Баянауыл ауданының әкімі Е. Әйткеновтың ауданның 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінің тезистері



жүктеу 158.27 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі158.27 Kb.


Баянауыл ауданының әкімі Е. Әйткеновтың

ауданның 2012 жылы әлеуметтік-экономикалық

дамуы туралы есебінің тезистері
1. Жалпы ақпарат:

Баянауыл ауданы 1928 жылы құрылған, солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, оңтүстігінде және батысында Қарағанды облысымен, шығысында Май ауданымен шектесіп жатыр. Жалпы жер көлемі 1850,7 мың.га, соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 1697,5 мың га, оның 50,8 мың гектары егістік, 151,3 мың га тыңайған жер, 9,9 мың гектары шабындық, 1486 мың гектары жайылым жерлер. Аудан аумағында көлемі 50,5 мың гектарды алып жатқан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан.

Аудан құрамына 14 ауылдық округі және Майқайың кенті кіреді. 2004 жылдың басында аудан бойынша 96 елді мекен тіркелсе, “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Заңына сәйкес елді мекен мәртебесінен айрылуына байланысты 2004 жылы 17 елді мекен, 2005 жылы 42 елді мекен мемлекеттік тізбеден шығарылды. 2006 жылдың 1 қаңтарынан бері аудан бойынша 37 елді мекен есепте тұрса, 2007 жылдың 14 желтоқсанынан бастап Павлодар облыстық маслихат пен Павлодар облысының әкімдігінің №53/3 шешім мен қаулысына сәйкес Баянауыл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына 3 елді мекен енгізіліп, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудан бойынша 40 елді мекен есепте тұр. Қазыргі уақытта облыс әкімінің Ұзынбұлақ ауылдық округіне қарасты Қарабұлақ ауылын Ұзынбұлақ ауылының құрамына енгізу туралы қаулысы шығып, аудан бойынша 39 ауылдық елді мекенді құрады.

Аудан орталығы - Баянауыл ауылынан облыс орталығына дейінгі ара қашықтық 230 шақырымды құрайды.

Аудан халқының саны 2012 жылдың 1 желтоқсанына - 27,9 (01.12.2011ж – 27,8) мың адамды құрады. 2012 жылдың қаңтар-қараша айларында аудан бойынша 520 бала дүниеге келген (2011 жылдың сәйкес кезеңінде - 523), бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6 пайызға кем. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,7 туғандар құрады, бұл көрсеткіш 2011 жылдың сәйкес кезеңінде 18,8 болды.

2012 жылдың қаңтар-қараша айларында тіркелген өлім саны 197 (2011 жылдың сәйкес кезеңінде - 220) адамды құрады. Халықтың табиғи өсуі 323 (2011 жылдың сәйкес кезеңінде - 303) адам. Осы кезеңдегі өлімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,1 өлгендер құрады (2011 жылдың сәйкес кезеңінде – 7,9).


Халықтың табиғи қозғалысының негізгі көрсеткіштері

(статистикалық мәліметтерге сәйкес)

адам


Көрсеткіштер

Қаңтар-қазан

2011

2012

2011 жылмен салыстырғанда, %

Туғандар

523

520

99,4

Қайтыс болғандар

220

197

89,6

Табиғи өсімі (кемуі)

303

323

106,6


2. Ағымды әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан өнеркәсібінің орнықты

және теңгерімді дамуын қамтамасыз ету
Өнеркәсіп өндірісі көлемі 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айында қолданыстағы бағамен 17069,9 млн.теңгені құрады.

Өнеркәсіп құрылымы шикізат салаларының басымдығымен, яғни аралық өнімдер (көмір, әк тас, бағалы және түсті металдар) шығаратын кәсіпорындармен сипатталады.

Ауданның жүйе түзетін 2 кәсіпорынның өнеркәсібінде («Майкубен Вест» ЖШС (лигнит өндіру), “Майқайыналтын” АҚ (кен өндіру, түсті металлдар өндірісі), өнеркәсіп өндірісінің барлық көлемінің 80%-ға жуығын қамтамасыз етеді. Өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы осы кәсіпорындардың басымдығы аудан экспортының ресурстық-шикізат бағытын белгілейді.
2013 жылдың 1 қаңтарына өндірістік көрсеткіштер


Өнеркәсіп өнім түрлері

2013 жылдың 1 қаңтарына

2012 жылдың 1 қаңтарына салыстырғанда %

Көмір, мың тонна

4714,6

78,5

Мыс қойрытпасындағы мыс, мың тонна

1,8


75,0

Өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс, кг

4203,0

117,5

Өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын, кг

272,0

103,4


Ауыл шаруашылығы
Агроөнеркәсіптік кешені өнімдері өндірісінің тұрақты өсуі негізінде ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мал шаруашылығы
Осы жылдың 1 қаңтарына ауданымызда өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 62,6 мың бас ірі қара-104,0%, 123,4 мың бас қой мен ешкі 100,4%, жылқы 16,1 мың бас жылқы – 100,4 % құрады. Өндірілген өнім көлемі: ет, тірі салмақта 8780,1 тонна 100,3 %, сүт 35617,7 тонна-100,5%, жұмыртқа 2415,6 мың дана 100,5 %. Жалпы мал және егін шаруашылығымен айналысу үшін жер алып 430 шаруа қожалығы, 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 1 өндірістік кооператив жұмыс жасайды.

2012 жылы Ауылшаруашылығын Қаржылай Қолдау Қоры арқылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 10 шаруа қожалығына 46,5 млн. теңге, «Шағын несиелендіру» бағдарламасы аясында 16 адамға – 12,3 млн.теңге, «Баянауыл» несиелік серіктестігі арқылы 14 шаруа қожалығына 48,3 млн.теңге, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен 38 сұранысқа 99,0 млн.теңге қаржы берілді.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы ауданда 1-2 және 5-күндік оқу-семинарларда 71 адам оқып, сертификат алды.

Апта сайын жұма күндері ауылдық округтердің баға жөнінде берген мәліметтері газет бетінде жарияланып, облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасына ұсынылып отырады.

Аудандағы асыл тұқымды шаруашылықтардың үлес салмағын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазір ауданда асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын өсірумен айналысатын 3 шаруашылық бар («МТС Жайма» ЖШС, «Оразбек» ш/қ, «Қайырбек» ш/қ). Асыл тұқымды мал санын өткен жылы 1819 бас болса, биылғы жылы 2561 басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 742 басқа өсті. Бүгінгі күнде 955 бас аналық мал қолдан ұрықталынды.

«МТС Жайма» ЖШС «Инфрақұрлымы дамыған жалпы саны 7000 бас асыл тұқымды қазақтың ірі қара малын, оның ішінде 2500 бас аналықты бір кезекте ұстауға арналаған мал шаруашылығы кешенін құру» атты инвестициялық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жасалуда. Жоба бір кезекте 1000 басқа арналған бордақылау алаңын құру және кесек еттерді европалық стандарттарға сәйкес вакуумдық орамамен сату арқылы екі сатылы кезеңде жүзеге асырылады. Былтырғы жылы «МТС Жайма» ЖШС АҚШ-нан 699 бас «Абердин Ангус» ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал әкелу мақсатында «ҚазАгроҚаржы» Акционерлік Қоғамынан лизинг негізінде 4 пайыздық үстемемен 1518,0 млн теңге несие алып, аталмыш ірі қара малды сатып әкелді. 2012 жылдың наурыз айында өз қаржысына Ресей Федерациясынан 170 бас герефорд тұқымдас ірі қара малының жас төлдерін әкелді. Ағымдағы жылдың аяғына дейін қосымша 150 бас аталмыш тұқымның жас төлін әкелу жоспарлануда.

Павлодар облысында шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 19 маусымында Павлодар қаласында ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің қатысуымен облыстық көрме өтті. Оған біздің ауданнан «МТС Жайма» ЖШС-гі құны 18,0 мың доллар тұратын АҚШ-нан сатып әкелінген қамау-қоршау (роскол) апарды. Ауданнан 10-шақты фермерлер қатысты.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі №516 және 16 мамырдағы №625 қаулыларына сәйкес сиыр, қой, жылқы еттерін және сүт, қымыз, шұбат өндіруге пайдаланылған құрама мен концентраттық жемнің құнын 45 пайызға дейін, тауар өндірушілердің сатып алған асыл тұқымды жас малдарының құнын 50 пайызға дейін арзандатуға; етті бағыттағы аналық ірі қара мал басының сапасын жақсартумен айналысатын тауар өндірушілерге селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізгені үшін кеткен шығындардың құнын 50%-ға дейін арзандату және ірі қара малдың аналық мал басын сақтап қалу мақсатында шырынды және ірі жемазық (шөп) дайындағаны үшін бюджеттік бағдарламаға 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 42 шаруа қожалығынан қатысып, 202,0 млн.теңге игерілді.



Өсімдік шаруашылығы

Шөп дайындау. Жоспар бойынша шабылуға тиіс жер көлемі – 325 500 гектар, орындалу пайызы 100%. Жоспар бойынша 75 000 шөп дайындалуы тиіс, дайындалғаны 81460 тонна, орындалу пайызы 108,6 %. Шөп шабуға қатынасушы шалғы саны 423 полотно.

Бүгінгі күні ауданда 6097 гектар жерге әртүрлі өнімдер егілді. Оның ішінде бидай - 2500 га., арпа - 1000 га., жарғақ тұқым – 300 га., аралас астық - 200 га., көпжылдық шөп – 700 га., біржылдық шөп - 1287 га., картоп – 210 га. және 40 га. жерге көкөністер егілді. 210 гектардан шығымдылығы 145 центнер 3045 тонна картоп, 40 гектар алқаптан шығымдылығы 160 цн 640 тонна көкөніс жиналды. Егін орағы 4 қыркүйектен басталды. Барлық егін бастырылатын алқап 4100 гектар.

Облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа 2275 гектар үйірсіз шегіртке жайлаған жерге толығымен химиялық өңдеу жүргізілді.

Үй шаруашылығына дайындалатын мал азығының (шөп) 1 тоннасын 10000 теңгеден асырмау мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өтініштеріне сәйкес облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан шілде айына 231 тонна, оның ішінде 184 тонна ЖК «Омаров», 47 тонна «МТС Жайма» ЖШС-і арқылы арзандатылған жанар-жағар май әкелініп, шаруа қожалықтарына таратылды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу
Ауданда 6 шағын наубайхана, 1 мұздатылып жартылай өңделген ет өндіретін цех, 1 шағын диірмен жұмыс жасайды. Өткен 8 айда аудандағы 8 қайта өңдеу орындарында 45,0 тонна ұн, 73,1 тонна мұздатылып жартылай өңделген ет, 332,5 тонна нан-тоқаш және 2,5 тонна кондитерлік өнімдер өндірілді.

Ұнның бағасын тұрақтандыру мақсатында, облыстық тұрақтандыру қорынан 1 келісі 46 теңгеден ұн, мал басын сақтап қалу үшін 1 келісін 15 теңгеден жарма жеткізу үшін кәсіпкерлермен келісу жұмыстары, нанның бағасын қымбаттатпау мақсатында наубайханалардың иелерімен меморандумға отыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні ауданға бөлінген 126 тонна ұнның 75 тоннасы алынып, наубайхана мен ауылдық округтерге таратылды.


Шағын кәсіпкерлік
Аудан бойынша 458 шаруа қожалықтары, 74 шағын бизнес кәсіпорындары, 217 заңды тұлғалар (шағын – 192, орта – 22, ірі - 3) тіркелген. Аудан бойынша 677 шағын кәсіпкерлік нысандары тіркелген. Осы аталмыш өнеркәсіптерде 1354 адам жұмыс атқарады. Шағын кәсіпорындардан түскен салықтық түсімдер – 14024,6,4 мың теңгені құрады.
Инвестициялар
Аудан бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарына есептегенде негізгі капиталға құйылған инвестицияның көлемі 3836,5 млн. теңге. 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,6 % құрады.
Әлеуметтік сала
Еңбекпен қамту.

2013 жылғы 1 қаңтарына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 71 (01.01.12ж - 83) адамды құрады. 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздардың саны 12 адамға азайды.

2012 жылы 600 (2011ж. -600 ) жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған. Оның ішінде 200 жаңа тұрақты, 400 уақытша жұмыс орындары. 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айында – 180 (01.01.2012ж. –200) жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылды.

2012 жылғы қаңтар-желтоқсан айында ақылы қоғамдық жұмыстарға 224 (01.01.2012ж.- 185) адам тартылды.

Әлеуметтік жұмысқа орналасқандардың саны 56 (01.12.2011ж. – 90) адамды құрады.

Уақытша-маусымдық жұмыстарға 441 (01.01.2012ж – 435) адам бағытталды.



Әлеуметтік қорғау. Кедейлікті төмендету жөніндегі бағдарлама кедейлік деңгейін төмендету мәселелерін кешенді түрде, экономиканың дамуына, табыстың өсуіне жағдай туғызу, халықтың өнімді еңбек етуіне, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру қызметтеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау жолдарымен шешуді қарастырады.

2012 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында аудан бойынша 64 (2011 ж. қаңтар-желтоқсан айларында - 108) отбасыға немесе 243 (2011 ж. сәйкес кезеңінде - 396) адамға жалпы сомасы 6350,0 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыларының саны 2011 жылдың 12 айымен салыстырғанда 44 отбасыға және 153 алушыға кем. Тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 2177,6 теңгені құрады. Оның жалпы сомасы 6350,0 мың теңгені (2011ж. 12 айында – 8901,0) төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71,3 %

Жыл басынан бері 18 жасқа толмаған балаларға арналған жәрдемақы 292 (2011 ж. 12 айында - 406) отбасыға немесе 808 (2011 ж. 12 айында - 1093) балаға тағайындалды. Оның жалпы сомасы 10400,0 мың теңгені (2011 ж. 12 айында – 14279,7) төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72,8 %.

ҰОС ардагерлері мен мүгедектерін әлеуметтік қолдау ретінде, тұрмыстық коммуналдық төлемдерін өтеу үшін 2012 жылдың 1 тамызына 441,1 мың.тенге (2011 жылдың 7 айына 8 адамға 376,0 мың теңге) қаражат қаралып, толығымен төленді .

ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне Ұлы Жеңістің 67 жылдығына байланысты әр ардагерге (5 ардагерге) 67000 теңгеден, барлық соммасы 335000 теңгеге бір реттік материалдық көмек көрсетілді. 5 ардагерге 25000 теңгеге азық-түлік жиынтығы табысталды.

Осы санаттағы адамдарға ай сайын дәрі-дәрмек сатып алу үшін 2 АЕК көлемінде 2012 жылдың 7 айына 1113,3 мың.теңге төленді (2011 жылдың 7 айына 8 адамға 181,2 мың.теңге төленген).

Қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатынасқан мүгедектердің жесірлеріне (25 адамға) тоқсан сайын коммуналдық шығындарын өтеуге қаржы қаралып 12 айда 799,3 мың.тенге төленді. (2011 жылдың 12 айына 28 адамға 762,0 мың.тенге төленді) .

Сол сияқты мүгедектерді әлеуметтік қолдау ретінде 2012 жылдың 1-2-3-4 тоқсанында үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек 24 балаға 749,0 мың.тенге (2011 жылдың 1-2-3-4 тоқсанында – 25 мүгедек балаға, 941,2 мың.тенге), 12 айда сал ауыруымен ауыратын 19 балаға-1106,7 мың.тенге (2011 жылдың 12 айында- 16 мүгедек балаға 762,0 мың.теңге, жалғыз басты және жалғыз тұратын 4 мүгедекке 77,6 мың.тенге (2011 жылдың 12 айында – 72,6 мың.тенге) төленді.


Білім беру саласы
Баянауыл ауданында 33 мектеп, оның 22-і жалпы орта білім беру, 3-уі негізгі білім беру және 8-і бастауыш мектептер. Сонымен қоса қосымша білім беретін 2 өнер мектебі, 1 жасөспірімдердің спорт мектебі, 1 кәсіптік лицей бар. Балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамту бойынша 5 балабақша (391 бала) және 17 шағын орталық (613 бала) жұмыс істейді.

Балаларды мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамтылған, 2012 жылдың ІІІ жартыжылдық нәтижесі бойынша – 119,5 % болып отыр.

2012 жылда өткен ҰБТ-нің қорытындысы бойынша аудан бойынша орташа балл – 66,2 баллды құрады.

Кең жолақты ғаламтор жүйесіне қосылған мектептердің – 48,5% құрап, 14 мектеп кең жолақты ғаламторда жұмыс істейді.

Өткен оқу жылында аудан мектептеріндегі компьютерлер саны 532 болса, ағымдағы оқу жылында 593 компьютерге жетті. Бір компьютерге келетін бала саны жоспар бойынша 8 болуы керек, бүгінгі күні бір компьютерде 8 бала отыр.
Денсаулық сақтау саласы
Ауданда 54 орынды аудандық аурухана, 35 орынды туберкулезге қарсы емдеу ауруханасы, 16 орынды Майқайың кентінің учаскелік ауруханасы, 2 ФАП, 7 ауылдық округте дәрігерлік амбулаториялар, аудан орталығында 1 емхана, 22 елді мекенде медициналық пункттер жұмыс істесе, оның 7 елді мекенінде медицина қызметкерлері ғимаратсыз жұмыс атқарады. Сонымен қатар 6 жеке меншік дәріхана бар.
2012 жылғы қаңтар-қазан айларында аудан халқының жекелеген жұқпалы аурулармен ауру-сырқаулығы төмендегідей:


Ауру түрлері

Қаңтар-желтоқсан

2011 жыл



Қаңтар- желтоқсан

2012 жыл



2012 ж. 2011 жылмен салыс-нда, %

Барлы-ғы, жағдай


Барлы-ғы, жағдай


Барлы-ғы, жағдай


Тыныс органдарының туберкулезі

16

18

106,7

Жіті респираторлық вирусты инфекция

233

163

70,0

Мерез

2

5

250,0

Тұмау

-

-

-

Ішек инфекцияларының қатты түрі

4

1

25,0


Мәдениет саласының бәсекеге

қабілеттілігін арттыру
Баянауыл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің 19 мәдениет үйі, 36 ауылдық кітапханалар бар.

Баянауыл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің жұмысы Баянауыл ауданының дамуына арналған 2011-2015 жылдардағы іс-шаралар жоспары бойынша жүргізілуде. Атап айтқанда 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауылдық мәдениет мекемелерінде 832 мәдени іс шаралар өткізіліп, оған 67125 адам қатысқан.

Облыстық «Жұлдызды Жасыбай – 2012» ІІ ретро фестивалі, «Шәкен жұлдыздары» кино фестивалі, «Жасыбай толқындары» атты іс-шараларға қатыстық. Жылдағы мұғалімдердің тамыз конференциясы, 30 тамыз – Конституция күні мерекесіне концерттік бағдарламалар дайындап, қойылды.

Ауылдық кітапханаларда 2012 жылдың тамыз айында «Еңбек түбі зейнет», «Құрметте сен ардагерді», «Мамандығым – болашағым» т.б. кездесу кештері, дөңгелек үстел, поэзия сағаттары өткізілді. Жаңажол, Ақмектеп, Бірлік ауылы кітапханаларында «Бір туар дара тұлғалар» атты Баянауылдан шыққан дарынды адамдарға және де «Ертіс-Баян» сериясымен шыққан кітаптарға кітап көрмесі, библиографиялық шолулар өткізілді.

Сәтбаев, Теңдік, Ұзынбұлақ ауылдық кітапханаларында Ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бегельдиновтың туғанына 80 жыл, «Ер есімі ел есінде» кітап көрмесі ұйымдастырылып, осы тақырыпта тақырыптық кеш өткізілді. Аудандық балалар кітапханасының «Атамекен» клубының ұйымдастыруымен «Баянауыл табиғатының жұмбағы» атты танымдық ойын өткізілді. Ақсаң, Қойтас ауылдық кітапханаларында «Тілден биік асқар жоқ» викторина ойындары өткізілді. Барлық кітапханаларда 30 тамыз – Конституция күніне орай «Конституция еліміздің ата заңы» кітап көрмесі, ауызша журнал, библиографиялық шолулар өткізілді.

Майқайың кенті мәдениет үйі мен Жуантөбе ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Жалпы спортты дамыту және

жоғары сыныптағы спортшыларды дайындау
Ауданда 133 спорттық құрылымдар: 26 спортзал, 42 спорт алаңдары, 57 әр түрлі спорт түрлеріне арналған шағын алаңдар, 1 стадион, 2 спорт комплекс, мәдениет үйіне біріктіріліп салынған 3 спорт зал жүйелі түрде жұмыс жасайды.

Спорт саласының қызметкерлері – 111, оның ішінде 78-і дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері және 33 спорт жаттықтырушылары қызмет жасайды.

Баянауыл ауданы бойынша дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде бұқаралық спортпен айналысушылар 2011 жылғы саны - 5467 мың адамды құраса, 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына - 6709 мың адамды құрап отыр. Оның ішінде оқушылар – 3622, Баянауыл жасөспірімдер және балалар спорт мектебінде – 644.

Аудан көлемінде орналасқан барлық мектептерде сабақтан тыс уақыттарда спортзалдар және спорт алаңдары спортпен айналысатын оқушылар мен қатар спорт сүйер жастарға жекелеген кестелерге сәйкес тегін жүреді. Аудан бойынша 39 спорттық іс шаралар өткізіліп, 1460 спортшылар қатысты.

Оған қоса Ш.Шөкиннің 100-жылдығына арналып сәуір-шілде айларында спорттың 11 түрінен аудандық жазғы ХV спартакиада өткізілді. Бұл шараға 600 – ден астам ауданның жас спортшы қатысты.

Спартакиаданың қорытындысы бойынша Баянауыл ауылдық округі I орынды, Құндыкөл ауылдық округі II орынды, Майқайың кентінің округі III орынды иеленді.

Жарыстың мақсаты жеңімпаздарды анықтап қана қоймай, әр ауылдық жерлерде ауыл жастары арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын дамыту керектігі басты назарда болды.

Сонымен қатар аудан көлемінде спорттық жарыстар, атап айтсақ волейболдан, бокстан «Аудан әкімінің кубогы», қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирі, грек-рим күресінен республикалық ашық турнир сияқты жарыстармен қатар ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған спорттық іс шаралар өткізіліп тұрады.

Барлық ауылдық округтерде жергілікті әкімшіліктің және ауыл жастарының қатысуымен ұлттық және басқада спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылуда.

XV Облыстық спартакиада ойындарында ауданымыздың құрама командасы, оның ішінде волейбол, стритболдан қыздар командалары жақсы ойын көрсетіп, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды.

Баянауылда Халықаралық «Ертіс меридианы» 30-шы рет өткізіліп, ауданымыздың «Қайсар» командасы биыл 2-ші рет қатысып, жақсы өнер көрсетті.

Баянауыл Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркінің туристік маршруттарын құру және қабылдау арқылы, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтының идеологиясы мен перспективалық бағыттарын дамытуға жәрдемдесіп, балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту және жасөспірімдер туристік мекемелерін қайта құру арқылы ішкі туризмді дамыту бойынша қызметті белсендетуге мүмкіндік беретін оқитын жастар арасында спорттық-сауықтыру, мәдени-танымдық, экологиялық-өлкетану бағыты бойынша облыстық туризм және спорт басқармасымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Аудан жастары облыс, республика және жақын шетелдердегі әр түрлі спорт түрлерінен өтетін сайыстарына қатысып, түрлі жүлделерге ие болуда.
Бюджет.

2012 жылғы аудан бюджетінің нақты көлемі 4426,0 млн. теңге. Оның ішінде трансферттердің көлемі 82,4% немесе 3648,3 млн. теңге, оның ішінде субвенция 1948,4 млн. теңгені құрады.

Қарастырылып отырылған кезеңде аудан бюджетінің кіріс жағы 4462,9 млн. теңге орындалды (100,8%).

Аудан бюджетінің 2012 жылғы 1 желтоқсанына шаққандағы шығысы 99,0 пайызға орындалып, жоспарланған 4510,5 млн. теңгенің орнына 4466,3 млн. теңге игерілді.



3. Проблемалы сұрақтар
Ауданның әлеуметтік саласындағы жағдайды бағалай келе нашар материалдық-техникалық база, оны дамытуға, жаңғыртуға және нығайтуға, жаңадан объектілер салуға арналған бюджеттік қаржыландыру көлемінің қысқаруы жалпы проблемалар болып табылатынын атап өткен жөн. Мектепке дейінгі мекемелердің жүйесі дамымаған. Майқайың кентінде және Баянауыл ауылында мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы да кемшіліктердің бірі болып табылады.

Аудан жұртшылығының мәдени және ақпараттық қажеттіліктер және оларды қанағаттандыру арасындағы айырмашылығы жыл сайын ұлғаюда. Мәдениет саласының индустриясы баяу дамуда. Ауыл клубтарының жартысы күрделі жөндеуді қажет етеді. 20 елді мекенде клуб жоқ.

Негізгі проблемалардың бірі аудан орталығында орталықтандырылған сумен жабдықтаудың болмауы және Майқайың кентінде жылумен жабдықтау коммуналдық жүйесінің тозуы болып табылады.

Экономиканың соңғы өнімді шығаруға бағдарлануы нашар.

Шағын бизнес белсенділігінің жеткіліксіздігі және оның ауданның экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуына үлесі. Тіркелген кәсіпорындардан жұмыс істемей тұрған кәсіпорындардың деңгейі жоғары(62,3%). Банктердің несие қорлары көптеген жеке кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары үшін қол жеткіліксіз болып қалуда.

Кадрларға деген құрылымдық тапшылық байқалуда. Жұмыспен қамтамасыз етудің барынша жоғары қамтамасыз етілуіне қарамастан техникалық мамандықтар мен ауыл шаруашылығы жұмысының мамандарына деген қажеттілік сезіледі.



Қолайлы факторлардың болуына қарамастан өңірлік туризмнің әлеуеті, Баянауыл ауданының туристік-рекреациялық кешенінің бірегей мүмкіндіктері толық көлемінде пайдаланылмауда. Орналастыру құралдарының материалдық базасы және туризмнің басқа инфрақұрылымын жаңғыртуды және дамуды қажет етеді. Шығу және ішкі туризм нашар дамыған. Туристік-экскурсиялық қызметтер халыққа ақылы қызметтер көрсетудің жалпы көлемінде тым аз.

Қатты тұрмыстық шығындылар полигоны мен рұқсат етілген үйінділердің болмауы аймақтың ластануына алып келді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет