Бауыр және ұйқы безі



бет3/3
Дата02.03.2022
өлшемі1 Mb.
#455886
1   2   3
125095.pptx

Ұйқы безі басы, құйрығы және дене бөліктерінен тұрады. Ұйқы безінің қандануы үш қантамырлармен: 1) a. hepatica–дан қанданатын a. gastroduodenalis 2) a. pancreatoduodenalis inferior 3) денесін және құйрығын қандандыратын a. Lienalisтұрады.

Ұйқы безінің физиологиясы

Ұйқы безінің құрылысы альвеолярлы ацинусты, бір бірінен жеке данекер тінді қабатпен бөлінген көптеген бөліктерден тұрады. Әр бөлігі әр түрлі формадағы секреторлы эпителиалды клеткадан құралған: үшбұрышты, домалақ және целиндрлі. Бұл клеткалардан панкреатикалық сөлдер бөлінеді.

Ұйқы безінің паренхимасында топтасып орналасқан Лангерганс аралшықтары деген ерекше жасушалар бар. Аралшықтардың үлкендігі 50ден 400мкм диаметрді құрайды. Олардың жалпы салмағы ересек адамның безінің салмағының 1–2% құрайды. Лангерганс аралшықтары қантамырлармен өте бай қанданған, яғни ол ішкі секреция қызметін атқаруына байланысты, гормонды қанға бөліп көмірсу алмасуына қатысады

Ұйқы безі ішкі және сыртқы секрецияға қатысады.

Ұйқы безінің сыртқы секрециялық қызметі 12 елі ішекке сөл бөле отырып ас қорыту жүйесінде маңызды роль атқарады. Ұйқы безі күніне сілтілі(рН 8. 3–8. 9)1500–2000 мл панкереатикалық сөл бөліп шығарады. Сөлдің құрамына келесі ферментер кіреді:трипсиноген, амилаза, липаза мальтаза, лактаза, инвертаза, ренин, сычужный фермент және өте аз мөлшерде эрепсин.

Үйқы безінің ішкі секрециялық қызметі төрт гормон өндірумен сипатталады: инсулин, липокаин, глюкагон және каллнкреин(падутина).

Лангерганс аралшықтары глюкагон өндіретін 20–25% А жасушаларынан, инсулин өндіретін және депода сақтайтын 75–80%В жасушаларынан тұрады. D–жасушалары самостатин, ал С жасушалары гастрин өндіреді.

Сұрақтар

  • Ұйқы безінің пішіні қандай?
  • Ұйқы безі неше беткейден тұрады?
  • Ұйқы безінің ұзындығы қанша?
  • Ұйқы безі қандай секрецияларға қатысады?
  • Ұйқы безі күніне қанша сілтілі панкереатикалық сөл бөліп шығарады?
  • Ұйқы безінің салмағы қанша?
  • Ұйқы безінің құрылысы альвеолярлы ацинусты және бір бірінен қандай қабатпен бөлінген?
  • Ұйқы безі қандай бөліктерден тұрады?
  • Ұйқы безі қай жерде орналасқан?
  • Үйқы безінің ішкі секрециялық қызметі төрт гормон өндірумен сипатталады. Олар қандай гормондар?

Назарларыңызға рахмет!

Орындаған: Казезов Е.Б



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет