284
ну» және «тәуелсіз мемлекеттің пайда болуы» деген түсініктердің
ара жігін ашып алу керек. Айталық, Н.А. Назарбаев 1989 жылы
Қазақстанның басшысы болды, 1990
жылы президенті, бірақ
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде тек 1991 жылы пайда бол-
ды. Яғни, тіпті, егер Жәнібек пен Керей 1470 жылдан бұрын хан
болса да, тәуелсіз Қазақ хандығы Әбілхайыр-хан өлімінен кейін
1470 жылы пайда болған фактіні жоққа шығара алмайды.
Қазақтың Жәнібек-ханы бұл Шибандық Жәнібек, Мұхаммед
Шейбанидің немерелес інісі деп пайымдаған Г.Хидоятовтың
пікірі өте оғаш көрінеді [16]. Кез-келген сәл сауаты бар, дерек-
пен таныс адамға бұл пікірдің барлық мәлім деректерге қайшы
келетіні анық және ғылыми емес болып табылады.
Мақаланы қорытындылай келе, 1465-1466
жылдарды Қазақ
хандығының пайда болу мерзімі ретінде мойындауға болмай-
ды, себебі оларды хан ретінде тану үшін, бұл кезеңде Жәнібек
пен Керейдің көп халқы және тәуелсіз территориясы болған
жоқ. Жәнібек пен Керей бұл кезде саяси эмигранттар және хан
тағына үміткерлер ретінде Моголистан
территориясында өмір
сүрді. Моголистан территориясында тәуелсіздікке қол жеткізу
талпынысы, жақтастарының саны шамалы Жәнібек пен Ке-
рейге қарсы Моголистан хандарының әскери қимылына апарар
еді. Сондықтан, Қазақ хандығы Әбілхайыр-хан өлімінен кейін
шамамен 1470 жылдары пайда болды деген Т.И.Султановтың
пікірі мейлінше шындық болып табылады. Әйтсе де Жәнібек пен
Керейдің өздерін жаңа мемлекеттің негізін қалаушы ретінде сана-
уы екіталай, өздерінің әкелеріне (Барақ-хан және Булад-сұлтан),
аталарына (Куйурчак-хан мен Тоқтақия-хан) және арғы атасына
(Орыс-ханға) тиесілі билікті өздеріне қайтара алған, ескі әулетті
қайта жаңғыртушылар (реставраторлар) ретінде сезінгенін бұл
жерде тағы атап кеткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: