Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті


§4.3. Химиялық концентрацияға байланысты мәселе есептер



бет46/49
Дата15.03.2024
өлшемі1.86 Mb.
#495636
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Математикалы сауаттылы Есетов ЕН

§4.3. Химиялық концентрацияға байланысты мәселе есептер

  1. 15 литр 10%-тік тұз ерітіндісіне 5%-тік тұз ерітіндісі араластырылып, 8%-тік ерітінді алынған. Қанша литр 5%-тік ерітінді қосылған?

Жауабы: 10 л

  1. 20 литр 15%-тік тұз ерітіндісіне 10%-тік тұз ерітіндісі араластырылып, 14%-тік ерітінді алынған. Қанша литр 10%-тік ерітінді қосылған?

Жауабы: 5 л

  1. 30 литр 20%-тік тұз ерітіндісіне 15%-тік тұз ерітіндісі араластырылып, 18%-тік ерітінді алынған. Қанша литр 15%-тік ерітінді қосылған?

Жауабы: 20 л

  1. 30 литр 30%-тік тұз ерітіндісіне 20%-тік тұз ерітіндісі араластырылып, 26%-тік ерітінді алынған. Қанша литр 20%-тік ерітінді қосылған?

Жауабы: 20 л

  1. 50%-тік қышқыл ерітіндісін алу үшін 30 г 15%-тік қышқыл ерітіндісіне 75%-тік сол қышқыл ерітіндісін қосу керек. Қосатын 75%-тік қышқыл ерітіндісінің мөлшерін табыңыз.

Жауабы: 42 г

  1. 20%-тік қышқыл ерітіндісін алу үшін 40 г 15%-тік қышқыл ерітіндісіне 40%-тік сол қышқыл ерітіндісін қосу керек. Қосатын 40%-тік қышқыл ерітіндісінің мөлшерін табыңыз.

Жауабы: 10 г

  1. 12%-тік қышқыл ерітіндісін алу үшін 30 г 10%-тік қышқыл ерітіндісіне 15%-тік сол қышқыл ерітіндісін қосу керек. Қосатын 15%-тік қышқыл ерітіндісінің мөлшерін табыңыз.

Жауабы: 20 г

  1. Теңіз суының құрамында 5% тұз бар (массасы бойынша). 80 кг теңіз суына, ондағы тұздың мөлшері 4% болу үшін қанша тұщы су құю керек?

Жауабы: 20 кг.

  1. Теңіз суының құрамында 20% тұз бар (массасы бойынша). 40 кг теңіз суына, ондағы тұздың мөлшері 16% болу үшін қанша тұщы су құю керек?

Жауабы: 10 кг.

  1. Теңіз суының құрамында 10% тұз бар (массасы бойынша). 60 кг теңіз суына, ондағы тұздың мөлшері 6% болу үшін қанша тұщы су құю керек?

Жауабы: 40 кг.

  1. 36 кг мыс пен мырыш қорытпасының 45%-і мыс. Қорытпада 60%-тік мыс болу үшін, қорытпаға қанша мыс қосу керек?

Жауабы: 13,5 кг

  1. 50 кг мыс пен мырыш қорытпасының 12%-і мыс. Қорытпада 20%-тік мыс болу үшін, қорытпаға қанша мыс қосу керек?

Жауабы: 5 кг

  1. 22 кг мыс пен мырыш қорытпасының 5%-і мыс. Қорытпада 16,4%-тік мыс болу үшін, қорытпаға қанша мыс қосу керек?

Жауабы: 3 кг

  1. 20 кг кептірілмеген саңырауқұлақтың құрамында 40% су бар. Саңырауқұлақтың құрамындағы судың мөлшері 20% болуы үшін неше кг суды буландыру керек? Жауабы: 5 кг

  2. 30 кг кептірілмеген саңырауқұлақтың құрамында 20% су бар. Саңырауқұлақтың құрамындағы судың мөлшері 4% болуы үшін неше кг суды буландыру керек? Жауабы: 5 кг

  3. 50 кг кептірілмеген саңырауқұлақтың құрамында 30% су бар. Саңырауқұлақтың құрамындағы судың мөлшері 12,5% болуы үшін неше кг суды буландыру керек? Жауабы: 10 кг

  4. Құрамындағы йод 1% болатын 300 г спирт бар. Құрамындағы йод 10%-тен аспайтын болу үшін осы спиртке қанша грамм йод қажет?

Жауабы: 0

  1. Бір ерітіндіде 30% (көлемі бойынша) азот қышқылы, ал екіншісінде 55% азот қышқылы бар. 50%-тік 100 литр азот қышқылының ерітіндісін алу үшін, бірінші және екінші ерітінділерден қаншадан алуымыз керек?

Жауабы: 20 л; 80 л

  1. Құрамында никель 5% және 40% болатын екі сорт болат сынақтары бар. Құрамында 30%никелі бар 140 т болат алу үшін әр сорттан қанша болат алу керек?

Жауабы: 40 т; 100 т

  1. Алтын мен күмістің екі балқымасы бар. Бір балқымадығы бұл металдардың мөлшері 2:3 қатынасындай да, ал екіншісінде 3:7 қатынасындай. Алтын мен күміс 5:11 қатынасында енетіндей 8 кг жаңа балқыма шығарып алу үшін, әр балқымадан қанша алу керек?

Жауабы: 1; 7

  1. Бір бөшкеде спирт пен судың қоспасы 2:3 қатынасындай, ал екіншісі 3:7 қатынасындай. Спирт пен су 3:5 қатынасында енетіндей 12 шелек қоспа алу үшін, әр бөшкеден қанша шелектен алу керек?

Жауабы: 9; 3

  1. Алтын мен күмістің екі балқымасы бар. Бір балқымадығы бұл металдардың мөлшері 3:7 қатынасындай да, ал екіншісінде 3:1 қатынасындай. Алтын мен күміс 3:5 қатынасында енетіндей 24 кг жаңа балқыма шығарып алу үшін, әр балқымадан қанша алу керек?

Жауабы: 20; 4

  1. Алтын мен күмістің екі балқымасы бар. Бір балқымадығы бұл металдардың мөлшері 3:4 қатынасындай да, ал екіншісінде 2:3 қатынасындай. Алтын мен күміс 5:7 қатынасында енетіндей 36 кг жаңа балқыма шығарып алу үшін, әр балқымадан қанша алу керек?

Жауабы: 21; 15

  1. Металдардың суда салмағы өзгеретіні белгілі. 36 г мырыштың судағы салмағы 31 г, ал 23 г қорғасынның судағы салмағы 21 г болды. Массасы 292 грамнан тұратын мырыш пен қорғасынның қорытындысының судағы салмағы 261г. Қорытпада қанша мырыш және қорғасын бар екенін табыңыз.

Жауабы: 108 г мырыш және 184 г қорғасын




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет