Баяр Күлшат абай шығармаларын интерактивті оқыту әдістемесі 7М01717- «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Салыстырмалы диаграммалар, кластерлер және жұмбақтар



Pdf көрінісі
бет16/28
Дата27.08.2023
өлшемі1.44 Mb.
#476243
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
абайды оқыиу

Салыстырмалы диаграммалар, кластерлер және жұмбақтар. Бұл 
әдістің мәні студенттердің оқытушы ұсынған шағын тақырыптағы негізгі 
мәселелердің шешімін іздеумен айналысады. Кластер құрау оқушының 
қосымша ойлау қабілетін дамытады. Ол берілген материалды графикалық 
тұрғыда меңгерудің тәсілі. Мұны кейде әдістеме ғылымында «ой қозғау» деп 
те атайды [50, 17]. Оқушының іс-әрекеті қарапайым кезеңдерден тұрады:
1. Парақтың ортасына тірек сөз немесе сөз тіркесі, сөйлем жазылады.
2. Оның жан-жағына берілген тірек сөздің мазмұнын ашатын ойлар
тұжырымдар, тілдік фактілер жазылады.
3. Жазылған тұжырымдарды тірек сөздермен байланыстырады. Сөйтіп 
аталған тақырып бойынша толық құрылым жасалады.
Буриме әдісі. Білім алушылар алдын ала дайындалған ұйқастарды 
пайдаланып өлең құрастырады. «Буриме» әдісі арқылы берілген дайын 
ұйқастарға өлең жолдарын құрастыруға болады [50, 18]. Оқытушы тақтаға 
немесе интерактивті тақтаға өзара ұйқасқан бірнеше сөзді тігінінен жазады: 
ай, 
дірілдеп. 
сай, 
гүрілдеп. 
Осы ұйқастарды қолданып, білім алушылардың әрқайсысы бір шумақ 
өлең жазуы керек. Берілген уақыттан кейін (1-5 минут) өлеңдер оқушылар 
арасында оқылып, ең сәтті шыққандары бүкіл сыныпқа оқылады. Аяғында 
оқытушы Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңінің 
осы ұйқастар алынған шумағын оқушыларға тыңдата алады (сөзін білетін 
оқушылар әнмен бірге ілесіп айтуларына болады): 
Желсіз түнде жарық ай, 
Сәулесі суда дірілдеп. 
Ауылдың жаны терең сай, 
 
Тасыған өзен гүрілдеп. 
Интерактивті әдісті қолдану оқу мақсаттарын екі бағытта нақтылауды 
талап етеді: 
1. Білім алушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін (сапасын) 
бақылау. 
2. Әр білім алушыныңң дамуын қадағалау.
Сол себепті бұл проблеманы мақсаттардың нақты жүйесін, 
педагогикалық таксономияларды құрастыру арқылы шешу керек [51, 86]. 


40 
Бұған қоса мұндай жүйенің ішінде мақсаттардың ерешеліктерін көрсететін 
категориялар мен деңгейлерді анықтау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет