Бауыржан ахметов, СҚму студентi



Дата02.07.2016
өлшемі18.97 Kb.
#172151
Бауыржан АХМЕТОВ, СҚМУ студентi

Татьяна АХМЕТОВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Қазақ тiлi - бай тiл


Тiл - халықтың жаны. Тiлi құрыса, халық та жер бетiнен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениеттi елдердiң өшiп кетуi алдымен тiлдi жоғалтудан басталғанын ғылымдар да дәлелдеп отыр.

Тiлге деген құрмет-халыққа деген құрмет. Тiлсiз халықтың, елдiң өмiр сүруi мүмкiн емес. Әлем таныған ел болу үшiн тiлiмiздiң жұлдызын биiктетуiмiз керек.
Тiл - қастерлi де, қасиеттi ұғым. Ол әрбiр адамға ана сүтiмен бiрге енiп, қалыптасады. Ана тiлiн игерген адам туған жерiн елiн, Отанын атамекенiн сүйедi деген сөз. Ал, бұлардың бәрi - адам баласы үшiн ең қасиеттi ұғымдар. Өмiрдiң алмастай қырын, абзал сырын түсiне бiлуiне басты себепкер болып саналады. Бiздiң мемлекеттiк тiлiмiз - қазақ тiлi. Ал мемлекеттiк тiл  - татулық пен бiрлiктiң тiрегi. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев: «Бiздiң басты байлығымыз - халықтар достығын қалыптастыруға қазақстандықтардың бiрнеше буын ұрпақ өкiлдерi тер төктi. Өткендi қайтадан сарапқа салу барысында бiз бұл байлықты уыстан шығарып алмауымыз керек, қалыптасқан жақсы дәстүрдi ұмытуға болмайды… бiз елдiң барлық азаматтары мүмкiндiктерiнiң теңдiгiне негiзделген өзiмiздiң бiртұтас азаматтығымызды дамытамыз. Қазақстандағы этникалық диаспораларға қатысты теориялық емес, тәжiрибе жүзiнде төмендегiдей формула қалыптасқан: ұлттық «менiн» сақтау және өзi азаматы болып табылатын елге деген отансүйгiштiгi… Бүгiнде бiз Қазақстанды жасадық. Ендi қазақстандықтарды, яғни өз Отанының патриоттарын тәрбиелейiк» - деп атап көрсеттi.

Қазақ тiлi  - өзiнiң данасындай кең пiшiлген жайдары да жалпақ тiл. Қазақ сөзi қашанда даланың қоңыр желiндей аңқылдап еркiн есiп тұрады. Туған тiл - бiздiң бiрiншi бақытымыз, бiрiншi ырысымыз, бiз сондықтан «Ана тiлiмiз» деймiз. Қазақтар өз тiлiн «Ананың тiлi» деп ерекше құрметтейдi. Басқа тiлдi бiлу, әрине, мақтаныш. Әйтсе де, өз ана тiлiн аяқ басты етуге болмайды.

Бүгiн “ана тiлiмiз мәңгiлiк елiмiзбен бiрге мәңгiлiк тiл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете бiлгенiмiз жөн”, - деп анықтайды Елбасымыз өз Жолдауында. Тiл - халықтың рухани өмiрiнiң негiзi, оның мәдениетiнiң, өнерiнiң, пәлсапалық ойының сенiмдi көрсеткiшi. Тiлге өте ұқыпты болу қажет, оны ұмытпау керек, себебi ол бiздiң түп тамырымыз бен шыққан тегiмiздi сақтайды. Тiл - бұл бiзге таным үшiн күш пен қуаныш сыйлайтын таза бұлақ. Ол ғылымның бiрiгуi мен мызғымастығына септiгiн тигiзедi, тәрбие құралы, отбасы, тұрмыс жағдайында адамдарддың ара қатынасын жалғастырушы құрал болып табылады.

Тiлдi сақтап қалу үшiн өз тiлiңде қарым-қатынас жасау, оны мақтан ету, сүю, сыйлау және қорғау сияқты қолжетiмдi әрi қарапайым әрекеттер жасау қажет.



// Молодежная - Жастар. - 2014. - 31 марта

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет