Баутин ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қортындылары және іс- қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі Ауыл әкімінің аппараты 2014 жылғы жұмысын Елбасының «Қазақстан – 2050»



жүктеу 88.98 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі88.98 Kb.
Баутин ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қортындылары және іс- қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі
Ауыл әкімінің аппараты 2014 жылғы жұмысын Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасы, мемлекеттік бағдарламалар, облыстық және аудандық әкімдіктердің іс-қимыл жоспарын және тапсырмаларын басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.

2014 жылдың 16 желтоқсан күні – Тәуелсіздік мерекесіне орай Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаевтың және аудан әкімі Т.Асауовтың қатысуымен Баутин ауылы әкімшілігі жаңа ғимаратының ашылу салтанаты болып өтті. Әкімшілік ғимараты - 0,2 га жер аумағын құрайды және 12 бөлмеден тұрады, оның ішінде ауыл ардагерлеріне де бір бөлме қарастырылған.



  1. Аппарат құрамы:

Баутин ауылы әкімі аппаратында - 5 мемлекеттік қызметкер, 4 әлеуметтік қызметкер, 6 - өзге қызметкерлер бар.

  1. Әлеуметтік құрылым:

Баутин ауылындағы соңғы санақ қорытындысымен 812 тұрғын үйде 4643 (төрт мың алты жүз қырық үш) тұрғын тұрады. Оның ішінде 60 (алпыс) «Алтын алқа» иегері және 49 (қырық тоғыз) «Күміс алқа» иегерлері, 34 тыл ардагері және 3 ҰОС теңестірілгендер, 80 жастан асқан қарттар саны – 40, жалғызбастылар – 5 зейнеткер тұрады. Ауыл бойынша мүгедектер саны – 126, оның І топта-6, ІІ топта -102, ІІІ топта – 18, даму мүмкіндігі шектеулі балалар саны -28. Жыл басынан бері 35 жас шаңырақ бой көтеріп, 120 бала дүниеге келді.

Ауылымызда Маңғыстау политехникалық колледжі Форт-Шевченко қаласы филиалы, М.Горький мектеп-лицейі, Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясы, «Ақбота», «Ер Төстік» балабақшалары, ауылдық дәрігерлік пункт және Аташ елді мекенінде орталық кітапхана халыққа қызмет көрсетіп отыр. Сонымен қатар 33 шағын бизнес объектілері: 3 (үш) – шаштараз, 1 (бір) – мейрамхана, 3 (үш) – кафе, 29 (жиырма тоғыз) – азық-түлік дүкені, 2 (екі) автокөлік жуу орталығы, 4 (төрт) қонақ үй бар.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету:

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетудің 6 бағыты бойынша ауылдық әкімшіліктен тұрғындарға қызмет көрсетіліп отыр. Атқарылған мемлекеттік қызмет көрсетудің бағыттары бойынша көрсеткіштер төмендегідей: мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін кезекке қою- 139 арыз қабылданып, 45 – і қанағаттандырылды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасы саны - 4 , малға ветеринариялық паспорт берілген тұрғындар саны - 12, білім алушылар мен тәрбиеленушілер жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша 980 оқушы тасымалданады , Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама 1 тұрғынға берілді.

Ауыл әкімі әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері қабылдау жүргізеді. Жыл ішінде жеке тұрғындардан 107 арыз түсіп, 24-і қанағаттандырылып 83-і түсіндірілді.



  1. Білім беру саласы:

- 2014-2015 оқу жылын М.Горький атындағы мектеп лицейі 748 оқушымен бастады, оның ішінде - 113 бүлдіршін мектеп алды даярлық тобына қабылданды. Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге 11 оқушы қатысып 57,8 пайыз сапа көрсеткішін құрады. Аталған мектеп лицейінде 55 педагог ұстаздық қызмет атқаруда, соның ішінде жоғарғы білімдісі - 44, аяқталмаған жоғарғы - 1, арнаулы орта -11 мұғалім. 1 сынып оқушыларынан - 71 оқушы, аз қамтылған, жартылай жетім балалар - 20, барлығы - 91 оқушы ыстық тамақпен қамтылуда.

Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы 608 баламен оқу жылын бастады. 83 бала мектеп алды даярлық тобына қабылданды. Биыл 21 оқушы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысып 79,9 пайыз құрады. 1 сынып оқушыларынан 81 оқушы, аз қамтылғын, жартылай жетім балалар 64 оқушы ыстық тамақпен қамтылуда.

- Балалардың тегін тасымал қызметіне жергілікті бюджеттен 21285,00 мың теңге қаралды. Оқушылар тасымалына «Үш Тұра» ЖШС-і мекемесінен 5 автобус бөлініп, М.Горький атындағы мектеп лицейінен - 588, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясынан- 392 бала 2 ауысыммен тегін тасымалданады.

- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Ж.Мыңбаев атындағы мектеп гимназиясына 1 жас маман, М.Горький атындағы мектеп лицейіне – 2 маман жұмысқа орналасты.

- Жазғы мезгілде балаларға жазғы демалыс ұйымдастырылып – М.Горький атындағы мектеп лицейінен 180 бала, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп гимназиясынан 180 бала демалды.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері:

-Баутин ауылында 140 балаға арналған «Ақбота » балабақшасы және Аташ елді мекенінде республикалық «Балапан» бағдарламасы бойынша ашылған «Ертөстік» балабақшасы жұмыс жасап тұр.

-«Ақбота» балабақшасында жалпы 50 маман қызмет атқарады, оның ішінде 14 тәрбиеші балалармен жұмыс жасайды. Ән саз және логопед мамандарының жетіспеушілігі байқалады. 2013-2014 жылында балабақша «Мектепке дейінгі үздік ұйым» арасындағы байқауда ауданнан 1 орын, облыстық деңгейде 3 орынды иеленді.

- «Ертөстік» балабақшасы бойынша жалпы 52 маман қызмет атқарады, оның ішінде 12 тәрбиеші балалармен жұмыс жасаса, бейнелеу, ән сабағы бойынша мамандар жетіспейді.

Ауыл бойынша 92 пайыз балалар балабақшамен қамтылған болса, оның ішінде 3-6 жас аралығындағы балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылған, қазіргі таңада 3-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар жоқ.


  1. Денсаулық саласы:

Ауыл бойынша тұрғындарға Баутин фельдшер-акушерлік пункті қызмет көрсетеді. Аталған ұйымда - 4 дәрігер, 5 мейірбике жұмыс істейді. Екпе жұмыстары уақытылы жүргізіледі. 2014 жылы 120 бала дүниеге келіп, жүктілікпен 118 әйел есепке тіркелді. Жыл ішінде ана мен бала өлімі болған жоқ. Туберкулез ауруымен ауыратын тіркеуде тұрған 7 (жеті) азамат уақытында тегін ем-домын қабылдап, дәрігердің жіті бақылауында тұр. Осы мекемедегі терапевт дәрігер Ещанова Әлия Бүркітқызы «Жылдың үздік маманы» атағын иеленді.

6. Әлеуметтік сала:

- ҚР Үкіметінің 24.12.2001 жылғы №1685 және 02.11.2005 жылғы №1029 қаулысы негізінде аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсетуге комиссия құрылды. Комиссия мүшелері әр отбасының материалдық және тұрмыстық жағдайын қатаң тексеруден өткізеді. Баутин ауылы, Аташ елді мекені бойынша 10 (он) отбасына 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақысы, 4 /төрт/ отбасына атаулы көмек тағайындалды. Әлеуметтік қызметкерлер тарапынан жалғызілікті зейнеткерлердің күнделікті хал-жағдайлары сұралынып, «Баута» АҚ-нан су құйылып беріледі.

- Ақылы қоғамдық жұмыспен ауылдан 11 адам, «Жастар практикасымен» - 4, әлеуметтік жұмыс орнымен – 4 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 41 адам жұмыссыздықпен тіркеуде тұр, түйіндемелері әр-түрлі мекемелерге жолданды. Жанұясында бірде-бір адам жұмыс жасамайтын отбасы жоқ.


  1. Жер қатынастары:

Жер мәселесі бойынша түскен өтініштер саны:

Заңды тұлға бойынша – 13. Оның 9 –ы қанағаттандырылып, 4 – түсіндірілді.

Жеке тұлға бойынша -68. Оның 21 –і қанағаттандырылып, 47 –і түсіндірілді.

Шығарылған шешімдер саны-66 оның ішінде: тұрғын үй аумағын кеңейтуге-17, әлеуметтік көркейту саласы бойынша-14.



  1. Кәсіпкерлік саласы:

-Ауылымызда 29 азық-түлік дүкен жұмыс жасайды. Баға тұрақтылығын ұстау бағытында тағам бағаларына әр аптасының сәрсенбі күндері мониторинг жүргізіліп отырады. Азық – түлік бағасы тұрғындарға қолжетімді бағамен сатылуда. Сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін 3 /үш/ жеке кәсіпкерлердің сауда дүкендерінен, атап айтқанда «Інжу», «Сән-салтанат», «Іңкәр» дүкендерінің ішінен төлемдердің барлық түрін жүргізуге арналған терминалдар қойылып бүгінгі күні жұмыс жасап тұр.

- Осы жылы кәсіпкерлікті дамыту саласы бойынша жаңадан пластик терезе және есік дайындайтын шеберхана, жағажайда демалуға арналған орын салынды. Сонымен қатар жаңадан автокөлік жуу орталығы ашылды.

- Осы жыл ішінде Баутин ауылының тұрғыны Сақтағанов Нұрғали 2 млн теңге көлемінде мемлекеттік грантты жеңіп алып жиһаз құрастыратын цех ашу үшін қайтарымсыз несие алды. Қазіргі таңда барлық қажетті құрал жабдықтарын алып жұмыстарын бастады. «Бизнестің жол картасы» кәсіпкерлікті қолдау қоры бойынша Аташ елді мекені тұрғыны Өтешова Несіпке тігін машинасы берілді.


  1. Мәдениет саласы, ішкі саясат жұмыстары:

-Аташ елді мекеніндегі орталық кітапхана бөлімшесінде кітапханашы тұрғындарға қызмет көрсетеді. Барлық кітап қоры - 17878 (дәне), тұрақты оқырмандар саны 650 адам.

- Әр жылдың ақпан айында мектеп оқушылары мен ауыл ақсақалдарының қатысуымен ауған соғысының интернациональ жауынгері, қаһарман батыры Қ.Берішбаевты еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

-Ауыл көлемінде жұртшылыкпен жүргізілген мерекелік шаралар:

«7 қаңтар - Рождество мейрамына» жалғызілікті зейнеткерлер мен орыс ұлты өкілдеріне сыйлықтар таратылды.

«14 наурыз - Амал мерекесін» атап өту үшін «Саға Аташ» ЖШС-гі демеушілігімен Баутин ауылы, Аташ елді мекендері бойынша тыл ардагерлеріне «Айя» кафесінде мерекелік шара ұйымдастырылды.

«9 мамыр – Жеңіс күніне орай» «ССТ» ЖШС-нің демеушілігімен «АқЕрке - Жайық» мейрамханасында 46 /қырық алты/ тыл ардагерлері, Ауған соғыс ардагерлерін, Чернобль ардагерлерін, қатыстырып Ұлы Жеңіс күніне мерекелік шара ұйымдастырылды.

«1 маусым - Балаларды қорғау күніне» 65 жағдайсыз отбасыларының балалармен мүгедек балаларға «Вагенборг Қазақстан» компаниясының демеушілігімен мерекелік шара ұйымдастырылды. 26 желтоқсан күні «Жаңа бақыт жаңа нұр, құтты болсын Жаңа жыл» атты жаңа жылдық кешке «Каспиан Оффшорконстракшн» ЖШС, «Вест Дала» ЖШС, «СағаАташ» ЖШС, «Достық» қонақ үйі мекемелерінің көмегімен 34 жағдайсыз отбасы балалары, 28 бала жастан мүгедек балалар, барлығы 64 бала шақырылып мерекелік шара ұйымдастырылды. Ауыл көлемінде орналасқан компаниялар «Каспиан Оффшор констракшн» ЖШС, «Вест Дала» ЖШС, «СағаАташ» ЖШС, «Энка Иншаат Ве Санаай А.Ш», «Достық» қонақ үйінің демеушілігімен Баутин ауылы, Аташ елді мекендері бойынша 48 тыл ардагерлері, жалғызбастылар, жағдайсыз отбасылар мен мүгедектер «Маңғыстау», «Ақкетік арайы», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Огни Мангистау» газеттеріне барлығы 90 адам тегін жазылды.


  1. Спорт саласы:

Спорт саласы бойынша нысандар саны – 8. Оның 3 –і спорт зал, 5 –і спорт алаңы. Мектептер мен колледждегі дене шынықтыру мамандарының саны - 8. Ауыл бойынша спортпен шұғылданатын жастар – 948.Спорт саласы бойынша да жетістіктеріміз аз емес. Атап айтсақ «Ақбидай-2014» Қазақстан Республикасы Халық ойындары мен ауыл ойындарына арналған спорт түрлері бойынша жалпы командалық есепте І-орын иеленген.

«Астана күні» мерекесіне арналған спорт түрлері бойынша арқан тарту жарысында І-орын иеленген. «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған аудандық спорт түрі бойынша баскетбол жарысында І-орын иеленген.

«Мүгедектер күніне» арналған мүмкіндігі шектеулі балалар арасында тоғыз құмалақ жарысы өткіліп, 10 оқушы қатыстырылды. І-орынды Турганбаев Дамир иеленді, облысқа жолдама алып ІІ-орын иеленді.

Жаңа жыл мерекесіне арналған қазақша күрес жарысын 30 спортшы қатысты.10 жасөспірім І-орын иеленген, 12 жасөспірім ІІ-орын, 8 жасөспірім ІІІ-орын иеленген.

2014 жылы ең үздік «Спортшы ауыл» атағын Баутин ауылы иеленді.


  1. Коммуналдық сала.

-Қазіргі таңда ауылда 812 үй газ отынымен және электр энергиясымен қамтылған. Газ құбыры қауіпсіздігін, жеткізілуін «ҚазТрансАймақ» АҚ-ы, электр жүйесімен «МРЭК» АҚ-ы қамтамасыз етіп отыр. Тұрғындарға ауыз су «Түпқараған су жүйесі» және «Баута» АҚ-ы тасымал арқылы жеткізілуде.

- Ауылда 790 үй телефондандырылған, ал 226 үй ғаламторға қосылған. Ауылда ұялы телефон байланысының барлық түрі үздіксіз жұмыс жасап тұр.Сонымен қатар 712 отбасы «Отау ТВ» сандық жерсеріктік телеарнасына қосылған. Ауыл тұрғындарын 95 % -ға сандық жерсеріктік телеарнаға толығымен қамтамасыз ету мақсатында Баутин ауылы, Аташ елді мекенінің 11 жағдайсыз отбасы тегін «Отау ТВ» телеарнасына қосылды.

-2014 жылдың 13 қыркүйек - 25 қазан айларының аралығында Баутин ауылы, Аташ елді мекендерінің аймақтарын санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстары бойынша сенбіліктер ұйымдастырылды. Сенбілікке ауыл көлемінде орналасқан шетелдік және жергілікті компаниялар қатысып, бекітілген көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізді. Санитарлық тазалауға, жинақтауға сенбілікке 300 адам қатыстырылып, оның ішінде арнаулы 15 техника жұмылдырылды. Сенбілік нәтижесінде 120 тонна қаттты қалдықтар тасып шығарылды. Тазартылған аумақ, көше, жол , елді мекен сырты - 50 га. Екі тұрғын үй жертөлесі тазартылды. Абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 3 289 000 млн. теңге, қордаланған тұрмыстық қоқыстардан тазарту қызметіне 2 598 000 млн. теңге бөлініп қаражаты толығымен игерілді.

-Тұрғындардан келіп түскен арыздар негізінде Баутин ауылы, Аташ елді мекендері бойынша «Омар - Матек» ШҚ-ы мекемесінің көмегімен 661 ит атылып, ветеринарлық- санитарлық талаптарға сәйкес өртелді.



  1. Ауыл шаруашылығы саласы:

-Ауыл шаруашылық саласы бойынша - 21 шаруа қожалығы тіркеліп, оның 18-і шаруа қожалығымен, мал өсірумен шұғылдануда. Жеке шаруа қожалық иелерінің малы мен тұрғындардың мал санағы жылына 2 (екі) рет (қаңтар,шілде) айларында жүргізіледі. Ауылдық әкімшілікте 2 жеке қосалқы шаруашылық кітабы және 42 жеке қосалқы шаруашылықтар бойынша шаруашылық кітабындағы деректер компьютерге құйылып, базаға енгізілді. Ұсақ малдарға бірдейлендіру жұмысы аяқталып, 100 пайызға дерекқорға енгізілді. Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі Статистика Комитетінің Баутин ауылының бағдарламалық кешенді дамуы бойынша электрондық шаруашылық кітабына толықтай көшірілді. Ірі қара малдардың сырғаланғаны күнделікті дерекқорға енгізіліп отыр. Ауыл бойынша малдың саны 4963 қой-ешкі, 392 жылқы, 52 түйе, 141 сиыр. Осы жылы 243 тұрғынға мал азығы таратылды.

13.Әскери бөліммен байланыс:

-Әскери міндеттілердің, жасөспірімдердің мерзімдік шақырылуы ұйымдастырылады. 2014 жылдың ІІ жарты жылдығына әскери міндеттілерге шақыру қағаздары таратылып, Отан алдындағы борышын өтеуге көктемгі мерзімге 141 бала шақырылып, оның 9-ы Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.



14. Қоғамдық тәртіп:

-2 (екі) учаскелік полиция ауыл тыныштығын сақтап, тұрғындармен тығыз байланысып, жұмыс жүргізуде. Аудандық ішкі істер бөлімінде түрлі себептермен 5 жасөспірім,6 жағдайсыз отбасы тіркеуде тұр.



Ауылымыздың дамуы мен өркендеуі жолындағы жұмыстарымызды әрі қарай жалғастыра беретін боламыз.
Д әулет МЕҢДІХАНОВ

Баутин ауылы әкімі


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет