Бауыржанова А. З., Асенова Б. К., Тері және былғары өнімдерін өңдеу технологиясы Оқу құралы мазмұНЫ



жүктеу 1.35 Mb.
бет1/20
Дата21.06.2016
өлшемі1.35 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Бауыржанова А.З., Асенова Б.К.,


Тері және былғары өнімдерін өңдеу технологиясы
Оқу құралы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5

І БӨЛІМ 7

БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ҮЛБІРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ 7

1. Аяқ-киімге арналған былғары 7

2. Ер-тұрмандық былғарылар 9

3. Техникалық былғары 10

4. Киімдік-галантереялық былғарылар 10

5. Былғары өндірісінің сызбанұсқасы 11

ІІ БӨЛІМ 12

БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТЫ 12

1. Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы 12

2. Малдың терісіне әсер ететін факторлар 15

19

3. Теріні консервілеу және сақтау 19



4. Былғары шикізатының ақаулары 22

5. Былғары шикізатының тағайындалуы. Өндірістік партия 23

ІІІ БӨЛІМ 24

ТЕРІНІ ЖІБІТУ 24

1. Жібіту үрдісінің мақсаты және жібітуге әсер ететін факторлар 24

2. Жібіту үрдісінің орындалуы 25

ІV ТАРАУ 27

ТЕРІНІ ЖҮННЕН АРЫЛТУ 27

1. Жүннен арылтудың мақсаты және тәсілдері 27

2. Теріні күлдеу 28

V ТАРАУ 31

КҮЛДЕН АРЫЛТУ ЖӘНЕ ЖАРҒАҚТЫ ЖҰМСАРТУ 31

1. Жарғақты күлден арылту және жұмсарту 31

VI ТАРАУ 33

ЖАРҒАҚТЫ ИЛЕУ ҮРДІСІ. ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУ 33

1. Илеу үрдісінің мақсаты мен маңызы 33

2. Илеу түрлері бойынша былғарыны топтастыру 35

VII ТАРАУ 37

ПИКЕЛДЕУ 37

VIII ТАРАУ 41

ХРОМДАП ИЛЕУ 41

1. Хромдап илеудің бір ванналы әдісі 41

2. Хромдап илеудің екі ванналы әдісі 44

3. Хромдап илеу үрдісіне кейбір факторлардың әсер етуі 45

IX ТАРАУ 46

ӨСІМДІКТЕРМЕН ИЛЕУ 46

1. Өсімдік илегіш материалдар 46

2. Илегіш шырын мен экстракт дайындау 47

3. Өсімдіктермен илеу үрдістері 48

4. Өсімдіктермен илеу үрдісіне әсер ететін факторлар 48

51

5. Өсімдіктермен илеу әдістері 51



Х ТАРАУ 52

АРАЛАС ИЛЕУ 52

1. Аралас илеудің маңызы 52

2. Аралас илеу үшін қолданылатын материалдар 53

ХІ БӨЛІМ 55

МАЙМЕН ЖӘНЕ ЛАЙКАМЕН ИЛЕУ 55

1. Маймен илеу 55

2. Лайкамен илеу 57

ХІІ БӨЛІМ 58

ИЛЕУДЕН КЕЙІНГІ ОПЕРАЦИЯЛАР МЕН ҮРДІСТЕР 58

1. Бояудың алдындағы операциялар 58

2. Бояу, майлау және толықтыру 59

ХІІ ТАРАУ 63

БЫЛҒАРЫНЫ КЕПТІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ 63

1. Ажырату 64

2. Кептіру 65

3. Былғарының шеттерін кесу 69

4. Былғарыны ылғалдандыру 69

5. Былғарыны созу және тығыздау 70

6. Тегістеу және булау 70

7. Үлбір терілерін әрлеудегі механикалық операциялар 71

8. Үлбірді механикалық жолмен жұмсарту (откатка) 71

9. Үлбірдің түкті жабынын тазарту және сабау 72

10. Түкті жабында қырқу 73

11. Қылшық жүнді қырқу 73

12. Үтіктеу 73

13. Ауданын өлшеу 74

ХІІІ-ТАРАУ 75

БЫЛҒАРЫ МЕН ҮЛБІРДІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ 75

1. Былғарының, үлбірдің дәне тондық қой терісінің физикалық- механикалық қасиеттері 81

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 95



Аннотация

Бұл оқу құралы былғарының түрлері, олардың жіктелуі және былғары шикізаттары жөнінде негізгі мәліметтер келтірілген. Былғарыны өңдеудің технологиялық үрдістері толықтай жазылған. Дайын былғары сапасы, илегіш экстрактілер өндірісі және былғары өндірісіндегі қолданылатын қосымша өнімдер жайында түсіндірілген.

Оқу құралы сәйкес 1213000 – «Аң терісі және тоңдық қой терісі бұйымдарын өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша білім алатын оқушыларға арналған.



КІРІСПЕ


Былғары мен үлбір өндірісінің міндеті халық тұтынатын бұйымдар дайындау үшін мал терілерінен былғары мен үлбір алу болып табылады. Былғары мен үлбір бұйымдарын тұтынатын халықтың қажеттілігі өскен сайын былғары мен үлбір өнеркәсіптерінен өнімнің көбеюін, былғары мен үлбірдің сапасы және сыртқы түрінің жақсаруын, сонымен қатар әрдайым ассортименттердің көбеюі мен жаңаруын талап етеді. Былғары мен үлбір өндірістерінің техникалық даму жағдайы мен еңбек тәжірибесі осы талаптарды орындауға мүмкіндік береді.

Былғары мен үлбір өндірісі - ертеден келе жатқан өндірістердің бірі. Сол ерте замандағы адамдардың теріні былғарыға айналдыру қабілеті бар екендігі біздің заманымызға дейін жеткен.

Заманауи былғары мен үлбір өндірістерінің үрдістері екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың негізі химиялық және физика-химиялық үрдістерден тұрады, ал екінші топ механикалық үрдістерден тұрады.

Былғары мен үлбірдің қасиеті шикізаттың химиялық табиғатына байланысты, сонымен бірге шикізат пен жартылай фабрикатқа әсер ететін химиялық, физика-химиялық және механикалық үрдістердің жиынтығына да тәуелді болады. Химиялық және физика-химиялық үрдістер алынған шикізаттың ішкі құрылымы және құрамының өзгеруімен сипатталады. Сондықтан былғары мен үлбір сапасының міндетін сәтті шешу үшін барлық үрдістер жайлы толық терең білім талап етіледі және әсіресе технологияның теориялық негізін түсіндіретін былғары және үлбір өндірісінің химиясы. Былғары мен үлбірді өңдеудің технологиялық үрдістері химия, физика, механика және т.б. ғылымдардың негізгі ережелерін тәжірибе жүзінде қолдануды қарастырады.

Осылайша, былғары мен үлбір технологиясына келесідей анықтама беруге болады:

Былғары және үлбір технологиясы - белгілі бір тұтынушылық қасиетке ие және материалдық және еңбектік шығындары аз жартылай фабрикат алғанға дейінгі теріні өңдеудегі жүретін химиялық, физика-химиялық және механикалық үрдістерді жүзеге асыру әдістері мен міндеттері туралы ғылым.

Былғары және үлбір технологиясы теориялық білім, практикалық тәжірибе жиналуына, жабдықтар мен машиналардың жетілуіне және экономикалық жағдайларға байланысты дамып отырады. Сондықтан қазіргі бар технологиялық үрдістің формасы ешқашан соңғы ретінде қарастырылмайды, белгілі бір кезеңдерде осы қалыптасқан үрдістер жаңамен, неғұрлым озық үрдістермен алмастырылып отырады.

І БӨЛІМ

БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ҮЛБІРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ


Былғары тері шикізатын өңдеу өнімі болып табылады. Былғарыны 4 класқа бөледі:

1) класс - аяқ-киімге арналған былғары;

2) ер-тұрмандық былғарылар;

3) техникалық былғары;

4) киімдік-галантереялық былғарылар.

Әрбір класс ішінде былғарылар өзінің тағайындалуы бойынша топтар мен типтерге, ал технологиялық немесе шикізаттың белгілері бойынша түрлерге бөлінеді.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет