Баянауыл ауылдық округінің әкімі Азат Бақтанұлы Қаниевтің Ауыл тұрғындармен есептік кездесуінде жасайтын баяндамас ы



жүктеу 108.26 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі108.26 Kb.
Баянауыл ауылдық округінің әкімі Азат Бақтанұлы Қаниевтің

Ауыл тұрғындармен есептік кездесуінде жасайтын

Б А Я Н Д А М А С Ы
Уқыты: Өтетін орны:
2013 жылғы 18 қаңтар Шонай ауылы

сағат 10-00 Мемлекеттік Ұлтық табиғи

паркінің әкімшілік ғимараты
сағат 16-00 Аудандық Мәдинет үйі

Құрметті жерлестер!
Қазақстан Республикасының президенті- Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында: біз ауыл әкімдеріне қосымша өкілеттіктер береміз, ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз, бірақ сонымен қатар жергілікті жердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек.

Сондықтан мен мәслихаттар арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым деп атап айтты. Бұл, еліміздің өз дамуында демократиялық жолмен жүру арқылы ауылдың мәселесін түбегейлі шешу болып табылады.

Осыған орай биылғы жылы тамыз айында елімізде саяси маңызы зор шара өтті, ол аудандық мәслихаттардың депутаттары ауыл және кенттердің әкімдерін сайлады.

Құрметті жерлестер! Мен, Қазақстан Республикасының президенті –Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың осы қабылдаған шешімі нәтижесінде Баянауыл ауданының Баянауыл ауылдық округі әкімдігіне үміткер ретінде ұсынылып,сайлауға түсіп, сайланғаным туралы өткен есептік кездесуімде айтқан болатынмын.

Президентіміз Елбасы Н.Ә Назарбаевтың Барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында атқарылған жұмыстар туралы есеп беру жөнінідегі шешіміне сәйкес ауыл әкімдері әр тоқсан сайын, яғни жылына төрт рет халық алдында есеп береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқару органдары басшыларының тұрғындармен есептік кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Баянауыл ауылдық округі әкімінің кезекті дәстүрлі есептік кездесуіне қош келдіңіздер.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында бағыттаған әлеуметтік бағдарламалар он шешімін табуда, оның айқын дәлелі еліміздің экономикасы барлық сала бойынша алға қарыштап дамуда. Біздің Қазақстанымыз әлеуеті жоғары әлемдегі 50 елдің қатарына енді.

Алдағы қойылған мақсат Бүкіл әлемдік сауда ұйымына мүше болу мақсаты тұр. Осы бағытта мемлекетіміз тиісті жұмыстар жүргізуде.

Осымен қатар, Қазақстанымыз кәрі құрлықтың өте дамыған мемлекеттерімен тайталасқа түсіп 2017 жылы ЭКСПО -2017 өз жерімізде өткізу құқығына ие болды.

Бұл, Қазақстанның саяси және экономикалық бағыттағы жолды дұрыс таңдауының айқын дәлелі болып табылады.

Осыған дейін Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері бірігіп кедендік ұйым құрды және осы ұйымға бірігудің өзі қазіргі кезеңде өз жемісін беруде. Бұның айқын дәлелі біздің елімізде өндірілген өнімдер еш кедергісіз 170 млн. халқы бар бар нарыққа етене енуде.

Осы нарықта терезесі тең дәрежеде болу үшін біздің елде өндірілетін өнімнің бәсекелестікке сай болуы үшін сапасын арттырып Беларусь және Ресей аумақтарында емін еркін жүруі үшін арттыруымыз қажет.

Осы бағытта біздің Баянауыл ауданы, оның ішінде аудан орталығы Баянауыл ауылдық округіде өзінің қомақты үлесін қосуы қажет екендігі және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Сіздерге өткен жылдың қазан айының 18 күні өткен есептік кездесуде атап өткенмін.

Енді, мен сіздерге осы жұмыстардың нәтижесі туралы баяндап берейін.

Атап айтқанда, қазақтың бір туар ұлы академик Қаныш Сатпаевтың және өз заманында аты аңызға айналып халқының қалаулысы және қорғаны болған Мүса мырза мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп бүгінгі күні пайдалануға беріліп халық игілігіне қызмет етуде. Осымен қатар, Баянауылды абаттандыру мен көріктендіру мақсатында орталық алаңға брусчаткалар төселіп көріктендірілу жұмысы аяқталды, бұл жұмысқа аудандық бюджетен 6800 мың теңге және облыстық бюджеттен 20,0 млн. теңге бөлінген болатын.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы негізінде 15381 мың теңге Республикалық бюджеттен және 1709,0 мың теңге аудандық бюджеттен барлығы 17090 мың теңгенің қаржысына Баянауылға кіре беріс Стелладан сапаржайға дейін тротуар салу жұмысы да аяқталып бүгінгі күні пайдалануға берілді.

Осымен бірге Баянауыл аудандық жасөспірімдер спорт мектебінеде 15927 мың теңге көлемінде бөлінген қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі аяқталғанын жеткіземін. Осы жұмыстарға жұмыссыз ретінде тіркелген 30 адам тартылды, яғни жұмыспен қамту мәселесіде шешілуде деп айтуға толық негіз бар

Баянауыл ауылында 10 пәтерлі 10 үй салынды. Осы пәтерлерге ауданымыздың экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден атап айтқанда Қызылтау а/о ТЭЦ ауылынан, Қызылшілік, Қарашоқы, Желтау,Біржанкөл, Шонай ауылдарынан көшіріліп әкелінген отбасылар тұрып жатыр.

Аудан орталығында бұдан басқа биылғы жылы барлығы 288330 мың теңге қаржыға 110 балаға арналған бала бақша құрылысы аяқталып пайдалануға берілгеніне өздеріңіз куә болдыңыздар және 50 балаға арналған балабақша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті құжаттар жасалып мемлекеттік сараптамадан өтті.

Ендігі алда тұрған міндет осы бала бақшаны іске қосу мақсатында тиісті құзырлы мемлекеттік орындарға шығып қаржы мәселесін шешу болып табылады.

Осы балабақша толық іске қосылғанда мектепке дейінгі тәрбиемен аудан орталығын толық қаматамасыз етеміз.

Бүгінгі таңда Баянауыл ауылында Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген барлығы 467900,0 мың теңгенің қаржысына тазарту құрылғысын салу жұмысы жүргізіліп жатыр, бұл жұмыс осы жылы аяқталуға тиіс, осымен қатар 2013-2015 жылдар аралығында 952900,0 мың теңге Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға Сабындыкөл көлін тазарту жұмысы жүргізілуі басталған болатын, бұл жұмыс биылғы жылы жалғастырылады.
Құрметті қауым!
Баянауыл ауылдық округінің жалпы аумағы 64371 га жерді құрайды.

Округ аумағында екі елді мекен оның ішінде Шонай және Баянауыл ауылдары кіреді.

Осы екі елді мекенде тұратын халық саны 6347 адам.

Еңбекке қабілетті адам саны-3632 және зейнет жасындағылар 641 адам.

Округ аумағында бүгінгі күні 4-мектеп жұмыс істейді.

Осы мектептерде 208 мұғалім 1230 оқушыға білім беруде.

1 аудандық 54 орындық аурухана, 35 орындық 1 түбүркүлезге қарсы аурухана және 1 емхана жұмыс істеуде, осы денсаулық сақтау орындарында 113 медициналық қызметкерлер халыққа қызмет көрсеуде.

Осымен бірге жұмыс істеп тұрған 3 бала бала бақша бар, осы бала бақшаларда бүгінгі күні 200 ден астам мектепке дейінгі бүлдіршін тәрбиеленуде.


Құрметті жерлестер !
Өткен 2013 жылдың 18 қазанында болған кездесуде қойылған сұрақтар бойынша атқарылған жұмыстарға тоқтала кетейін.

Шонай ауылында болған кездесуде Шонай ауылымен Баянауылға қатынайтын жолды жөндеу туралы, ауыз су мәселесі, көше жарығы туралы Шонай ауылындағы дәрігерлік пункт және аудан орталығындағы монша және мал бағу туралы сұрақтар болған еді.

Шонай елді мекенінен Баянауылға қатынайтын жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жол қатынасы жақсарды.

Осы жолды жөндеуге аудан әкімі Ернұр Нұрмұханұлы Әйткеновтың зор ықпалы болғанын атап өткен жөн, осымен бірге көптен бері айтылып келе жатқан Хайдаров көшесіне де ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп пайдалануға берілді.

Шонай ауылындағы ауыз су мәселесі бүгінгі күнге дейін шешімін тапқан жоқ, себебі кезіндегі қазылып салынған құдықтар туралы мәселені құқық қорғау орындары тексеруін аяқтаған жоқ, осы мәселе бойынша сот орындарының тиісті шешімі шығады, пайдалануға осыдан кейін берілуі мүмкін, қысқасы бұл жұмыс әлі тоқтап тұр.

Көше жарығына келетін болсақ, Шонай ауылында жанбай тұрған 9 электр шамы ауыстырылып көше жарығы мәселесі шешілді, көше жарығы аудан орталығындада күн тәртібінде тұр және осы мәселе бойынша талай сынға ұшырап жатырмыз.

Баянауылда 58 электр шамы ауыстырылды, орталық ауруханаға баратын Олжабай батыр көшесінің және «Племстанция» жақтың да шамдары ауыстырылып іске қосылды.

Кейбір көшелерде тіпті қайталап ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Электр шамдарының және басқада қосалқы бөшектердің істен шығуы жиіленуде.

Жыл сайын 300-400 мың теңге қаржыға электр шамдарын және басқа осыған қажетті қосалқы бөлшектер сатылып алынады, бірақ осыған қарамастан Баянауылдың біраз бөлігі қараңғы қалпында қалуда.

Бұған себеп, тиісті мамандардың пікірінше көше жарығының электр желісі үйлерге баратын электр желісінің сымдарымен, яғни бір фазада қосарлана орналасқандықтан, яғни түсетін салмақ мөлшерінің артуынан шамдармен басқа бөлшектер жиі істен шығады.

Осыған байланысты бүгінгі күні көше жарығының желісін басқа электр желілерден арнайы желі тарту арқылы ажырату және көше жарығымен қамтамасыз етілмеген Ә. Бектұров, М. Көпеев, Ш. Уалиханов, Торайғыров, Бекмаханов, Шашкин, Айманов көшелеріне шамдар орнату жұмыстарын жүргізу мақсатында дефектілік құжат жасалуда.

Осы құжатты жасау аяқталуға жақын, бұған зор көмек көрсетіп жатқан Баянауыл ауданынан сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Мұрат Бәзтайұлы Шахметов.

Осы дефектілік құжат дайын болғаннан кейін тиісті жобалық сметалық құжат дайындалып, қажетті қаржы көлемі анықталады да жоғары құзырлы мемлекеттік органдардан тиісті бағдарламалар арқылы қаржы бөлінуін сұраймыз, өйткені аудандық бюджеттің бұған шамасы келмеуі мүмкін.

Мен өткен есептік кездесуде Баянауылды толық көше жарығымен қамтамасыз ету жұмыстарын 2014-2016 жылдары іске асырамын деп айтып едім.

Осы атқарылып жатқан жұмыстар сол аталған бағдарламамның басы деп біліңіздер.

Ал, Шонай ауылының дәрігерлік пунктін ашумен қатар орталық моншаны іске қосу осы күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ.

Мен сіздерге 2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы айтып өттім, енді алдағы тұрған атқарылуы тиіс мәселермен таныстырып өткім келіп отыр.

Мен Баянауыл ауылдық округі әкіміне үміткер ретінде ауылдық округті әрі қарай дамытудың бағдарламасын әзірлеп, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау алдында және өткен жылдың 18 қазанында өздеріңіздің алдарыңызда берген есептік кездесуде де таныстырған болатынмын.

Осы бағдарламамды Сіздерге тағы бір таныстырып өтсем деймін.



  1. Ауыз су мәселесін шешу – аудан орталығында орталықтандырылған құбыр салу бағдарламасына араласып, халықты таза сумен қамтамасыз ету және осы жерде халық пайдаланып отырған ашық жатқан құдықтарды жабу мәселесі. (2014-2017 жылдар аралығы)

  2. Санитарлық- тазалық мәселесімен айналысу, көшелерді қоқыстардан тазартып, арнайы контейнерлер қою, тиісті қоқыс шығаратын техника (мусоровоз) сатып алу. ( 2014-2015 жылдар)

  3. Аудан орталығының көшелерін толығымен жарықтандыру мәселесін түбегейлі шешу, арнайы есептеуіш құралдар орнату. (2014-2016 жылдар)

  4. Баянауылдың ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу. (Ж. Мұса, Бектұров, Олжабай батыр, Уалиханов, М. Көпеев,С. Торайғыров көшелері) ( 2014-2016 жылдар).

  5. Мал бағу мәселесін ұйымдастырып бір жүйеге келтіру. (2013-2014 жылдар)

  6. Жұмыссыздықты азайту Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасы негізінде. (жыл сайын)

  7. Білім саласында 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамту. (2014 -2015жыл.)

  8. Аз қамтамасыз етілген отбасыларымен әлжуаз топтарын анықтап тиісті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолдау көрсету.

Мен өткен есептік кездесуде Баянауылда орталықтандырылған су құбырын тарту 2015 жылы басталады деп атап өткен болатынмын, барлық құжаттары дайын, осы жұмыстың жалпы есептік құны 4,0 млрд. теңге және осы жұмыс белгіленген мерзімде басталады деп сенемін.

Кезекте аудан орталығының ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары тұр.

Мен Сіздерге өткен есептік кездесуде Сатбаев және М. Әуезов көшелерінң ортасында орналасқан көлденең көшелерге жалпы есептік құны 21 млн 900 мың теңге болатын орташа жөндеу жұмыстары биылғы 2014 жылы жүргізіледі деп айтып едім.

Бұған себеп қажетті құжаттардың барлығын дайындап «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы қаржыландыру мақсатында облыстық құзырлы мемлекеттік органға өткізген болатынбыз, алайда қаржының тапшылығынан аталған бағдарламаға биылғы жылы енбей қалды.

Бірақ, бұл жұмыс күн тәртібінен түспейді, осы жылы енгізуге тырысамыз.

Күн тәртібінен Баянауылдағы қазақтың ұлыларының атымен аталған Ш.Уалиханов, М.Көпеев, Абай, Олжабай батыр, Жаяу Мұса, Ә.Бектұров және С. Торайғыров көшелерінеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу түспейді.

Өткен есептік кездесуде мен Сіздерге биылғы яғни 2014 жыл дайындық жылы болады деп айтқан болатынмын, атап айтқанда дефектілік құжат жасаумен қатар жобалық сметалық құжаттарды жасау міндеті тұр. Дефектілік құжат жасау әлі аяқталған жоқ осы жылдың сәуір айында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Осы аталған ішікі жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын кезең кезеңмен 2016 жылы аяқтауды жоспарлағаным туралы білесіздер.

Жыл сайынғы өтетін ауыл және аудан әкімінің өздеріңізбен өткізіліп жүрген кездесулерінде мал бағу мәселесіде қайталанып көтеріліп келеді.

Бірақ осы сұрақ түпкілікті әлі күнге дейін шешілмей келеді.

Мал бағуды жеке меншік малдың иелері жергілікті халық, яғни Сіздер жалғыз ауыл әкімінің міндеті деп санамай өздеріңізде араласу қажет деп санаймын.

Мен осы сұрақты өткен кездесудеде айтып, өздеріңізден мал бағатын адамды іздеп табуға көмек берулеріңізді өтінген болатынмын.

Алайда, малдың иесі Сіздерден бүгінгі күнге дейін ешқандайда бір ұсыныс түскен жоқ.

Ал, мал бағатын мезгіл алыс емес жақын қалды.

Енді қашан айналысамыз ? Өздеріңізге өздеріңіз жандарыңыз ашымай ма?

Кейін мал жоғалса тауып беріңдер деп ішкі істер бөліміне барасыздар.

Бұл жұмыстан жергілікті әкім ретінде менде қол қусырып отырған жоқпын.

Мал бағу туралы әр бір адамдармен әңгіме өткізудемін, бірақ ешкім мал баққысы келмейді.

Сондықтан, құрметті ауылдастарым осы мәселені бірігіп шешуге шақырамын.

Менің бұл, ұсынысымды дұрыс қабылдайтындарыңызға мен өзім сенгім келеді.

Ал, жұмыссыздықты азайту мәселесіне келетін болсақ, баяндамамның басында осы мәселесе бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып өттім, бұл жұмыс биылғы 2014 жылыда жалғасын табады.

2014 жылы «Жұмыспен қамту Жол картасы -2020» бағдарламасына Баянауыл округі бойынша екі жоба еніп отыр олар: №2 Баянауыл жалпы білім беретін орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізу.

Осы мәселе көптен бері көтеріліп келеді, биылғы жылы қолға алынып, жаңа оқу жылына дейін аяқталуы тиіс.

Екінші енген жоба ол «Айголек» балабақшасына да күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетін болады.

Жұмыссыздық мәселесін шешудің тағы бір жолы ол кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

Осыған байланысты «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламамалары бүгінгі күні жұмыс істеуде.

Осы бағдарламар негізінде Баянауыл ауылдық округі бойынша біраз жерлестеріміз шағын несиелер алып өздерінің кәсіптерімен шұғылдануда.

Аталған бағдарламалардың басты мақсаты шағын несие алған адамдар өз кәсібін ашу арқылы жұмыс орындарын ашу болып табылады.

Мысалы, аудан орталығында теледидар, тоңазытқыш және басқа тұрмыстық техникалар жөндейтін орындар аз немесе жоқ.

Сондықтан, мен сіздерді жоғарыда аталған бағдарламаларға қатысуға шақырамын.

«Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша биылғы жылы несие алып Сүлейменов Жұман деген жерлесіміз құрылыс материалдарын шығаратын шағын завод ашады, күніне 500 дана шлакоблок пен пескоблок шығаратын, Есмұханбетов Қайнолла ағамыз қойдың жүнін алғашқы өңдеуден өткізіп кигіз басып шығаратын орын ашуды жоспарлап отыр.

Осы орындар ашылса жұмысқа адамдар қабылдайды, бюджетке тиісті салық төленеді.

Осы бағдарламаларға қатысамын деушілерге жол ашық, ауылдық округі әкімшілігіне келіп өтініштеріңізді беріңіздер, және осында белгілі аудандық құзырлы бөлімдер бар, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен жұмыспен қамту орталығына да келулеріңізге болады.

Бірақ, өтініштеріңізді ауылдық округі әкімінің атына бересіздер.

Бүгінгі Қазақстанда еңбек етемін және табыс табамын деген азаматтарға барлық жағдай жасалған, мемлекет тек өзіміздің ортамызда жүрген қоғамымыздың әлжуаз, мүмкіндігі шектеулі адамдарға ғана көмек береді.

Сондықтан жасалған мүмкіндікті пайдаланыңыздар дегім келеді.


Құрметті Жерлестер!
Баянауыл ауылдық округі әкімі лауазымында қызмет атқару мерзімінде мен өздеріңізге таныстырған бағдарламамның барлық бағыттары бойынша жұмысымды пәрменді түрде әрі қарай жүргізе беремін және осы жұмыстарды және алға қойған басқа да мақсаттарды іске асыруда Сіздер менің жерлестерім маған әрдайым көмекке келетіндеріңізге сенімім мол. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет!


Баянауыл

ауылдық округінің әкімі А. Қаниев


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет