«Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері патриотизмге тәрбиелеудің құралы» тақырыбындағы ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы



бет3/3
Дата03.12.2022
өлшемі22.1 Kb.
#466331
1   2   3
Мадина созы

ҚОРЫТЫНДЫ
Сөз сөйлеу – әсем, шебер орындаумен тамырлас. Бұл біздің денеміздің тілі іспетті. Және ой әлемімен үйлесуі қажет. Ал көз болса, бұл жылқы мен арыстанға табиғат сыйлаған жал, құйрық, құлақ сияқты. Көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы жаужүрек батыр, даңқты қолбасшы, қарымды қаламгер. Әрине, қазақ даласында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алаштан асып әріге асып көрген емес. Ал, Баурыжан атаны төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл-ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнтті етті.
Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған айырықша қасиеті – оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. Бауыржан ата Ұлы Отан соғысы барысында 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімінің құрсауында қалған, 2 рет өлімші болып жараланған. Бірақ өліммен бетпе-бет келген сәттердің барлығында не негізгі жауынгерлік құрамымен қоршаудан аман-есен шығып, өз девизиясына қосылып отырған. Бұл, әрине, ол кісінің терең ойлай білетін әскери даналығы мен талантының арқасында жүзеге асқан.
Бауыржан ата – қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғаларының заңды жалғасы, түйіндей айтсақ, ұлттық рухтың ХХ ғасырдың басындағы айқын көрінісі. Бұдан кейін Баукеңді әскери тарихшы деп атауға болады. Оның үстіне ол фольклор білгірі болғандықтан, өзінің тамаша мақал-мәтелдерін шығарды. Ең соңында Баукең қазақ әскери әдебиетінің негізін салушы болды. Мемлекет болғаннан кейін әскери әдебиет керек. Әскери әдебиет – патриотизмның мәйегі екендігі бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе
Жазушының отансүйгіштік рухы қазақ даласын тынбастан кезіп жүретін болады. Қазір де кезіп жүр… Демек, Бауыржан атадай темірқазық тұлғасы бар қазақ атты қайсар халықтың ұлттық рухы ешқашан аласармайды деген сөз…
Баукең — ХХ ғасырда ұлтының жоғын түгендеп, барын бүтіндеген бірегей тұлға. Ол қағынан жерінген құландай өз тілі мен дәстүрінен, ата салтынан қол үзіп, мәңгүрттене бастаған өз ұлтына қабырғасы қайысқан. Ғаламат ғажап екендігі, қайта тумас қазақ екендігі де сонда.
Насихат, нақыл сөздеріндегі адамгершілік ұлағатына шақырған ой- өрімдері жауынгер ақынның ұлттық топырақтағы гуманистік мұраттарды биіктетуші тұғырнамасын дəлелдейді. Мысалы: «Адал ниет – ардақ атасы», «Адалдықтың адымы – алты құлаш» деп адамдыққа, адалдыққа үндейді. Жауынгер ақын-жазушы Бауыржан Момышұлының қаламынан туған ұлы туындылары – əскери көркем əдебиетіміздің ұлы қазынасы. Əскери өлең толғаулары мен дидактикалық сарындағы нақыл сөздері – жауынгер жазушының ғылыми, əскери көркем туындылары бүгінгі күнгі мəдени мұрамыздың ұлы қазынасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет