Базартөбе ауылдық кітапханасы



Дата04.07.2016
өлшемі18.8 Kb.
#177456
Базартөбе ауылдық кітапханасы


Базартөбе ауылдық кітапханасы әкімшілік

ғимаратының 56 кв.м көлеміне орналасқан.
Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылынан оңтүстікке қарай 118 шақырым қашықтықта Орал өзенінің шығыс бетінде орналасқан - Базартөбе ауыл округінің орталығы. Базартөбе совхозы 1966 жылы Орал каракуль совхозының №4 бөлімшесі негізінде асыл тұқымды каракөл қой совхозы болып құрылған. Казіргі кезде Базартөбе ауылдық округіне қарасты 1 орта мектеп, 2 орталау мектеп, 1 дәрігерлік аурухана, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана, бірнеше жеке сауда нүктелері бар.

1963-1966 жылдары Базартөбе совхоздың №4 бөлімшесінің орталығында «Қызыл отау» кітапханасы болып ашылды.

1966 жылы алғашқы кітапхана қызметкері Ихсанов Бораш болып қызмет атқарған.

Осы кітапханада еңбек жасаған жылдарында аудандық мәдениет бөлімінен, совхоздың әкімшілігі, партия, кәсіподақ ұйымдарының мақтау грамота қағазымен, сыйлықтарымен бірнеше рет марапатталған. Кеншардың құрметті азаматы Ихсанов Бораш бүгінде зейнет демалысында.



Алмуханова Алтынай Алмуханқызы 1969 жылдан 1985 жылға дейін Базартөбе ауылдық орталық кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарған. А.Алмуханова еңбек еткен жылдары қызмет еткен ұжым атынан бірнеше рет алғыс хат және мадақтау грамоталарымен марапатталған азаматша Тайпақ, Ақжайық аудандық әкімдігімен аудандық мәдениет бөлімінің аудан аралық ұйымдастырған байқауының «Үздік кітапханашы» дипломымен, және білікті қызметі үшін грамоталармен марапатталып заттай сый-сияпат құрметіне ие болған қызметкер. Қоғамдық әйелдер кеңестің тұрақты мүшесінің бірі. Ел арасындағы осындай еңбектері бағаланып 1985 жылы ауылдық кеңестің депутаттыққа ұсынылып, сайланған А.Алмуханова ауылдық кеңестің хатшылық қызметіне ауыстырылды. Осы салада 1998 жылдың қазан айына дейін қызмет атқарды. Қазіргі кезде А.Алмуханова зейнеткерлік демалысында, көп балалы құрметті ана.

1985-2006 жылдары Салима Избасарқызы ауылдық кітапханада кітапханашы болып қызмет атқарған кездерінде де халқымыздың мәдени мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізуде, тіліміз бен дінімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді дамытуда өз білімімен тәжірибесін ортаға салып, ауыл ел болашағы жастар мен жанұя тәрбиесіне мән бере аянбай еңбек етті. Осы ұзақ жылғы жемісті еңбегін бағалап, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Батыс Қазақстан Облысының мәдениет басқармасы мақтау грамоталары және дипломдарымен марапаттаса, Тайпақ, Ақжайық аудандық әкімдігімен аудандық мәдениет бөлімінің аудан аралық «Үздік кітапханашы» атанып, сонымен бірге бірнеше алғыс хат, грамоталарымен марапатталды.



2007 жылы маусым айынан бастап Базартөбе ауылдық кітапханасының меңгерушілік қызметін Н.Т.Құспанова атқаруда.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет