Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет



бет11/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65

Кіріспе

Бұл АХС Ауқымы

  1. Бұл Аудиттің Халықаралық Стандарттары (АХС) қаржылық есептілік аудитінің сапасын бақылау шараларына қатысы бар аудитордың жауапкершіліктері туралы мәлімдейді. Бұл сондай-ақ керек болғанда келісім сапаны бақылау шолушы жауапкершілігін анықтайды. Бұл АХС байланысты әдептану талаптарымен бірге оқылуы тиіс

Сапаны Бақылау Жүйесі және Жоба бойынша Жұмыс Істейтін Топтар Рөлдері

2.  Сапаны бақылау жүйелері, саясаттар және шаралар аудит фирмасының жауапкершілігі болып есептеледі. 1 СБХС-ына сәйкес фирма бұл ақылға қонымды сенімділікпен беру үшін сапаны бақылау жүйесін қолдауға және орнатуға міндетті:

(a) Фирма қызметкерлері кәсіби стандарттарға және қолданыстағы заң мен реттеуші  талаптарға сәйкес келуі тиіс; және

(b) Фирмамен немесе жоба бойынша серіктестермен шығарылған есептер жағдайларға тән.83

Бұл АХС фирманың 1 СБХС-ына немесе кем дегенде талап ететін ұлттық талаптарға сәйкес келуіне негізделетін. (Сілт: Пар. A1)

3. Фирманың сапасын бақылау жүйесі мәнмәтіні ішінде, жоба бойынша жасақтар аудиторлық келісімге қолданылатын сапаны бақылау шараларды енгізуге және тәуелсіздікке қатысы бар фирманың сапасын бақылау жүйесінің бір бөлігі қызмет етуін қамтамасыз ету үшін фирманы өзіне тән ақпаратпен қамтамасыз етуге жауапты.

4. Фирма немесе басқа тараптар берген ақпарат өзге жүйені қамтамасыз еткенше, жоба бойынша жасақтар фирманың сапасын бақылау жүйесіне сүйенуге құқығы бар. (Сілт: Пар. A2)

Күшіне Ену Күні

5. Бұл АХС 2009 жылғы 15 желтоқсаннан бастап немесе осы күннен кейінгі кезеңдегі қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты күшіне енеді.



Мақсаты

6. Аудитордың мақсаты – аудиторға ақылға қонымды сенімділік беретін келісім деңгейінде сапаны бақылау шараларын ендіру.

(a)  Аудитор кәсіби стандарттарға және қолданыстағы заңды және реттеуші талаптарға сәйкес келеді; және

(b) Шығарылған аудитордың есебі жағдайларға тән.



Анықтамалар

7.  АХС-ы мақсаттарында, келесі шарттардың төмендегі мағынасы бар:

(a)  Engagement partner (Жоба бойынша əріптес)84 – жоба жəне оны орындау, сонымен қатар фирманың атынан шығарылған есеп бойынша жауапкершілікке, керектік туған кезде кəсіби, заң шығарушы немесе реттеуші органмен берілген лауазымға ие əріптес немесе фирманың басқа мүшелері.

(b)  Engagement quality control review (Келісімді орындау сапасын бақылауын шолу)жоба бойынша жұмыс істейтін топтың жасаған елеулі шешімдерін жəне олардың есептілікті құрастырғанда қол жеткізген қорытындыларын, есептілікті басып шығарғанға дейін, шыншыл бағалауды қамтамасыз етуге арналған жұмыс. Келісімді орындау сапасын бақылауын шолу үдерісі тек қана листинг субъекттері қаржылық есептілігі аудиттеріне және сондай болса, фирма анықтаған аудиторлық келісімдерге арналған.

(c) Engagement quality control reviewer (Келісімді орындау сапасын бақылауын шолушы) – есепті құру кезінде əріптес, фирмадан тыс адам; сəйкес біліктілікке ие сыртқы мамандар немесе сол адамдардан құрылған сəйкес тəжірибесі мен лауазымы бар топ.

(d)  Engagement team (Жоба бойынша жұмыс істейтін топ) – фирмамен жобада жұмыс істеу үшін шақырылған сарапшылар жəне жобаны орындаушы барлық қызметкерлер немесе келісім бойынша аудиторлық шараларды орындаушы желілік фирма. Бұл фирмамен немесе желілік фирмамен шақырылған аудитордың сыртқы сарапшысын шығарып алып тастайды.85

(e)  Firm (Фирма) – Жеке тəжірибеленетін бухгалтер, кəсіпқой бухгалтерлердің бірлестігі немесе акционерлік қоғамы немесе басқа кəсіпорындары;

(f)   Inspection (Инспекциялау) – Аяқталған аудиторлық келісімдерге қатысы бар, фирманың сапасын бақылау саясаттарымен және шараларымен бірге, жоба бойынша жасақ сәйкестік бойынша дәлелдерді беруіне арналған шаралар.

(g) Listed entity (Бағаланатын компания) – үлестік немесе қарыздық құнды қағаздары танылған қор биржасында бағаланса немесе олар бойынша сауда танылған қор биржасының немесе басқа сəйкес органның ережелері бойынша жасалатын субъект.


  1. Monitoring (Мониторинг)сапаны бақылау бойынша фирманың жүйесін ұдайы бағалай отырып, оның сапаны бақылау жүйесінің дұрыстығы жөнінде сенімді болу үшін таңдаулы аяқталған келісімдерді ұдайы түрде бақылауға қатысты үдеріс.

(i)    Network firm (Желілік фирма) - желіге бағынатын фирма немесе кəсіпорын.

(j)   Network (Желі) - Үлкен құрылым:

(i) Бірлесіп қызмет етуге мақсаты қойған үлкен құрылым; жəне

(ii) пайда немесе шығынды бөлісуге нақты мақсат қойған немесе ортақ иелікті, бақылауды немесе басшылықты, ортақ сапаны бақылау саясатын жəне процедураларын, ортақ бизнес стратегиясын, ортақ брэнд-атаудың қолданысы, немесе кəсіби ресурстардың үлкен бөлігін бөлісетін үлкен құрылым.

(k)  Partner (Əріптес) – Кəсіптік қызмет көрсету кезінде фирманың атынан іс жүргізе алатын адам.

(l)   Personnel (Қызметкерлер)Əріптестер мен жұмысшылар.

(m) Professional standards (Kəсіптік стандарттар) – Аудиттің Халықаралық Стандарттары (АХС-ы) және байланысты әдептану талаптары.

(n) Relevant ethical requirements (Байланысты әдептану талаптары) – Әдетте Бухгалтерлер Халықаралық Стандарттары Кәсіби Бухгалтерлердің Әдеп Кодексі А және В бөлемдерін қамтитын, жоба бойынша жасақ және келісім сапасын бақылау шолушы бағанатын әдептану талаптары. Accountants (Бухгалтерлар (ИФАК Кодексі) – шамалы қатал ұлттық станддартар қосылып, қаржылық есептілік аудитіне қатысы бар.

(o)  Staff (Қызметкерлер) – Əріптестерден басқа кəсіпқойлар, фирмамен шақырылған сарапшыларды қоса алғанда.

(p)  Suitably qualified external person (Тиісті біліктілікті меңгеруге сəйкес шақырылған адам) – жоба бойынша əріптес ретінде қызмет атқара алатын қабілеттілік пен құзырлылыққа ие арнайы шақырылған адам, мысалға, əріптес немесе басқа фирма не мүшелері тарихи қаржылық ақпаратты шолу жасауға немесе аудит жүргізуге құқығы бар (тиісті тəжірибесі бар) бухгалтерлердің кəсіптік мекемесінің қызметкері.



Талаптары

Аудиттің сапасын бақылау үшін басшылықтың жауапкершілігі

8. Жоба бойынша әріптес орындауға тағайындалған әрбір аудиторлық келісім ортақ иелікті сапасына жауапты болады. (Сілт: Пар. A3)



Байланысты Әдептану Талаптары

9.    Аудиторлық келісімді орындау барысында, жоба бойынша əріптес пен жоба бойынша басқа мүшелерге қатысты этикалық мəселелер бойынша

бақылаулар мен сауалнамалар жүргізу қажеттілігі пайда болуы мүмкін. (Сілт: Пар. A4-A5)

10.  Егер жоба бойынша əріптестің назарын фирманың жүйелері бойынша немесе басқа жолдармен анықталған фактілер өзіне тартса жəне бұл жайлар жоба бойынша жасақтың мүшелері əдептану талаптарды орындамайтынын көрсетсе, фирманың басқа өкілетті адамдарымен кеңесіп алған əріптес, қолға алуға тиіс əрекеттерді анықтайды. (Сілт: Пар. A5)



Тəуелсіздік

11.  Жоба бойынша əріптес, аудиторлық келісімге қатысты қолданылатын тəуелсіздік талаптарына сəйкестік бойынша қорытынды жасауы қажет. Жоба бойынша əріптестің міндеті: (Сілт: Пар. A5)

(а)   Фирмадан тиісті ақпаратты алып жəне фирмалар жүйесінен қажет болғанда тəуелсіздікке қатер тудыратын қатынастар мен жағдайларды бағалауы қажет;

(b)   Егер бар болатын болса, бұзушылықтар туралы ақпаратты бағалап, олардың аудиторлық келісімге тəуелсіздік қатерін тудыруын анықтау үшін тəуелсіздік бойынша фирманың саясаты мен рəсімдерін белгілеуі тиіс;

(c)  Бұл қателерді жою үшін тиісті əрекеттерді немесе олардың мүмкін болатын қателерді жоюы немесе ең төменгі деңгейге дейін түсіру үшін қорғаныс шараларын қолдануы қажет. Жоба бойынша əріптес одан əргі тиісті əрекеттерді анықтау мақсатымен мəселені шеше алмаса, шұғыл түрде фирма алдында есеп беруі керек. (Сілт: Пар. A6-A7)

Клиентпен жəне Өзіне Тəн Аудиторлық Келісімдермен Қарым-Қатынасты Қабылдау жəне Жалғастыру

12.  Жоба бойынша əріптес, клиентпен жəне өзіне тəн аудиторлық келісіммен қарым- қатынасты қабылдау жəне жалғастыруға қатысты шаралардың орындалып жатқанын жəне олар бойынша қол жеткен қорытындылар пайда болған жағдайларға сəйкес келетініне көз жеткізуі қажет. (Сілт: Пар. A8-A9)

13.  Егер жоба бойынша əріптес, фирманың аудиторлық келісімінен ауытқуына əсер етуі мүмкін ақпаратты алғанда, егер бұл ақпаратқа ертеректе қол жетімді болса, жоба бойынша əріптес бұл ақпарат туралы шұғыл түрде фирмаға хабарлап, жоба бойынша фирма мен əріптестің тиісті шаралар қолдануына алғышарт жасауы керек. (Сілт: Пар. A9)

Жоба бойынша жасақты тағайындау

14.    Тұтас алғанда, жоба бойынша жасақ және жоба бойынша жасақтың бөлігі емес аудитордың сарапшылары тиісті қабілеттілігі мен құзырлылығы бар:

(a)  Кәсіби стандарттарға және қолданыстағы реттеуші талаптарына сәйкес аудиторлық келісімді орындау; және

(b) Шығарылуы тиісті жағдайларға тән аудитордың есебін қамтамасыз ету. (Сілт: Пар. A10-A12)



Келісімді Орындау

Бақылау, Қадағалау және Орындау

15.    Жоба бойынша əріптес төмендегі жайлар бойынша бағыттайды:

(a) Кəсіптік стандарттар, реттеуші жəне заңдық талаптарға сəйкес аудиторлық келісімдерді бақылау, қадағалау және орындау; және (Сілт: Пар. A13-A15, A20)

(b) Жағдайларға тән тиісті аудитордың есебі.



Шолу

16.   Жоба бойынша әріптес фирманың шолу саясаты мен шарасына сәйкес орындалып жеткен шолуларға жауапты. (Сілт: Пар. A16-A17, A20)

17. Аудиторлық есепті шығаруға дейін жоба бойынша əріптес, қол жетерлік қорытындыларды растау үшін аудиторлық дəлелдер тиісті əрі жеткілікті ме дегенге көз жеткізіп алуы қажет жəне жоба бойынша жасақпен аудиторлық құжатты шолу жолымен есепті шығару. (Сілт: Пар. A18-A20)

Кеңестер

18. Жоба бойынша əріптестің міндеті:

(а) қиын жəне даулы мəселелерге қатысты жоба бойынша жасаққа тиісті кеңестер бергендігі үшін жауапкершілік шегуі керек;

(b) фирманың ішкі немесе сыртқы аясы шегіндегі тиісті деңгейде келісімді орындау барысында, жасақ шегінде жəне жоба бойынша жасақ арасында жоба бойынша жасақтың мүшелері келісімді орындау барысында тиісті кеңестер алғанына көз жеткізу қажет;

(c) берілген кеңестердің сипаты мен мөлшері, сондай-ақ осындай кеңестердің негізінде жасалған қорытындылар, кеңес беруші тарап жағынан келістірілетініне көз жеткізу керек; жəне

(d) кеңестер негізінде жасалған қорытындылардың жүзеге асыруның тексеру қажет. (Сілт: Пар. A21-A22)



Келісімді Орындау Сапасын Бақылауды Тексеру

19. Листинг субъектілерінің қаржылық есептілік аудитіне және сондай болса, фирма келісімді орындау сапасын бақылау талап етілгенін шешіп қалған өзге аудиторлық келісімдерге қатысты жоба бойынша əріптес төмендегі жайларды жүзеге асыруы қажет:

(а) Келісімді орындау сапасын бақылауды тексеретін адамның тағайындалғанын анықтауы  қажет;

(b) Келісімді орындау сапасын бақылауды тексерушімен бірге, келісімді орындау сапасын  бақылауды тексеру барысында анықталған

мəселелерді қоса алғанда, аудиторлық  келісім барысында туындаған маңызды мəселелерді талқылау; жəне

(c) Келісімді орындау сапасын бақылауды тексеру аяқталғанға дейін, аудиторлық есепті  жарияламай қоя тұру. (Сілт: Пар. A23-A25)

20.   Келісімді орындау сапасын бақылауды тексеруші төмендегі объективті бағаны және аудитордың есебін түйіндеу кезінде қол жеткізілген қорытындыларды біріктіруі тиіс:

(а) Жоба бойынша командамен бірге жасаған маңызды мәселелерді талқылау;

(b) Қаржылық есептілікті және ұсынылған аудитордың есебін тексеру;

(c) Жоба бойынша жасақ жасаған тиісті пікірлерге және қол жеткізілген қорытындыларға  қатысты таңдалған аудиторлық құжаттаманы тексеру; және

(d) Аудитордың есебін түйіндеу кезінде қол жеткізілген қорытындыларды бағалау мен ұсынылған аудитордың есебі сәйкес келетінін қарастыру. (Сілт: Пар. A26-A27, A29-A31)

21.  Листинг субъектілерінің қаржылық есептілік аудитіне қатысты келісімді орындау сапасын бақылауын тексеруші келісімді орындау сапасын бақылауын тексеру барысында төмендегі жайларды жүзеге асыруы қажет:

(а) Өзіне тəн аудиторлық келісімге қатысты фирманың тəуелсіздігін жоба бойынша команданың бағалауы.

(b) Пікірлер бойынша алауыздық туындайтын немесе басқа қиын да даулы мəселелер бойынша, сондай-ақ осы кеңес берулерге негізделген мəселелер бойынша тиісті кеңестер алынды ма деген мəселе; жəне

(c)  Тексеру үшін таңдалған аудиторлық құжаттар, маңызды талқыларға қатысты орындалған жұмыстарды қамтиды ма жəне олар қол жеткізілген қорытындыларды қуаттай ма. (Сілт: Пар. A28-A31)

Пікірдегі Алауыздық

22.  Егер жоба бойынша жасақта кеңесшімен, жоба бойынша əріптеспен жəне келісім сапасын тексерушімен арада пікірлер бойынша алауыздық пайда болса, жоба бойынша жасақ пікірлердегі алауыздықты жою үшін фирманың саясатын ұстанып, рəсімдерді орындауы тиіс.



Мониторинг

23. Тиімді сапаны бақылау жүйесі фирмалар сапаны бақылау жүйесіне қатысты саясат пен рəсімдер сəйкес келетін, барабар, тиімді жəне əрекет етуші тəжірибеге сəйкес келетін, ақылға қонымды сенімділік беруге арналған саясат пен рəсімдерді жасап шығуды қамтиды. Жоба бойынша əріптес, фирманың соңғы ақпаратында жəне қажет болғанда басқа фирмалар

жүйесі тарқататын, қуатталатын мониторинг үдерісінің нəтижесін қарастырады. (Сілт: Пар. A32-A34)

Құжаттама

24. Аудитор аудиторлық құжаттарға төмендегіні енгізіуі тиіс:86

(a)  Байланысты әдептану талаптарына сәйкестікке қатысты анықталған мәселелер және олар қалай да шешілді.

(b)  Аудиторлық келісімге қолданылатын тәеулсіздік талаптарына сәйкестікке негізділген қорытындылар және бұл қорытындыларды қуаттайтын фирмамен тиісті талқылар.

(c)  Клиентпен жəне өзіне тəн аудиторлық келісіммен қарым-қатынасты қабылдау жəне жалғастыру дегеніне қатысты қол жеткізілген қорытындылар.

(d)  Берілген кеңестердің сипаты мен мөлшері, сондай-ақ осындай кеңестердің негізінде жасалған қорытындылар, кеңес беруші тарап жағынан келістірілетініне көз жеткізу керек. (Сілт: Пар. A35)

25. Келісімді орындау сапасын бақылауын тексеруші тексеріліп жүретін аудиторлық келісімге қатысы бар құжаттауы тиіс:

(а)  Фирманың саясатына сәйкес келісімді орындау сапасын бақылауды тексеру бойынша шаралар орындалды ма;

(b)   Келісімді сапасын бақылауды тексеру аудиторлық есепті шығарғанда немесе шығарғанға дейін аяқталды ма; және

(c)  Тексеруші қол жеткізілген қорытындылар және жоба бойынша жасақпен жасаған үлкен талқылар тексеруші сенетініне ықпал етуі мүмкін кез келген шешілмеген мәселелерді білмей-ақ қояды.

***

Қолданбалы Және Басқа Түсіндірме Материал

Сапаны Бақылау Жүйесі және Жоба бойынша Жұмыс Істейтін Топтар Рөлдері (Сілт: Пар. 2)

A1. СБХС 1, немесе шамалы қатаң болып табылатын ұлттық талаптар аудиторлық келісімдерге қатысы бар сапасын бақылау жүйесін қолдау және енгізу бойынша фирманың жауапкершіліктерін қарастырады. Сапаны бақылау жүйесі келесі элементтерді реттейтін саясатты мен шараны қамтиды:

• Фирманың шегіндегі сапағы қатысты басқарушылық бойынша жауапкершіліктер;

• Байланысты әдептану талаптар;

• Клиентпен жəне өзіне тəн аудиторлық келісімдермен қарым-қатынасты қабылдау жəне жалғастыру;

• Адами ресурстар;

• Келісімді орындау; және

• Мониторинг.

Аудиторлық келісімдерге қатысы бар сапасын бақылау жүйесін қолдау және енгізу бойынша фирманың жауапкершіліктеріне қатысы бар ұлттық талаптар кем дегенде 1 СБХС сияқты қатаң болып есептеледі, олар бұл параграфта сипатталып отыратын барлық элементтерді реттей отырып, 1 СБХС-ында баяндалған талаптардың мақсаттарына жетіп жататын міндеттерді фирмаға салғанда.

Фирманың Сапаны Бақылау Жүйесіне Негіздеу (Сілт: Пар. 4)

A2. Фирма немесе басқа тараптар берген ақпарат басқа болғанша, жоба бойынша жасақ фирманың сапаны бақылау жүйесіне негіздеу қажет. Мәселен:

• Оларды жұмысқа қабылдау және ресми тренинг арқылы қызметкерлер құзыреттері.

• Тәуелсіздік бойынша байланысты ақпаратты жинақтау мен хабарлау арқылы тәуелсіздік.

• Қабылдау жəне жалғастыру жүйелері арқылы клиентпен келісімдермен қарым-қатынасты қолдау.

• Мониторинг үдерісі арқылы қолданыстағы заңды шығарушы және реттеуші талаптарға сәйкес келу.



Аудиттің сапасына қатысты басшылықтың жауапкершілігі (Сілт: Пар. 8)

A3. Әрбір аудиторлық келісім ортақ сапасына қатысты жауапкершіліктерді қабылдау барысында, жоба бойынша əріптес əрекеттері мен жоба бойынша жасақ мүшелерін хабарландырулардың назары мынаған аударылады:



  1. Аудит сапасының маңыздылығы:

(i)   Кəсіптік стандарттарға, реттеуші мен заңдық талаптарға сəйкес келетін жұмыстарды атқару;

(ii)  Фирманың сапаны бақылау бойынша шаралары мен саясатына сəйкестік;

(iii) Қалыптасқан жағдайға сəйкес келетін аудиторлық есепті шығару; жəне

(iv) Айыптаудан қорқпай қауіптенулерді көрсету жоба бойынша жасақтың қабілеттілігі; және

(b) аудиторлық келісімді орындау кезінде, сапа негізсалушы фактор болып есептеледі.

Əдептануға байланысты талаптары

Байланысты Әдептану Талаптарға Сәйкестік (Сілт: Пар. 9)

A4.   ИФАК Əдептану Кодексі төмендегі жайлар кіретін кəсіптік əдептің тұғырлы принциптерін бекітеді:

(а) Адалдық;

(b) Шынайылық;

(c) Кəсіптік құзырлылық жəне абайлылық;

(d) Құпияны жарияламаушылық; жəне

(e) Кəсіптік мінез-құлық.

«Фирма», «Желі» және «Желілік фирма» терминдері (Сілт: Пар. 9-11)

A5.  Байланысты әдептану талаптардағы «Фирма», «Желі» және «Желілік фирма» терминдері АХС –ымен анықталғандардан ерекшеленуі мүмкін. Сәселен, ИФАК Кодексі «фирма» терминін төмендегідей анықтай береді:

(а)  Жеке тəжірибеленетін бухгалтер, кəсіпқой бухгалтерлердің бірлестігі немесе акционерлік қоғамы;

(b)  осындай тараптарды иелік құқығы, басшылық немесе басқа жолдар арқылы бақылайтын кəсіпорын; жəне

(c)  осындай тараптармен иелік құқығы, басшылық немесе басқа жолдар арқылы бақыланатын кəсіпорын.

Тағы басқамен, ИФАК Кодексі «желі» және «желілік фирма» терминдеріне қатысы бар нұсқаулық береді.

9-11 параграфтар талаптарына сәйкес келу барысында, байланысты әдептану талаптарындағы қолданылатын анықтамалар әдептану талаптарын түсіндіру мақсатында қолданылады.



Тəуелсіздік Қатерін Тудыруы (Сілт: Пар. 11(c))

A6.   Жоба бойынша əріптес, аудиторлық келісімге қатысты, сақтандыру шараларын қолдану жолымен жою немесе оны ең төменгі деңгейге дейін түсіру мүмкін емес тəуелсіздік қатерін анықтауы мүмкін. Мұндай жағдайда, 11(c) параграфқа сәйкес, жоба бойынша əріптес, қызмет немесе мүддеге төнген қатерді біріктіруі мүмкін сəйкес əрекетті немесе аудиторлық келісімнен бас тартуға байланысты тиісті əрекетті анықтау үшін фирмамен кеңеседі.



Мемлекеттік Сектордағы Субъекттерге өзіне тән Талқылар

A7.   Заңды сақтандыру шаралары мемлекеттік сектордағы аудиторлар тәуелсіздікке қатысты сақтандыру шаралары беруі мүмкін. Бірақ, заңды аудитор атынан мемлеке сектор адиттерін орындап жататын мемлекеттік сектордағы аудиторлар немесе аудиторлық фирмалар белгілі бір юрисликциядағы мандат шарттарына тәуелді болып, 11 параграф мәнмәтіндегі сәйкестікті алға жылжыту үшін олардың тәсілін қолдауы қажет. Мемлекеттік сектор аудиторының мандаты келісімнен ауытқуды рұқсат еткен жоқ болғанда да, егер олар жеке секторда болмаса,

аудиторға ауытқуына әкелуі мүмкін болып, туындаған жағдайлар бойынша бұқаралық есеп арқылы ашылымды қамтуі мүмкін.

Клиентпен Жəне Өзіне Тəн Аудиторлық Келісімдермен Қарым-Қатынасты Қабылдау жəне Жалғастыру (Сілт: Пар. 12)

A8.   1 СБХС бойынша фирма, жаңа клиентпен келісімді қабылдауға дейін, ағымдағы келісімді жалғастыру қажеттілігін шешім қабылдау кезінде, және ағымдағы клиентпен қол қойылған жаңы келісімді қарастыру барысында, қажетті болып табылатын ақпаратты алуы тиіс.87 Сол сияқты ақпарат жоба бойынша әріптеске клиентпен жəне өзіне тəн аудиторлық келісіммен қарым-қатынасты қабылдау жəне жалғастыруға қатысты қол жеткізілген қорытындылар сәйкес келетін екенін шешім қабылдауға көмектеседі:

•  Негізгі қожайындардың, басты орындағы басшылардың адалдығы жəне субъектінің басқару өкілеттігіне ие тұлғалары адалдығы;

•  Аудиторлық келісімді орындау үшін жоба бойынша команда құзырлы ма жəне ол қажетті ресурс пен уақытқа ие ме;

•   Жоба бойынша команда мен фирма əдептану талаптарын орындай ма екен; және

•   Ағымдағы немесе алдағы аудиторлық келісімдер барысында туындайтын маңызы зор мәселелер және қарым-қатынастарды жалғастыру үшін олардың мәні.



Мемлекеттік Сектордағы Кәсіпорынға тән Талқылаулар (Сілт: Пар. 12-13)

A9. Мемлекеттік секторда, аудиторлар заңды талаптарға сәйкес тағайындалуы мүмкін. Осыған сәйкес, 12, 13 және А8 параграфтарда баялғандай, клиентпен жəне өзіне тəн аудиторлық келісіммен қарым-қатынасты қабылдау жəне жалғастыруға талаптар және талқылардың біреулері сәйкес келмеуі мүмкін. Сүреттелген үдеріс нәтижесінде жиналған ақпарат мемлекеттік сектор аудиторлары үшін тәуекелдіктерді бағалау және есеп беру жауапкершіліктерді орындауға көмектесе алады.



Жоба Бойынша Команданы Тағайындау (Сілт: Пар. 14)

A10. Жоба бойынша жасақ, есеп-қисап немесе аудиттің мамандырылған саласындағы біліктілікті пайдаланып, қажет болған жағдай да, фирма шақырса немесе тағайындаса, келісім бойынша аудиторлық шараларды орындайтын тұлғаны ескеруі тиіс. Бірақ, сол сияқты біліктілікке ие тұлға жоба бойынша жасақтың мүшесі емес, егер анау тұлғаның шақырылуы тек кеңестерді қамтыса. Кеңестер 18 параграфта және А21-А22 параграфтарда қарастырылып отыр.

A11. Тұтас алғанда, жоба бойынша жасақтан күтілетін тиісті қабілеттілік пен құзырлылыққа төмендегі жайлар кіреді:

• тренинг пен оған қатысу арқылы ұқсас сипат пен күрделілікке толы аудиторлық келісімге қатысты білім мен іс жүзіндегі тəжірибе.

• кəсіптік стандарттарды, реттеуші мен заңдық талаптарды білу.

• тиісті ақпараттық технология білімін қоса алғанда, сəйкес келетін техникалық білім.

• клиент жұмыс істейтін тиісті саланы жақсы білу.

• кəсіптік талқыны қолдануға қабілеттілік.

• сапаны бақылау бойынша фирманың саясаты мен рəсімін білу.

Мемлекеттік Сектордағы Кәсіпорынға тән Талқылаулар

A12. Мемлекеттік секторда, қосымша тиісті құзырет белгілі бір юрисдикцияда аудиттің мандаты шарттарын бөлісіп таратуға қажетті болып табылатын біліктіліктерді қамтуы мүмкін. Сондай құзырет қолданыстағы есеп беру бойынша келісімдерді білуді, заң шығарушы немесе реттеуші орындар алдында немесе қоғамдық мүдде мақсатында есеп беруді қоса алғанда, қамтуы тиіс. Мемлекеттік сектор аудиті кең масштабы, мәселен, аудитті орындау кейбір аспектілерін немесе заң, нормативті-құқықтық актілер немесе басқа орынға сәйкестікті күрделі бағалауды, алаяқтық пен жемқорлық фактілерін анықтап, алдын алуды қамтуы мүмкін.



Келісімді Орындау

Бақылау, Қадағалау және Орындау (Сілт: Пар. 15(a))

A13. Жоба бойынша əріптес, аудиторлық келісімді жоба бойынша команданы құлақтандыра отырып төмендегі жайлар бойынша бағыттайды:

• Олардың жауапкершілігі, байланысты әдептану талаптарына сәйкес келу, кәсіптік скептицизм қолданып АХС 20088 талап ететіндей аудитті жоспарлау да орындау қажеттіліктерін қоса алғанда.

• Орындалуы тиісті жұмыстың мақсаттары.

• Субъект іскерлігінің сипаты.

• Тəуекелді қажет ететін мəселелер.

• Туындауы мүмкін мəселелер.

• Келісімді орындау бойынша ұсақ бөлшектерді жүзеге асыру.

Жоба бойынша команданың мүшелері жасақтың барынша тəжірибелі адамдарымен мəселені талқылай алады. Жоба бойынша жасақтың аясында ақпараттандыруға тиісті процес болуы тиіс.

A14. Тиісті жасақтық жұмыс пен тренинг, жоба бойынша жасақтың орындалатын жұмыстың мақсатын айқын түсіну үшін барынша тəжірибелі мүшелермен өзара бірге əрекеттесіп, жұмыс істеуі керек.

A15. Қадағалауға төмендегі жайлар кіреді:

•   Аудиторлық келісімді орындауды бақылап отыру.

•   Жоба бойынша жасақтың жекелеген мүшелері өз жұмыстарын орындау үшін уақыттарының жетімділігін, сондай-ақ құзырлылығы мен қабілеттерін тексеру, аудиторлық келісімді орындау барысында жоспарланған əрекеттерге сəйкес, олардың нұсқаумен қаншалықты таныс екендіктерін тексеру.

•   Жоспарланған əрекеттердің тиісті жетілдірілуі мен олардың маңыздылығын есепке ала отырып, аудиторлық келісім барысында пайда болатын маңызды мəселелерді қарастыру.

•  Кеңес беруді қажет ететін мəселелерді анықтау немесе келісімді орындау барысында оларды жоба бойынша жасақтың барынша тəжірибелі мүшесі қарастыруы қажет.

Шолуға жауапкерлілігі (Сілт: Пар. 16)

A16. 1 СБХС бойынша, фирманың шолу бойынша жауапкерлішігіне қатысты саясаты мен шаралары жоба бойынша команданың барынша тəжірибесі бар мүшелері, команданың тəжірибесі аз мүшелері орындаған жұмысты тексеруге негізделеді. 89

A17.  Тексерушілердің зерттейтін мəселесі:


  • атқарылған жұмыстардың кəсіптік стандарттар, реттеуші жəне заңдық талаптарға сəйкес орындалды ма;

  • одан əрі қарастыру үшін маңызды мəселелер анықталды ма;

  • тиісті кеңестер алынды ма жəне қол жеткізілген қорытындылар құжаттандырылып жүзеге асырылды ма;

  • орындалған жұмыстың көлемі, мерзімі мен сипатын қарастыру қажеттілігі бар ма;

  • орындалған жұмыс қол жеткізілген қорытындыларды қуаттай ма жəне ол тиісті жолдармен құжаттандырылды ма;

  • алынған дəлелдер аудиторлық есепті растау үшін жеткілікті жəне тиісті болып табыла ма; жəне

  • келісім бойынша рəсімдер мақсатына қол жеткізілді ме.

Жоба бойынша әріптестің орындалған жұмысты шолуы (Сілт: Пар. 17)

A18. Аудиторлық есепті шығарғанға дейін жоба бойынша əріптес келісімді орындаудың тиісті кезеңдері барысында дəл өз уақытында шолулар жасап отырып, маңызды мәселелерді шешуі тиіс.

• Талқылардың маңызды салалары, олардың ішінде келісімді орындау барысында анықталған даулы да қиын мәселелер;

• Елеулі тәуекелдіктер; және

•   Жоба бойынша әріптес маңызды болып есептейтін басқа салалар. Жоба бойынша әріптес барлық аудиторлық құжаттарды шолуы қажет емес пе, шолуы мүмкін бе. Дегенмен, АХС 230 талап ететін, жоба бойынша әріптес шолулар деңгейін және мерзімдерін құжаттауы тиіс.90

A19. Келісімді орындау барысында, аудитті қабылдайтын жоба бойынша əріптес А18 параграфқа сәйкес, жоба бойынша әріптестің жауапкершіліктерін қабылдау үшін əріптестің ауысу датасындағы орындалған жұмысқа шолу жасауы тиіс.



Есеп-қисап немесе аудиттің ерекше сипаттағы саласындағы тәжірибелі жоба бойынша жасақтың мүшесі қолдануға тән талқылаулар (Сілт: Пар. 15-17)

A20. Бухгалтерлік немесе аудиттің арнаулы саласындағы тәжірибесі бар жоба бойынша жасақтың мүшесі қолданылған кезде, жоба бойынша жасақ мүшесі жұмысын бақылау, қадағалау мен шолу төмендегі жайлардан тұрады:

•   Мүше жұмысының сипаты, масштабы мен мақсаттары туралы келісулері; және мүшесі мен жоба бойынша жасақтың басқа мүшелері арада ақпараттандыру ауқымы, мерзімдері мен сипатын және өзіне тән рөлдерін талқылау.

•  Мүше жұмысының сәйкестігін бағалау, сондай-ақ анау мүшесінің мәлеметтері немесе қорытындылары дұрыстығы және тиімділігі және олардың аудиторлық дәлелдеріне сәйкестігін талқылау.



Кеңестер (Сілт: Пар. 18)

A21. Фирманың аясы ішінде немесе сыртындағы тиімді кеңес берулері, техникалық, этикалық жəне басқа мəселелер қол жеткізілуі мүмкін:

•  Aқпараттық кеңес беру үшін кеңесшіге барлық тиісті қажет фактілердің бəрі де берілді; және

•  Тиісті білімді меңгерген жəне жеткілікті біліктілік пен тəжірибеге ие адам.

A22. Мəселен, фирма ішінде тиісті ішкі мүмкіндіктер жеткіліксіз болғанда, жоба бойынша жасақтың фирмадан тыс жерде кеңес алуына қажеттілік тууы мүмкін. Олар басқа фирмалар, кəсіптік жəне реттеуші органдар немесе сапаны бақылау бойынша тиісті қызмет көрсететін коммерциялық ұйымдардың консалтингтік қызметтерін пайдалана алады.

Келісімді орындаудың сапасын бақылауға шолу

Аудиторлық есепті шығарғанға дейін келісімді орындау сапасын бақылауды тексеруді аяқтау (Сілт: Пар. 19(c))

A23. АХС 700 бойынша аудиторлық есеп, аудитор тиісті лайықты дәлелдерді алғанына қаржылық есептілікке қатысты аудиторлық пікір негізделуі тиіс күнінен бұрын, шығарылуы тиіс.91 Листинг субъектілерінің қаржылық есептілік аудиті кейбір жағдайларында немесе келісімді орындау сапасын бақылауға қатысы бар критерийлерге сәйкес келгенде, сол сияқты шолу аудиторға тиісті дәлелдер алынғандарды шешуге көмектеседі.

A24. Келісімнің орындалу сапасын бақылауды тексеру аудиторлық есепті шығарған күніне дейін немесе күнінде келісімді орындау барысында тиісті кезеңдері дəл өз уақытында елеулі мәселелерді тексеруші қанағаттандыру үшін шұғыл түрде шешуді қамтамасыз етеді.

A25. Келісімнің орындалу сапасын бақылауды тексерудің аяқталуы келісімнің орындалу сапасын бақылауды тексеруші 20-21 параграфтардағы талаптарды аяқтауы және қажет болған жағдайда 22 параграфқа сәйкестік болып табылады. Шолуды құжаттау түпкілікті аудиторлық файл жинағы бөлігі ретінде аудиторлық есепті шығарғаннан кейін аяқталуы мүмкін. АХС 230 талаптар және осыған сәйкес нұсқаулықты анықтап отыр.92 Келісімді орындау сапасын бақылауды тексеру сипаты, деңгейі және мерзімдері (Сілт: Пар. 20)

A26. Егер келісімді орындаудың бастапқы кезеңінде, келісімді орындау сапасын бақылауды тексеру қажет сияқты болып көрінбесе, жоба бойынша əріптес осындай тексеруді қажет ететін жағдайлардағы өзгерістердің барысын мұқият қадағалап отыруы тиіс.

A27. Егер субъект листинг субъекті болса, тексеру көлемі аудиторлық келісімнің күрделілігі мен туындаған жағдайлар бойынша аудиторлық есептің сəйкес келмеушілік тəуекеліне тəуелді болады. Тексеру жоба бойынша əріптестің тартуы тиіс жауапкершілігін кемітпейді.

Листинг субъекттерінің келісімді орындау сапасын бақылауды тексеру (Сілт: Пар. 21)

A28. Листинг субъектілерінің қаржылық есептілік аудиті бойынша, келісімді орындау сапасын бақылауды тексеру төмендегі жайларды зерттеуді біріктіреді:

•  АХС 31593 сəйкес келісімді орындау барысында анықталған елеулі тəуекелдер жəне АХС 33094 сəйкес, бағаланған тəуекелдерге қатысты аудиторлық рəсімдер, АХС 24095 сәйкес алаяқтық тəуекеліне жоба

бойынша жасақтың қолға алған əрекеттері мен бағалауы қоса алғанда.

• Атап айтқанда, тəуекелдердің елеулілігі мен маңыздылығына қатысты жасалған талқылар.

•  Аудит барысында анықталған түзелген жəне түзелмеген шептердің біркелкі болмауы жəне маңыздылығы.

•  Басшылықты жəне басқару өкілеттігіне ие тұлғаларды хабардар етудің қажеттілігін қарастыратын мəселелер туралы жəне, қажет болған, реттеуші органдар сияқты басқа тараптардың болуы.

Бұл мәселелер, жағдайларға тәуелді болып, басқа субъекттер қаржылық есептілік аудитіне қатысы бар келісімді орындау сапасын бақылауды шолуға қолданылуы мүмкін.

Кішігірім Субъекттерге Өзіне Тән Талқылар (Сілт: Пар. 20-21)

A29. Листинг субъекттерінің қаржылық есептілік аудитіне қосымша, келісімді орындау сапасын бақылауды шолу, келісімді орындау сапасын бақылауды тексеру келісімді орындау сапасын бақылауды шолуға бағындыратын фирмамен анықталған критерийлерге, сәйкес келетін аудиторлық келісімдерге арналған. Кейбір жағдайларда, фирманың еш аудиторлық келісімі сол сияқты шолуға жататын болар көрсеткіштерге сәйкес келуі мүмкін.

Мемлекеттік секторға қатысты кәсіпорындарды қарастыру (Сілт: Пар. 20-21)

A30. Мемлекеттік секторда, заңмен тағайындалған аудитор (мәселен, Бас Аудитор, немесе Бас Аудитор атынан тағайындалған басқа тиісті біліктілікке ие тұлға) мемлекеттік сектор аудиттері бойынша жалпы сипаттағы жауапкершілігі бар жоба бойынша әріптес сияқты баламалы рөлді атқаруы мүмкін. Сондай жағдайларда, қажет болса, келісімді орындау сапасын бақылауды шолушы таңдалуы тәуелсіздікке аудиттеленген субъекттің қажеттілігін қарастыру мен шыншыл бағалауды қамтамасыз етуге тексерушінің қабілеттілігін қамтиды.

A31. 21 және A28 параграфтарда баяндалғандай листинг субъекттері мемлекеттік секторда барабар емес. Атап айтқанда, мөлшер, күрделілік, немесе қоғамдық мүдделер, сонымен қатар акционерлер көбіне қарай маңызы бар басқа мемлекеттік сектор субъекттері бар болуы мүмкін. Мысалдар мемлекеттік бірлестіктер және қалалық өндіріс орындарын қамтиды. Мемлекеттік сектор ішіндегі тоқтаусыз жетілдірулер маңызды субъекттер жаңа түрлері пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Маңыздылық анықталуы негізделетін тұрақты адал критерийлер жоқ. Әйтсе де, мемлекеттік сектор аудиторлары, келісімді орындау сапасын бақылау тексеру қызмет ететіндігін қамтамасыз ету үшін, қандай субъекттер елеулі маңыздылығы бар болуы мүмкіндігін бағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет