Баянауыл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен есептік кездесуіне дайындалған баяндама тезистері



жүктеу 39.34 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі39.34 Kb.
Баянауыл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен есептік кездесуіне дайындалған баяндама тезистері.
Баянауыл ауылдық округі аумағында 2 елді мекен орналасқан онда тұратын тұрғындар саны 6140 . Аталған тұрғындарға округ аумағында орналасқан 4 орта білім беру мектебі, 1 арнаулы оқу орны, 1 спорткомплексі (ФОК), 1 аудандық аурухана, 1 ауылдық емхана, 1 мәдениет үйі, 1 аудандық кітапхана, пошта және байланыс орындары қызмет көрсетеді.

Баянауыл ауылдық округінің әкімшілік аппараты қызметкерлерінің жұмысы барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан – 2030 стратегиясын, биылғы жылы елбасының Қазақстан халқына жолдауын тұрғындарға жеткізіп түсіндіру және оның орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар үйымдастырып, оның атқарылуы бақылауда болды. Еліміздегі жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік іс шаралар мен бағдарламаларды тұрғындарға жеткізіп түсіндіру мақсатында ақпараттық насихаттау тобының мүшелері тұрғындармен кездесу өткізіп отырды.

Елбасының жолдауында атқарушы органдардың халықтың әлеуметтік жағдайлары төмен топтарына әрдайым қолдау көрсету керектігі айтылған. Осыған орай тоқсан сайын округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайлары зерттелініп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылары анықталып отырды.

Жыл басында округ бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығында 40 адам жұмыссыздар қатарында тіркеуде болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 45 адамға азайып 33 адамды құрайды. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны 23 тен 15 ке дейін отбасыға кеміді.

Одан басқа ауыл әкімінің сұранысы бойынша 22 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан 711,920 теңге көлемінде бір реттік қаржыдай әлеуметтік көмек көрсетілді. Округ бойынша денсаулығына байланысты әр түрлі топтағы мүгедек

187 адам тіркелген оның ішінде 105 І және ІІ топтағы мүгедектерге аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан коммунальдық шығындарға әр адамға 9,708 мың теңге көлемінде көмектер көрсетілді.

Жұмыссыздар санын азайту, бүгінгі таңда өзекті мәселелердің сайынғы халыққа жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту – бірі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл оған зор мән берілетіні аян. Былтырғы жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде біршама жұмыстар атқарылды. Округ бойынша 28 адам кәсіби дайындықтан өтуге, қайта даярлауға, біліктіліктерін артыруға Екібастұз, Павлодар қалаларындағы әртүрлі оқу орындарына жіберілді. Олардың ішінде эксковатор машинисі, жүргізуші, токар т.б сияқты мамандықтар бар. даярлау 2 адам техник электрик Баянауыл ауылында оқып жатыр.

Мамандық алғанан кейін бұл адамдар тұрақты жұмысқа орналастырылады.

Осы бағдарламаның екінші бағыты бойынша 19 адам 48,4 млн. теңге микро кредит алынып өз жұмыстарын ашып жүргізілуде.

2012 жылы Баянауыл ауылдық округі бойынша 120 жас түлек мектеп орнын бітірді. Оның ішінде 108-і ұлттық бірінғай тестілеуге қатысып, 8-і ұлттық емтихандарды тапсырды. Ұлттық біріңғай тестілеу қортындысы бойынша № 2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінен – Айтмаханова Дина Сабитовна жалпы орта білім аттестатымен қоса, «Алтын белгі» төс белгісіне ие болды.

«100 мектеп пен 100 аурухана» бағдарламасының біздің өнірде де сәтті жүзеге асыру жолында Сәтбаев көшесінде жаңа 110 орындық бала бақша салынып жатыр.

Ауыл жастарының салауатты өмір сүруі үнемі назарда үсталынып спортпен айналысуына жағдай жасалынып отырылады. Олардың спортпен шұғыладануына 6 спорт залы қызмет көрсетеді.

Павлодар облысының 75 жылдығына арналған аудандық спортакиада қортындысы бойынша ауыл спортшылары жалпы командалық есепте 1 орынды женіп алды.

Ауылдық округ бойынша әскери патриоттық тәрбиесі-өзекті мәселеге айналып отыр. Бүгінгі жастардың патриоттық сезімдері жақсы дамып келеді. Өз ниетімен әскерге баруға құлшынған бозбалалардың қатары артуда. Бұл олардың өз мемлекетіне деген сүйіспеншіліктері мен отан алдындағы парыздрын ұғынғандарын деп білемін. Екінші жағынан алғанда-олар әскерден келген соң, жұмыс орындарына тез арада орналасып кетуі. Биылғы жылы отан алдындағы борышын өтеуге 270 бала әскерге шақыртылды оның ішінен 22 бала өз борышын атқаруға кетті, 36 - өз міндеттерін абыроймен орындап еліне оралды. Қалған сарбаздар осы уақытқа дейін өз міндеттерін атқаруда.

Округ аумағында 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Округ аумағында 194 қоныс аударып тіркеуге тұрды. 320 адам жергілікті жерден тіркеуден шығып облыс аумағының басқа елді мекендеріне қоныс аударды . Есепті жыл барысында ауылдық округ әкімі аппаратына әр түрлі мәселелермен 292 жазбаша сауалдар түсіп тіркелді.

Жазбаша өтініштердің 244 қанағаттандырылды 166 жазбаша өтініш иесіне тұсініктеме берілді. Әкімшілік аппараты мамандарының күнделікті жұмыс барысында ауыл тұрғындарынан жиналатын жер және мүлік салығының түсімдері үнемі бақылауда болады.

Округ бойынша қараша айының біріне дейін 227669 теңғе жер және 216438 теңге мүлік салығы түсімдері жиналып тапсырылды 90 пайыз құрайды.

2012 жылдың 4 мамырдағы № 88 өкіміне сәйкес, сәуір - мамыр айында округтің елді мекендерінде санитарлық тазалық, көріктендіру айлығы жарияланды.

Аудан әкімінің қаулысына сәйкес Баянауыл ауылында сенбіліктер әр мекемелерге көшелерді бекітіп беріп, тазалықтар ұйымдастырылды. Барлығы 485 тонна күл қоқыстар жиналып арнаулы жерлерге шығарылды.

Баянауыл ауылының кіріберісіндегі стеллаға жөндеу жұмыстары жүргізді.

Баянауыл аудандық сот, прокуратура, халық банкі, №27 кәсіптік лицейі ғимараттарының сырттарының күрделі жөндеу жұмыстары сәулеттендірілді.

Шонай ауылында медициналық пункт ашылды. Ауыл тұрғындарына құдық қазылды.

Бүгінгі күні аталған құдық қазылып, электр жүйесі желісі тартылып тұр. Бүгінгі күні жетпейтін қаражат шешіліп, таяу арада қолданысқа беріледі.

2012 жылы Баянауыл ауылының аббаттандыру концепциясы жасалды.



Баянауыл ауылдық

округінің әкімі: Б. Күлжан


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет