Ббк 5. А 36 Пікір жазғандар


Лизингтік және қаржылық жалгерлікті салыстырмалы талдау



Pdf көрінісі
бет7/38
Дата18.05.2022
өлшемі1.63 Mb.
#457004
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Лизинг КАЗ

1.3 Лизингтік және қаржылық жалгерлікті салыстырмалы талдау. 
Қаржылық жалгерлікті және лизингті танудың мән-маңызы мен 
өлшемдері 
Қазақстандағы лизинг, негізгі құралдарды жаңалаудағы шағын және орта 
бизнес кәсіпорындарын ұзақмерзімді инвестициялаудың басты құралдарының 
бірі болып саналады. 
Қаржы лизингін танудың мән-маңызы мен өлшемдері ҚР «Қаржы лизингі 
туралы» Заңда көрініс тапқан. Қаржылық жалгерлік ұғымы мен жіктеу 
белгілері 17 «Жалгерлік» Халықаралық қаржылық есептілік стандартында 
(ХҚЕС) көрсетілген.
17 «Жалгерлік» Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (ХҚЕС) 
сәйкес, тәуекелдер мен пайдалардың жалгерге ауысатындығы қаржылық 
жалгерліктің маңызы болып табылады [6]. 
Қаржы лизингінің маңызы ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңға сәйкес 
анықталады. Бұл, лизинг беруші сатушыдан меншікке сатып алынған және 
шартта келісілген лизинг затын, белгілі бір ақысына және кәсіпкерлік мақсаттар 
үшін кем дегенде үш жыл мерзімге уақытша иелену және пайдаланудың белгілі 
бір жағдайларында лизинг алушыға беруге міндеттенетін инвестициялық 
қызметтің түрі [1]. 
17 «Жалгерлік» Халықаралық қаржылық есептілік стандарты (ІАS) 
бойынша қаржылық жалгерлікті тану өлшемдері: 


21
- жалға алған мүліктің пайдалы қызметінің мерзіміне жалгерлік кезеңі 
сәйкес келеді немесе аса жуық; 
- жалгерлік мерзімнің басында ең төменгі жалгерлік төлемдердің 
дисконтталған құны, ең аз деген шекте, жалға алатын активтің тәжірибеде бүкіл 
әділетті құнын құрайды; 
- активтерге меншік құқығы жалгерлік мерзімінің соңында жалгерге 
ауысады; 
- жалгерлік шартында, жалгерлік мерзімінің соңында немесе жалгерлік 
мерзім ішіндегі кез келген өзге сәтте жалға алған мүлікті әділетті құнынан 
анағұрлым төмен баға бойынша, жалгердің сатып алу құқығы көзделген; 
- жалға алған мүліктің өзіндік ерекшелігі бар екені соншалықты, жалгер 
ғана пайдалана алады [1]. 
Соның негізінде жалгерлікті қаржы жалгерлігі ретінде саралауға болатын 
қосымша белгілер болып келесілер саналады: 
1) жалгердің жалға алуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде, осындай 
мерзімінен бұрын тоқтатумен байланысты, жалға берушінің бүкіл шығындары 
(залалдары) жалгерге ауысады; 
2) жалгерлік мерзімінің соңында жалгер активтің қалған құнының 
ауытқуынан алған кірістерді өзі алады немесе шығындарды өзі жабады 
(мысалы, жалгерлік мерзімінің соңында сатудан түскен түсімдердің үлкен 
бөлігіне тең жалгерлік ақылардан жеңілдіктер түрінде); 
3) жалгердің жалгерлікті созуға мүмкіндігі бар, әрі ұзартылған кезеңдегі 
жалгерлік төлемдер нарықтық төлемдерден анағұрлым төмен болады [1]. 
ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңға сәйкес қаржы лизингін тану өлшемдері: 
- лизинг затын лизинг алушыға тапсыру және (немесе) белгіленген баға 
бойынша лизинг затын сатып алуға лизинг алушыға құқық беру лизинг 
шартымен анықталады;
- лизинг мерзімі лизинг затының пайдалы қызмет мерзімінен 75 пайыз 
артып кетеді; 
- лизингтің бүкіл мерзімі ішіндегі лизинг төлемдерінің ағымдағы 
(дисконтталған) құны лизингтің тапсырылатын заты құнынан 90 пайыз артып 
кетеді [1]. 
Осылайша, қаржылық жалгерлік пен қаржы лизингін салыстыру 
нәтижелері бойынша, «қаржылық жалгерлік» пен «қаржы лизингі» ұғымдары 
маңызы бойынша да, сол сияқты тану өлшемдері бойынша да өзгешеленеді. 
Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» Заңының 22-бабына 
сәйкес, лизинг есебі бухгалтерлік есеп жөніндегі заңнама талаптарына сәйкес 
жүзеге асырылуы тиіс [1]. 
17 «Жалгерлік» Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (ХҚЕС) 
сәйкес қаржы лизингі (қаржылық жалгерлік) бойынша тәртіпте лизинг 
алушының (жалгердің) бухгалтерлік есебінде көрсетіледі [6]. 
Жалгер қаржы лизингінің шарты мен объектіні қабылдау-тапсыру актісінің 
негіздерінде ең төменгі лизингтік төлемдердің дисконтталған құны мен әділетті 
құнынан ең төменгі құн бойынша актив және міндеттемелер ретінде қаржылық 
жалгерлікті көрсетуі тиіс. 


22
17 «Жалгерлік» Халықаралық қаржылық есептілік стандартының (IAS) 
талаптарына сәйкес, жалгерлік қаржылық жалгерлік болып танылуы мүмкін, 
бірақ ол ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңға сәйкес қаржы лизингін танудың 
өлшемдерін қанағаттандырмауы мүмкін (мысалы, мерзімі кем дегенде үш жыл 
қаржылық жалгерлік) [1]. 
Актив ретінде бастапқы тану өзіндік құны бойынша жүргізілуі тиіс. 
Өндіруші немесе дилер болып саналатын, жалға беруші жалгерлік мерзімінің 
басында таныған сатудан түскен түсім, екі мәнінің – активтің әділетті құнының 
немесе сыйақының нарықтық мөлшерлемелерін пайдалана отырып есептелген, 
жалға берушіге есептелетін ең төменгі жалгерлік төлемдерінің келтірілген 
құнының ең төменгі құны болып көрінеді. 
Жалгерлік мерзімінің басында танылған сатудың өзіндік құны, 
кепілдендірілмеген қалдық құнның келтірілген мәнін шегергендегі заты болып 
саналатын мүліктің өзіндік құны немесе теңгерімдік құны (егер ол өзіндік 
құннан өзгешеленетін болса) болып көрінеді. Кәдімгі сатуларға қатысты 
кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес танылатын, сатудан алған пайда, сатудан 
алған пайда мен сатудың өзіндік құны арасындағы айырманы құрайды [6]. 
Міндеттемелер ретінде бастапқы тану, актив болып танылған сомаға 
қосылатын кез келген бастапқы шығындарды қоспағанда, актив және 
дисконтталған құн болып танылған сомаға қосылатын, кез келген бастапқы 
шығындарды қоспағандағы әділетті құннан ең төменгі құнға тең сомада 
танылады. 
Қаржылық жалгерлік пен қаржы лизингін салыстыру нәтижелері бойынша, 
«қаржылық жалгерлік» пен «қаржы лизингі» ұғымдары маңызы бойынша да, 
сол сияқты тану өлшемдері бойынша да өзгешеленеді деген қорытынды 
жасауға болады. 
Осылайша біз, қаржы лизингі жағдайларында оларды жалға беру, 
ұзақмерзімді активтерді жаңалауды қаржыландырудың неғұрлым тиімді 
формасы деп санаймыз.
Қаржы лизингі (қаржылық жалгерлік) – тез және алдын ала болжап білуге 
болмайтын түрде ескіретін зат орнына, көптеген жоғары технологиялы 
өнімдерді пайдалану үшін тартымды балама болып саналады [1]. 
Осылайша, мүлікті жаңалауды қаржыландырудың әр түрлі формалары 
кезінде төлемдердің қосынды (жиын) ағындарын салыстыру, ұзақмерзімді 
материалдық активтердің жекелеген түрлерін сатып алу немесе жалға алу 
туралы басқару шешімдерін қабылдаулың өлшемі болып саналады. Ақша 
ағындарының тиімділігі шешімдердің осындай негізгі нұсқалары бойынша 
қазіргі құнымен салыстырылады: 1) меншікті қаржы ресурстары есебінен 
жаңаланатын ұзақмерзімді материалдық активтерді меншікке сатып алу; 2) 
ұзақмерзімді банк несиесі есебінен жаңаланатын ұзақмерзімді материалдық 
активтерді меншікке сатып алу; 3) жаңалауға жататын ұзақмерзімді 
материалдық активтерді жалға алу (лизинг). 


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет