3. Темір жол тасымалы– көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Темір жол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы рельс жол арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады. Темір жол көлігінде тасымал құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама төмен, қатынауы тұрақты. Қазақстанның ішкі құрлықтық орналасуы жағдайында Темір жол көлігі елдің көлік кешенінің құрамында аса маңызды рөл атқарады. Темір жол көлігі 19 ғасырда ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен қазып, металл өңдеудің дамуына байланысты пайда болды. Дүние жүзінде тұңғыш Темір жол көлігі 1825 Англияда Дж. Стефенсон салдырған ұзындығы 21 км “Стоктон – Дарлингтон” желісінде қатынады. Бұдан кейін Темір жол көлігі 19 ғасырдың 30-жылдары Австрияда, Германияда, Бельгияда және Францияда пайда болды. 1830 жылда АҚШ-та, 1837 жылда Ресейде темір жол желілері ашылады. 1850 – 1870 жылда Азияда, Африкада, Оңтүстік Америкада, Австралияда салына бастады. Темір жол құрылысы аз уақыт ішінде жедел қарқынмен дамып, 20 ғасырдың басында темір жол торабының әлемдегі жалпы ұзындығы 1 млн. км-ден асып түсті. Қазақстан аумағында алғашқы Темір жол көлігі Покров – Слободка – Урбах желісімен 1894 жылда 25 қазаннан қатынай бастады. Бұл жолдың 130 км-і Қазақстан жерімен өтті. Темір жол көлігімен тасымалданатын негізгі тауар өнімі – көмір, түрлі кентас, астық, мұнай, тағы басқа отын-энергетикалық жүктер [4].
4.Жол жүру ережелерi 1949 жылғы Жол жүру белгiлерi мен сигналдар туралы хаттамалармен реттеледi. Cонымен қатар Кеден конвенциясы қолданылады. (1975 жыл)
Еуропалық елдер арасындағы жуктi халықаралық автокөлікпен тасымалдау шартының талаптары 1956 жылғы 19 мамырдағы жуктi халықаралық жол журу шарты туралы Конвенциямен реттеледi.
Автокөлік тасымалдауында автокөлікпен ушiншi тұлғаға зиян келтiруде кепiлдiк берудi қамтамасыз ету маңызды болып табылыды. Осылайша автокөлік хабарламаны ұйымдастыру туралы келiсiмдер бойынша, яғни екi жақты , автокөлік тасымалдауында , азаматтық жауапкершiлiктi cақтандыру мiндеттi турде қарастырылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |