Баяндама бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру



бет4/4
Дата07.12.2022
өлшемі130.5 Kb.
#466694
1   2   3   4
Баяндама Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру

Оқу шапшаңдығын арттыру
Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттерінің бірі- ұлттық ерекшеліктерді еске салып, жастарға білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Білім мен тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе десек, бастауыш мектеп- соның бастауы. Педагогика ғылым ретінде өте күрделі. Оның күрделілігі-жүз мыңдаған компоненттерден бас қатырарлықтай шиеленісе байланысып жатуында. Ал, оның жауапкершілік өлшемі – Адам!
Мұны біз ұстаздық өмірімізде күн сайын, әрбір минут сайын ұмытпайық. Ұстаз еңбегі- оқушы білімімен өлшенеді. Ұстаз еңбегінің күрделілігі- әрбір оқушының жүрегіне жол табуында, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетін сезіндіру. Бүгінгі ұстаз, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып қастерлейтін, оны өзгеге танытып, сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек.
Ұстаздық оқу-тәрбие ісі оқушының жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін:
1) Ұстаз сауатты, жан-жақты болуы;
2) өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетіндей әдіскерлік икемділігі;
3) оқушының психологиялық ой-өрісін бақылай алатын сезімтал психолог, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қажет;
Міне, бойында осындай қасиеттері бар ұстаз-кішкентай бүлдіршіндермен тіл табысып, сауатын ашып, олардың оқуға деген ынтасын, оқу шапшаңдығын арттыра алады.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың оқу шапшаңдығын арттырудың маңызы өте зор. Оқу дағдысын жетік меңгерудің алғашқы сатысы 1-сыныпта әліппе кезеңінен басталады. Оқушы 2 немесе 3 дыбысты үйренгеннен кейін-ақ, жеке-жеке әріптеп оқытпай, неғұрлым буындап оқуға дағдыландыру қажет. Ол үшін созып оқу тәсілін пайдалану тиімді болады.
1-сынып оқушылары буындап оқуды меңгергеннен кейін-ақ шапшаң оқудың алғашқы сатысы қаланды деуге болады.
Оқушылар 1-сыныпты бітіргенде 35 сөз оқуы тиіс. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес 2-сыныпта жыл аяғында 55-60 сөз оқуы, 3 сыныпта жыл аяғында минутына 75-80 сөз, 4 - сынып оқушылары минутына 95-100 сөз оқуы қажет. Барлық сынып оқушыларының мұндай дәрежеге жетуі үшін шапшаң оқуға дағдыландыру қажет. Шапшаң оқуға дағдыланғанда ғана оқушы төмендегідей жетістіктерге жете алады:

1) Мәнерлеп оқуды меңгереді. Сөйлем түрлеріне және мәтін мазмұнына қарай оқу мәнерін сақтай отырып оқуды біледі.


2)Оқығанда көз алдына еслестете отырып оқу қабілеті артады. Әртүрлі сезімдерге беріледі. Қиялдау қабілеті дамиды.
3) Тақырып соңындағы тапсырмалармен емін-еркін жұмыс істейді.
4) Үй тапсырмасын оқып дайындалғанда уақыт үнемдейді.
Тез оқитындардың көру көкжиегі кең. Шапшаң оқып, көру көкжиегін кеңейтудің құпиясын меңгерту бастауыш сыныпта-ақ басталады. Оның әдістері төмендегідей:
Бірінші: Артикуляциямен, яғни дауыстап оқу. Бұл әдіс 1,2,3- сыныпта үнемі пайдаланылады. Менің қазіргі сабақ беріп жүрген сыныбымда орташа оқитын оқушыларға осы әдісті пайдаланып жүрмін.
Екінші: Артикуляциясыз, яғни үнсіз көзбен оқу. Бұл әдісті 4-сыныпта пайдаланған тиімді. Дауыстап оқуға төселген оқушылар 4-сыныпқа көшкенде үнсіз оқуды меңгеріп кетеді.
Үшінші: Алгоритм бойынша оқу. Алгоритм дегеніміз- тақырыпты жүйелі, рет-ретімен орындау әрекеті ( машығы).
а) кітаптың немесе мәтіннің тақырыбына назар аудару;
ә) авторын есте сақтау;
б) оны өмірде пайдалану мүмкіндігіне назар аудару.
Бұл әдіс 1-сыныптан бастап-ақ жүзеге асу нәтижесін береді. Оқушы өзінің оқып отырған немесе жаттаған өлеңінің тақырыбын білуі тиіс. Және авторына назар аударуды әдетке айналдырған жөн. Өзі оқыған мәтіннің мазмұнын ұғып, өзінің өмірінде пайдалануға бола ма, болмай ма соны білуге дағдыландыру.
Төртінші: Хормен оқыту. Хормен оқыту көп жағдайда өлең шумақтарын оқуда пайдаланамыз.
Бесінші: Бәрімізге белгілі байырғы Шульте таблицасын бастауыш сыныптарда пайдалану әдісі. Бұл әдісті 3,4-сыныпта пайдаланады. Оқушы алдымен сандарды рет-ретімен көзбен көріп жаттығады. Таблицаны оқып жаттығуға алғашында көп минут кеткенімен, ал үйрене келе жаттығады. Бұл көру көкжиегін кеңейтудің бір әдісі. Шульте таблицасын еңбек сабағында әр оқушы өзі жасап алуына болады.
Алтыншы: қосымша газет, журнал оқу.Ертегі кітап оқуға да болады. Немесе аптасына 1 рет 10 минуттық хабарлама оқуға дағдыландыру тиімді. Бұл әдісті мұғалім оқушы қабілетіне қарай жұмыс түрлерін түрлендіруге болады:
1) хабарландыру
2) мінездеме жазу ( бір-біріне, кейіпкерге)
3) тақырыпқа сай жоспар құру
4) шығарма, мазмұндама, диктант жазу
5) монолог, диалог, тест құру және т.б
6) Ойын түрлерін ұйымдастыру
Осы әдістердің барлығына сыныпта көп уақыт жұмсамай-ақ, 5-10 минут бөліп, үйге қосымша тапсырмалар беріп жіберсең, оқушының оқуға деген қызықғушылығы мен бірге оқу шапшаңдығы, ой-өрісі, танымы, қиялы артады. Оны өз сыныбымнан нашар оқушылармен жұмыс жүргізгенде өз жұмысыма риза болған сәттерімде кездестірдім.
Бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше, құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын және жауапты жұмыс. Біздің мақсатымыз- баланы оқыта отырып жан-жақты тәрбиелеу. Оқушылардың оқу шапшаңдығын арттыру үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта жоғарыда келтірілгендей әртүрлі әдіс-тәсәлдерді қолдануға болады. Ұстаз әрбір сабағында шәкіртін таң қалдыруды ұмытпаған жөн. Қорыта айтқанда, « Дарындылыққа ұмтылу таң қалудан басталады» демекпін. Сонымен бірге, ұлы ғұлама Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген. Олай болса, білім беру, білім бере отырып тәрбие беруді әрбір ұстаз жадында ұстауы жөн!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет