Баяндама тақырыбы: «Ж. Аймауытов: ұлттық психология» «Психология»



бет2/4
Дата24.01.2024
өлшемі35.06 Kb.
#489704
1   2   3   4
55Ж.Аймауытов ұлттық психология ДЛЯ себя (1)

Екінші, үшінші тарауларда жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын зерттеу әдістері туралы, жүйке жүйесінің құрылымы, оның заңдылықтарына сипаттама берілген.
«Денедегі кейбір мүшелер, оның қызметтері»; «Эмоция және сезім» атты төртінші және бесінші тарауларында психикалық үдерістердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен эмоция, сезім, көңіл-күйге талдау жасалады.
«Психология» оқу құралында бір қызығы – автор мұнда сурет, кесте, сызбалар арқылы спимограф, кимограф, камертон, эстезиометр сынды қолданбалы аспаптардың суретін беруге, адамның анатомиялық бөліктерінің де суретін салып беруге көп мән берген. ХХ ғасыр басындағы кітап басу ісі үшін бұл үлкен жаңалық.
Біз жоғарыда Ж.Аймауытовтың еңбектерінің теориялық мәнділігі туралы біршама сөз қозғадық. Ал келесі кезекте ғалым шығрмаларының практикалық құндылығын қарастырып көрсек: Ж.Аймауытов өз шығармаларында адамның өмірегі «өз орнын» табу, «тұлғалық даму» мәселелеріне ерекше басымдық бере зерттеген. Және ғалымның осы бағытқа байланысты көзқарастары өте мәнді. «Неге араналсаң соны істе» деген шағын мақаласында ол: «Әлеумет тұрмысындағы зор кемшіліктердің бірі – әлеуметтің мүшесі әр адам өз орнында қызмет етпеу. «Естеріңізде болсын: ...адам қалай болса, солай сүйреуге көне беретін тулақ та емес, қалай қақса солай домалай беретін «алланың добы» да емес. Адам өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет ететін зат… Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Ал өз жолымен қызмет істемеген адамның жұмысы берекесіз болғаны өз алдына, ондай адам ісіне көңілі жарымағандықтан өмірге, тағдырға налып, зарланып, бақытсыз жан болып күнелтеді» деп, өмірдегі өз орнын табумен бақыт феноменін тікелей байланыстырады.
Ал тұлғаның өз жолы мен өз орнын табуы үшін «өзін-өзі танудың» маңызын айшықтай келе «…Әлеумет тұрмысы оңдалу үшін, әр адам қолынан келерлік, пайда берерлік іс істеу керек. Әр адам қабілетіне, ыңғайына қарай өз орнында қызмет етпесе, әлеуметке пайда орнына зиян келтіреді. Екінші, әр адам өз жолымен жүре алмай, бөтен жолға түссе, оның бар таланты (озаттығы) жарыққа шыға алмай, жерге көміледі. Ондай адам өміріне разы да болмайды. Сондықтан әр адам сүйегіне біткен икемділігіне қарай қызмет ету керек» дейді.
Қазіргі уақытта байқасаңыздар түрлі психолог мамандар, кеңесшілер мен коучтар бізге тұлғалық дамудың түрлі жолдарын ұсынуда. Солардың ішінде бәрінің берер алғашқы кеңесі – өзін-өзі жетілдіру, «self-realization». Дегенмен, осы мазмұнды зерттеу сонау XX ғасырдың алғашқы ширегінде ғалым Жүсіпбек жазған «Психологиядан» бастау алатынын біреу білсе, біреу білмес. «Ескі психология мамандары психологияның негізі өзін бақылау деп санаған» деп жазады Жүсіпбек Аймауытов. Ал тәжірибелік психологиядағы соңғы зерттеулер өзін-өзі бақылау (интроспекция) арқылы адам фокусын «өзін-өзі дамытуға» шоғырландыра отырып, жеке тұлғалық дамуға жеңіл мотивацияланатындығын айтады.
Жалпы, қазақ халқы тумысынан сондай байқампаз, бақылампаз, адамның ішіндегі ойлары мен сөздері тұрмақ сезімдерін де сезіп, біліп тұратын байқағыш, сезімтал халық. Ж.Аймауытов «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінде сол қазақтың бойындағы байқампаздық қабілетін жік-жікке жүйелеп, ғылыми бақылау әдісін ұлттық қазақи болмыс-бітімдегі сипаттармен қабыстырып берді.













Байқасаңыздар, мұндағы барлық пункттердің атаулары нағыз қазақы мінезге тән, төл тілімізге жатық терминдермен берілген. .......


Сондай-ақ, ғалым Ж.Аймауытов өзін-өзі бақылаудың тиімді әдісі ретінде – күнделік жазуды да мысал етеді.: «Әркімге өзінің басынан кешірген хал-жайын күнделікке (дневник) жазып отырудың да өзін бақылауда маңызы күшті. Күнделікте адам өз түрін айнаға түсіріп, өзіне-өзі есеп береді. Кейде өткенде жазған сөздерін көріп, жазушы, өзіне-өзі таң қалады. Өткендегі «мен» мен қазіргі «меннің» зор айырмасын тапқанда, «меннің» терең сырлы, ұғымсыз екендігі айқындалады. Жан мен тән дүниесіндегі әрбір құбылыста бір себеп болмақ» дейді. Бұл қазіргі психология ғылымының негізі болған себеп-салдарлық (детерменизм) принципінің мәнін ашады. Ол заңдылық негізінен әрбір жағдайдың себебі мен оның салдарының өзара байланысымен түсіндіріледі. Ал ғалымның айтпағы, осы процесс барысында күнделік жазу – өте тиімді әрі жеңіл құрал болып табылады.
Сондай-ақ зерттеуші «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінде адамның «өзіне сай өнер таңдау» маңыздылығына тоқтала келе: «Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икемі болып туады. Басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки зеректік болады, біреу мал бағуға, біреу іскерлікке, біреу жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, біреу саудаға ыңғайланып жаралады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай, өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек... Ал енді қайткенде әрі жеке адамның, әрі әлеуметтің пайдасы бірден табылады? Қай уақытта әлеумет тілегі мен жеке адам тілегі тоғысады? Әр адам табиғатына біткен қабілетіне, зеректігіне қарай өз орнында қызмет етсе, сонда табылады» дейді. Қазіргі қоғамда орта жас кризисіне келген тұста мамандығын түбегейлі өзгертіп, өмірінің бел ортасынан асқанда өзін қай саладан іздерін білмей қаңтарылып тұрған адамдардың стресске ұшырап, тіпті депрессияға шалдығып жүдеп жүрген жайларының жиі куәсі болып жүрміз. Бұдан ғалым Жүсіпбектің мамандық таңдау жайлы құнды ойлары өзіміз өмір сүріп отырған қоғам мәселелерімен де тікелей үндесіп отырғандығын байқаймыз.
Сондай-ақ зерттеуші аталмыш еңбекте бүгінде психологияның негізгі әдістері болған сауалнама, анкета әдістері арқылы адамның болмыс-бітімі мен қалайтын ісін, таңдайтын кәсібін, келешегін анықтауға болатынын дәлелдеген.
Ал біз, жыл сайын университет қабырғасына жаңадан келген студенттердің таңдаған мамандыққа икемділігін, қызығушылығын және қабілеттілігін анықтау мақсатында кәсіби бағдар жұмысы мен профессиограммада ғалымның жоғарыда аталып өткен байқау, бақылау сауалнама, анкета әдістерінің пункттерін жан-жақты қолданудамыз.
Адамның мамандықты дұрыс таңдауы қазіргі таңда тек әлеуметтану мен психология аясынан да кеңге таралып қоғамдық, қала берді жаһандық мәселе болып отырған кезеңде осы тақырыптың өзектілігіне байланысты 2023-2024 оқу жылына арналған университетіміздің «Педагогика және психология» оқу жоспарына:

  • «Кәсіби бағдар берудің заманауи жүйесі: теория»,

  • «Кәсіби бағдар бойынша кеңес беру: практика»,

  • «Кәсіби бағдар: жас ерекшеліктер» сынды пәндері енгізілді, аталмыш пәндердің силлабусы мен оқу бағдарламасын құруда ғалым Ж.Аймауытовтың еңбектері мен зерттеулері қолданылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет