының нысанаға даруы, - екіншісінікі, - үшіншісінікі десек, онда , оқиғаларына қарама- қарсы оқиғалар.
§2.1. -2.3. тақырыптарға арналған тапсырмалар:
1. Жеті картаға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 цифрлары жазылған. Карталар әбден араластырылғаннан кейін кез келген 4 карта алынды да олар солдан оңға қарай қойылды. Сонда 5 4 6 3 саны шығатындығының ықтималдығы қандай?
Жауабы: 0,0286
2. Экспедицияға 20 машинаның кез келген 5 машинасы тексеруге алынды. Экспедицияда 2 машина істен шыққан болатын.
а) Алынған 5 машинанаың барлығы да жарамды болуының ықтималдығы қандай?
б) Алынған 5 машинаның біреуі істен шыққан, ал төртеуінің жарамды болуының ықтималдығы қандай?
Жауабы: а) 0,55 б) 0,395
3. Жәшіктегі 15 детальдің 10 – ны боялған. Жинаушы кез келген 3 деталь алды. Алынған 3 деталь да боялғандығының ықтималдығы қандай?
Жауабы:
4. Бірінші жәшіктегі 1 – ден 5 – ке дейін, ал екіншімінде 6 – дан 10 – ға дейін нөмерленген шарлар бар. Әрбір жәшіктен бір – бірден шар алынды. Алынған екі шардың нөмерлерінің қосындысы 11 болуының ықтималдығы қандай?
Жауабы: 0,2
5. Студент 60 сұрақтын 50 – ін бледі. Әрбір билет екі сұрақтан тұрады. Алған билеттегі екі сұрақты да білетіндігінің ықтималдығы қандай?
Жауабы: 0,692
6. Топтағы 30 оқушының бақылау жұмысында 6 – ы «5», 10 – ы «4», ал 9 – ы «3»деген бағалар алды. Тақтаға үш оқушы шығарылды. Шақырылған үш оқушының да «2» алғандығының ықтималдығы қандай?
Жауабы: 1/406
7. Белгілі бір 6 дүкендегі 3 ревизор тексеруі керек еді. Әр ревизор 2 дүкенді тексеруі тиіс. Тексеруші ревизорлар кездейсоқ бөлінді. Сонда бірінші ревизордың кез келген екі дүкенге жіберілуінің ықтималдығы қандай?
Жауабы: 0,0667
8. 36 картаның кез келген үшеуі алынды. Алынған үш картаның екеуі тұз болуының ықтималдығы қандай?
Жауабы: 0,027
9. Қорапта нөмерленген бірдей 6 куб бар. Қораптан кез келген ретпен барлық кубтар алынды. Алынған кубтар нөмірлерінің өсу ретімен шығуының ықтималдығын табу керек.
Жауабы: 1/720
10. Дайындалған 10 детальдің 7 – і сапалы. Осыдан алынған кез келген 6 детальдің 4 – сапалы болуының ықтималдығы қандай?
Жауабы: 0,5
Достарыңызбен бөлісу: |